Эстетикалық тәрбие

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Декабря 2011 в 09:29, реферат

Описание работы

Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен өсемдікті дұрыс қабылдасауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.

Содержание

1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері.
2. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі.
3. Оқу процесіндегі эстетикалық тәрбие.
4. Музыка, бейнелеу өнері сабақтары.
5. Эстетикалық тәрбиедегі сыныптан тыс жұмыстар.
6. Күнделіктегі өмірдегі адамның жеке басы эстетикасы.

Работа содержит 1 файл

эстетикалык тарбие.doc

— 138.00 Кб (Скачать)

Эстетикалық тәрбие

 
Жоспары: 
1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері. 
2. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі. 
3. Оқу процесіндегі эстетикалық тәрбие. 
4. Музыка, бейнелеу өнері сабақтары. 
5. Эстетикалық тәрбиедегі сыныптан тыс жұмыстар. 
6. Күнделіктегі өмірдегі адамның жеке басы эстетикасы.

 
1. Эстетикалық тәрбие болмыстағы  және өнердегі сұлулық пен  өсемдікті дұрыс қабылдасауды  және эстетикалық сезім мен  талғамды тәрбиелейді. Өнер және  өмірдегі сұлулықты жасау, оған  қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады. 
Адамдардық эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен 
мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. 
Ең бастысы - адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс-әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді. 
Материалистік эстетика - эстетикалық тәрбиенің методологиялық негізі болып табылады. Ол өмір мен өнердегі әстетиканың мәнін ашады, адамның ортаны эстетикалық тұрғыдан меңгеруіне деген принциптерді зерттейді, көркем шығармашылық заңдарын тексереді. 
Ал, тәрбиенің теориясы болса, эстетикалық сезімнің, талғамның идеялық қалыптасу процесін зерттейді. Материалистік эстстика - болмыста жүзеге асатын нақты сұлулықты нығайта отырып, адамды ойдан шығарған сәулетті арман, қиял әлеміне алып кетпейді. Керісінше өнердегі әдемілік, болмыста әдеміліктің сәулесі деп мәлімдейді.

 
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компонентері: 
•  Эстетикалық қабылдау. 
•  Эстетикалық сезім. 
•  Эстетикалық талғам.

 
Эстетикалъщ қабылдасау деп - әсемдікті  қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып  табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған  заттар, адамның сыртңы кгйпі, рухани дүниесі, тұрмыс-салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдасаудық объектісі бола алады. 
Сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғары даәр тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, осомдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті.

     Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді.

     Эстетикалық мұрат дегеніміз - адамдардық көксеп жүрген әсемдік жөніндегі түсінігі. Адамның жетем-ау деген арманы, өмірде сол бойынша құрғысы келетін нерсесі.

     Эстетикалық сезімдерді, мұрат, талғамдарды бағалауды  тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудық  маңызды құралы болып табылады.

     Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - оқушының бойында көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру болып табылады (№13-14 қосымшаларды қараңыз).

     Эстетикалық тәрбиенің міндеттері: 
•  Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту. 
•  Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру. 
•  Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдасауды тәрбиелеу. 
•  Оқушыларды әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу.

      
2. Қазақ халқында көшпенділік  өмір жағдайына байланысты табиғи өзгерістерге өте нәзік байқағыштық тән. Кең далада қозғалыс бағытын дұрыс табу, жайылымдардық күйін анықтау, ауа райының өзгерісін алдын ала болжау, өсімдіктердің атын өте дәл тауып қою, т.с.с. Халықтың эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік, тұрмыстың, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбиенің құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері жанры және тақырыбы жағынан бай. Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың өшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі. Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытады. 
Салт-дәстүр дегеніміз - халықтардың кәсібіне, сенім нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптарымен байланысты туады.

