Қағазды ақшалай айналымның дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2011 в 16:36, курсовая работа

Описание работы

Ақша айналымы ұдайы өндірістік процестің әр түрлі жақтарын бейнелейтін өте күрделі жүйе.
Тауарлық және тауарлық емес формада болатын өндірістік және жеке тұтынуға арналған өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер ақша арқылы сатылады. Ақшаның көмегімен табыс, оның ішінде қосымша өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ. АҚША АЙНАЛЫСЫ.........................................................................................................5
1.1 Ақша айналымының ұғымы және оның құрылымы.....................................5
1.2 Ақша айналымын ұйымдастырудың принциптері.........................................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ АЙНАЛЫСТЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ.............................................................12
2.1 Қолма-қол ақшасыз айналым мәні және артықшылықтары.......................12
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақшасыз айналым жасау формалары.............................................................................................................15
2.3 Қазақстандағы карточка жүйесі – қазіргі ақша айналымының ерекше
түрі..........................................................................................................................18
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАҒАЗДЫ АҚШАЛАЙ АЙНАЛЫМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ...................22
3.1 Қағазды ақшалай айналымның ерекшелігі және Қазақстанда оның
дамуы......................................................................................................................22
3.2 Ақша айналысының ақша заңы. Ақша айналысының ақша массасы және жылдамдығы..........................................................................................................29
ҚОРТЫНДЫ........................................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................36

Работа содержит 1 файл

Денежное обращение на каз..docx

— 74.29 Кб (Скачать)

      Қолма-қол ақша айналысының болжауы экономикалық бағдарламаның жалпы жүйесінің құрамдық бөлігі болып табылады, қолма-қол ақша айналысын болжаудағы ҚР Ұлттық банкі жүзеге асырады. Бұл үшін облыстарда және тұтас ҚР-да әрбір тоқсанның кассалық айналымына болжау жасалады. Кассалық айналымды болжаудың негізінде алдағы кезеңде түсетін түсімдердің мөлшері, екінші деңгейдегі банктердің кассасына түсетін қолма-қол ақшаның көздері, қолма-қол ақшаның берілетін бағыттары, олардың айналысқа шығарылуы немесе айналыстан алынуы анықталады.

      Қолма-қол ақша айналымы ақшалай айналыстың заң талаптарын барынша жоғары деңгейде қанағаттандыратындай етіп болжануы керек. Бұл ақшаның сатып алу қабілетінс ақтау үшін және экономикада барынша аз шығынмен айналысы үшін қажет.

      Эмиссия – кең мағынада айналымға ақшаны құнды қағаздарды, есеп айырысу-төлем құжаттарын, пластикалық карточкаларды және т.б. шығарумен байланысты сөз.

      Ақша  эмиссиясы – айналымдағы ақша массасының жалпылама артуына әкелетін барлық ақша түрлерінің айналымға шығуын білдіреді.

      Эмиссияның  формалары: бюджеттік (қазыналық) және несиелік (банктік).

      Бюджеттік эмиссия мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін Қаржы министьрлігінің қазынашылық билеттер мен мемлекеттік құнды қағаздарды айналымға шығарумен байланысты ұғым. Қазақстанда қазыналық билеттер шығарылмайды. Бюджет эмиссиясы нақты шаруашылық айналымының қажеттіліктерімен емес, бюджет тапшылығының шамасымен байланысты.

      Несиелік  эмиссия несиелік қатынастардың негізінде пайда болатын ақшалардың айналымға енуімен байланысты. Несиелік эмиссияны банктер төлем құралы ретінде ақша қызметін дамытудың негізінде жүзеге асырады. Онда сатып алушы сатушыға тауардың төлемін кейін төлеуіне мұмкіндік беретін вексельді тапсырады, бұл өз кезегінде сатушының өз тауарын өткізуге мүмкіндік береді. Бұл операция тауарды несиеге сату деп аталады. Вексель айналымның алғашқы несиелік құралы болып табылады. Бұдан кейін банктер коммерциялық вексельдердің орнына өздерінің борышкерлік міндеттемелерін – банкноттарды шығара бастайды, содан соң электрондық ақшалар пайда болады.

      Несиелік  эмиссияның негізгі мақсаты ақша айналымындағы қажеттіліктерді  қалған ақша түріндегі тиісті ақшалай қаражаттың мөлшерімен қамтамасыз ету болып табылады. Ол ақша айналымын қолма-қол ақшасыз форомасындағы төлем қаражатының сомасымен толықтырушы әрі ақша айналымын банкнотты қосымша шығарушы ретінде қарастырылады.

      Несиелік  ақша инфляцияны ынталандырмайды. өйткені, несие ақшасының мөлшері артатын  болса, өндіріс көлемі де тиісінше өседі.

      Қолма-қол ақша эмиссиясы ең алдымен ағымдағы бағаларда тауар айналымының өсімімен байланысты болады, өйткені бұл ақша көбінесе тұтыну нарығындағы операцияларға қызмет етеді.

      Алтынға айырбасталмайтын несие қағаз белгілерінің заңмен белгіленген тәртіп бойынша шығарылып, айналымға енгізілуі эмиссиялық жүйе ретінде ұғылады.

