Эстетикалық тәрбие

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Декабря 2011 в 09:29, реферат

Описание работы

Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен өсемдікті дұрыс қабылдасауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.

Содержание

1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері.
2. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі.
3. Оқу процесіндегі эстетикалық тәрбие.
4. Музыка, бейнелеу өнері сабақтары.
5. Эстетикалық тәрбиедегі сыныптан тыс жұмыстар.
6. Күнделіктегі өмірдегі адамның жеке басы эстетикасы.

Работа содержит 1 файл

эстетикалык тарбие.doc

— 138.00 Кб (Скачать)

Қолданылған әдебиеттер:  
1. «Энциклопедия» Алматы кітап 2003 М.Ш.Өмірбекова  
2. «Хабаршы» журналы №1 (6) Алматы,и 2005
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Тақырыбы: Көркем эстетикалық тәрбиенің түрлері және типтері

Интонация – күшейту, күш салу, жігерлік, (ашық, жарқын қою). Аксиология – бастапқы ғылым, дәлелдеусіз теория гуманитарлық білім беру бағытында мамандар қазіргі кезде (фил. пед. псхол. социалог.) теориалық негізінде білім берудің үш түрі бар:

1. Бірі - ішкі білім беру, ол деген - адамның ішкі әлемі, қоршаған ортаның үстемі, кәсіби білімі.

2. Келесі – мазмүнды «мен» дегенді дамытады, табиғи дарындылығына байланысты.

3. Үшінші – «өз өзін құтқару», білім беру, адамның рухының құңдылығының негізінде.

(1) Пушкин. Царскосельский лицей. Бәрі дарынды болды (жүйе білім), гуманитарлық білім – қоғам сапасына әсер етеді (көркем мәдениетіні, өнер). «Дарынды» мектеп, гимназия, лицей, ауыл мектебі т.б.т.с. (Ресейде-шіркеу әншілік). Сондықтан – қандай да болсын көркем тәрбие мен білім жүйесі, музыкалық сүйемелдеусіз болмайды (мейрам, салт-дәстүрлер, басқадай шаралар). Ресейде – отбасылық білім беру болды, қазақтарда да от басы тәрбиесі болды (қыздарға үй жинау, тамақ пісіру, тамақ өнімдерін істеу, іс тігу, іні-сіңіліне қарау, бағу, тәрбиелеу. Ұлдарға үй шаруасына көмектесу, мал бағу т.с.с. Қазіргі уақытта музыка мектебі, колледж, ЖОО, бала-бақша, музыкалық қонақ үйі, музыкалық театр, опера және балет театры т.с. 

Қоғамдың музыкалық сана – құбылмалы, түсініксіз, көптүрлі, анықтаусыз болса, ал тұлғалық санада – нақты көрсеткіші бар, ол тұлғалығы ішкі, сыртқы ажары арқылы білеміз.

Жеке тұлғалық сана көп қырлы, өнертабысты: бір музыкалық құбылысты қабылдай алады, қуанышты жағдайда, басқаларына – теңрухсыз, келесісі – кері қабылдайды, бірақ уақытша, кейде мүлде болмайды.

Тұлғалық музыкалық сана – адамның музыканы қабылдауы, оған эмоционалды жауап беру, қысқасы – музыкалық тілін түсіну. Ол тіл сезімнен бөлек болмайды. Сондықтан музыкалық сананың дамулы болу үшін ішкі есту сезімінің қалпы болу керек: «өз бетінше» бір нәрсені есту, өз бетінше (ішінде) музыканы сезу. Осы кезде тұлғаның музыкалық мәдениетінде өз-өзіндік позициясы туады, «құбылысты» меңгеру, тұрақтау, тұтас субьектілік қатынасы туады (жауап береді), табиғат құбылысына есеп беру, сол қатынастарға сипаттама, туу туралы анықтау, көркем-эстетикалық реакцияға талдау, пайымдауы. Келесі музыкалық сананың жоғары деңгейі – бұл деңгей өзі арқылы ішкі, адамның рухани өмірінің байланысын табады, тұрақтайды (рух мазмұны мен мәнерлігі).