     Тәрбие  отбасынан басталады дегендей, балаға имандылық, инабаттылық, ар, ождан уағызы, қоршаған орта, табиғат сырына жастайынан тәнті ету тәрбиеден туатын үрдіс. Ананың сөзі - ақылдық көзі деп қарау, атаның өнегелі ісін мұра түту, оның жолын қуу, ән мен күйді, жыр мен термені рухани азық ету, зергерлік, шеберлік, ұсталық өнерді үйрену, ананың әлдиі, әженің бесік жыры - бәрі тәрбиенің тағылымдары. 
Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздық бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақтың санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытуда рөлі ерекше.

     Эстетикалық тәрбие беру жүйесінде ұлттық өнердің орны ерекше: 
•  Лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптың, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер.

      
•  Музыкалық аспаптар: домбыра, шертер, асатаяқ, шаңқобыз, мүйіз сырнай, жетіген, үскірік, т.б.

      
•  Қолданбалы қолөнер бұйымдары: ағаш, тері, металл өңдеу өнері.

      
•  Ауыз әдебиеті.

     Олар жас ұрпақтың бос уақытында эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.

      
3. Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі  оқу-тәрбие процесінде іске асырылады.  Эстетикалық білімнің негізі - оқу  пәндері. Мектеп оқушылары әр  түрлі пөндерді оқудық нәтижесінде  табиғаттың, еңбектің сұлулығын  және адам іс-әрекетінің әдемілігін  бағалай білуді түсінеді: 
Ана тілі - мәдениетті сөйлеу, көркемдік танымын қалыптастырып, қиялын дамытады. 
Музыка - сезімдерін дамытып, музыкалық мұратын қалыптастырады. 
География - оқушылардың эстетикалық дүниетінымын дамытады. 
Бейнелеу өнері - кескіндеме, мүсін, графика, әсемдікті жасау қабілетін дамытады. 
Әдебиет, тарих - шығармашылық қабілетін дамытады.

     Химия, физика - табиғи құбылыстар жөнінде түсінік алады.

      
4. Музыка сабақтары өте әсерлі  сезімдерді оятып, музыка мұраттарын  қалыптастырып, бала тәртібіне  ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортаң әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлыктықты тәрбиелеу үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген. Музыка пәнінің бағдарламасында, ән салу және жазылып алынған музыкалық шығармаларды тыңдау негізінде оқу-шылардың есту қабілетін дамытуды көздейді.

     Бейнелеу  өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнері шығармалары әсемділікке тәрбиелеп, адамдар мұраттарына, күнделікті өмірдегі төртібіне үлкен ықпал жасайды. Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзіктікті сезіну, алған әсерін бейнелеу өнері құралдары арқылы шамасына сай беру, сызықтың сурет салуын меңгеру арқылы олардың өзіндік іс-әрекеті қалыптаса бастайды.

      
5. Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады.

     Әдебиет, музыка, хореография, бейнелеу өнері, т.б шығармашылық үйірмелер ұйымдастыру. Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі - көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін түтандырады. Мектепте музыка, кескіндеме және әдебиет кештері өткізіледі. Онда оқушылар тыңдаушыларды өз шығармалары және әндерімен таныстырады, пікір алмасады, ұсыныстарайтылады. Шығармашылық конференцияларда оқушылардың зерттеу жұмыстары туралы баяндамалары, рефераттары талқыланады. Олардың жұмыстары жөнінде құнды пікірлер айтылып, ұсыныстар беріледі. Мектеп және сынып бойынша алдын ала жасалған жоспарларға сәйкес өткізіледі.

     Саяхаттың негізгі обьектілері көркем галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі  көрмелер болып табылады.

     Көркемөнерпаздар  үйірмесі оқушылардың өнерге өуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен рөл атқарады. Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып, сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады. Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде, мектеп кітапханасының рөлі ерекше. Кітапханашы әдебиет тізімдерін даярлайды, әңгімелер өткізеді, мұғалімдермен бірлесіп, сыныптан тыс оқуларды, оқырмандар конференцияларын өткізеді, басшылық жасайды. 
Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады.

