Қағазды ақшалай айналымның дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2011 в 16:36, курсовая работа

Описание работы

Ақша айналымы ұдайы өндірістік процестің әр түрлі жақтарын бейнелейтін өте күрделі жүйе.
Тауарлық және тауарлық емес формада болатын өндірістік және жеке тұтынуға арналған өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер ақша арқылы сатылады. Ақшаның көмегімен табыс, оның ішінде қосымша өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ. АҚША АЙНАЛЫСЫ.........................................................................................................5
1.1 Ақша айналымының ұғымы және оның құрылымы.....................................5
1.2 Ақша айналымын ұйымдастырудың принциптері.........................................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ АЙНАЛЫСТЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ.............................................................12
2.1 Қолма-қол ақшасыз айналым мәні және артықшылықтары.......................12
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақшасыз айналым жасау формалары.............................................................................................................15
2.3 Қазақстандағы карточка жүйесі – қазіргі ақша айналымының ерекше
түрі..........................................................................................................................18
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАҒАЗДЫ АҚШАЛАЙ АЙНАЛЫМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ...................22
3.1 Қағазды ақшалай айналымның ерекшелігі және Қазақстанда оның
дамуы......................................................................................................................22
3.2 Ақша айналысының ақша заңы. Ақша айналысының ақша массасы және жылдамдығы..........................................................................................................29
ҚОРТЫНДЫ........................................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................36

Работа содержит 1 файл

Денежное обращение на каз..docx

— 74.29 Кб (Скачать)

      ҚР Ұлттық банк Хабаршысының мәліметі бойынша, 2007 ж.

      Аккредитив  дегеніміз – импортердің нұсқауына сәйкес және соның талабы бойынша экспортерге төлем жасаудағы банк міндеттемесі.

      Халықаралық есеп айырысуда аккредитивтің әртүрлі  түрлері қолданылады:

      а) өзгермейтін және қайта шақырылатын;

      б) бекітілген және бекітілмеген;

      в) аудармалы (трансферабельді);

      г) револьверлі (қайта қалпына келтірілетін);

      д) жабылған және жабылмаған;

      е) құжаттық және ақшалай;

      ж) резервтік.

      Аккредитивке  бұйрық немесе нұсқау беруші – сатып алушы (импортер) болып табылады.

      Аккредитивте  келесідей реквизиттер болуы  керек:

  1. экспортер мен банкінің аты және адресі;
  2. аккредитивтің қайта шақырылу мүмкіндігі;
  3. аккредитив сомасы;
  4. түсіру құжаттарының түрлері;
  5. тауардың нақты белгілері, бағасы, көлемі;
  6. жеткізу шарттары,
  7. жеткізудің жоғары мерзімі.

      Экспортер үшін ең ыңғайлы және сенімді болып  құжаттық аккредитив саналады.

      Есеп  айырысудың аккредитивті формасы дегеніміз  – кәсіпорындар мен ұйымдар арасында тауарлы-материалдық құндылықтарды  және аккредитив арқылы көрсеткен қызмет үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу түрі.

      Сыртқысауда келісімдерін жүргізу кезіндегі  құжаттық аккредитивті қолданумен жасалатын  есеп схемасы:

  1. экспортер импортерге шот жазады;
  2. импортер өз банкіне экспортер атына аккредитив ашуды сұрайды;
  3. импортер банкі аккредитив ашып, экспортер банкіне хабарлайды және экспоретрді құлаққағыс қылады;
  4. экспортер импортерге тауар жібереді;
  5. экспортер өз банкіне тауарды бөлу туралы құжаттарын жібереді;
  6. экспортер банкі экспортерге төлем жасайды;
  7. экспортер банкі құжаттарды импортер банкіне жібереді;
  8. импортер банкі экспортер банкіне төлем жасайды;
  9. импортер тауар құжаттарын алғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін өз банкіне төлем жасайды;
  10. импортер банкі импортерге тауар бөлу құжаттарын береді, жүк келген кезде импортер оны алады.
 

                                                     1

                                                            4 
 
 
 

      2        9       10                                                       6             5 

                                                    8 

                                                     7

                                                      3 

      Сызба 1. Аккредитивті қолданумен есеп айырысу  сызбасы 

      Чек берушінің чекті ұстаушыға чекте көрсетілген ақша сомасын төлеу туралы төлеушіге беретін сөзсіз жазбаша ұсынысы чек деп аталады. Чек беруші – бұл тауар үшін төлемдерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға. Чек ұстаушы – бүл чек бойынша төлемді алатын заңды тұлға. Чектер есеп айырысу чегі және ақшалай чек деп бөлінеді. Есеп айырысу чекі (қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады) төлем тапсырмасы секілді төлеушімен рәсімделеді, алайда төлем тапсырмасынан айырмашылғы чек төлеушіден заңды тұлғаға – төлемді алушыға шаруашылық операциялар іс жүзінде асырылған сәтте беріледі. Содан кейін чек төлемді жүзеге асыратын банкке беріледі.

