Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Сентября 2011 в 07:09, курсовая работа
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған байланысты ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері маңызды болып отыр. Кәсіпорындардың дербестігі өсіп, олардың экономикалық және заң алдындағы жауапкершіліктері артты. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тұрақтылығының мәні жоғарлады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысының өзіндік мәні және көрінісінің сыртқы формалары бар және олар сан алуан. Олардың беріктілігі біркелкі емес. Қаржының сыртқы формалары жиі өзгертілуде. Мысалы, кәсіпорындардың мемлкеттік бюджетпен қарым – қатынас формасы жиі өзгертіліп, жетілдірілуде: көп арналы төлемдерден пайда салығына көшіріледі: қаржының бюджеттен шаруашылық мұқтаждықтарын қаржыландырудың кері қозғалысы өзін – өзі қаржыландырумен ауыстырылды; кәсіпорындардың ішкі қаржы қозғалысының формалары өзгереді; бұл қатынастар нормативтік сипат алып шаруашылық коммерциялық негіз алуда. Қаржы ресурстарының құрылымы, әдістері, жұмсалу бағыттары да өзгеруде. Қаржының мәні де өзгеруде, ол өндірістік қатынастары, олардың даму барысы, мемлекеттің шаруашылық мәдени, әлеуметтік өмірлегі роліне байланысты. Қаржы қатынастары, ең алдымен бөлістік қатынастар. Олардың бөліс жүйесінің өзгерістерге ұшырап, өндірістің тиімділігін ынталандыруға ролі артуда. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу әдістері мен формаларының өзгеруі кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетпен және несие жүйесімен нарыққа алу процесінде қаржы қатынастарын өзгертіп, олардың ғылыми – техникалық прогресті жеделдету өндірістің өнімділігін артыруда ынталандырушы ролін баса көрсетуде.
Кәсіпорындар қаржысының мәні жөнінде әзірге ортақ пікір жоқ. Кәсіпорындардың қаржысын айқындайтын экономикалық қатынастар жүйесіне не кіреді? Бір қатар ғалымдар тауарларды сатып алу, сату кезінде және еңбекақы кезінде пайда болатын ақша қатынастарын қаржы қатынастары деп қарауға болмайды, өйткені олар бұл қатынастардың элементтері емес деседі. Алайда өндірістік қағиданың жақтаушылар керісінше пікірде. өйткені өндірістегі қаржы қатынастары ұдайы өндіріс кезеңдерін көрсететін экономикалық категория. Мысалы айырбас кезінде өнімді өткізуден түскен түсімнен өнім беруші кәсіпорын тұтыну және қорлану қорларын құрайды. Оның барысында өнім беру шартының талаптары орындалмаса, екі жақ бір-біріне қарыздар болса, тиісті қаржы айыптары қолданылады. Еңбекақы, сыйлықтар төлеу барысында туындаған ақша қатынастары арнайы қорлар (тұтыну, еңбекақы, айналым қаражаттарын) құрып, жұмсау арқылы жүргізіледі. өндіріс қағидасын жақтаушылар қаржы қатынастары өндіріс процесінің барлық кезеңін қамтиды деп санайды.
Осыған байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы бөлу, бақылау және ұдайы өндіріс қызметін орындайды деп тұжыруға болады. Ұдайы өндіріс қызметінің мазмұны жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезінде материалдық және қаржы қозғалыстары айналымын қамтамасыз ету. Бұл ұшін кәсіпорын өндіріс жоспарлары, болжамдары негізінде өнімдерді өткізу, нақты мерзімдерге сай белгіленген экономикалық нормативтері, кірістер мен шығыстар көлемін белгілейді, шығындардың меншікті қаржы есебінен, уақытша алынған басқа кәсіпорындар мен өз қызметкерлерінің қаржысы банк несиелері, айрықша жағдайда бюджет есебінен ақталуын анықтайды.
Кәсіпорындар қаржысының бөлу қызметінің ерекшелігі – жиынтық қоғамдық өнімнің құны айналым қаржысы процесінде белгіленген экономикалық нормативтер негізінде бөлінуі. Мұның өзі ұдайы өндіріс процесінде құнның бөліске және қайта бөліске түсуіне қаржының қатысуын анықтайды. Ақшалай бюджеттер мен қорлардың экономикалық негізінде бөлінуі қаржының ұдайы өндірістегі қызметінің басты шарты.
Кәсіпорын экономикасында қаржының бақылау қызметі маңызды рол атқарады. Есеп пен бақылаусыз шаруашылықты жұргізуге болмайды. Кәсіпорындардың қаржысы басқа да экономикалық тұтқалармен бірге экономиканы жоспарлы басқару, өндірісті ұлғайту, еңбек, материалдық табиғи, қаржы ресурстарының ұтымды пайдалануына бақылау жасауды қамтамасыз етуде маңызды рол атқарады. Үнем мен ұқыптылық режимін өмірде дәйектілікпен жүргізу маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Кәсіпорынның ішінде ғана емес, оның басқа кәсіпорындар, ұйымдар, қаржы – несие мекемелерімен өзара қарым-қатынасында теңге бақылауы пайдаланады. Кәсіпорын ішінде еңбектің саны мен сапасы, негізгі, айналым және ынталандыру қорларының құралуы, пайдалануы бақылауға айналады. Кәсіпорындардың өзара қарым – қатынастарында берілетін тауарлар, көрсетілген қызметтер орындалған жұмыстар, шарттардың орындалуы бақыланады. Қаржы және несие органдарымен іс- қимыл барысында бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы, банк несиелерінің алынуы, қайтарылуы кезінде бақылау жүзеге асырылады.
