Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 16:35, реферат
Мен қытайлықтарды француздардан, немістерден, ағылшындардан артық сүймеймін. Олардың тілі мен әдебиетін орыстардікінен, немістердікінен, ағылшындардікінен артық көрмеймін. Бірақ, көзімді жүгіртіп, қарап отырған нәрселерден « Қытай» деген сөзді көрген кезде, маған бұл сөз ерекше үлкен, қызыл шрифтпен жазылған сияқты болып көрінеді.Қолым қарандаш пен параққа созылады. Қарандаш бірде тағатсыз, бірде шаттана жазады.
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Қытай мәдениеті және оның ерекшеліктері
Қытай мұралары
Поэзия мәдениеті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Конфуций ел басқарудың басты мақсаты - халықтың мүддесі деп жариялады. Оның әрбір қағидасын ескере отырып, ұлы уағызгердің ізбасарлары мемлекеттің үш ең басты элементтерін атап көрсетті, олар: біріншісі-халық, екіншісі-құдай, үшіншісі - әмірші-патша. Бірақ, халықты бірінші орынға қоя отырып конфуцийшілдер қарапайым халықтың мүдделері өздеріне де түсініксіз, сондықтан да олар білімді ел билеушілердің көмегінсіз мүлде өмір сүре алмайды депсанады. Конфуцийдің әлеуметтік тәртібінің басты қағидаларының бірі - үлкендерді сыйлау, оларға бағыну. Олар үлкен бедел иелері, олай болса, олардың айтқандарын мүлтіксіз орындалуға тиісті ережелер болып есептеледі. Бұл жағдай отбасылық өмірге де қатысты болды. Сондықтан да болар, Конфуцийдің мемлекет дегеніміз-үлкен отбасы, ал отбасы-кіші мемлекет деген қағидасы Қытай елінде берік орнығып, өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Оның басты нәтижесі күні бүгінге дейін қытайлықтардың ата-анасын және үлкендерді сыйлап-құрметтеуді ұлттық дәстүрге айналдырғандығы болып табылады. Отбасылық мемлекеттік бағыныштылық принциптерінің өміршендігін 1989 жылы Таньаньмэнь алаңындағы (Пекинде) студенттер қозғалысының жеңілісінің қорытындыларынан айқын аңғаруға болады. Ғасырлар бойы үлкендер мен ата-анасын сыйлауды дәріптеген қытай қоғамы саяси билікте мемлекеттік даналықты бойына жинақтаған ел басшысына қарсылықты батыл айыптады.
Ата-бабаларға табыну - ежелгі Қытайда кеңінен орын алғаны тарихтан белгілі. Осы бір ежелден қалыптасқан дәстүрдің мазмұны мен түрін ғана өзгерткен Конфуций оған ерекше мән бере отырып, бұл табынушылықты әрбір қытай азаматының қоғамдағы басты міндетіне, тәртіп нормасына айналдырды. Сөйтіп, осындай мақсатты жүзеге асыруға негізделген сяо - яғни балалар құрметі ілімі өмірге келді, Конфуцийдің пайымдауынша, сяо - адамгершіліктің негізі болып саналады. Сяо ережелері - ата-анаға қалтқысыз құрмет көрсетуді, оларды ли дәстүрімен жерлеуді және дәл осы тәртіппен ата-аналар құрметіне құрбандықтар шалып отыруды қатаң талап етеді. Сяо тәртіптері бойынша қандай жағдай болса да тіпті әкесі ұры немесе кісі өлтірсе де балалары әке-шеше алдындағы борышын адал атқаруы шарт.
