Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2011 в 16:36, курсовая работа
Ақша айналымы ұдайы өндірістік процестің әр түрлі жақтарын бейнелейтін өте күрделі жүйе.
Тауарлық және тауарлық емес формада болатын өндірістік және жеке тұтынуға арналған өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер ақша арқылы сатылады. Ақшаның көмегімен табыс, оның ішінде қосымша өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ. АҚША АЙНАЛЫСЫ.........................................................................................................5
1.1 Ақша айналымының ұғымы және оның құрылымы.....................................5
1.2 Ақша айналымын ұйымдастырудың принциптері.........................................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ АЙНАЛЫСТЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ.............................................................12
2.1 Қолма-қол ақшасыз айналым мәні және артықшылықтары.......................12
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақшасыз айналым жасау формалары.............................................................................................................15
2.3 Қазақстандағы карточка жүйесі – қазіргі ақша айналымының ерекше
түрі..........................................................................................................................18
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАҒАЗДЫ АҚШАЛАЙ АЙНАЛЫМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ...................22
3.1 Қағазды ақшалай айналымның ерекшелігі және Қазақстанда оның
дамуы......................................................................................................................22
3.2 Ақша айналысының ақша заңы. Ақша айналысының ақша массасы және жылдамдығы..........................................................................................................29
ҚОРТЫНДЫ........................................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................36
борыштық міндеттеме;
Ақша төлем кұралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл кызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем кұралы ретінде қызмет атқарады.
Төлем
құралы ретіндегі ақшаның қызметі
оның бұдан бұрын қарастырылған
кызметтерінен айырмашылығы болғанымен
ол олармен берік байланыста екені
анық. Ақшаның төлем құралы қызметі,
оның кұн өлшемі және айналыс құралы
ретінде кызмет етуі барысында көрінуі
мүмкін. Ақшаның төлем құралы ретінде
қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың,
яғни ақшаның қор және қазына жинау кызметтерінің
туындауының қажет екенін көрсетеді.
1.2
Ақша айналымын
ұйымдастырудың принциптері
Экономика тиімді басқарылғанда ғана ақша айналымын дұрыс ұйымдастыруға болады. Ақша айналымы экономикаға оң әсерін де, теріс әсерін де тигізуі ықтимал. Шаруашылықты жүргізудің тәжірибесі мелекеттің бірыңғай эмиссия, несие, есеп айырысу орталығы болып табылатын банктің (ҚР Ұлттық банкі) ақша айналымын шоғырландырып басқаруының мақсатқа лайықтылығын дәлелдеп берді, ол елдегі ақша айналымы мен ақша айналысыныа жауапты ұйым.
Ақша айналымы мынадый принциптердің негізінде ұйымдастырылады:
Мынаны айрықша айта кету керек, ақша өзінің айналысында қолма-қол ақша айналысынан қолма-қол ақшасыз айналысқа және осыған керісінше қолма-қол ақшасыз айналыстан қолма-қол ақша айналысына ұдайы өтіп отырады. Мәселен, банкке қолма-қол ақшамен берілетін сауда ұйымдарының түсімі олардың есеп айырысу шарттарында қолма-қол ақшасыз ақшалай қаражатқа айналады, олар осылайша өз жабдықтаушыларына ақша сомасын аудара алады. Соңғысы (жабдықтаушылар) өз шоттарына кеп түскен бұл ақша сомасын жұмысшылар мен қызметкерлердің қолма-қол ақшасымен еңбекақысын төлеу үшін пайдаланады.
Ақша банк кассасынан шаруашылық органдардың кассасына, шаруашылық органдардың кассаларынан халыққа, халықтан сауда-саттық, тұрмыстық, көліктік кассаларға және мекемелерден банк кассасына түсіп, ұдайы ауыспалы айналым жасап, қозғалыс үстінде болады. Мұның бәрі ақша айналымының бірыңғай болатынын көрсетеді. Бірыңғай ақша қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар да және қолма-қол ақшамен есеп айырысуда пайдаланылады.
КСРО тұсында «ақша айналымы» және «ақша айналысы» ұғымдарының арасында нақты шекара болды.
Ақша айналыс тек қолма-қол ақша қозғалысы мен қолма-қол ақшасыз айналымның бірдей күшке ие болғанын білдіреді, ал ақшаның бір формадан басқа формаға ауысуы шаруашылық органдардың, кәсіакерлердің және жеке тұлғалардың нақты қажеттіліктеріне қарай орын алады.
Осы заманғы нарықтық жағдайда «ақша айналымы» және «ақша айналысы» ұғымдары бір-бірімнен осылайша теңесті. Ақша айналысы – бұл елдегі тауарлық және тауарлық емес сипаттағы қызмет ететін қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз формаларындағы ақша қозғалысы болып табылады.
Ақша айналысы екі формада бөлінеді: қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол ақшасыз айналыс. Қолма-қол ақшасыз айналыстың артықшылықты жақтары көп, өйткені қолма-қол ақша айналысының қолма-қол ақшаны шығарумен, тасымалдаумен, сақтаумен байланысты шығындары болады, оның үстіне, қолма-қол ақшаның тоналу қаупін де сетен шығармаған дұрыс. Ақшаны қолма-қол ақша формасынан қолма-қол ақшасыз формаға немесе осыған керісінше қолма-қол ақшасыз формадан қолма-қол ақша формасына ауыстыру (құю) тұрғысынан келгенде бұл арада ешқандай қиындық болмайды, өйткені тауар өндірісі мен тауар айналысы ақша айналысының объективті негізі болып табылады.
