Тууды тіркеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 16:47, реферат

Описание работы

Туған балалар санының жылдан – жылға көбеюі өте қуантарлық мәселе. Ал, осы жаңа туған балаларды заңмен белгіленген мерзімде тіркеуден өткізіп, уақытында туу туралы куәліктерін алу ата-аналардың жеке басының міндеттері. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңына сәйкес балалардың тууын тіркеуді азаматтық хал актілерін жазатын органдар (одан әрі қарай – АХАЖ органдары) баланың туған жері бойынша немесе ата-анасының не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.

Содержание

Кіріспе
Тууды тіркеу.
Бала асырап алуды тіркеу.
Әке болуды анықтауды тіркеу.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Жоспары.docx

— 41.02 Кб (Скачать)

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Тууды тіркеу.
  3. Бала асырап алуды  тіркеу.
  4. Әке болуды анықтауды тіркеу.
  5. Қорытынды
  6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Туған балалар санының  жылдан – жылға көбеюі өте қуантарлық мәселе. Ал, осы жаңа туған балаларды  заңмен белгіленген мерзімде тіркеуден  өткізіп, уақытында туу туралы куәліктерін  алу ата-аналардың жеке басының міндеттері. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңына сәйкес балалардың тууын тіркеуді азаматтық хал актілерін жазатын органдар (одан әрі қарай – АХАЖ органдары) баланың туған жері бойынша немесе ата-анасының не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша жүргізеді. Баланың тууын тіркеу үшін медициналық мекеменің баланы туғандығы туралы анықтамасы негіз болып табылады. Баланы үйде туған жағдайда туу емдеу мекемесі дәрігерінің, басқа медициналық қызметкердің анықтамаларының негізінде, олар болмаған жағдайда, кемінде екі куәнің арызының негізінде тіркеледі. Баланың тууын тіркеу туралы арыз ата-аналарының не олардың біреуінің ауызша немесе жазбаша арызы негізінде болады. Баланың тууын тіркеу оның туған күнінен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей тіркелуі тиіс. Екі айлық мерзім өткеннен кейін тууын тіркеу аумақтық әділет департаментінің АХАЖ бөлімі жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі. АХАЖ органдарында 7 түрлі азаматтық хал актілерін тіркеу жүргізіліп, актілік жазба кітаптары толтырылады. Туу туралы акт жазбалар кітабына баланың туған уақыты, туған жері, жынысы, ата-анасының тілегі бойынша қойылған аты, тегі және олардың ұлты жазылады. Жазбаға сәйкес балаға тууы туралы куәлік беріледі. Бұл баланың бірінші құжаты болып саналады. Бала он алты жасқа толғанда осы куәліктің негізінде құжаттандыру бөлімімен жеке куәлік беріледі. 
Сондықтан, туу туралы куәлік алу кезінде ата-аналар мұқият ойланып баланың тегін, атын, әкесінің атын жазуда дұрыс таңдау жасауға көбірек назар аударса деп ойлаймыз. Тууды тіркеу кезінде баланың тегі ата-анасының тегімен белгіленеді. Ата-анасының тектері әртүрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-анасының қалауы бойынша баланың тегін ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, әкесінің немесе атасының атына жазуға болады. Ал, егерде баланың тегіне қатысты  ата-анасының арасында келіспеушіліктер туындаса, ол сот тәртібімен шешіледі. Басқа ұлт адамдарының тектері, аттары және әкесінің аттары өздерінің қалауы бойынша олардың ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес жазылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тууды тіркеу.