      Есеп  айырысу чектері жабық және ашық болады. Жабық чек – бұл есеп айырысу чегі, онда чек беруші қаражатты  чек бойынша төлемді кепілдендіретін  жеке банк шотына алдын ала сақтап қояды. Ал, ашық есеп айырысу чегі бойынша төлемге банк кепілдік береді.

      Ақшалай чектер чекті ұстаушыға банктен  қолма-қол ақша төлеу үшін қолданылады – мысалы, еңбекақы, шаруашылыққа қажетті қаражат, іссапар шығыны, ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу. 

      2.3 Қазақстандағы карточка  жүйесі – қазіргі  ақша айналымының  ерекше түрі 

      Пластикалық карточкалар магниттік жолағы бар  карта және микросызбамен құрылған карта деп бөлінеді.

      Есеп  айырысу пластикалық картаны  пайдаланатын субъектілерге мыналар  жатады:

  • карточканы ұстаушылар (клиент, пайдаланушы) – карта берілетін тұлға;
  • карта эмитент-банкісі – карта эмиссиясын (шығаруын) жүзеге асырады;
  • эквайер-банк – картаны ұстаушыға қызмет көрсететін жәнен сауда-саттық кәсіпорындармен олардың өз қаражат есебінен есеп айырысуды жүзеге асыратын банк;
  • есеп айырысушы банктер;
  • дүкендер мен қызмет көрсетуші кәсіпорындары;
  • процессингтік орталық – төлем жүйелерінің технологиялық ядросы болып табылатын мамандандырылған есептеу орталығы.

      Микросызбалық пластикалық карта шамамен осы  сызба бойынша өтуі ықтимал. Арадағы  айырмашылық тексеру процесінде ғана, ол on line (процессинілік орталықпен тікелей байланыс) режимін қажет  етпейді, сауда нүктесінде дербес жүзеге асырылады. 

      Сызба 2. Магниттік жолағы бар карталарды пайдалану мен есеп айырысудың сызбасы.

      1- клиентке карточканы рәсімдеу және беру;

      2- сатып алу төлемі үшін карточканы  ұсыну;

      3- қолданыстылығы (қолданысқа жарамдылығы немесе жарамсыздығы) туралы сұрау салу;

      4- тексерудің нәтидесі;

      5- тауарды табыстау, қызмет көрсету;

      6- ауысымды табыс ету;

      7- эквайер-банктің есеп айырысуы;

      8-13 – эмитент-банктің эквайер-банкпен  есеп айырысуы;

      14- карточка иесінің эмитент-банкпен  есеп айырысуы.

      Қазақстанда бүгінгі күні 2,0 млн. жуық қазақстандық (халықтын 13%-ы) төлем карточкаларың иеленушілері болып табылады. Оның ішінде 96 %-ы – үш жетекші банктің: «Халықтық банкінің», «ТұранӘлемБанкінің» және «Казкоммерцбанктің» клиентері. Өткен жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша төлем карточкаларын қабылдау үшін 824 банкомат және 4068 РОS-терминал, оның ішінде 2551-і – сауда кәсіпорындарында орнатылды.

      Төлем карточкаларының 70%-ға жуығы – VISA төлем  жүйесінің карточкалары. Одан кейінгі  орында «Халықтық банкінің» Altyn карточкалары, «MasterCart» халықаралық төлем жүйесінің  карточкалары және «ТұранӘлемБанкінің»  «Alemcart» локальды карточкалары. Қалған карточкалар - American Express, Diners Clab карточкалары және басқа банктердің локальды карточкалары.

      Өкінішке  орай, төлем карточкаларының мүмкіндіктері  бізге әзірше толық көлемде ашылған  жоқ. Көптеген карточка иеленушілер  үшін оларды бірден-бір пайдалану орнына жақын жердегі банкомат болып табылады. Қолма-қол ақша алу төлем карточкалары бойынша жасалатын барлық қаржылық операциялардың 97%-на жуығын құрайды.

      Және барлық «операциялар» шоттағы қалдықты білумен және жалақы, зейнетақы немесе стипендия алумен шектеледі. Төлем карточкаларын қабылдайтын сауда нүктелері әлі де өте аз  (4%-ын ғана қамтиды).

      Есеп  айырысудың қолма-қол жасалмайтын  нысанын дамыту мақсатында Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2.07.02 ж. №713 қаулысымен  «Микропроцессорлық карточкалар негізінде  Төлем карточкаларының ұлтық банкаралық жүйесін дамыту бағдарламасы» (ТКҰБЖ) бекітілді.

      Ұлттық  банктің бастамасы бойынша және қазақстандық 11 банктің қатысумен  ТКҰБЖ басқару үшін арнайы ұйым - «Процессинг орталығы» ЖАҚ-ы құрылды. Visa халықаралық  төлем жүйесінде сертификаттау туралы ресми растауды алып,   «Процессинг орталығы» ЖАҚ-ы қосу мәселелерімен белсенді айналысуда, бірінғай ұлттық төлем жүйесін құру мәселесін талқылауда, сондай-ақ ТҚҰБЖ шеңберінде микропроцессорлық карточкалар үшін бірінғай ұлттық стандарттарды ендіру мәселелерін пысықтауда.

