Қытай мәдениеті және оның ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 16:35, реферат

Описание работы

Мен қытайлықтарды француздардан, немістерден, ағылшындардан артық сүймеймін. Олардың тілі мен әдебиетін орыстардікінен, немістердікінен, ағылшындардікінен артық көрмеймін. Бірақ, көзімді жүгіртіп, қарап отырған нәрселерден « Қытай» деген сөзді көрген кезде, маған бұл сөз ерекше үлкен, қызыл шрифтпен жазылған сияқты болып көрінеді.Қолым қарандаш пен параққа созылады. Қарандаш бірде тағатсыз, бірде шаттана жазады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім:
Қытай мәдениеті және оның ерекшеліктері
Қытай мұралары
Поэзия мәдениеті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

реферат по рухани мәдениет.doc

— 779.50 Кб (Скачать)

Болды менде мінезі аусар бір мейман,

Қаламынан жел тұрып, бұлт құлаған

       Тәңрі сүргіні’дейтін аты тағы бар.

Жыр күшінен ібілісте жылаған.”-деп жазған. Сонымен кейінгілер Либайды «Өлең пірі» , «жыр жанпозы» деп атап кеткен болатын.

Либайдың бүгінге жеткен өлеңдері 900 шумақтан астам. Ол қара өлең, ән-жыр, өлшемді өлең, дара шумақ (төрт таған) сияқты өлең үлгілерінің барлығына қалам тартқан. Осылардың қайсы түрін болса да төрт тұрманы сай, мінсіз етіп шығарған. Жалпы жақтан алғанда Либай ауызекі тілді поэзияда пайдалануды кемеліне келтіре, биік өреге көтерген ақын. Либай өлеңдерін алғаш оқығанда жадағайлау болып сезілетіні бар, қайталай оқығанда барып, оның ой қазынасынан шыққан кенеулі де кемелді, мінсіз, шеберлікпен жазылған өлеңі еріксіз бас шұлғытып, қайран қалдырады.

Либай поэзиясының құндылығын кейбір зерттеушілердің “толысқан Таң заманының буындай леп еседі” деп жүргендері бар. Либайдың Таң дәуірінің мәдениеті мен өнеріне қосқан елеулі үлесі, мені Дантеның Италия әдебиет-өнерінің қайта өркендеу дәуіріне мұрындық болған ықпалымен бірдей-ау деген ойға жетелейді. Біз Либай поэзиясының күшті баурағыштығы мен бейнелегіш қадамдарынан оның жеке басындағы романтикалық қасиеттері   мен әлеуметтік өмірді өскелең өреде ұштастырып әкететіндігін байқаймыз. Жоғарыда мен Таң дәуірі ақындары өлеңінің пішімін аса тырысшаңдықпен кемеліне келтіріп, поэзия мен өмірді тығыз ұштастырған гуманитарлық рух кернеген орта жаратқанын айтқан едім. Либай поэзиясы осы зор мүмкндіктің тәпсірі мен дәлелі деуге болады. Оның өлеңдеріндегі лирикалық бояулардан біз дәуірдің дидары мен жеке адамдардың тағдыр-талайын аңғарып отырамыз. Бұл құдды өзі жазған жырдағы:

“У ордасы құлазып, басқан қурай,

Жин киімі үйілді дәу моладай.

Қалды Аққұтан аралы сулар орған,

Ар жаққа Үш зеңгір тау құлағандай.

Мына жаққа көз салсам бұлттар қою,

Чаң-анды ауыр қайғы торлағандай.”-деп мұң шертеді.(«Жинлиңдағы Самұрық текшесіне шыққанда» деген өлеңінен. Өлеңде аталған “У, Жин”дегендер ежелгі заманда дәурендеген династиялар, ал“Үш зеңгір тауы”Чаңжяң дариясының Нанжиң қаласы тұсындағы жағалау таулар, “Аққұтан аралы”— Чаңжяң дарясының ортасында болған әдемі арал, кейін су басып жоғалған). 

Либай өзінің поэзиялық шығармашылығына айқын сипаттама беріп отырған. Ол кейбір өлеңдерінде өзінің көзқарасы мен ұсыныстарын ортаға қойып отырады. Бұл кейінгі ақындарға ықпал жасап, ой салмай қоймаған. Ол “Ежелгі сарындарға” ерекше ден қойған, сонымен бірге жаңа үлгілер жасауды да қуаттаған. «Жырнамадағы» реалистік дәстүр мен Чу жырларындағы романтикалық сарындарға үйлесімді мұрагерлік етуді дәріптеп, оны өлеңдерінде бейнелеп отырды. Бірақ Либай өлеңдегі формалистікті мүлде қабылдамаған. Либай өз өлеңдерінде поэтикалық ұстанымдарын жүйелі түрде пайымдап отырған. Бұл ондағы абыздық пен ақындық, жиһанкездік бір басынан табылған күрделілігімен қатысты емес дей алмаймыз. Ақын би-төрелердің аярлық, көлгірліктерін ажуалап, әр алуан әлеуметтік қайшылықтарды әшкерелеп, бағзы бір ақындардың көзсіздікпен ескілікке еліктеуін шенеп  отырады.