Баланың тууын тіркеу АХАЖ органдарында, жергілікті атқарушы органдарда баланың туған жері немесе ата-аналарының не олардың біреуінің тұрған жері бойынша жүргізіледі. Баланың тууын тіркеу үшін медициналық мекеменің баланы туғандығы туралы анықтамасы негіз болып табылады. Баланы үйде туған жағдайда туу емдеу мекемесі дәрігерінің, басқа медициналық қызметкердің анықтамаларының негізінде, олар болмаған жағдайда, кемінде екі куәнің арызының негізінде тіркеледі. Баланың тууын тіркеу туралы арыз ата-аналарының не олардың біреуінің ауызша немесе жазбаша арызы негізінде болады. Баланың тууын тіркеу оның туған күнінен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей тіркелуі тиіс. Екі айлық мерзім өткеннен кейін тууын тіркеу аумақтық әділет департаментінің АХАЖ бөлімі жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың балаларының тууын тіркеу кезінде ата-анасының екеуінің де жеке бастарын куәландыратын құжаттарын, сондай-ақ олардың мемлекеттік және орыс тіліндегі мәтіннің нотариалдық куәландырылған аудармасын тапсыруы талап етіледі. Егер ата-анасы (немесе олардың біреуі) он сегіз жасқа толмаған болса, баланың тууы, әке тану да әдеттегідей тіркеледі. Кәмелетке толмаған әкесінің немесе анасының ата-аналарының (қамқоршыларының) баланың тууын тіркеуге келісімі талап етілмейді. Кәмелетке толмаған ата-анадан туған баланы тіркеу заңды өкілдің қатысымен жүргізіледі. Тууды тіркеу кезінде баланың тегі ата-анасының тегімен белгіленеді. Ата-анасының тектері әртүрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімімен әкесінің немесе анасының тегі беріледі.Ата-анасының қалауы бойынша баланың тегін ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, әкесінің не атасының атына жазуға боады (әкесі жағынан да, анасы жағынан да).Азаматтардың қалауы бойынша қазақтардың тектері мен әкелерінің аттарын жазу кезінде қазақ тіліне жат –ов, -ев, -ова, -ева, -ин, --н, - ины, --на, -овна, -евна, -ович, -евич, жұрнақтары алып тасталып, олардың орнына “ұлы”, “қызы” жалғаулары бірге қосылып жазылады.  
Балаға қосарланған тек беруге рұқсат етілмейді. Алайда, егер ата-анасынң (немесе олардың біреуінің) қосарлангған тегі болса, АХАЖ органы балаға осы текті беруден бас тартуға болмайды.  Текке “тегі”, “ұрпағы”, “немересі”, “шөбересі” сөздерін және т.б. сөздерді қосып жазуға жол берілмейді. 
Баланың аты ата-анасының келісімі бойынша қойылады. АХАЖ органы берілген аттың жеке аттар анықтамасында көрсетілмеуі не қысқартылған, еркелететін ат болып табылуы негізінде балаға ата-анасы таңдаған атты қоюдан бас тартуға құқылы емес. Баланың тегін, атын беруде ата-анасының арасында келісім болмаған жағдайда сот арқылы шешіледі.Баланың әкесінің аты әкесінің атымен не әкесә ретінде жазылған адамның атымен беріледі.Егер жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес әкесінің бірнеше аты болса, баланың әкесінің аты ата-анасының таңдауымен солардың біреу бойынша жазылады. Ұлттық-тарихи дәстүрге сай әкесінің аты шын мәнісінде тегін ауыстыратын болса және оған “ұлы”, “қызы” қосылса, тегі міндетті түрде бірінші орында, одан кейін аты тұрады. Егер баланың тууы оның нақты туған жерінде емес, ата-анасының не олардың біреуінің тұратын жері бойынша тіркелетін болса, туу туралы акт жазуындағы туған жерінде тіркелген жері көрсетіледі. Өзара некеде тұратын әкесі мен анасы олардың біреуінің арызы бойынша туу туралы акт жазуында баланың әке-шешесі болып жазылады. Неке қию туралы куәлік мұндай жазуға негіз болып табылады. Егер баланың ата-анасы өзара некеде тұрмаса, баланың анасы туралы жазба медициналық туу туралы дәрігерлік куәлік бойынша басқа адамның не анасының өтініші бойынша, ал әкесі туралы мәлімет - әкесі мен анасының бірлесіп арыз беру негізінде немесе әкесі соттың шешімі бойынша жазылады. Бала некеде тұрмайтын анадан туған болса, жоғарыда көрсетілген реттермен тіркеу болмаған жайда, тууды жазу кітабында баланың әкесі – анасының тегі бойынша, баланың әкесінің өз аты мен оның әкесінің аты –анасының айтуы бойынша жазылады. Баланың тууы белгіленген мерзімді бұза отырып тіркеу тәртібі 187-бапқа сәйкес баланың