Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 16:47, реферат
Туған балалар санының жылдан – жылға көбеюі өте қуантарлық мәселе. Ал, осы жаңа туған балаларды заңмен белгіленген мерзімде тіркеуден өткізіп, уақытында туу туралы куәліктерін алу ата-аналардың жеке басының міндеттері. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңына сәйкес балалардың тууын тіркеуді азаматтық хал актілерін жазатын органдар (одан әрі қарай – АХАЖ органдары) баланың туған жері бойынша немесе ата-анасының не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.
Кіріспе
Тууды тіркеу.
Бала асырап алуды тіркеу.
Әке болуды анықтауды тіркеу.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан сот тәртiбiмен әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп танылған адамның арызы бойынша, сондай-ақ осы әрекет қабiлеттiлiгi жоқ адамның қамқоршысының арызы бойынша әке болуды анықтауға жол берiлмейдi. Баланың тууы туралы акт жазба жоғалып кетсе, онда әке болуды анықтау ол белгiленген тәртiппен қалпына келтiрiлгеннен кейiн тiркелуi мүмкiн. Ата-аналардың бiрлесiп берген арызы бойынша әке болуды анықтауды тiркеу кезiнде баланың тегi ата-аналардың келiсiмi бойынша, ал келiсiм болмаған жағдайда - сот тәртiбiмен анықталады.
Баланың қандай тектi иеленетiнi жөнiнде әке болуды анықтау туралы арызда көрсетiлуi тиiс.
Сот шешiмi негiзiнде әке болуды анықтауды тiркеу кезiнде балаға шешiмде көрсетiлген тек берiледi, мұндай жазу жоқ болған жағдайда - арыз берушiнiң көрсетуi бойынша берiледi. Осы мәселе бойынша дау туған жағдайда ол сот тәртiбiмен шешiледi.
Әке болуды анықтауды тiркеуге байланысты әскерге мiндеттiнiң немесе шақырылушының тегі немесе әкесінің аты өзгерген жағдайда АХАЖ органы Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес бұл туралы жетi күндiк мерзiмде әскери мiндеттi немесе шақырылушы әскери есепте тұратын аудандық, қалалық, қаладағы аудандық әскери комиссариатқа хабарлауы тиiс.
Баланың әкесі мен анасының бірлесіп берген арызының негізінде әке болуды анықтауды тіркеу. Әке болуды анықтау туралы ата-аналардың бiрлесiп жазған арызы олардың бiреуiнiң тұрғылықты жерi бойынша АХАЖ органына берiледi. Бала туғаннан кейiн әке болуды анықтау туралы ата-аналардың арыз беруi мүмкiн болмаған немесе қиын болған жағдайда (ата-аналардың бiреуiнiң қатты науқастануы, ұзақ iссапарда немесе экспедицияда болуы, басқа жерге тұрақты түру үшiн көшiп кетуi және тағы басқа), анасы екiқабат кезiнде медициналық анықтамамен растала отырып, әлi тумаған балаға қатысты тұрғылықты жерi бойынша АХАЖ органына бiрлесiп (немесе бөлек) алдын ала арыз беруге жол берiледi. Әке болуды анықтау туралы ата-аналардың арызына баланың тууы туралы куәлiгi қоса берiлуге тиiс. Егер әке болуды анықтауды тiркеу тууды тiркеумен бiр мезгiлде жүргiзiлсе, тууы туралы куәлiк ұсынылмайды.
Бала әкесінің арызы негізінде әке болуды анықтауды тіркеу.
Бала әкесiнiң арызы негiзiнде әке болуды анықтау:
1) анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған;
2) анасының жүйке ауруы немесе
ақыл-есiнiң кемiстiгi
3) анасы ата-аналық құқықтан айырылған;
4) баланың анасының тұрғылықты орнын анықтау мүмкiн болмаған жағдайларда жүргiзiледi.
Әке болуды анықтауды тiркеу қорғаншы және қамқоршы органның келiсiмiмен өзiн баланың әкесiмiн деп танитын адамның жазбаша арызы бойынша, мұндай келiсiм болмаған жағдайда - сот шешiмi бойынша жүргiзiледi. Егер балаға қорғаншы (қамқоршы) тағайындалса, онда арызда оның тегi, аты, әкесiнiң аты және тұрғылықты жерi көрсетiледi.
Сот шешімінің негізінде әке болуды анықтауды тіркеу.
Әке болуды анықтауды тiркеу соттың әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болу және әке болуды тану фактiсiн анықтау туралы шешiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi. Заңды күшiне енген сот шешiмi және баланың тууы туралы куәлiгiнiң көшiрмесi арызға қоса берiледi. Әке болуды анықтау туралы шешiм шығарған сот осы шешiм заңды күшіне енгеннен кейін оның көшiрмесiн арыз берушінің тұрғылықты орны бойынша тiкелей АХАЖ органына жiберген жағдайда, сот шешiмiнiң көшiрмесiн алған АХАЖ органы талап-арыз бойынша сот әке болуды анықтаған адамның қатысуымен әке болуды анықтау туралы жазбаны одан әрi дайындау үшiн шешiмдi соттың есепке алу журналында тiркеуге міндеттi.
Әке болуды анықтау туралы акт жазбасын жазу кезiнде әкесi туралы деректер сот шешiмiне сәйкес көрсетiледi.
Сот шешiмiнде әкесiнiң ұлты туралы деректер жоқ болған жағдайда әке болуды анықтау туралы акт жазуының 13 "Ұлты" бағанасы баланың тууы туралы акт жазуындағы 15-бағанаға сәйкес толтырылып, бұл туралы 21-бағанада әке болуды анықтау туралы белгi соғылады. Әкесiнiң тұрақты тұрғылықты жерi, қайда және кiм болып жұмыс iстейтiндiгi арыз берушiнiң айтуымен жазылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасында әке болуды анықтау, Қазақстан Республикасынан тыс жерде анықталған әке болуды мойындау. Қазақстан Республикасында әке болуды анықтау ата-аналары мен баланың ұлтына және олардың тұрғылықты орнына қарамастан Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша АХАЖ органдарында әке болуды анықтауға жол берiлген жағдайда, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын баланың ата-аналары, ең болмағанда олардың бiреуi Қазақстан Республикасының азаматы болып табылса, Қазақстан Республикасының консулдық және елшiлiк мекемелерiне әке болуды анықтау туралы арызбен жүгiнуге құқылы.