Уақыт өткен сайын сяоның ата-ананы құрметтеу туралы өмірлік қағидалары қытай қоғамында тамырын терең жайып, халықтың шексіз құрметіне бөленді. Айтылған пікіріміз дәлелді болу үшін баланың ата-анаға қарым-қатынасын көрсететін бірнеше мысалдар келтірейік. Бірінші мысал: сегіз жасар бала маса өзін қанша шақса да әке-шешесін мазаламайын деген оймен оларды ешбір қақпай осы бір азапқа төзіп, шыдамдылық танытады. Екінші мысал: аштық жылында әбден әлсіреген әкесінің өмірін сақтап қалу үшін үлгілі бала өз етінен ет кесіп әкесіне сорпа пісіріп береді. Бұл мысал-әңгімелерден қытайлықтардың өз балаларын жас кезінен бастап-ақ, әке-шеше үшін қандай құрбандықтарға болса да дайын болуға тәрбиелейтіндіктерін байқауға болады. Осы орайда, қытайлықтардың бүкіл өмірі ата-бабалардың қатал да талапшыл қазылардың алдында ұдайы есеп берумен өтті ме екен деген ойға да қаламыз. Қытайлықтар, тіпті өлілер де тірілердің іс-әрекеттерін бақылайды деп түсінген.
Конфуцийдің ата-бабаларды құрметтеу және сяо ережелері қытайлықтарды отбасын ыдыратпай тату тәтті өмірге тәрбиеленеді. Отбасы-қоғамның негізгі тірегі деп саналды, отбасылық мүдделер жеке адамдардың мүддесінен жоғары қойылды. Сондықтан да болар, олар махаббатты жәй ғана сезімдік құбылысдеп санап, оны отбасы мүддесінен төмен алып қарады. Жас жұбайлар арасында махаббат болмауы да мүмкін, бірақ бұл жағдай отбасының тату-тәтті өмір сүруіне ешбір нұқсан келтірмеуі және ерлі-зайыптылардың қоғам алдындағы әлеуметтік-отбасылық парыздарын ойдағыдай өтеуіне ешбір кедергі жасамауы керек болды. Ұрпақты жалғастыру мәселесіне дәл осындай мемлекеттік дәрежеде мән берілуінің арқасында Қытайда отбасыларының саны өсіп, ал өз кезегінде, бұл жағдай халық санының күрт өсуіне себепкер болған. Бір атап өтетін жәйт, Қытайда үлкен отбасылар өте көп болған. Олардың құрамында ағайындылардың отбасыларымен қатар ағайынды адамдардың туған туысқандары, немелері де болған. Мұндай отбасылардың іргесі, әдетте, әкесі қайтыс болған жағдайда ғана бөлінетін болған
Отбасылар топтары көп жағдайларда үлкен ауылдар тұрғындарының басым көпшілігін құрған. Олардың күші мен беделінің жоғары болғандығы соншалық, туысқандар топтарының пікірлерімен өкімет орындары да санасып отыруға мәжбүр болған. Ағайындар тобының өздері жеке меншіктерінде рулық храмдары және жерлері болған. Оларды өкімет тарапынан озбырлық жасап, татып алуға қатаң тыйым салынған. Рулық храмдарда мейрам күндері жүздеген ағайын туысқандар бас қосып, мәжіліс құрған. Бұл бас қосуларда тұрмыс-тіршілікке қатысты көптеген мәселелер шешіліп отырған.
