Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 07:30, реферат
Египет жерінде бірнеше мың жыл бойы құл иеленуші Ежелгі Египет мемлекеті өмір сүрді [қ. Египет (Ежелгі)]. Феодалдық қатынас Египетте 3-4 ғасырларда туа бастады. Бұл кезде ол Рим империясының құрамында болатын. Рим империясы ыдырағаннан кейін (395), Египет елі Византияның провинциясына айналды. Египет экономикасының тұтқасы ірі жер иелерінің қолында болды.
Кіріспе..................................................................................................................3
І. Египет халқы және қазіргі әлеуметтік экономикалық
жағдайы...............................................................................................................4
І.1. Географиялық орны, орналасу ерекшеліктері...........................................6
І.2. Халқы.............................................................................................................8
І.3. Жалпы шаруашылығы................................................................................14
а) Өнеркәсібі......................................................................................................14
б) Ауыл шаруашылығы.....................................................................................15
в) Транспорты....................................................................................................16
ІІ. Қазақстан Республикасы мен Египет Республикасының қарым – қатынастары....................................................................................................19
Қорытынды......................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………23-24
19 ғасырдың 60-жылдарында Египетте экономикалық дамудың жаңа нышандары пайда болды. Халықаралық жәрмеңкеде Египет мақтасы базарлы болып, осыған байланысты егіс көлемі, суару жүйелері кеңейтіліп, мақта тазалау, қант заводтары, темір жол салынды, телеграф байланысы дамыды. Сауданың, өнеркәсіптің, жол қатынасының дамуына байланысты қала тұрғындары көбейді. Бұлар 19 ғасырдың 60-70 жылдарында жалпы халықтың 15—20%-і болды.
Исмаил паша (1863—79) тұсында Египет Осман империясына сырттай тәуелді бола тұра, ішкі билігін кең көлемде өзі басқарды. 1867 жылы Исмаил түрік сұлтанынан мирасқорлық хедив лауазымын алды. 60-70 жылдарда ұлттық интеллигенция кадрлары өсті, жаңа араб әдебиеті мен публицис-тикасы туып, көптеген газет-журналдар шықты. Египет ұлттық банкісі, музейлер, ғылыми қоғамдар құрылды. Дегенмен Египет шетел капиталына кіріптар еді. 1876 жылы ол шетелге 94 млн. фунт стерлинг қарыздар болды. Осының салдарынан 1876 жылы Египеттің финансын ағылшындар мен француздар бақылауға ала бастады. Офицерлердің жалақысын кеміту, әскерден 2000 офицерді босату ашық наразылық тудырды, шетелдіктерді үкіметтен қуу талабы қойылды. Англия, Франция, Германияның талап етуімен түрік сұлтаны Абдул-Хамид II Исмаилды орнынан алып (1879), хедивтікке Тауфик пашаны (1879—92) тағайындады. Финансқа қайтадан екі жақты бақылау қойылып, Египет армиясының саны тағы да шегерілді. 1879 жылы «Ватан» («Отан») атты алғашқы египеттік ұлттық ұйым құрылып, ол «Египет-египеттіктер үшін» деген ұран көтерді. 1881 жылы 9 сентябрьде Араби паша бастаған Каир гарнизоны солдаттарының қарулы көтерілісі болды, Көтерілісшілердің талабы бойынша хедив ағылшынның қолшоқпары Ря-ядты орнынан алып, Шериф пашаны премьер-министр етіп тағайындады. Ол Египет бюджетін басқаруды өз қолына алу талабын қойды. 1882 жылы февральда Махмуд Сами әл-Баруди премьер-министрлікке тағайындалды, Соғыс министрі Араби паша болды. Екі жақты финанс бақылауы жойылды. Үкімет барщинаны жою, ауыл шаруашылығы банкісін құру және басқа реформалар енгізу жөнінде заң қабылдады. Осындай жағдайда әсіресе төменгі Египетте шаруалар қозғалысы етек ала бастады. Бұл ағылшын — египет соғысына (1882) әкеліп соқтырды да, аяғы ұлт-азаттық қозғалысын басумен тынды.
Египет Осман империясының бір бөлігі саналғанымен іс жүзінде ағылшын отарына айналды. Өкімет билігі ағылшын елшілері Кромер (1883—1907), Горст (1907—11), Китченердің (1911-14) қолында болды.