Либай өлең ұйқасы мен әуезділігінің табиғи әсем бітімін көздеді. Оның көптеген өлеңдерінің тілі халықтың қарапайым ауызекі тіліндей жатық, түсінікті болып келеді де, тұтас бітіміне көз салғанда жақұттай жәйнап тұрған, сәнді де мәнді екені паш болады. “Тұнық судан шықққан тұңғиық, Жаратылысынан әдемі, әрлеуді қажат етерме!” –деген сөз дәл осындай жырлардың табылған теңеуі шығар дейміз.

                                   Тыныш  түндегі  мұң

 Төсек алды – ай жарығы алабым,

Оны қырау екен-ау деп қаламын

Көтеріп бас жарық айға қарадым,

Салбырап бас,  мекенді аңсап барамын.

Бұл алысқа кеткен жолаушының мекенді аңсаған сезімге толы өлеңі. Өлеңде қара сөзге бергісіз түсінікті тілмен тып-тыныш күзгі түннің адамды масықтырған жан сезімін мүсіндеген. Ол қиялдағы шыт- жаңалық пен ғажайыптықты іздеп әуре-сарсаң болмайды, сұлу сөздің құр сәулетін де керек етпейді; Онда тұп-тұнық жай-жадағай үлгімен-ақ ұлан-асыр, шытырман мазмұнды суреттеп береді. Орта ортадай, сезім-сезімдей, бәрі де соншама нанымды, соншама жан тебірентерлік, қаншама рет оқысаң да жалықпайсың, ой түбіне шымырап шома түсесің. Бәз біреулердің оны “О заман да, бұ заман теңдесі жоқ ғаламат!” дейтіндері тегін емес.

Табиғат мәдениеті – адамдардың жаратылыс дүниесіндегі тау-өзендерді материал ете отырып жаратқан рухани жетістігі. Табиғат мәдениеті Қытайдың дәстүрлі мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі, Қытай ұлттарының объективтік дүниені және өздерін тану, өзгерту барысында ашқан шұрайлы өрісі, әрі ол Қытай ұлттарының мәдениетін құрайды.

    Лушан тауы Қытайдың сан ғасырлық мәдениетіне айғақ болған ұлы тау, күллі дүние көз тіккен әлемдік мәдениеттің көркем көрінісі.     Лушан тауы Қытайдың Жяңши өлкесінің түстігіндегі Пояң көлінің маңындағы ойпатта, Жюжяң қаласының Лушан ауданында. Пояң көлі сағасына таяу жерде  Чаңжяң дәриясының түстігінде еңсе көтерген, Үш жота мен бес шың аталатын Үш жотаның бірі. Тау тұлғасы сопақшаланып келген, типтік қамал іспеттес ұзыншақ тау. Оның ұзындығы 25 ш, ені 10 ш, бірімен-бірі ұласқан90 неше тау-шыңдары тоғыз қабат шымылдықтай Жяңшидың терістік қақпасын далдалап тұр. Айбындылығымен, ғажайыптығымен, сұлулығымен әлемге әйгілі, «Ғажайып әрі сұлулығымен әлемде бірінші Лушан» деген даңқы бар. Лушан тауының көрінісі маусым сайын түрлі түске еніп отырады, «Көктемі әдемі түс көрген түстей, жазы теңселген мәстік мөлдір тамшыдай, күзі, ал қысы кіршіксіз ақ жақұттай» - деседі. Сондықтан Лушан тауына әр маусымда барсаң, әр басқа әсер аласың.

           Көрмессің шын келбетін» - деген өлеңі, Ли Байдың әсем шыңнан ағып түскен Мауей сарқырамасын суреттей келе жазған:

«Үшады су құлдилап үш шақырым,

Құс жолы кеткендей бір көктен құлап» - деген өлеңі мен Мау Зыдұңның Лүй Дұңбиңның әулиелік жолға түсу үшін тұрған Әулие үңгіріне арнап жазған:

«Тәңірі өзі жаратқан әулие үңгір,

Көз жетпес сұлулығы құз шыңында» - деген өлеңдері бір-бірімен сабақтасып, ауыздан-ауызға тарап, дүйім жұртты тәнті етіп отыр.