Қытайдағы түрлі мәдени дәстүрлер тоғысында конфуцийлік ағым даосизм мен буддизмнен де басым болып, өзінің өміршеңдігін танытты. Бірақ, Конфуций ілімі оларды мүлде ығыстырған екен деген ұғым туып қалмауы керек. Қалай болғанда да, император У-дидің билігі кезінде Конфуций ілімі жұлдызы жанып үш діннен (сянь цязо) де мерейі үстем болып, қытай қоғамында ерекше орынға ие болды. Конфуций ілімінің үстемдігін кездейсоқ жағдай деп қарастыруға мүлде болмайды, олай болатын себебі бұл жүйе осы бір ұлан-байтақ империяны басқаруға өте қолайлы болса, екінші жағынан, қарапайым халықты бағыныштылықта ұстаудың басты кепілі болды. Оның үстіне шенеуліктер аппараты осы діннің қағидаларына сүйене отырып, кей кездерде императорларға да ықпал ете алатындай дәрежеге жетті. Өйткені, императорға елді басқаруда шексіз билік берілгеніне қарамастан, император Конфуций қағидаларынан ауытқыса, немесе шектен тыс астамшылық жасап өз билігін дұрыс жүргізбесе, қоғамда экономикалық және әлеуметтік тоқырауларға жол берсе, сөйтіп өзінің сүреңсіз іс-әрекеттерімен халық наразылығын тудырса өз құқықтарынан мүлде айырылатын еді. Міне, сондықтан да бұл тезис Конфуций ережелерінен ауытқыған императорларға үлкен ескерту сияқты болатын. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда, Конфуций ілімі саясатқа да, әкімшілік жүйенің қалыптасуына да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Бұл ілім қытай қоғамының сан-саласын жан-жақты қамтып қана қоймай, бүкіл қытай халқының ұлттық мәдениетінің қалыптасуына орасан зор ықпал жасады. Сонымен қатар бұл ілім дінге қарағанда мемлекеттік адамгершілік заңдар жүйесіне өте жақын екендігін ерекше атап өткеніміз де дұрыс. Қытай мәдениеті, қытай өнері даналық өмірлік қағидалар мен терең философиялық идеяларды өз бойына сіңіре білген өзіндік бет-бейнесін бар ерекше мәдениеттің бірі болып келеді. Қытай халқының мәдени туындыларында адамзатты қоршаған дүние әсемдігі мен табиғат үйлесімділігі тамаша көрініс тапқан болатын. Адамзат баласы мен табиғаттың біртұтастығы, олардың өзара үйлесімділік жағдайында болуы - қытай өнерінің негізгі арнасы болған. Басқаны былай қойғанда, қытайлықтардың жазу өнерінің өзі де өте әдемі болып келеді және бұл өнерді игеру басқа мәдениет өкілдерінің қолынан келе бермейді. Орта ғасырларда латын жазуы Еуропа елдерінде қандай рөл атқарса, қытай иероглифтері де Шығыс Азия мемлекеттерінде де дәл сондай дәрежеге көтерілді, вьетнамдықтар мен корейлер ұлттық жазу жүйелеріне көшкенге дейін қытай иероглифтерін кеңінен пайдаланған, ал жапондар болса күні бүгінге дейін қытай жазуын пайдаланып келеді. Қытайлықтар иероглифтердің әдемі жазылуына, қағаз бен сияның сапасына, оның түстеріне де қатты мән берген. Шығыс мәдениетінде иероглифтер - көркемдік шығармалар моделінің идеалды түрі болып есептелінеді. Иероглифтік жазудың ықпалын сәулет өнері, қолданбалы өнер туындыларынан айқын аңғаруға болады. Тіпті табиғатты ағаш бұтақтарының өзара орналасуы мен өсімдіктер дүниесінің өзі де қытай иероглифтерін еріксіз еске түсіреді.