Рух бастауы адамда психологиялық белсенділік пен шындығының шыңының бастауы, «сезімі». «Баспалдақ» сияқты, төменгі баспалдақ –қабылдауы, эмоция - сезім реакциясы мен адамның музыкалық көрінісі, ал жоғары «баспалдағы» - ол рух қатары, байланысы – нақты байқауды жасыру, адамның ішкі психологиялық өмір әрекеті деуге болады. Осының бәрі адамды жоғары деңгейде рухын көтереді, кей-кезде, өкінішке орай, төмендетеді (осындай жағдай өмірде кездесесді). 

Музыкалық сананың ең негізі және құрылымының ортасы – дыбыс бейнесі. Қандай да болсын процесте дыбыс бейнесі басты.

Сондықтан музыкалық бейнесі арқылы музыкалық қабылдау, бағалау, әрекетте, қандай да болсын синзитивтік, рух процесінде музыкалық санада құбылыс болмайды. Сондықтан өнер адамы (сазгер, ақын) көркем бейне, көркем сурет пен көрінісітер арқылы жетеді.

Музыкалық бейне – ол «сезім-ой»; музыкалық шығарманың «идеялық мазмұнының дәні», тани білуі және шығармашылығы; музыкалық бейне сезімінің процесін көрсете білуі, эмоциялық қалпы, психологиялық жүрісі, көңіл-күйінің қалпы т.с.с.

Эмоция – оқушының сана сезіміндегі сәулесі. Эмоция – іс-әрекетінің жүргізу механизмі, «өнім» ретінде музыкалық бейненің мазмұны.

Қиял мен елесі – бұл психологиялық «құдай», идеал саласындағы бейнесі.

Тәжірибелі педагог – музыкант, психолог. Сабақ үстінде музыка мұғалімінің салыстыру, оқушылардың «қорынан» алу және музыкалық бейнемен байланыстыру деген ұғым. 

Өнер синтезінің ерекше қолдану кезіндегі музыкалық сананың қалыптасу - дамуы ол маңызды педагогикалық канал (жол). Кезінде Гегель өнер түрлерін қарастырғанда Абсолюттік Идеяның қырын, көркем бейнені байқаған; бұл әдіснамалық принцип басқадай көркем – шығармашылық пәндерде сияқты музыка сабағында беру барысында қаралады. Сондықтан көркем бейне ол әмбебап (универсал) сияқты, озіне бояу, дыбыс, қимыл, силуэтті жинап, бейне өнері, поэзия, драмалық театр, архитектура, қолөнер музыкантқа ерекше психологиялық «обертондар» бере тұра, көпқырлы, толықтырылған бейнені құрайды.

Өзің сезінгендей боласың, әлдеде жасырын, ұйықтап жатқан сияқты, ішкі жан-дүниеңде бір жарық ашылған сияқты, сондықтан сол жарық күшті бір нәрсені оятып, жебе (стрела) сияқты болып дәл қадалады. Оны кәсіби құралдармен шешуге болмайды. Ол сезім, ояну керек, не оны ояту керек.

«Логикалық түсінушілік» өнерге байланысты. Музыкант музыкалық  бейнені көрсете алушы еді, «музыканы» жақсы түсінсе. Сондықтан музыкалық санада білім маңызды роль атқарып, орын алады.

Педагог әрекетінде факт маңызды орын алады – қызықтыра, біле, өнертапқыш білімді жеткізе  отыра, оқушыларды музыкаға, өнерге қызықтыру  барысында және керісінше. Баланың  білімге құштарлығы, тартысы, «жалпы» білімге деген ұғым.

Өзіндік байқау, өзіндік есеп, өзіндік тану –  міне, стратегиялық мақсат,  бағыт музыкалық сананың қалыптасу-дамуы, осы білім беру әрекеті, әрине педагог арқылы.

В.Брюсов: «Ми  мәдениеті қана сезім мәдениетін қамтамасыз етеді».

Қолданылған әдебиет  тізімі;

1.Жарықбаев Қ.  Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет

2.Зимняя И.А.  Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет

3.Намазбаева  Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет

4.Алдамұратов  А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет

5.Тәжібаев Т.  Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет

6. Илина Т.  А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.

7. Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет.

8.Педагогикалық  психология. -Алматы, 1995. -350 бет.

9.Ж.Әбиев, С.  Бабаев, А.Құдиярова. Педагоика. -Алматы. 2004. - 460 бет.

10. Педагогика  және психология сөздігі. - Алматы, 2002.-254 бет.

11. Музыкалық  психология, музыкалық білім беру  психологиясы,

музыкалық іс-әрекет психологиясы: мамандығы «Музыкалық білім беру» студенттеріне және оқытушыларына арналған оқу құралы / ПМУ доценті Н. Дүкенбай, ф.ғ.к., ПМУ доценті

Г. Дүкенбай. –  Павлодар : Кереку, 2008. – 104 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері

Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері  
1.1. Этнопедагогика пәні, принциптері, міндеттері мен қызметі  
(4 сағат).  
Этнопедагогика тарихына және халықтық педагогикаға қысқаша шолу. Этнопедагогиканың объектісі және пәні. Этнопедагогиканың принциптері, міндеттері, қызметі. Этнопедагогиканың негізгі түсініктері: этностық тәрбие, этностық оқыту, ұлт, этнос. Педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогиканың орны. Этнопедагогиканың этнопсихология, философия, этнография, этнософия ғылымдарымен өзара байланысы.  
Этнопедагогиканың мәдениеттану, философиялық, психологиялық, этнографиялық негіздері. Қазақстан Республикасының ұлттық саясат жөніндегі құжаттары.  
Егеменді мемлекет жағдайындағы этномәдениеттік дәстүрлердің қазіргі жағдайы.  
 
1.2. Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялардың генезисі ( тегі) ( 2 сағат).  
Педагогика классиктерінің мұраларындағы халықтық тәрбие, оқу мен тәрбиелердің ұлттық жүйесін дамытудағы Я.А. Коменскийдің қосқан үлесі. К.Д. Ушинскийдің халықтық тәрбие принциптері. А.С. Макаренконың педагогикалық іс-әрекетінде халықтық тәрбиенің элементтерін пайдаланылуы. В.А. Сухомлинскийдің халықтық педагогикасы.  
XV-XІX ғ. Ақын-жырауларының тәрбие мектебі. ( Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтанберді, Шал, Дулат, Бұхар, Махамбет және т.б.) олардың халықты басқаруға қатысуы, отанды қорғауға шақыруы, гумандықты, еңбек сүйгіштікті, өнерді насихаттауы. XVІІІ ғ. Жас ұрпақты тапқырлыққа, шешендік өнерге тәрбиелеудегі билердің ерекше ролі. ( Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би).  
Ш. Уәлихановтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие мен этнопедагогика мәселелері. Ы. Алтынсариннің мұраларының халықтық педагогика және психология ғылыми ұстанымдарында баяндалуы.  
А. Құнанбаевтың қазақ педагогикасы мен психологиясын терең дамытуға қосқан үлесі. Қазақтың халықтық тәрбиесі жайлы орыс және батыс европалық ғалымдардың ой-пікірлері. XX ғ. 20-30 жылдарындағы этнопедагогикалық идеялардың дамуы. М.Дулатов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев және т.б.  
 
1.3. Этнопедагогикадағы тәрбиенің мақсаты ( 2 сағат).  
Барлық этностардағы тәрбие мақсатының ортақтастығы. Адамның халықтық идеялары. Адам қазіргі халықтық тәрбиенің мақсаты ретінде. Әр халықтың жетілген тұлға ретіндегі пікірінің даму шарттары. Ұлттық ар-намысқа тәрбиелеу тұлғаның мінез-құлқын жетілдірудің ірге тасы. Көп ұлтты Қазақстан жайындағы түрлі мәдениеттілікке тәрбиелеудің ерекшеліктері. Халықтың педагогикалық мәдениеті, мәні, мазмұны. Ұрпақтар ұласылымындағы тұлғаның әлеуметтік дамуының және халықтың рухани процесінің факторы. 
 
