Отбасы мен мектептің тығыз байланыста болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 08:05, реферат

Описание работы

Бүгінгі күні жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлем-дік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейтесті мәселеге айналып отыр.
Қазіргі таңда мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзінің кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген сынып жетекшісі, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел зерделемей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды, сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне лайық жаңа формациядағы сынып жетекшілерді талап етеді. Ең бас-тысы сынып жетекшісі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педа-гогикалық қызметті жан-жақты зерттеп, меңгеруге ынталы, оқу-тәрбие процесінің инновациялық әдістерін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, кәсіби шеберлігі арқасында педа-гогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын болуы керек.

Работа содержит 1 файл

Отбасы мен мектеп арасындағы байланыс.docx

— 28.93 Кб (Скачать)

Отбасы мен мектептің тығыз байланыста болуы

Бүгінгі күні жаһандану  заманында жас ұрпаққа әлемдік  стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық  тұрғыда ізденіспен әлем-дік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейтесті мәселеге айналып отыр.

Қазіргі таңда мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзінің кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген сынып жетекшісі, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел зерделемей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды, сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне лайық жаңа формациядағы сынып жетекшілерді талап етеді. Ең бас-тысы сынып жетекшісі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педа-гогикалық қызметті жан-жақты зерттеп, меңгеруге ынталы, оқу-тәрбие процесінің инновациялық әдістерін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, кәсіби шеберлігі арқасында педа-гогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын болуы керек.

Отбасы – мектеп және қоғамның игілікті болашақ жолындағы өзара ынты-мақтастығы. Адам капиталын дамыту еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында жоғары басымдыққа ие. Қазақстанда жас өркеннің талап мүддесіне жауап беретін мүмкіндіктерін қалыптастыру, тұлға әлеуетін дамыту, ой еркіндігі, инновациялық жобаларды жүзеге асыру, шығармашылығын арттыруда сынып жетекшісімен ғана шектелмей, отбасымен ынтымақтастықта жүргізілуі қажет. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы ұрпағының келешегіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, тағылымды ұрпақ тәрбиесіне мән беруді қолға алады. Осы орайда өскелең буынды заман талабына сай жетілдіру, отбасы мен мектеп, ұстаз бен ата-ана, ата-ана мен бала  арасындағы қарым-қатынас жайлы мәселе қашанда өзекті болмақ. Өйткені баланың дүниетанымдық көзқарасы, адами құндылықтар жайлы білімі тек ата-ананың таным түсінігі мен саналы іс-әрекетін зерделей келе қалыптасады. Оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуына отбасында берілетін бір жақты тәрбие жеткіліксіз. “Болашақтың басшысы мен данасын, ғалымын, егіншісі мен кеншісін де ұстаз өсіреді” деп Б.Момышұлы айтқандай, еліміздің ертеңі – жас-тарға білім беріп, тәрбиелейтін сынып жетекшісінің маңызы зор.

12 жылдық білім беру жүйесінің мақсаты – өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсе-кеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру және дамыту болғандықтан,  кез келген оқу процесі не тәрбие процесі болсын, немесе күн-делікті өмірде сынып жетекшісі жеке тұлғаның жас және дара ерекшеліктерін психикалық жай-күйін дұрыс бағалай алмаса, белгілі бір мақсатқа қол жеткізіп, сыныпта жақсы психологиялық ахуал жасай алмайтыны белгілі. Осыған орай, жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттілікті, жеке даралық ерекшеліктерін, дарындылықты тани білу, жан-жақты жетілуіне бағыт-бағдар беру, кәсіби бағытта жетелеу, оқушылардың  бойында креативтілікті дамыту сынып жетекшісіне әр оқушының жеке білімділік траекториясын анықтап, міндеттерін шешуге мүм-кіндік береді.