Кейбір экономистер кәсіпорындар қаржысына үш қызмет жіктейді:
Халық шаруашылығы салалары, бірлестіктері, кәсіпорындардың экономикалық қызметі саласында өндірістік қатынастардың өзіндік ерекшеліктері, қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастарымен астасуы, олардың өндірістік қорлар айналыммен тығыз байланысы, кейбір ғалымдардың пікірінше, халық шаруашылығы салалары, бірлестіктері, кәсіпорындары қаржысының жалпы мемлекеттік қаржыдан ерекшеленуіне әкеп соғады.
Қаржы саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың сан қилы қатынастары ірілендірілген топтарда жинақталады; бұл қатынастар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінде мыналардың арасында пайда болады:
Мемлекет пен өндірістік кәсіпорындар арасында мемлекеттік бюджеттен қаржыландырғанда, сондай- ақ бюджетке төлемдер төлегенде, валюта қорларын қалыптастырғанда:
Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының негізгі белгілері:
Сөйтіп, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы – халық шаруашылығындағы ақшалай табыстарды, жинақтарды және қорларды жасауға, бөлуге және пайдалануға байланысты туындайтын экономикалық қатынастар.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын 2 кестеде көруге болады. Қаржы ресурстары меншікті капиталдан,қарызға алынған капиталдан, тартылған ресурстардан, сонымен қатар бюджеттен алынған субсидиялар мен басқа қорлардан түсімдерден құралады.
Қаржы ресурстары | Қаржы ресурстарын құру көздері | Ескерту |
1 | 2 | 3 |
1.Меншікті
капитал
2. Қарызға алынған капитал 2.1. Банк несиелері 2.2 Банктік емес мекемелердің несиелері 2.3 Бюджеттен алынған несиелер 2.5 Кредиторлық қарыздар 2.6 Басқалары
3.1 Инвестициялық қызметтерден алынған қаржылар 3.2 Құнды
қағаздардың эмиссиясынан 3.5 Франчайзинг,
селенг, жалгерлік бойынша түскен төлемдер 4. Бюджеттен алынған субсидиялар мен басқа қорлардан түсімдер |
өнім өткізуден түскен түсім өнім өткізуден түскен түсім Басқа өткізулерден түскен түсім өткізуден
тыс кірістер Таза табыс өнімнің
өзіндік құны Сәйкес кредиторлардың несие ресурстары -//- -//- -//- Сәйкес
инвесторлардың қаржылары -// -//- Бюджеттік қаржыландыру қаржылары |
Егер амортизациялық қор құрылмаса, амортизация пайдадан көрініс табады Жарғылық
қордан 15% мөлшерінде Соның
ішінде – лизинг Соның
ішінде мерзімі кейінге қалдырылған салықтар Соның ішінде қайырымдылық, спонсорлық көмек, және бюджеттен төленетін дотациялар мен субвенциялар |
2 «АКА» ЖШС қаржылық жағдайын, ресурстардың ұйымдастырылуын талдау
2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы, басқару құрылымы
1999
жылы кәсіпорын ең алғаш
Осы жылдың
көктемінде алғашқы рет жер өңдеп егін
егілді. Алғашқы жылда атқарылған айтарлықтай
жұмыстар:
- Серіктестікте
бидайды кептіретін, өндейтін, тартатын,
тазартатын, сұрыптайтын екі диірмені
жұмыс істеуге дайын тұрды;
- Ауылшаруашылық
техниканын жанар-жағар маймен қамтамасыз
ететін АЗС жұмысы қалыпты;
- Көлік техникаларын
жөндеудеуден өткізетін МТМ жұмысын жүйелендіру;
- Құрылыс заттарын
жасап шығаратын құрылыс алаңын қалпына
келтірлді. Жаңа қалыптасып отырған
серіктестік үшін оның маңызы зор еді.
Құрылыс алаңының арқасында кейінгі жылдарға
деген өндірісті ұлғайту жоспарлары
қиындықсыз, қайта үлкен қарқынмен жүзеге
асты;
- Егін шаруашылығымен
қоса серіктестік мал шаруашылығын да
қоса дамытуды алдына мақсат қойды;
- Сонымен қатар нан
өнімдерін дайындайтын, оларды өңдейтін,
пісіріп сататын нан пісіретін уйдің құрылысы
осы алғашқы жылдарда атқарылған айтарлықтаз
қызметтерінің қатарында болатын;
Информация о работе «АКА» ЖШС қаржылық жағдайын, ресурстардың ұйымдастырылуын талдау