      Эмиссиялық  операцияларды Орталық банк және қазына мекемесі (қаржы министрлігі) жүзеге асыруы мүмкін.

      Қазақстанда эмиссиялық операцияларды ҚР Ұлттық банкі жүзеге асырады.қағаз және несие ақшалар қолма-қол ақшасыз баламаны алумен екінші деңгейлі банктерге сату түрінде банк билеттері ретінде шығарылады. Сондықтанда олардың арасында нақты шекара болмайды.

      Эмиссия – бұл мемлекеттің банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз түрінде де болуы мүмкін.

      Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.

      Қазақстанадғы теңгенің көп эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.

      Депозиттік  банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялардың процесінде іске асады. Банктегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін қажет потенциалық жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несиелік ақшалар құрылады.

      Депозиттік  банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын  және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүргізіледі. 

      Теңгенің  алғашқы банкоталарын полиграфиялық  дайындауды «Харрисон және ұлдары»  фирмасы жоғары деңгейде жүзеге асырды  (ол ең жақсы экспорттық өнім ретінде Ұлыбритания королевасынан «Алтын белгі» алды).

      Ұлттық  валюта енгізілгеннен кейін алғашқы  екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективті қиындықтар (бағаларды ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына қанағаттандырмайтын сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың едәуір өсуі не, ал ізінше,бағамның өсуіне әкеп соқтырды. Теңгені енгізуіне байланысты  есеп айырысу жүргізген кезде ұлттық валюта тұрақтылығына ықпал ете алатын барлық негізгі факторлар есепке алынады. Алғашқы кезде теңге бағамы төмендейді деп күтілген болатын. Алайда, мысалы, 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есеп беруі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілген кезден бастап алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.

      Бұдан кейінгі жылдары теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы 17,9%, 1996 жылы – 15,4% төмендеген болса, 2001 жылы теңгенің номиналдық құнсыздануы 5,17%, ал 2006 жылы – 3,25% болды.

      Негізінен, теңгенің он жылдық тарихын мынандай кезеңдерге бөлуге болады:

      1-кезең. Инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның және және қаржы рыноктарының қалыптасуы (1993-1996 жылдар).

      2-кезең. Экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізу және банк жүйесін жедел түрде реформалау (1997-1999 жылдар)

      Банк  секторын шоғырландыру және сауықтыру  процестері екінші деңгейдегі банктердің жалпы санының 55-ке дейін азаюына  ықпал етті. Жекелеген банктер  қайта ұйымдастырылды.

      3-кезең. Экономиканың тұрақты өсуі, қаржы секторын қарқынды дамыту және барлық қаржы секторының халықаралық стандарттарға көше бастауы (2000 жылдан бастап).

      ЖІӨ-нің жиынтық өсуі соңғы 3 жылда 33%-ға жуық болды, бұл Қазақстанның экономикалық даму қарқыны жағынан әлемдік лидерлердің бірі болуына мүмкіндік жасады. 2007 жылдың 9 айында экономикалық өсу 8,6% болды.

      Соңғы 3 жылда инфляцияның орташа жылдық деңгейі 13,2% -дан 5,9%-ға дейін біртіндеп төмендеді. Инфляция 2007 жылдың 10 айында (2006 жылдың желтоқсаны – 2007 жылдың қазаны аралығында) 4,2% болды.

      Инфляция  қарқынының баяулауы Ұлттық банкке қайта  қаржыландыру ставкасын Қазақстан  тәуелсіздік алған күннен бері ең төменгі деңгейге  - 7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

      Банк  секторы қаржы жүйесінің ең үлкен  және тез дамитын бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банк секторын халықаралық ұйымдар мен рейтинг агенттіктері ТМД елдерінің ішіндегі ең реформаланған, қаржылық тұрғыдан тұрақты және тез дамып келе жатқан банк секторы деп танып отыр.

      Қазіргі уақытта Қазақстанда 36 банк жұмыс  істейді, оның үшеуі мемлекеттік. Қазақстан  Даму банкін, Әсимданкті және Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін қоспағанда, барлық банктер жеке банктер болып табылады.

      Банк  жүйесінің тұрақтылығы нығая  түсуде. Оның валюта баламасындағы жиынтық меншікті капиталы 1,4 млрд. Астам АҚШ долларын құрайды. ТМД елдері ішінде бір банкке келетін меншік капиталының мөлшері бойынша Қазақстан жетекші орында (43 млн. АҚШ доллары).

      Соңғы 3 жылда банк жүйесіндегі депозиттер 5,1 млрд. астам АҚШ долларына дейін 3 есе, ал халықтың салымдары (резидент еместерді есептегенде) – 2,1 млрд. АҚШ долларына дейін 4 есе өсті.

      Банктердің  ресуртық базасының қарқын алуы оларға экономиканы кредиттеу қызметін едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік берді. Соңғы үш жылда банктердің экономикаға кредиттері 5,9 млрд. АҚШ долларына дейін 4 есе өсті (ЖІӨ-нің 22%-ы). Қазіргі кезде бенк активтерінің 57%-ға жуығы кредиттер түрінде экономиканың нақты секторына орналастырылды.   