Лушанның табиғат мәдениеті – Қытайдың табиғат мәдениетінің  әдемі суреті және Қытай табиғат мәдениеті тарихының кішірейтілген бейнесі. Лушан табиғаты – өлеңге айналған табиғат, «адамиланған» табиғат. Таң дәуірінің ақыны Ли Бай Лушан тауына 5 рет шығып, Лушан тауы туралы «Даяшы Йүй Шүйжоуға Лушаннан  сәлем» деген 14 өлеңін жазады, оның «Лушан сарқырамасына қарап тұрып» атты өлеңі Лушан сарқырамасымен бірге ғасырларға жалғасып, Қытай топырағында және шетел қоғамында барша жұртқа таралып, Қытайдың байырғы өлең-жырларының асылына айналды.

                     Ду фу-  таң  дәуірінің  атақты  ақыны,   белгілі  поэті  мен  жазушысы.  Ол  қазіргі  Хынань  провинциясы,  орташа  провинциялық  әскербасы  отбасында  дүниеге  келген.  25-30  жас  аралығында  саяхаттаған. Өмірлік  жолында,  емтихан  тапсыру  кезінде   көптеген  қиыншылықтар  мен  сәтсіздіктерден  өткен.  Емтиханды  тапсыра  алмауы, оның  чиновник  болуына  нұқсан  келтірді.  Бәлкім  сол  көрген  қиыншылықтардан,  жалыққаны  мен  жабыққанынан  саяхаттауының  себебі  де   болған  шығар.  Ду Фу  алғашқы  өлеңін  7  жасында  жазды.  Ақындық  жолды  алғашқы  бастаған  жылдарында,  оған  дейінгі  ақындар  мен олардың  жолын  жалғастырмай-ақ  өзінің  жаңашыл,  заманға  сай  өлеңдерін  жаза  бастады.  Басқа  ақындар  мен  жазушылардан  айырмашылығы  да  осында  еді.  Өмірлік  жолының  екінші  жартысында ( 40-50-жылдарда) Ань-Лушань  көтерілісіне  дейін, 741  жылдан  бастап саяхаттауды  доғарып,  Чаньань  қаласында  10  жыл  тұрады.  Ол  Чаньань  қаласына  біршама  ақша  жинап,  мемлекеттік  қызмет  орнына  орналасып,  жқмыс  істегісі  келді.  Бірақ  ол  жоспарынан  да  түк  шықпады.  Себебі  елде  көтерілістің  есебінен  тұрмыс  жағдайы  біршама  қиындады.  Ел  игілігіне  қызмет  атқарып,  әділеттілікті  көрем  деп  келген  ақын,  коррупция,  ұрлық  т.б.  көптеген  әділетсіздіктерді  көрді. 755-759 жылдарда  ақынға  өте  қиын  жағдай  болды.   Ань- Лушань  көтерілісі  басталып,  Чаньань  жаулап  алынды.  Бірақ  ақын  өзінің  отбасымен  бірге  Чаньаньның  солтүстік – батыс  жағына  көшіп  кетуге  үлгерген  болатын.  Ду Фу  енді  Суцзун  императорына  барып,  сонда  қызмет  атқарғысы  келіп,  жолға  аттанды,  жол  бойында  оны көтерілісшілер  ұстап  алып,  абақтыға  жапты.  757  жылы  ол  абақтыдан  қашып,  Суцзун  хандығына  жетіп,  сонда  1 жыл  қызмет  атқарды.  Содан  соң  ол  қызметі  бойынша  Хуачжоуға   ауысты,  бірақ  сонда да 1  жылдай  жұмыс  атқарып,  кетуге  мәжбүр  болды.  Себебі  елде  ашаршылық  бой  алған  еді.  759  жылы  ол  Циньчжоу  қаласына  жетті,  бірақ  сол  жерден  3  айдан  кейін  де  көшіп  кетті.  Отбасын  асырау үшін,  ашаршылық  бой  алмаған  жерге  жету  керек  болатын.  Сол 759  жылы  ол  Чэнду-  Сычуань  провинциясының  ең  ауқатты  да  бай  қаласына  дейін  жетеді. Сол  қалада  ол  өмір  бойы  іздеген  нәрсені  тапқандай сезінді.  760  жылы  ол  Чэндуда  үй салып,  сонда  3  жыл  тұрды.    Енді  ғана  өмірден  рақат  алып,  тыныш  өмір  сүре  бастаған  кезде  де,  қайтадан  қиыншылыққа  тап  болды.  Елде  көтеріліс  басталған  соң,  ол  бір  жарым  жыл  бойы  Сычуань  провинциясының  калаларын  аралап  өмір  сүрді.  765  жылы  қайтадан  қалаға  оралғанымен,  елде  бұрынғыдай  жағдай  болмаған  соң,  онда   2 жыл  тұрып,  Янцзыцзяннің  Куйджоу  қаласына  көшеді. Бірақ  Чаньань  қаласын  үнемі  ойлап,  еліне  қайтқысы  келіп  оырады. 768 жылы  сонда  оралуға  бел  буып,  жолға  аттанады,  бірақ  елге  көшпелілер  басып  кіріп  жатқандықтан,  қайтадан  Куйджоуға  оралады.  770  жылы  сол  жерде  қайтыс  болады.  Өмірінің  барлық  жылдары  тек  қашу  мен  қиыншылықпен  өткендіктен,  ақын  өзінің  ішкі  жан  дүниесінің  сезімін  өлеңдерде  жазды.