Каллиграфиялық белгіні қабылдау - дәстүрлі қытай мәдениетінде эстетикалық қана емес, сонымен қатар этиканың ерекше бір саласы ретінде қарастырылады Қытайлықтар иероглиф белгілердің каллиграфиясына (қалай жазылуына қарай) қарап, автордың қандай күйде болғанын, оны жазған адамның мінез - құлқын анықтайтын болған. Каллиграфияға осыншыма мән берілгені соншалық, оны өнердің жеке саласы деп те қарастырған. Қытай каллиграфиясының әдемілігінің - оның пластикалық элементтерінің әсерлілігінде, табиғи тепе-теңдіктің сақталуында, әдемі орналасуында. Кескіндеме өнерінің туындыларын бағалауда да каллиграфияға үлкен мән берілген. Каллиграфияны би өнерімен салыстыру өнер адамдарының байқампаздығын, талғампаздығын байқатқан. Өйткені мұз айдынындағы билердің өзі де «мұз каллиграфиясына», яғни бишілердің мұз айдынындағы іздері арқылы бағаланған. Иероглифтердің жазылуына осыншама жоғары талаптардың қойылуының сыры оның табиғатпен үндестік табуында сияқты. Міне, сондықтан да болар Еуропалық мәдениет бүгінгі таңда экологиялық апаттың алғашқы зардаптарын бастан кешіру жағдайында дүниені мәдениет пен өнер арқылы басқаша қабылдаудың түрлі жолдарын карастыруда. Осы орайда әсем гүлдер мен құстарға, жұпар иісті шөптер мен жан - жануарлар дүниесіне толы табиғаттың «эстетикалық бағын» сақтап, оның қайталанбас табиғи сұлулығын, әсемдігін одан әрі арттыру, - яғни табиғатты аялау, мәдени дамудың асқарлы міндеті екендігіне ешкімнің дауы жоқ. Өйткені, Қытай елі, қытай мәдениеті. Қытай - әсем де, нәзік гүлдер мен құстардың, шөптер мен жәндіктердің отаны. Осы бір табиғаттың құдіреті Қытай елінде өнер саласындағы гүлдер мен құстар жанрының туындауына қолайлы жағдайлар туғызды. XIX ғасырда өмірге келген бұл жанрдың басты ерекшелігі - Өмірге деген көзқарастың жан-жақтылығында, табиғат пен өмірдің кез-келгенін құбылыстарына эстетикалық көкқараспен қарауда, табиғилық пен әсемдікті терең сезіне білуде. Осы аталған қасиеттерді өз бойына сіңіре білген әрбір өнер адамдарының шығармашылық тойымсыздығының болуы да осы бір ерекшеліктерге байланысты. Көне заманда жазылған «Слова о живописи из сада с горничное зерно» деп аталатын трактатта осы жанрға тікелей қатысты көркемдік шығармаларды бейнелеу және орындау әдістерінің үлгілері тамаша көрсетілген, бірақ олар негізінен даосизм философиясына тән космологиялық принциптерді де өз бойына сіңіре білген. Бұл стильдегі өнер туындыларында бізді қоршаған дуние гүлдер мен ағаштар арқылы бейнеленеді. Гүлдер күнді бейнелеп, ол Ян принципі бойын құрылса, ал ағаштың өзі, оның бұтақтары мен жапырақтары Жерді, оның құпия күші Иньді бейнеледі. Қытайлықтар өсімдіктер дүниесінің мән-мағынасын түсіне білуге үлкен мән берген. Осы орайда өмірге мынадай қағида келген Гүлге зат деп қарау тағылық, ал жүрегінде гүлдер әлеміне жылулығы жоқ адам - хайуан. Демек, адам гүлінің қожайыны емес, оның қызметшісі, әрбір адам өзінің әйелін қалай сүйсе, гүлді де солай қастерлеп, құрметтеуі керек. Таң дәуірінің императоры өзінің жасыл бағына әнші-бишілерді көктемде, гүл-бәйшешектің құлпырып гүлдеген кезінде шақыратын болған. Бұл тамаша дәстүр бүгінгі заманда мүлде жоғалмаған. Жан тебірентерлік бұл табиғи көрініс екі гүлдің бір - бірімен сырласуы, шын жүрекпен шыққан сұхбат сияқты.
Адамды қоршаған дүниенің сан қырлы құпиялары, табиғаттың әсем көріністері пейзаждық кескіндемеде де жан-жақты бейнеленеді.
