Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 19:44, статья
Қазақтың этнос болып қалыптасуына, өзіндік ерекшелігімен басқа жұртқа танылуына негіз болған ең басты бұлақтардың бірі – халықтың өзімен бірге туып, бірге жасап, уақыт өте келе өзгеріп, дамып жатқан оның мәдениеті. Қазақ мәдениеті – сонау көне этностық, қауымдастық дәуірден басталып, ру, тайпа, ұлыс, халық болған кезеңдерінен өтіп, бүгінге дейін толастамай дамып, толығып, өзгеріп отыру арқылы халықтың ұлттық дүниетанымымен, санасымен біте қайнасып, бірге қалыптасқан оның рухани ұйытқысы, заттық көрсеткіші.