тууын тіркеу үшін туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негіз болып табылады. Медициналық ұйымнан тыс жерде, оның ішінде үйде босанған жағдайда, туу туралы медициналық куәлікті анасының жеке басын куәландыратын құжаттарына сәйкес босанғаннан кейін ол өтініш жасаған медициналық ұйымның қызметкері немесе босандырған және медициналық практикамен айналысатын жеке адам ресімдейді. Мемлекеттік тіркеу кезінде дәлелді себеп бойынша ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда, ата-анасы туралы мәліметтер неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлікке не осы тіркеуші органдағы неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасына сәйкес толтырылады. Баланы суррогат ана туған жағдайда туу туралы медициналық куәлік тіркеу үшін негіз болып табылады. Баланың туу туралы медициналық куәлігі баланың анасы туралы барлық қажетті мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), сондай-ақ баланың туған күнін, айын, жылын және жынысын, құжаттың берілген күнін қамтуға тиіс. Куәлік медициналық ұйымның лауазымды адамының қолтаңбасымен және мөрімен расталады. Кәмелетке толмаған ата-аналардың бала тууын, сондай-ақ суррогат ана туған баланы мемлекеттік тіркеу жалпы тәртіппен жүргізіледі. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны 188-бапқа көрсетілгендей, баланың тууын мемлекеттік тiркеудi тіркеуші органдар баланың туған жерi бойынша немесе ата-анасының не олардың бiреуiнiң тұрғылықты жерi бойынша жүргiзедi.Тұрғылықты жері олардың заңды мекенжайына сәйкес айқындалады. Егер ата-анасы бір-бірімен некеде тұрмаса, ортақ баланың тууы өзiн баланың әкесiмiн деп мойындаған адамның тұрғылықты жерi бойынша тiркелуi мүмкiн. Баланың тууын тiркеу туралы өтiнiшпен бір мезгілде әке болуды анықтау туралы өтiнiш берiледi.Туу туралы актінің жазбасында баланың туған жері болып тууды мемлекеттік тіркеу кезінде қабылданған Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігінің атауына сәйкес баланың нақты туған жерінің атауы көрсетіледі. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде не ата-анасының немесе олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша осы Кодексте белгіленген мерзімде тіркеуші органда жүргізіледі. Баланың тууын ата-анасының не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша тіркеген жағдайда, баланың туған жері болып осы елді мекен көрсетіледі. Экспедицияларда және тіркеуші орган жоқ шалғай жерлерде, сондай-ақ анасының теңіз, өзен, әуе кемесінде немесе пойызда болған уақытында туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу ата-анасының немесе олар тұрғылықты жеріне қайтып келген соң, олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органда жүргізіледі.Мұндай жағдайларда баланың туған жері болып баланың тууын мемлекеттік тіркеу жүргізілген әкімшілік-аумақтық бірлік көрсетіледі. Баланың тууы туралы өтініш беру мерзімдері189-бапқа сәйкес. Баланың тууы туралы өтінішті оның ата-анасы не басқа да мүдделі адамдар тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап екі айдан кешіктірмей беруге тиіс, ал бала өлі туған жағдайда, медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтінішті босанған кезден бастап бес тәуліктен кешіктірмей береді. Екі ай мерзім өткеннен кейін баланың тууын мемлекеттік тіркеу Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша тіркеуші орган жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі. Баланың тууын мемлекеттік тiркеу туралы өтінішті 190-бапқа сәйкес ата-аналары немесе олардың бiреуi, ал олар қайтыс болған, науқастанған немесе өзге де себептермен өтініш беру мүмкiн болмаған жағдайларда, мүдделi адамдар немесе бала туған кезде анасы жатқан медициналық ұйымның әкiмшiлiгi жазбаша нысанда бередi. Өтінішке ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың, сондай-ақ неке қию туралы куәліктің көшірмелері қоса беріледі. Баланың тууы белгіленген мерзімді бұза отырып тіркелген жағдайда: ата-анасының түсініктемесі, баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбаның болмауы туралы анықтама, баланың денсаулығы туралы анықтама қосымша беріледі.