       Ұлы тауда назарым

 Ғажап-ау, Тайшан – ұлы тау! Чи-Луға жасыл өң беріп,

       Бөліп тұр ақшам - ақ таңды, тәңірдің өзін тебірентіп.

       Ұшарына жете алсаң, кеудеңе бұлт тең келіп,

       Қабағыңнан құс ұшып, өзге тау қалар жер болып.

       Бұл өлеңде Тайшан тауының заңғар биіктігі, ұлы тұлғасы,хикмет көріктілігі, күн мен түнді бөліп тұрған зәулім образы жазылған. Кеудеңде бұлт өркештеп, көзіңнің тап алдында құстар ойқастап ұшып жүретін, қарасаң қалпағың түсетін осынау зәулім биіктің ұшар шоқысына жетер болсаңыз не болар еді? Онда самаладай таулардың шөмейіп, жер бауырлап аяғыңыздың астында жатып қалғанын көрер едіңіз.  Бұл өлеңнің өрісі кең, мыңдаған жылдардан бермен қарай бірден-бірге жатқа айтылумен келеді.      

          Көктемнің  күнінде  Ли Байды  еске  аламын

 

     О  Ли  Бай!

     Өлеңіңнің  асқақтығы  мен  ашық  ойынды,

     Мен  Юй  Синмен  салыстыра  аламын, 

     Бай   Чжаомен  де салыстырамын.

     Мен  қаладағы  көктемді  тамашалаудамын,

     Сен  оңтүстіктте  құлазудасың.

     Қашан  екеуіміз  кездесіп,

     Бір  шөлмек  шарап  ішіп  отыра

     Поэзия  туралы  сөйлесерміз?

 

Бұл  өлеңінде  автор  әрине  өзінің  ең қымбат ты да  адал  досы- Ли Бай-ға  арнайды.  Бұл  өлеңді  ол,   бір  елден  басқа  елге  көшіп-қонып  жүрген  кезде, достарын  көруді  арман  етіп,  қатты  құлазып  қасынан  дос-жараң іздеп  қайғырған, қамыққан  кезде жазған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      Қорытынды

Қытай мәдениетінде сұлу да, айбынды таулар, тау тастар өнер адамдарының, оның ішінде, ақындар мен суретшілердің басты назарында болған. Қытайлықтардың тастарға үлкен эстетикалық талғаммен қарағандағы соншалық, көптеген, монастырьлар жанынан даңққа бөленген Тастар бақтары жасалынған. Нефрит деген асыл тастардан сәнді әшекей бұйымдарын жасау халық шеберлерінің үйреншікті кәсібі болса, ал қарапайым тастар элиталық поэзия мен сурет өнерінен кең орын алған. Конфуцийлік - даосистік мәдениет шеңберіндегі білімнің сипаты білімді батыс еуропалық тұрғыдан түсінуден мүлде басқаша болып келеді.

Қорыта келгенде Қытай халқы - мәдениет пен өнердің қай саласында болса да қомақты табыстарға жетіп, дүние жүзілік өркениетке өзіндік үлестерін қосқан дарынды да, еңбекқор халық .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Қолданылған әдебиет

 

1.      Ғабитов Т. Мәдениеттану.

2.      Ғабитов Т. Мәдениеттану негіздері

3.      Гегель Соч.Л., 1972. Т.9.

4.      Попов Е.В. Введение в культурологию.М., 1995.

 

 

 

 

 

 

 

 

22

 



Информация о работе Қытай мәдениеті және оның ерекшеліктері