      Кесте 2. Ақша қоры және оның құрылымы

      (жылдың  аяғына)

  2006 2007 2008
Ақша қоры (резервтік ақшалар), млн. теңге

Соның ішінде:

Қазақстан Ұлттық банкінен (ҚҰБ) тыс қолда бар ақша

Ұлттық банктің  екінші деңгейдегі банктері мен басқа ұйымдарының депозиттері

Ақша қоры (резервтік қор), пайызбен

Соның ішінде:

Қазақстан Ұлттық банкінен (ҚҰБ) тыс қолда бар ақша

Ұлттық банктің  екінші деңгейдегі банктері мен басқа ұйымдарының депозиттері

 
208171 

177899 

30272 

100 

85 

15

 
316962 

262093 

54869 

100 

83 

17

 
577941 

410898 

166943 

100 

71 

29

      ҚР-ның  статистика бойынша агенттілігі. Алматы, 2008 ж. 

      Бір жылдың ішінде теңгелік ақша қорының  көлемі 82,3%-ға жоғарылаған, 577,9 млрд. теңгеге  дейін өскен, ал ақша массасы – 68,2%-ға, 1634,7 млрд. теңгеге дейін өсті. Ақша қорының негізгі бөлігін Қазақстан  Ұлттық банкінен тыс қолда бар  ақшалар алады, яғни 4109,0 млрд. теңгені  құрайды, ал қалған бөлігін Ұлттық банктің  ЕДБ мен басқа ұйымдарының  депозиттері алады, сәйкесінше 166,9 млн  теңге. Ақша қорының жалпы көлемінің 71%-ы ҚҰБ-нен тыс қолда бар  ақша үлесіне келетін болса, онда 29%-ы ҰБ-тің ЕДБ мен басқа  ұйымдарының депозиттерінің үлесіне  тиеді.

      Ақша  ұсынысының жоғары өсу қарқынына  қарамастан, Ұлттық Банк жоспарлаған  деңгейде инфляцияны ұстап қалды. 2008 жылдың қортындысы бойынша инфляцияның деңгейі 6,7-ды құрады (2007 жылы – 6,8%). 

  • Ақша  айналысының ақша заңы. Ақша айналысының ақша массасы және жылдамдығы. 
  •       Әртүрлі формадағы ақша айналысы тауарлар массасының, олардың баға деңгейлерінің және ақша айналысы жылдамдығының арасындағы экономикалық байланысты білдіретін экономикалық заңмен реттеледі.

        К. Маркс айналысқа қажетті ақша мөлшерін былайша анықтайды:

     Осылайша, К.Маркс ашып беріп кеткен ақша айналысы заңының мәні мынада: айналыс құралының және төлем құралының қызметтерін орындауға қажетті ақша мөлшері сатылған тауарлардың баға сомасына ақшалай бірлік айналысының мөлшеріне тең болуы керек.

        

        Мұндағы: М – ақша массасы,

                          Т – тауар массасы,

                          Б – тауарлардың орташа бағасы,

                          V – айналым саны.

        К.Маркстің айналыс заңына сәйкес қағаз ақша эмиссиясы айналысқа қажетті алтын ақшаның теориялық мөлшерімен шектелуі керек.

        Проблеме  ешнәрсемен шектелмеген ақша эмиссиясы  ақша белгілерін артығымен көбейтіп, ақша айналысы заңының бұзылуына жол ашып осыған байланысты инфляцияны тудырған жағдайда ғана пайда болады. Ақша айналысының негізгі принципі – айналыста тұтынылатын ақша массасын шектеп, осыған қарай экономиканың балансты түрде дамуына ықпал ету болып табылады.

        Металға немесе қағаз ақшаға айырбасталмайтын банкнот айналысында қолма-қол ақша қағаз-ақша айналысының заңына сәйкес айналымда жүреді.

          Экономикалық ғылымда айналыстағы  ақша массасын анықтау бойынша  басқа монетаристік көзқарас бар.

        

        Сонымен, айналысқа қажетті ақшаның мөлшері елде өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бүкіл мөлшерін ағымдағы баға бойынша сатылатындай деңгейде болуы керек.

        Ұлттық банк тарапынан реттелетін маңызды объектіге ақша мөлшері мен айналыстағы ақша массасы жатады. Шаруашылық айнаолымына қызмет ететін әрі заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ мемлекетке тиесілі сатып алу мен төлем құралдарының жиынтық мөлшері ақша массасын білдіреді. Оған айналыстағы қолма-қол ақшалар, яғни халықтың қолындағы, сондай-ақ кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың кассаларындағы барлық қағаз ақшалар мен металл монеталар кіреді. Ақша массасы қолма-қол ақшамен қатар халықтың, сондай-ақ кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың өтімділігіне қарай олардың банктік депозиттерін немесе салым ақшаларын құрайды. Ақша массасының ұғымы өтімді актив топтарына жатады.

    Информация о работе Қағазды ақшалай айналымның дамуы