Бала асырап алуды  тіркеу.

Бала асырап алу үшін, бала асырап алуға тілек білдіруші  адам бала асырап алу туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға өтініш білдіру  қажет, өйткені ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын тәрбие, емдеу  және басқа да мекемелердің басшылары  баланы отбасы тәрбиесіне беру мүмкін екендігі белгілі болған күннен бастап жеті күн мерзім ішінде бұл туралы осы мекеменің тұрған жері бойынша  қорғаншы және қамқоршы органдарға хабарлап отырады. Қорғаншы және қамқоршы органдар бала асырап алуға өтініш жасаған адамнан жеке басын куәландыратын құжаттарын, ерлі-зайыптылар болса – неке қию куәліктерін, асырап алушының (ері не зайыбына қоса) денсаулығы туралы, жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы, отбасы туралы анықтамаларын талап ете отырып, асырап алушының тұрмыс жағдайы туралы акті мен бала асырап алу мүмкіншілігі туралы қорытынды жасайды. Қорғаншы және қамқоршы органдары бала асырап алуға тілек білдірген азаматтың тапсырған құжаттарын тексеріп, асырап алуға мүмкіншілігі барлығы расталған жағдай балаларға арналған тәрбие, емдеу және тағы басқа мекемелерге жолдамалар береді. Жолдама хаттар негізінде аталған мекемелердің басшылары бала асырап алуға тілек білдіруші адамға балаларды көруге рұқсат етеді. Бала асырап алғысы келген адам аталған мекемелерден баланы жеке өзі таңдап алуына және онымен тікелей жақын араласуына құқылы. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңына сәйкес бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың арызы бойынша сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қорғаншы және қамқоршы органдардың қатысуымен жүргізеді. Сотта кәмелетке толмаған баланы, бала асырап алуға тілек білдірген адамның отбасында оның қалыпты дамуы,тәрбиеленуі және білім алуы үшін жағдайлар болған жағдайда ғана, асырап алуға жол беріледі. Қорғаншы және қамқоршы органдар сотқа баланы асырап алудың бала мүдделеріне сай келетіні туралы қорытынды береді. Сот органдарына бала алуға тілек білдірген азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттары, ерлі-зайыптылар болса-неке қию куәліктері, денсаулығы туралы (ері не зайыбына қоса), отбасы туралы, адамгершілік қасиеттері туралы анықтамалары, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және тәрбие, емдеу мекемелері мен басқа да мекемелердегі балаларды алу үшін осы мекемелер басшыларының жазбаша түрдегі келісімі тапсырылады. Қорғаншылықта, қамқоршылықта тұрған балаларды асырап алу үшін олардың қорғаншыларының, қамқоршыларының; патронат туралы шарт бойынша тәрбиеленіп жатқан балаларды асырап алу үшін патронат тәрбиеленің; ата-аналары мен қорғаншылары, қамқоршылары болмаған жағдайда, қорғаншы және қамқоршы органның; ерлі-зайыптылардың екіншісінің жазбаша келісімі талап етіледі. Асырап алушы некеге тұрмаған болса, асырап алынушы баладан кем дегенде он алты жас үлкен болуы тиіс. Егер асырап алушы өгей әкесі не өгей шешесі болса, белгіленген жас айырмасы ескерілмейді және қорғаншы және қамқоршы органдардың сотқа беретін қорытындысы талап етілмейді. Сот органдары бала асырап алу туралы істерді екі ай мерзім ішінде қарап, тиісті шешім шығарады. Бала асырап алу туралы сот шешімі белгіленген тәртіппен міндетті түрде мемлекттік тіркеуге жатады. Бала асырап алу туралы сот шешімін тіркеу әділет органдарында жүргізіледі. Әділет органдарында бала асырап алуды тіркеу туралы арыздар жазбаша нысанда жазылады және оған қоса сот мөрімен және лауазымды адамның қолымен куәландырған сот шешімінің көшірмесі, баланың бұрынғы туу туралы куәлігі, асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттары ұсынылады. Әділет органдарында бала асырап алуды тіркеу кезінде бекітілген нысан бойынша екі дана етіліп бала асырап алу туралы азаматтық хал акт жазбасы жасалады. Бала асырап алу туралы акт жазбасының мазмұнын сот шешімі анықтайды, сондықтан баланың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, туған жері өзгерген жағдайда, тағы басқа да туу туралы акт жазуына енгізілетін өзгерістер болған жағдайда, барлық өзгерістер бала асырап алу туралы сот шешімінде көрсетілуге тиіс. Бала асырап алуды тіркеу кезінде бала асырап алушының қалауы бойынша бала асырап алу туралы куәлік, балаға барлық өзгерістер енгізілген туу туралы жаңа куәлік беріледі. Бала асырап алудың құпиялылығы заңмен қорғалады, өйткені бала асырап алу туралы шешім шығарған соттар немесе бала асырап алуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыраған лауазымды адамдар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгедей түрде хабардар болған адамдар бала асырап алудың құпиялығын сақтауға міндетті. Ал асырап алушылардың еркіне қарамай жария еткен аталған адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.

Қазақстан азаматтарымен  бала ұлды (қызды) асырап алуды тіркеу рәсімі

Алушылар

жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, және шетел азаматтары және азаматтығы жоқ азаматтар)

Қандай мемлекеттік орган қызметті көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары  

Қызметті алу үшін, қайда жүгіну қажет?

Әділет органдарының аумақтық АХАЖ бөлімдеріне

Қажетті құжаттар тізімі

Ұлды (қызды) асырап алуды тіркеу үшін:

  1. белгіленген үлгідегі арыз;
  2. өтініш берушілердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. бала (қыз) асырап алу туралы заңдық күшіне енген сот шешімінің көшірмесі; 
  4. некеге тұру (егер асырап алушы некеде тұрса) туралы куәліктің түпнұсқасы;
  5. баланың тууы туралы куәліктің түпнұсқасы;
  6. асырап алушының немесе мүдделі адамның тұлғасын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы

Егерде, асырап алушылар, шетел азаматтары болған жағдайда, мемлекеттік баж салығы төленгендігін растайтын күні мен мөлшері көрсетілген төлем құжаттары қосымша талап етіледі.

 Қызметті       көрсету    мерзімдері

Тұтынушының өзі жүгінген жағдайда – екі жұмыс күні,

қосымша тексерулерді талап еткен жағдайда, қызмет көрсету 15 күнтізбелік күнге созылауы мүмкін,

басқа органдарға сұраныс  жасау қажеттілігі туындаған жағдайда, қызмет көрсету 30 күнтізбелік күнге созылау мүмкін.

Қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

Салық және бюджетке төленетiн басқа 
да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан РеспубликасыныңКодексiнесәйкес ұлды (қызды) асырап алуды тіркеу үшін баж салығы алынбайды.

   
   
 
 
 
 



 

 

Әке болуды анықтауды тіркеу

Қазақстан Республикасының «Неке  және отбасы туралы» Заңына сәйкес баланың анасымен некеде тұрмайтын  адамның әке болуын анықтау АХАЖ органына баланың әкесi мен анасының бiрлесе арыз беру жолымен; анасы  қайтыс болған, ол әрекет қабiлетi жоқ  деп танылған, оның тұратын жерiн  анықтау мүмкiн болмаған немесе анасы  ата-аналық құқықтан айырылған жағдайларда - қамқоршылық және қорғаншылық органының  келiсiмiмен баланың әкесінің арызы  бойынша ал келiсiм болмаған кезде - соттың шешiмi бойынша белгiленедi. Баланың өзара некеде тұратын ата-анадан тууы ата-анасының некесi туралы жазумен куәландырылады.

Қазақстан Республикасының «Неке  және отбасы туралы» Заңына сәйкес бала некеде тұрмайтын ата-анадан туған  жағдайда, ата-анасының бiрлесiп берген арызы болмаған кезде, әке болуды анықтау баланың ата-анасының бiреуiнiң  немесе қамқоршысының (қорғаншысының), сондай-ақ бала кәмелетке толғаннан  кейiн оның өзiнiң арызы бойынша  сот тәртiбiмен белгiленедi.

Қазақстан Республикасының «Неке  және отбасы туралы» Заңына сәйкес әке болуды анықтауды тiркеу туралы арыз берушiлердiң таңдауы бойынша  баланың ата-анасының бiрiнiң тұрған жерi бойынша АХАЖ органына, ал әке  болу сот шешiмiмен анықталған жағдайда - әке болуды анықтау туралы сот  шешiмi шығарылған жерге берiледi.

Кәмелетке толған адамға қатысты әке  болуды анықтауды тiркеу туралы арызға тек оның келiсiмiмен ғана, ал егер ол әрекет қабiлетi жоқ болып танылса - оның қамқоршысының немесе қамқоршылық  және қорғаншылық органының келiсiмiмен  жол берiледi. Мұндай жағдайларда  ата-анасының арызына кәмелетке  толған адамның (оның қамқоршысының) әке  болуды анықтауға жазбаша түрдегi келiсiмi мiндеттi түрде қоса берiледi. Мұндай келiсiм осы адамның (оның қамқоршысының) жеке арызында немесе ата-анасының бiрлесiп берген арызына (әкесiнiң  арызына) оның қол қоюы (қамқоршысының  қол қоюы) арқылы бiлдiрiлуi мүмкiн. Мұнымен  қатар кәмелетке толған адам (оның қамқоршысы) әкесiнiң тегiн алуды  қалайтындығын немесе анасының тегiнде  қалғысы келетiндiгiн көрсетедi. Бұл  туралы әке болуды анықтау туралы акт жазуының 21-бағанасында тиiстi белгi қойылады.

Егер баланың тууы туралы акт  жазбасында баланың әкесi ретiнде  белгiлi бiр адам көрсетiлсе, АХАЖ органының  әке болуды анықтау туралы арызды қабылдауға құқығы жоқ. Бұл жағдайда әке болуды анықтау туралы арыз түскен кезде АХАЖ органы баланың тууы туралы жазбасы бойынша әкесi туралы бұрын  енгiзiлген мәлiметтердiң негiздемесiн  тексеруге тиiс.

Мұндай тексеру:

1) егер әкесi анықталатын баланың  анасы тiркелген некеде тұрса;

2) егер баланың анасы тiркелген  некеде тұрмаса, ал тууы туралы  куәлiкте баланың әкесiнiң тегi  анасының тегiмен сәйкес келмесе,  мұндай тексерулер мiндеттi түрде  жүргiзiледi.

Егер тууы туралы жазба басқа  АХАЖ органында болса, АХАЖ органы оның көшiрмесiн көрсетiлген мәлiметтердi анықтау және арызға қосып тiгу үшiн  бiр айдың iшiнде алдыруға тиiс. Бұл  жағдайда арыз әдеттегi тәртiппен түскен күнi журналда тiркеледi, ал әке болуды анықтау арыз берушiлердiң (арыз берушiнiң) қатысуымен тууы туралы актiлiк жазудың  көшiрмесiн алғаннан кейiн кiдiртiлместен  жүргiзiледi. Туу туралы актiлiк жазудың  көшiрмесiнiң сұратылғаны туралы арыз берушiлерге (арыз берушiге) хабарланады  және оның нақты алыну мүмкiндiгi ескерiле отырып әке болуды анықтауды  тiркеу күнi белгiленедi. Баланың тууы туралы актiлiк жазбада арыз берушi әйелдiң күйеуi немесе басқа адам көрсетiлген жағдайда (Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңына сәйкес баланың тууы туралы актiлiк жазудан әке болу туралы мәлiметтердi алып тастау туралы мәселенi сот шешкенге дейiн әке болуды анықтауды тiркеуден бас тартылуы тиiс.

Информация о работе Тууды тіркеу