1.4. Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері мен құралдары  
(2 сағат) 
Халықтық педагогикадағы тәрбиенің әдістері. Тәрбиенің тәсілдері: өсиет және ғибрат, аға ұрпақтың жеке үлгісі, еліктеу және т.б. Халықтық тәрбиенің құралдары. Ертегілер, мақалдар, жаңылтпаштар, жұмбақтар халықтық өлеңдер- халықтық тәрбиенің құралдары. Табиғат-тәрбие құралы. Ойын-тәрбие құралы. Сөз-тәрбие құралы. Еңбек –тәрбие құралы.  
 
Модуль 2. Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт және дәстүрлері – халық тәрбиесінің негізі 
2.1. Дәстүр және салттардың құрылымы салттар мен дәстүрдің жалпы ортақтығы мен айырмашылығы (4 сағат). 
Салт және дәстүр түсініктері: философиялық, әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық анықтамалар. Дәстүр және салттардың құрылымы, салттар мен дәстүрдің жалпы ортақтығы және айырмашылығы. Рәсімдері және салтаннатты өткізу реті. Адам тәрбиесімен байланысты салттар, әдеп-ғұрыптар, дәстүрлер, нанымдардың тәрбиелік мәні. Балалардың ерекшелігін есепке ала отырып, олардың өмір кезеңдеріне сипаттама. Үйлену мен жеке отбасын құрумен байланысты әдеп-ғұрыптар, достық, бата беруге, тілекке ант беру белгісі. Өліммен байланысты ( қоштасу және жоқтау, ас беру, жылын беру), қабырдың басына белгі қоюмен байланысты әдеп-ғұрыптар.  
Адамның қуанышымен, қайғысымен қатар жүретін салттар және әдеп-ғұрыптар, өлеңдер мен аңыздардың тәрбиелік мәні. Жаңа уақытқа байланысты туындаған салттар және дәстүрлер, олардың тәрбиелік мәні.  
 
2.2. Халық педагогикасындағы рухани мінез- құлықтық және азаматтық, патриоттық тәрбие (2 сағат).  
Салтардағы, дәстүрлердегі, әндердегі, өлеңдердегі, мақалдардағы және мәтелдердегі өнегелі тәрбиеленгендік, ар-ұяттылық, руханилылық жөніндегі халықтық түсініктер. Жастарды парасаттылыққа, әдептілікке, үлкенді қадірлеуге отбасындағы аға ұрпақтың рөлі мен үлгісі. Қонақтармен амандасудың, қабылдаудың, қызмет етудің қарапайымдылық пен әдептіліктің тәрбиелік мәні. Дін тұлғаның рухани қалыптасуындағы өзекті факторы. Құранның жоғары рухани, мінез-құлықтық тазалықты ұстауға шақыратын Мұхамед пайғамбардың өмірінен үлгілер, хадистердің үлгілі ережелері жөніндегі түсініктер. Қазақ халқында рухани мінез-құлық тәрбиесінің ерекшеліктері.  
Патриоттық тәрбиенің негізі өз отанына, халқына, туыстары мен жақындарына сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Патриоттылықтың негізгі моделдері: ( кіріктірілгендік, авторитарлық, бөлшектелген әр түрлілік). Патриоттық сезімнің, адамзаттық жауапкершілік сезімнің отан алдындағы азаматтық борыштың өзара байланысы. Азаматтық, патриоттық тәрбиедегі мақал-мәтелдердің және бай аңыздардың мәні мен мағынасы. Жастарды жаудың бетін қайтаруға батылдығын және дайындығын тәрбиелейтін ұлттық ойындардың рөлі және мәні. Қазақ халқындағы азаматтық, патриоттық тәрбиенің ерекшелігі.  
 