      ТКҰБЖ-ның  негізгі мақсаты мыналарды қамтиды:

  • ақша айналымында бақылауды күшейту және қолма-қол ақшаның көленкелі айналымын азайту;
  • жалақы, зейнетақы, жәрдемақы төлеудің тетігін жетілдіру;
  • коммуналдық төлемдер жинау, көлік, байланыс қызмет көрсетулеріне ақы төлеу процестерін оңтайландыру;
  • бюджеттік (салық, кеден) және өзге де міндетті алымдарды қолма-қол емес нысанда жүзеге асыру үшін микропроцессорлық карточкалар технологиясын қолдану;
  • қолма-қол ақша эмиссиясына жұмсалатын шығыстарды қысқарту. 

      Жалпы ұлттық міндеттерді іске асыру мақсатында барлық банктерді бірінғай процессингтік ұйым арқылы жұмыс істеу үшін біріктіру банктердің эквайринг бизнесін неғұрлым тиімді жасауына, ал босаған қаржы ресурстарын пластикалық карточкаларға қызмет көрсетудің инфрақұрылымын дамытуға және банктік қызмет аясын кеңейту үшін бағыттауға мүмкіндік берді.

      Сонымен, «Процессинг орталығы» ЖАҚ-ы алдында мынадай негізгі міндеттер тұр:

  • микропроцессорлық технологиялар базасында төлем карточкаларының ұлттық жүйесін құру;
  • халықаралық және ұлттық карточкаларды қабылдауды қамтамасыз ететін жалпы ұлттық эквайринг желісін қалыптастыру.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА  ҚАҒАЗДЫ АҚШАЛАЙ  АЙНАЛЫМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ  ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ 

      3.1 Қағазды ақшалай айналымның ерекшелігі және Қазақстанда оның дамуы 

      Қолма-қол ақша айналысы ақша айналымының бір бөлігі ретінде елдің аумағында қолма-қол ақша (ұлттық валюта) айналымымен ғана байланысты болады.

      Нақты қолма-қол ақшаға банк кассаларындағы және банкке қатысы жоқ салалардың, яғни кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің кассаларындағы, халықтың өз қолындағы ҚР Ұлттық банк шығарған банкноттар (қағаз ақшалар) мен тиындар жатады. Қолма-қол ақша өз қозғалысын ақшаны айналымға шығаруға және ақша эмиссиясына монополиялық құқығы бар ҚР Ұлттық банктің кассасынан бастайды. Коммерциялық банктер қолма-қол ақшаны қаражатты қолма-қол ақшасыз аудару жолымен өз ресусртарының есебінен қолма-қол ақшаның номиналды құнын өтей отырып, Ұлттық банктен алады.

      Банк  кассасында қолма-қол ақша сомасы мыналар үшін әруақытта болуы керек: осы банкте шоты бар өз клиенттерінің қолма-қол ақшаға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін; қажет болған жағдайда банк несие алатын клиентіне қолма-қол ақшаны ұсыну үшін; шоты басқа банкте болса да, осы банкте өз чегін өтеуге келісімі бар клиентке қолма-қол ақшаны беру үшін; басқа банктермен төлем айналымында пайда болған сәйкессіздікті баланстау үшін.

      Банк  клиенттерін қолма-қол ақшаны қызмет көрсетуші банк кассасында өз шотындағы банк несиеге берген ақшалай қаражат есебінен алады. Олар оны тауарларды сатып алуға және қызмет көрметулерге пайдаланылатын еңбекақыға, шәкіртақыға және басқа төлемдерге береді.

      Белгілі бір уақыт аралығында қолма-қол ақшамен жүзеге асырылатын төлемдердің жалпы сомасы банк кассасынан берілетін қолма-қол ақшаны, банк кассасына түсетін ақшаны, пошта арқылы айналымда болатын қолма-қол ақшаны, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің халыққа төлейтін төлемдерін, азаматтардың арасындағы қолма-қол ақша айналымын қамтитын қолма-қол ақша айналымының шамасын сипаттайды.

      Негізгі қолма-қол ақша айналымы экономикадағы  кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын банк кассалары арқылы өтеді. Банктегі шоттарға ақшалай түсімдердің есепке алынуы мен әр түрлі мақсаттарға қолма-қол қаражаттың берілуі банктің кассалық операциясы деп аталады әрі осыған қарай банктердің кіріс және шығыс кассалары болады.

      Кіріс кассасының жұмысы банк клиентінің түсімді белгілі бір күннің ішінде (кешкі касса) беруіне мүмкіндік тудыратындай етіп ұйымдастырылған.

      Инкассация  түсімді алынған орыннан банкке дейін жеткізілуін және оның жолда  қорғалуын қамтамасыз етеді.

Информация о работе Қағазды ақшалай айналымның дамуы