Алайда ақша айналысы тек тауар айналысының қайталаушысы ғана емес. Бұл екі поцесс біршама оқшау жүзеге асады. Тауарлардың алмасуына ықпал ететін ақша айналыстан шықпайды, осы айналыстың ішінде ұдайы болады, ал тауарлар сатылғаннан кейін айналыстан шығып, тұтынылады. Мұнда тауар айналысы бастапқы, ал ақша айналысы екінші сипатта болады. Тауар айналысы ақша айналысын тудырады.
Ақша айналыста жүріп, бірде айналыс құралының (қолма-қол ақша) қызметін, бірде төлем құралының (қолма-қол ақшасыз) қызметін кезек (ауысып) орындайды. Олай болатын болса, ақша айналымы барлық ақша қатынастарын бейнелеуші болып табыладығ яғни ол айналыс құралы ретінде және төлем құралы ретінде ақша қызметтерін танытады.
Қолма-қол
ақша мен қолма-қол ақшасыз айналымдары
ішкі төлем айналымын шетелдік валюталардың
еркін еніп кетуіне тосқауыл қойылғанда
ғана біртұтастығын сақтай алады.
2.1
Қолма-қол ақшасыз айналым
мәні және артықшылықтары
Қолма-қол ақшасыз айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып табылады әрі қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың бірінен екіншісіне ақша аудару немесе борыштарды өзара есепке алу жолымен жүзеге асырылатын төлемдердің жиынтығын білдіреді.
Қолма-қол ақшасыз айналым екіге бөлінеді: тауарлық айналым және тауарға қатыссыз айналым. Негізгі артықшылықты айналымға тауарлық айналым жатады, ол қоғамдық жиынтық өнімнің өндірілуі мен сатылу процесін тікелей бейнелейді.
Айналымның тауарлық қолма-қол ақшасыз айналыс құрамына тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қолма-қол ақшасыз аударымдар жолымен жүзеге асырылатын төлемдері кіреді.
Тауарға қатысы жоқ қолма-қол ақшасыз төлемдерге жататындар: еңбекақыдан ұсталатын салық төлемі; тұрғын үй, коммуналдық, тұрмыстық, пошталық және т.б. қызмет төлемдері; несиені өтеудің төлемі және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылатын басқа да төлемдер.
Ақша
айналысын оңтайлы
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың артықшылықтары мынада:
Есеп айырысушылар үнемі жүзеге асуы үшін қолма-қол ақшасыз айналымды ұйымдастыруда белгілі бір принциптері сақталуы керек:
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жеке және заңды тұлғалармен оларға тиісті шот ашқан банк арқылы жүргізіледі. Ол шоттар мынадай болады: есеп айырысатын, ағымдағы, депозиттік және валюталық. Шот жай және контокорренттік ағымдағы болуы да мүмкін. Ағымдағы, депозит және валюта шоттары коммерциялық қызметпен айналыспайтын заңды және жеке тұлғаларға ашылады.
Есеп
айырысу қызметі үшін банк пен
клиент арасында банктік шот келісімшарты
– екі жақты дербес азаматтық-құқықтық
келісімшарт бекітіледі. Банктер
мен басқа несие мекемелері өзара
есеп айырысуы үшін бір-бірінде корреспонденттік
шот ашады әрі бір банк (корреспондент)
басқа банктің (респондент) депозиттерін
ұстауға және мұның соңғысына төлме мен
басқа оперциялар бойынша қызмет көрсетуге
тиісті бекітілген келісімшарт негізінде
ҚР Ұлттық банк мекемелерінде де шот аша
алады. Мұнда белгілі бір серзімде аса
ірі ақша сомасын аудару бойынша банкаралық
есеп айырысу жалпы негізде және анқты
уақыт аралығында жүзеге асырылады. Аударылатын
аса ірі ақшаның сомасын Ұлттық банк анықтайды.
Клиринг – бұл заңды және жеке тұлғалардың
тауарлар мен қызметтер үшін талаптар
мен міндеттемелердің өзара шегеруіне
негізделген қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың
тәсілі.
2.2
Қазақстан Республикасындағы
қолма-қол ақшасыз айналым
жасау формалары
ҚР қолданыстағы заңына сәйкес қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі формаларының пайдаланылуы ұйғарылады:
Жабдықтаушылар мен сатып алушылар есеп айырысудың формаларын шаруашылық келісімшартында өздері анйықтайды. Есеп айырысу бойынша бір-біріне қоятын талаптарды (притензия) екі жақ банкті қатыстырмай өздері қарастырады, даулы мәселелер сотта және төрелік сотта шешіледі.
2007
жылы екінші деңгейдегі
Кесте
1. Төлем құралдарының құрылымы
Төлем аспаптары | Құрылымы,% | |
саны | сомасы | |
Төлем тапсырмасы | 41,3 | 96,8 |
Төлем талап-тапсырмасы | 0,1 | 0,2 |
Чектер | 0,4 | 0,6 |
Шот банкілерін тікелей дебеттеу | 0,3 | 0,02 |
Инкассалық өкім | 0,4 | 0,7 |
өтелген вексель | 0,003 | 0,05 |
Төлем карточкалары | 57,4 | 1,7 |
Қортындысы | 100,0 | 100,0 |