2.3.Халық педаггикасындағы еңбек және дене тәрбиесі (2 сағат).  
Еңбек сүйгіштікті, кәсіптік дағдыларды және кәсіптік бағдарды тәрбиелеу, аталар мен әкелердің балаларына мал бағуды, малға қора соғуды, қол еңбегінің дағдыларын меңгеруді үйретудегі рөлі. Аналардың қыз балаларды кесте тігуге, ою-өрнектерді салуға, жүн түту, кілем тоқу, киім тігуге үйретудегі рөлі. Балаларды отбасында кәсіптік даярлау. Үй жануарларын бағу білігі, үй жануарларының ауруларын білу және оларды емдей білу әдістері. Атқа мініп жүруге және аң аулауға үйрету, қолөнер кәсіп дағдыларына баулу. Еңбек жайлы әндер, ертегілер, мақал және мәтелдердің тәрбиелік мәні. Қазақ халқындағы еңбекке тәрбиелеудің ерекшеліктері.  
Халық педагогикасындағы дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері. Тұзды суда баланы шомылдырудың, денесін майлаудың, ая-қолын созудың мәні. Қазақстан Республикасында өмір сүретін халықтардың балаларды шынықтыру тәсілдері. Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың рөлі. Қазақ халқындағы дене тәрбиесінің ерекшелігі.  
 
2.4. Халық педагогикасындағы эстетикалық және зиялылық тәрбиесі (2 сағат). 
Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие, оның мақсаты мен міндеттері. Эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары: сәулет өнері және бейнелеу өнері, өлеңдер мен жырлар, зергерлік және қол өнер, кілем тоқу олардың халық өміріндегі және тұрмысындағы мәні. Бейнелеу өнеріндегі этнопедагогикалық идеялар.  
Жастарды өлең айту мәдениетіне және жырларға, шешендік пен тапқырлық өнеріне тәрбиелеудің халықтық мектебі. Халық композиторларының шығармаларындағы тәрбие мәселелері. Қыз балалардың эстетикалық сезімін тәрбиелеу, оған ата-ананың қатынасуы. Қазақ халқындағы эстетикалық тәрбиенің ерекшеліктері.  
Зиялылыққа тәрбиелеу және оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі. Халықтың әлемдік құрылымды қабылдауы. Күн, ай, жұлдыздар, аңдар және үй жануарлары жөніндегі білімдері. Жеті ғалам, жеті қабат көк, жеті күн жайлы түсініктер. Халықтық күнтізбе, айларға және жыл мезгілдеріне бөлу. Білімнің және өнердің пвйдасы, тапқыштық және жинақылық. Тапқыштыққа тәрбиелеуде ертегілердің рөлі жөніндегі мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер және ғұламалардың ой-пікірлері. Қазақ халқындағы зиялылыққа тәрбиелеу ерекшеліктері. 
 
2.5. Халық педагогикасының қазіргі қызметі (2 сағат).  
Халықтың этнопедагогикалық пансофиясы. Ұлтаралық қарама-қайшылықтар үшін халықтар мәдениетінде материалдың жоқтығы. Халықтардың рухани мінез-құлықтық құндылықтарындағы ұлтаралық және жалпы азаматтылық. Символдық тұлғалардың әрекеттігі және олардың қызмет етуі. Этнопедагогиканың жалпы адамзаттық негіздері.  
 
2.6. Жалпы білім беретін мекеменің оқу процесінде халық педагогикасының прогрессивтік элементтерін пайдалану (2 сағат).  
Қазақстан Республикасы этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы, жастарға этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының халық педагогикасы бойынша қазіргі бағдарламалары. “Атамекен”, “Елім-ай” және басқа бағдарламалардың мақсаты, міндеттері және ерекшеліктері. Халық педагогикасы бойынша Қазақстан мектептерінің жұмыс тәжірибесі. Отбасы тәжірибесін зерттеу музыка аспаптарымен, халықтық қолданбалы өнерімен, халықтық ойындармен, ұлттық киім үлгілерімен танысу. Ата тектік “шежірені” зерттеу.  
 
Семинар –практикалық сабақтардың тақырыптары 
1.1. Этнопедагогика пәні, оның әдістері мен міндеттері. 
Сұрақтары:  
1. Этнопедагогиканың объектісі және пәні. 
2. Этнопедагогиканың принциптері, міндеттері, қызметі. 
3. Этнопедагогика тарихына және халықтық
 

Информация о работе Эстетикалық тәрбие