Қытайдың мәдени мұралары
Ұлы Қытай қорғаны – Қытайдағы ежелгі қорғаныс құрылысы. Қытай қорғанының құрылысы Қытай тарихындағы Чуньцю («Көктем және күз» б.з.б. 770 – 476 жылы) және Чжаньго («Жауласқан патшалықтар» б.з.б. 475 – 221 жылы) заманында салына бастаған. Ол кезде Хуанхэ алқабында жеті шағын патшалық жеке-дара өмір сүрді. Олар өздерінің солтүстік-ндегі ғұн және дунху сияқты көшпелі тайпалардан қорғану үшін өз шекараларына қорғаныс қамалдарын тұрғыза бастады. Б.з.б. 221 жылы тұңғыш император Цинь Шихуанди өзге алты патшалықтың басын біріктіріп, біртұтас Қытай империясын құрды. Ол әр патшалық тұрғызған үзік-үзік қорғаныс қамалдарын бір-біріне жалғастырып салдырды. Оның ұзындығы 5000 километрге жетті. Хань империясы заманында қорған-қамалдар шығыста Ляодун түбегінен батыста Линьтаоға (қазіргі Ганьсу провинциясының жерінде) дейін жеткізілді. Қорғаныс қамалдарының бұзылып, бүлінген жерлерін Қытайды билеген әрбір патшалық жөндеп, қалпына келтіріп отырды. Әсіресе Мин әулеті солтүстігіндегі көршілері – шүршіттер (маньчжур) мен моңғолдардан қорғану үшін сол заманның ең озық техникасын пайдалана отырып, биік тау жоталары мен шатқалдарына және шөл далаға дейін қорғаныс қамалдары мен бекіністерін салдырып, қорғанды ұзарта түсті. Шығыста Бохай теңізінің жағасындағы Шаньхайгуань бекінісінен батыста Ганьсу провинциясындағ
Қытайдағы Гугун мұражайы – ортағасырлық қытай сәулет өнерінің бірегей ескерткіші. 1420 жылы Пекин қаласындағы Тянаньмэнь алаңыны
Қытайдың мәдениеті туралы сөз сөйлеген соң, олардың атақты ақындары мен өлеңдері туралы айтпай кету мүмкін емес, себебі Қытай мәдениетінің қалыптасып, гүлденуіне поэзияның да қосқан үлесі зор.
Ли Бай өзінің шығармашылықтарында көбінесе даосизм туралы жырлаған. Өлең шығарған кезде оны озып өтетін және қуып жетерлік адам болмаған. Себебі бір шабыттанса, кідірместен, сөз құрастыру жағынан бір де бір мін таба алмайтындай етіп құрастырған. Оның өлеңдері көбінесе төрт жолды, 5,6,7 буыннан тұрған. Бірақ соңғы жазған өлеңдері 12-13 жолдан тұрған. Өлең құрамында қайталанбайтын, бір-біріне ұқсамайтын сөздер өте көп. Бұдан біз оның өте білімді, сауатты адам екендігін көре аламыз. Оның шығармашылықтарын көптеген ақындар аударған, соның ішінде орыс жазушыларын атап кете аламыз. Олар: Н. Гумилев, А. Ахматова, М.Алексеев т.б. Либай Қытайдың Таң дәуірінде ойқастап ортаға шыққан ұлы ақындардың бірі. Ол Жуаңзы, Чүй-юандардың романтикалық сарындарына мұрагерлік ете отырып, Дуфумен бірге, Қытай тілді поэзияның шұғылалы көкжиегін ашып, Қытайдың ерте заман әдебиетінің асқарлы екі биігінің біріне айналған тұлға. Оның қиялының қанаттылығы теңдессіз өреге жеткен, бір түйілсе тасты алтынға айнардырып жіберетіндей шығармашылық талантқа ие, жаны жомарт та жайсаң жаралған дара жан болатын. Таң дәуірінің тағы бір атақты ақыны Хы Жыжаң Либайдың өлеңдерін оқығаннан кейін оны “Тәңрі сүргіндеген әулие” деп атаған екен; . Ол осы сапарында жыр жанпозы Дуфумен кездесті. Осыдан былай екі ұлы ақын өмірлік айнымас достарға айналды. Бұл фәни дүниеге көктен түскен әулие-машайық болар ма дегені ғой. Дуфу да оған өлең арнап: