Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 08:05, реферат
Бүгінгі күні жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлем-дік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейтесті мәселеге айналып отыр.
Қазіргі таңда мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзінің кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген сынып жетекшісі, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел зерделемей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды, сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне лайық жаңа формациядағы сынып жетекшілерді талап етеді. Ең бас-тысы сынып жетекшісі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педа-гогикалық қызметті жан-жақты зерттеп, меңгеруге ынталы, оқу-тәрбие процесінің инновациялық әдістерін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, кәсіби шеберлігі арқасында педа-гогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын болуы керек.