      
6. Күнделікті өмірдегі адамның  жеке басының эстетикасы:

     Қатынас эстетикасы. Мектепте оқушыларының ата-аналармен, мұғалімдер мен басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы эстетикалық  тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас  балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптасып, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді. 
Үй-жағдай эстетикасы. Әрбір үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Дүние мүліктерініңіз орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нерселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалық сақтауға үйретеді. Осы жұмыстардың бәріне балаларды қатыстыру - әке-шешенің басты міндеті. 
Киім-кешек эстетикасы. Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы оның эстетикалық мәніне байланысты. Киім эстстикасы, қазіргі өмір талабына сәйкес болуын талап етеді: Киім-кешек эстетикасында сұлулықтықтың өлшемін есепке алуы керек. Манера, жест (дене қимылы) - бұл әрбір адамның өзін ұстай білу үлгісі және дене қимыл жөніндегі ұғымды білдіреді. Адамның сыртқы мәдениетімен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы — эстетикалық сұлулықтың белгісі. Ата-аналар мен мұғалімдер оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтерудегі ең басты сүйеніші. Олар өздері үлгі болып  эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, нормаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп, іске асырады.

     Мінез-құлық  эстетикасы - оқушылардың өзге адамдармен қпрым-қатынасы және өмір сүріп отырған  қоғамдағы іс-әрекет қылығын айтамыз. Мінез-құлықты дербес ғылым —  әтика зерттейді, сонымен қатар оны әстетикада қарастырады.

     Сыпайылық - ішкі мәдениеттің сыртқа шығуы. Ол ұстамды болудан, өзіне-өзі шек қоя білуден, шыдамдылықтан, өзгелердің, билігі мен талғамын құрметтей білуден көрінеді.

     Әдептілік - көпшілік арасында өзіңді ұстай білетініңді  дәлелдейтін, шартты түрде қабылдасанған мінез-құлық қағидалары.

     Байыптылық - байқампаздықпен, сергектікпен, өз шамасынан, өзгелердің де өлшем-шамасынан шыға білуге негізделген, мінез-құлықтағы  сезім-түйсігі, өзін өзгелердің орнына қоя білу қабілеті.

 
Әдебиеттер:

 
1. В.Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976. 
2. Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1990. 
3. С.Ұзақбаева. Тамыры терең тәрбие. - Алматы, 1995. 
4. Қ.Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім тәрбиесі. - Алма-п.1,1995. 
5. К.Оразбекова. Отбасы психологиясы. - Алматы, 1997. 
6. Б.Мекішев. Әлемнің жеті кереметі. - А., 1992.  
7.И.Можейко. Әлемнің жеті және З7 кереметі.-Алматы, 1988. 
8. Прасолова Е.Е. В союзе с красотой. - М, 1987. 
9. Кутаева Н. Основы эстетического воспитания. - М, 1986. 
10. Наурыз. Жаңарған салт-дәстүрлер/Құрастырған М.Оразбеков. - Алматы, 1991. 
11. М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы,1992. 
12. Е.Әкімқұлов. Білгенге маржан. — Алматы, 1988. 
13. Қазақстан өнері. - Алматы, 1982. 
14.  С.Қалиев, т.б., Қазақ халқының салт-дәстүрі. - Алматы, 1994.
 
 
 
 
 
 
 
 

ҰЛТТЫҚ ҚОЛ ӨНЕР - ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ

Ахман Сұхбан  
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия  
Ұлттық университеті  
Астана қаласы

Халқымыз қолөнерді  ертеден қастерлеп бағалай білген. Атадан балаға ұласып келе жатқан осы  дәстүр кейбір жерлерде ұмытыла бастаған сияқты. Қазіргі дизайнерлер, суретшілер неге қазақтың ұлттық нақыштағы ою-өрнегін қолданбайды, өзінің туындыларына кірістірмейді. Сыртқы жарнамада, үй жиһазында үй интерьерінде аз қолданауда, кейбірі тіпті қолданбайды. Көпшілігі Европалық немесе шығыстық (Қытайлық) стильді таңдайды. Бұған себеп дизайнердің тұтынушыға ұсынатын стилі де осындай. Ұлттық стилдегі ұсынысы болмаса, ол үйлесімсіз, көңілге қонымсыз болып келеді. Ал дизайнер қайдан шықты, қайдан оқып келді? Әрине өзімізден. Сондықтан айналып келгенде бар қателік оқытқан ұстаздан болып тұрған сияқты. Бұған тосқауыл қою жолы баршылық, соның бірі бейнелеу өнерінің мәртебесін көтеру қажет, халқымыздың қолданбалы қол өнерін барлық мектептерде жүйелі түрде оқытуды енгізу арқылы. Біз бұдан не ұтамыз, менімше біріншіден, жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін қалыптастырамыз, екіншіден, жас таланттың жолын ерте ашамыз, үшіншіден, жалпы өнерге баға беруші қарапайым халықтың өнерге деген көзқарасын тереңдетеміз. Бүгінгі таңда қолөнер туралы, ою-өрнек туралы танымдық кітаптар бар, бірақ мектептегі балаларға арналған кітаптар жоқтың қасы. Орта мектептерде қолөнерге қызығатын жастар көп, соларға жол көрсететін, үйрететін білікті ұстаз аз.  
Бейнелеу өнерінің әртүрлі салалары көп. Мысалы, ағаш өңдеу, жүн,қыл өңдеу. Бұл тек ұлттық өнерге қатысты саласы. Осылардың барлығына дерлік ортақ ою-өрнек. Халықтың ұлттық нақышын көрсететін, өзге ұлттан ерекшелейтін ою-өрнек.  
Қазақ халқының ою-өрнектерінің тарихын қазақ ғалымдарының ғылыми түрде саралай бастағанына небәрі елу жылдың жүзі болыпты. Төл өнерімізді зерттеуге Еуропа ғалымдары мен жиһангездері елеулі үлес қосты. Мысалға айтсақ, В.Вопсалов, А.Хедона, саятшы Дженкинсон, Р.Карутц, С.Дудин, В.Радлов, М.В.Рындин т.б. Олар қазақтың ою-өрнектерін ғылыми тұрғыдан талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанымен олардың жасаған тұжырымының бәріде қазақ ою-өрнектерінің ішкі ұлттық табиғатын, мазмұнын аша алмаған еді. Бұл орайда қазақ ою-өрнегін алғашқы рет зерттеген қазақ ғалымы Т.Бәсенов былай дейді: «Қазақ ою-өрнегін зерттеуде әр уақыттың, әр саланың ғалымдары көп еңбек етті. Бірақ бұл зерттеулер халық ою-өрнегінің жұмбақ тілін жете түсіне, шынайы сырына үңіле алмады. Олар өз ойларын халқымыздың өнер кілтін ашатын тума тілде емес, шетелдік жат тілде, өзге халыққа деген астамшылық көзқараспен саралады. Өнерін зерттеп отырған халықтың тілімен зерттеушінің ойы мен тілінің үндестік таппауы көптеген бұрмалаушылыққа, тіпті елеулі ағаттықтарға әкеп соқтырды». Осыған қарағанда осы өнердің зерттелмеген қырлары мен қайта қарастырылатын мәселелері бар екенін аңғартады. Әрине, тәуелсіздік алғаннан бері халқымыздың жанашыр ғалымдары көп еңбектер жасай бастады. Мысалы, ою-өрнекті зерттеген ғалымдардың еңбектерін біріктіріп «Қазақ ою-өрнектері» атты жаңа энциклопедия жарық көрді. Оның авторы М.Ш.Өмірбекова (Алматы кітап 2003) [1.3б]  
Кітапқа мыңнан астам ою-өрнектің ежелгі және осы заманғы түрлері енгізілген. Автор айтқандай «қазақ ою өнері басқа халықтардан тайға таңба басқандай дара тұрады». [1.26б]  
Белгілі өнертанушы В.Чеплев: «Қазақтар тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп жазады. [1.25б]  