Египеттегі ұлт-азаттық күресінің жаңа бет бұрысы 1905-07 жылдардағы орыс революциясының ықпалымен басталған Азияның ояну дәуіріне байланысты. Әсіресе ағылшын үкіметінің Деншавай қыстағының шаруаларын аяусыз жазалауы бостандық отына май құйғандай болды. Азаттық қозғалысы негізінен Мұстафа Камиль құрған (1907) «Ватая» партиясының төңірегіне топтасты. Ағылшын өкіметі «Күмәнды адамдар туралы» (1903 жылы 4 июль) заң шығарды. Осыған сүйеніп, үкімет ұлтшылдарды қуғындауға хұқық алды. Ватаншылдар астыртын жұмысқа көшті, біразы шетелді паналады. 1-дүн.жүз. соғыс басталған соң (1914 жылы 18 дек.), Англия Египетті протекторатым деп жариялады. Соғыс ауыртпалығы жергілікті өнеркәсіптің біршама дамуына жағдай жасады. Өнеркәсіп пен қолөнерде істейтін адамдардың саны артты.
Россиядағы Октябрь социалистік революциясының әсері (1918—21) Египет халқының ұлт-азаттық күресінде жаңа өрлеу туғызды. 1918 жылдың аяғында ағылшындарға қарсы Египетке тәуелсіздік беруді талап еткен көтеріліс басталды. 1918—19 жылы Александрияда, Каирда, Порт-Саидта Египет Социалистік партиясына (1922 жылдан Египет Коммунистік партиясы) біріккен алғашқы социолистік коммунистік топтар құрылды. Қозғалыстың қарқыны 1922 жылы февральда Англияға протекторатты жойғызып, Египет тәуелсіздігін жариялауға мәжбүр етті. Сұлтан Фарук I король атағын алды. Бірақ Англия, «Египетті қорғау», Египет арқылы өтетін империялық жолдарды күзету, «Суданды бірігіп басқару» правосын сақтап қалды. 1936 жылы 26 августа ағылшын-египет шарты жасалып, ағылшын әскерінің Египеттегі басқыншылығы тоқтатылды деп жарияланды. Египет өз тарапынан шетелдермен қарым-қатынас жасап, елшілік жіберуге ерікті болды. Дегенмен Суэц каналы бойында, Каирда және Александрияда ағылшын әскері қала берді де, Египет армиясы ағылшын әскери миссиясының бақылауында болды.
Екінші
дүниежүзілік соғыс кезінде Англия Египет
жерін, оның игіліктері мен әскери күшін,
Ливиядағы итальян-герман әскеріне қарсы
соғыс қимылдары үшін пайдаланды. 1942 жылдың
жазында итальян-герман әскерлері Әл-Аламейнге
дейін Египет жеріне өтіп кетті.
1.3. Жалпы шаруашылығы
а) Өнеркәсібі
Өнеркәсібі. Басқа араб елдерімен салыстырғанда Египеттің өнеркәсібі әжептәуір дамыған. 1952 жылдан кейін көптеген жаңа кәсіпорындар салынып, ескілері жаңартылды, үлкейтілді. Металлургия, машина жасау т.б. жаңа өнеркәсіп салалары пайда болды. Алғашқы бесжылдықта өнеркәсіп өнімінің жылдық өсу қарқыны 7,4%-ке жетті (жоғары дамыған капиталдық елдерде жылына 5,5%).
Өндірілетін
пайдалы қазындыларының
бастылары (1970 жылы мың т):
мұнай (15500), марганец (4), темір рудасы (460).
Ірі мұнай кәсіпшіліктері Суэц шығанағы
жағалауында (Рас-Гариб, Карим, Әл-Гурдак
т.б.), марганец кені — Синай түбегіндегі
Умм-Бугма тауында, темір кені Асуан ауданында
ашылған. Асуан СЭС-і іске қосылғанша
Египетте су энер: мүлдем пайдаланылмады.
Негізгі энергетикалық отыны —мұнай
(85%-і), (15%-і). 1970 жылы 7592 млн.
Квт. электр энергиясы алынды
(ірі станциялары Каир мен
Александрияда). 1969 жылдың аяғында Асуан
СЭС-нің 9 агрегаты іске қосылды, оның 1575
млн. Квт-қа жетті. 1969 жылы өндірілген
өнеркәсібі өнімі құнының
30%-ін мата тоқу, 28%-ін тамақ, 11%-ін
химия, 8%-ін тау-кен өнеркәсібі
берді. Басты өнеркәсіп саласы
— тоқудың ;(1970 жылы 815 млн. м мақта,
мата тоқылып, 164 мың т
мақта иірілді) орталықтары:
Махалл Кубра, Александрия,
Думьят, Каир т. б. Тамақ (І970 жылы
547 мың т қант
92 мың т мақта майы өндірілді) кәсіпорындары
Ком-Омбо, Армант, Каир, Александрия
қалаларында шоғырланған. Хелуандағы
кокс-химия, Александрия мен Суэцтегі
мұнай айыру Асуандағы
азот тыңайтқыш зоналары
— Египет химиялық өнеркәсібінің
түрлі кәсіпорындары. 1970 ж 824 мың тыңайтқыш
алынды 1958 жыл елде алғашқы металлургия
комбинаты Хелуанда) іске қосылды.1970
жылы елде 250 мың т
шойын балқытылып, 380 мың т
прокат шығарылды. Машина жасайтын
(Александрияда автомобиль құрастыру,
кеме верфі Порт-Саидта кеме
жөндеу т.б.) шағын кәсіпорындары жұмыс
істейді.