Осы орайда нәтижеге бағытталған білім беру моделінде негізгі қызметті оқу-шының оқыту кезеңдерінде тұлғалық ішкі ресурстарын дамытуды қадағалау бо-лып табылатын психодиагностикалық қызметтің ролі арта түседі. Білім берудің әрбір сатысында туындайтын психологиялық ерекшеліктерді (бастауыш сынып-тан орта буынға көшу кезіндегі бала адаптациясы, орта буындағы психологиялық дағдарыс, негізгі сатыдағы кәсіби бағдарды таңдауы) ескере отырып, сынып жетекшісі психодиагностикалық әдістерді ата-ананың көмегімен жүргізгені дұрыс. Демек, сынып жетекшісінің ата-аналармен бірлесіп жұмыс істеу қажет-тілігінің мазмұны заман талабына сай күрделене түседі. Осы тұрғыда келесі міндеттер айқындалады:

  • тұлғаның психологиялық және физиологиялық денсаулығын дамытуды ескеру;
  • баланың тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуын қам-тамасыз ету;
  • әр баланың тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуде және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдар мен құралдарды іздестіру;
  • ата-аналарды педагогика-психологиялық білім негіздерімен қаруландырып отыру (ата-аналар конференциясы, әңгімелер, сұрақ-жауап, консультациялар).

Жоғарыда аталған міндеттерді оқу-тәрбие процесінде сынып жетекшісі отбасы- мен біртұтастықта іске асырған жағдайда оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қа-лыптастырады.

Жеке тұлға бойындағы креативтілік, синергетикалық және дарындылық тәрізді қасиеттерінің алғышарттары қалыптасуында отбасының рөлі зор. Шетел және отандық психологтардың зерттеулері бойынша дарынды балалардың 87% толық отбасында тәрбиеленген, ал 70% отбасымен бірге ата, әжесінің тәрбиесін көрген. Демек, баланың тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты дамуында отбасының ма-ңыздылығы дәлелді. Осы жерде туындайтын тағы бір өзекті мәселе – отбасында, білім беру саласында оқыту мен тәрбиелеу процесінде негізгі қызметті әйел адам-дар атқарып, әкенің рөлі төмендеуде. Осыған орай ер бала тәрбиесіне аса назар аудару қажеттілігі туындайды.

Қорыта келе, 12 жылдық білім беруде жеке тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін арт-тырып, негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыру үшін сынып жетекшісі отбасымен біртұтастықта жұмыс жүргізуі қажет.

2008-2011 жылдары біздің оқу орнымызда 12 жылдық білім беру жүйесін зерттеу мақсатында эксперименттік алаңы жұмыс атқарды.  

Колледж қасында  экспериментатор-оқытушылар тобы жасақталып, эксперимент алаңына арналған оқу бағдарламаларын, көмекші құралдарын, әдістемелік нұс-қаулар мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірледі.

Красный Ярдағы №3 эксперимент мектебімен  тығыз байланыс орнатып, мектеп мұғалімдерімен тәжірибе алмастырылды. Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы Білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен бірлесе отырып, «Түпкі нәтижеге бағытталған білім берудегі мұғалімнің құзіреттілігі» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Эксперимент тобында «12 жылдық білім беру жүйесіне сай бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзіреттілігі» атты арнайы курс жүргізілді.

Колледждегі экспериментатор оқытушылардың бірлесе отырып жасаған “ 12 жылдық  білім беру стандарттарының ерекшеліктері”  атты оқу-әдістемелік кешені «Келешек-2030» республикалық баспа үйінен жарыққа шығарылды.

Экпериментатор оқытушылар эксперимент топ студенттерімен бірлесіп, сыныптың оқу-тәрбие жұмысын психодиагностикалық әдістерді (сауалнамалар, анкеталау, тестілеу, социометрия және т.б.) қолдана отырып   мониторинг жүр-гізді, нәтижесінде эксперимент сыныптарының  білім сапасы бақылау сыныбына қарағанда 5-10%, білім алуға деген қызығушылығы 10-15% құрайтыны дәлелденді. 

Эксперимент сыныбының жетекшісі бақылау сыныбына қарағанда сыныптан тыс жұмыстарды инновациялық тұрғыда ұйымдастырып, оқушылардың жеке тұл-ғалық қасиеттерін дамыта, оқушының бойында креативтілікті және негізгі құзі-реттіліктерді қалыптастыруда жұмыстар жүргізгендігін байқадық.

Қазіргі кезеңде педагогикалық колледж студенттерінің мамандыққа бейімдеу жұмыстарын 12 жылдық білім жүйесіне көшудің мәселелеріне сай жүргізу колледждердегі оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.

Қорыта айтқанда, оқу-тәрбие үдерісінде сынып жетекшісі отбасымен бірге  бала-ның жан-жақты дамуына атсалысуы қажет.


Информация о работе Отбасы мен мектептің тығыз байланыста болуы