ә) Ауыл шаруашылығы
Ауыл
шаруашылығы. Елдің ұлттық табысының
29,5%-ін, экспортының 70%-ін ауыл шаруашылығын
береді (1969). Еңбек. етуші халықтың 49%-і
ауыл шаруашылығымен айналысады (1969). Египет—
ежелде суармалы егін шаруашылығы дамыған
ел. Басты ауыл шаруашылығы аудандары
Ніл өзенінің аңғары мен атырауына орналасқан.
1953 жылдан бері Ливия шөлінің Нілге таяу
жерлері игерілуде. Егістік жері 2,7 млн.га
(одан жылына екі-үш рет өнім жиналады),
оның 40%-іне астық дақылдары егіледі, 30%-і
— мақта плантациясы. Егілетін басты дақылдары:
мақта, жүгері, бидай, күріш, қант құрағы.
Олардан 1970 жылы мынадай өнім жиналды
(мың т): мақта 1379, жүгері 2393, бидай 1516,
күріш 2605, қант құрағы 515. Барлық
ауыл шаруашылығы өнімінің 30%-ін
мал шаруашылығы береді. 1969-70 жылғы мал
саны (млн): мүйізді ірі қара 3,6, қой 2,2, ешкі
0,8, есек 1,2, түйе 0,2, үй құсы 99.
б) Транспорты.
Ел ішінде жүк және жолаушылар тасу жөнінен т. Жол транспортының үлесі басым (жүктің 80%-і жолаушылардың 96%-і). Транспорт жолының жалпы ұзындығы 7,2 мың км (жыл; жүк айналымы 4 млрд. т). Басты магистральдары:Каир — Асуан, Каир—Александрия, Каир— Исмаил Порт-Саид — Суэц. Тас жолдың 21,6 мың км (1969), ірі магистральдары: Каир — Александрия — Тобрук (Ливияда), Каир — Порт-Саид, Каир-Суэц. Египет жерінен Жерорта және Қызыл теңіздерді қосатын Суэц каналы (ұз. 173 км) өтеді. Үлкен теңіз порттары — Александрия, Суэц, Порт-Саму Каирда халықаралық аэродром бар.
Сыртқы саудасы. 1969 жылы Египетте импортқа шек қойылып, экспорт кеңейтілді. Соның нәтижесінде, сыртқы сауданың көлемі 653 млн. египет фунтына жетті, импорт 55% кеміп, экспорт 20% өсті. Экспортқа мата және мақта бұйымдар, күріш, пияз шығарылды. Басқа елдерден машиналар, химиялық бұйымдар, өндірістік құрылыс-жабдықтар, металдар т. б. Сатып алынады. 1970 жылы Египет импортының 12%-ы, экспортының 60%-і социалистік елдердің үлесіне (соның ішінде импортының 12%-і, экспортының 37%-і СССР-дің үлесіне) тиеді, басқа сауда әріптестері — АҚШ, ГФР, Италия, Үндістан, Франция, Жапония. Ақша өлшемі – египет фунты. СССР Мемлекет банкісінің нарқы бойынша (1972) 1 египет фунты 2,08 сомға тең.
Египетте 1968 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда, баланың тууы 38,2, адамнан өлімі 16,2 болды. 1970 жылы тірі туған әрбір 1000 баладан өлгені 68,0. Адам өмірінің орташа ұзақтығы ерлерде 51,6 әйелдерде 53,8 жас. Бұл елде микробтар арқылы таралатын жұқпалы ішек және тері аурулары, басыр және конъюнктивит сияқты көз аурулары,безгек, сүзек, бруцелез т. б. аурулар жиі кездеседі. Шөлді аймақтарында ауасы өте құрғақ, атмосферада шаң-тозаңның көптігі малдарынан тыныс мүшелерінің ауруы көбірек кездеседі.
Денсаулық сақтау министрлігі елдегі жұқпалы ауруларды жою, халықты ондай аурулардан алдын ала сақтандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлуде. Әрбір мұхафазада денсаулық сақтау департаменті бар. 1969—70 жылы денсаулық сақтау ісіне 39677 мың египет фунты бөлінді. Фармацевтік өнеркәсіпті өркендету және дәрі-дәрмекті арзандату шаралары жүргізілуде. Фармацевтивтік, химиялық және медициналық препараттарда шығару жөнінде. Бүкіл египеттік ұйым құрылды. 1962 жылы СССР-дің көмегімен Абу-Заабалда химиялық фармацевтік антибиотиктер зоналарды салынды. Дәрі-дәрмектер нарқы 25-ке арзандатылды. Еңбекшілердің көпшілігіне ақысыз дәрігерлік көмек беріледі.
1968
жылы Египетте 68 мың төсектік 175 аурухана
болды. 1969 жылы елде 16,2 мың дәрігер, 2 мың
тіс дәрігері, 5,4 мың фармацевт, 20 мыңдай
орта білімді мединициналық қызметкерлері
жұмыс істеді. Дәрігерлерді Египеттегі
университеттердің 6 медициналық фунттері
дайындайды. Медсестралар дайындайтын
18 мектеп бар. Асуан, Хелуан, Луксор сияқты
атақты курорттары бар.
ІІ. Қазақстан Республикасы мен Египет Республикасының қарым – қатынастары.
Араб шығысы елдерінің халқының саны жөнінен аса ірісі және мейлінше ықпалдысы болып табылады. Айтарлықтай әскери экономикалық әлеуеті бар. Президент Гамал Абдел Насер заманынан бері Египет байсалды да ұсынақты саясатының, күрделі аймақтық проблемаларды шешуде ұтымды делдалдық күш-жігер жұмсауының арқасында мұсылман, Африка және дамушы елдер арасында зор беделге қол жеткізе алды. Бүгінгі күннің ақиқатына сәйкес Египет сыртқы саясатының негізгі мақсаты араб ынтымақтастығын дәйектілікпен нығайту, Таяу Шығыс бейбіт процесін ілгерілету, аймақты ядролық қарудан ада өңірге айналдыру, ұжымдық қауіпсіздіктің Жерорта теңіздік жүйесін құру, сондай-ақ Африка құрылығында этникааралық қақтығыстарды реттеу болып табылады.
Қазақстан мен Египет арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы наурызда орнатылды. Екі мемлекеттің алғашқы ресми байланыстары жан-жақты ынтымақтастық орнатуда екі жақтың мүдделі екендігін көрсетті. Бұл ниет екі мемлекеттің өзекті аймақтық және халықаралық проблема-лардың көпшілігіне көзқарастарда әлде бір елеулі айырмашылықтың жоқтығымен беки түсті. Алайда, рыноктардың географиялық қашықтығы және көлік коммуникацияларының проблемалары толыққанды сауда-экономикалық байланыстардың дамуына объективті түрде қиындықтар келтірді.
Осыған орай мәдени-гуманитарлық байланыстар әлдеқайда ойдағыдай дамыды. 1993 жылдан бастап Египет тарабының шақыруы бойынша Египеттің түрлі жоғары оқу орындарында 150-ден астам қазақстандық студенттер оқыды. ЕАР Сыртқы істер министрлігі жанындағы ТМД елдеріне техникалық көмек қорының білім беру бағдарламалары шеңберінде экономиканың түрлі саласын, сондай-ақ дипломатияны, заң саласын, ауыл шаруашылығын, журналистиканы және туризмді қамтыған 300 қазақстандық маман Египетте тегін тағлымдамадан өтті.
Президент
Н.Назарбаевтың 1993 жылғы 13-16 ақпанда
Египетке ресми сапары Қазақстан-Египет
қатынастары тарихында ірі
Қазақстан мен Египет саяси өзара іс-қимыл арқылы сыртқы саяси ведомстволардың, соның ішінде түрлі халықаралық ұйымдар шеңберінде консультациялар алмасу амалын ұстанып отыр. Қазақстанның ИКҰ-ға толық құқылы мүше мәртебесін алуы Египет басшылығының біздің елімізге айрықша ықыласын туғызды. Бұл қадам египеттіктерді ТМД елдері арасында жалғыз Қазақстанның Араб мемлекеттерінің лигасы (АМЛ) сияқты беделді аймақтық құрылымда бақылаушы мәртебесін алуына қолдау білдіруге итермеледі.
Бірлесіп
жұмыс істеудің маңызды бағыты АҒСШК-ні
шақыру туралы идеяны іске асыру жөнінде
өзара іс-қимылға қатысты. Араб дүниесінде
елеулі салмағы бар және аймақта
қауіпсіздік шараларын нығайту
үшін сындарлы күрес жүргізіп келе
жатқан Каир Қазақстанның осы бастамасына
зор мән берді. Бұл ретте египеттіктер
Таяу Шығыс қауіпсіздіктің Азия жүйесінің
батыс бөлігін білдіретінін негізге
алады, сондықтан АҒСШК процесін
ілгерлету жөніндегі ұжымдық
күш-жігер жан-жақты қолдау табуы
тиіс.