Шынында да қазақ тұрмысында ою-өрнектің араласпайтын саласын табу қиын, қисса-жырлар мен дастандарда, батырлардың ат-әбзелдерін немесе арулардың киімдері мен күймесін суреттегенде тыңдаушының көз алдынан ғажайып нақыштар өтері анық. Осындай әсемдік әлемін өз көзімен көрген ғалым А.С.Фелькерзам қолөнерді, әсіресе, кілемді терең зерттей келе, Азияны «Үлкен этнографиялық» музей деп атаған. [1.26б]  
Халқымыздың рухани байлығының қайнар көзі болып табылатын осынау құндылық бүгінде азаматтығымыздың нысаны – көк байрағымызды да көріктендіріп тұр. Көп жағдайда халықтың тілін, мәдениетін білмесек те қолөнерімен бейнеленген оюларға қарап, қай халықтың қазынасы екенін танып білеміз. Өйткені ою-өрнек әр халықтың таңбасы, сол елдің бейнелеу өнерінің көнеден келе жатқан мәдениеті. Ал осындай құндылықтың маңызын бірі білсе, бірі білмейді.  
Мектеп оқушыларына халқымыздың қолөнерін үйретумен эстетикалық тәрбие береміз. Өнер мектеп өмірінің алғашқы күнінен бастап-ақ баланың әлемге көзқарасын қалыптастыру құралы ретінде, әлемді біртұтас жағымды мәнімен қабылдауға, бағалауға үйретеді және бейнелі ойлауын дамытады.  
Бейнелеу өнеріндегі әртүрлі өнер түрлеріндегі көркем іс-әрекеттерді меңгере отырып, адам тек суретшінің практикалық дағдыларын ғана меңгеріп, шығармашылық ойларын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен қатар өзін талғампаздыққа тәрбиелейді. Күнделікті көріп жүрген нәрселерінен әсемдікті таба білу қабілетіне ие болады, көргенін еске сақтап, қиялдау қабілеті дамып, шығармашылықпен ойлап, талдауға, біліктілікке дағдыланады. Аталған қасиеттер баршаға қажет. Кез келген кәсіптің иесі, егер ол бейнелеу құралдарын игерсе және оны пайдалана білуге машықтанса, жұмысты да жақсы істейді.  
Эстетикалық тұрғыдан дамымаған адам өзін қоршаған ортадан тек оқулықтан нұсқаумен жарлықтардан алдын ала белгілі болған, есінде қалған нәрселерді ғана көре алады. Маңайындағы әдемі әсемдікті көре алмайды, өзінің ой елегінен өткізе алмаған, ол ештеңені түсінбейді. Неліктен кейбір жастардан маңайдағы әдемі заттарды сындырып, бүлдіріп кететінін байқаймыз, ол эстетиклық түсінігінің таяздығы және дұрыс қалыптаспағаны деп білемін. Басына қиын іс түскенде ол адам әрқашан сасқалақтап, қандай шешім қабылдарын білмей дал болады. Қиял – қоршаған орта әлемін қабылдауға адамның белсенділігін қамтамасыз ететін жан-жақты адами қабілеттілігі болып табылады.  
Осындай құндылықтардың болашақта қолданыстан шығып қалмасы үшін жастардың санасына осы күннен бастап сіңірту қажет. Ол үшін көркем педагогикалық білім беретін оқу орындарында суретші-ұстаздарды даярлаудың сапасын арттыру қажет. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезекте жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылатын, оны айырықша сала ретінде түсінуді көздейтін жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе, икемділік пен бейімділік беруді басты міндет етіп қою қажеттілігіне басты назар аударылған. Тұжырымдамада былай делінген: «Жоғары білім беру мақсаты – қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру». Ғылым мен техниканың жаңа қазіргі уақыттағы саласы ғылыми техникалық өркендеудің жобалы-өндірістік үрдістеріне қатысушылардың әрқайсысының кеңістіктік ойлау қабілетін ерекше талап етеді. [2.39б]  
Суретші-ұстаз яғни бейнелеу өнерінің оқытушысы тәуелсіз Қазақстанның көркем педагогикалық білімі мен мәдениетінің жай-күйін анықтаушы тұлға. Осы тұлғаны дайындап, қызығушылығының, эстетиқалық білім мен тәрбиесінің дамуындағы басты түйіні бола алатын және болуы қажет болатын мықты тұтас жүйе бұл бейнелеу өнері бойынша маман сүретші мұғалім дайындайтын қазіргі таңда Бейнелеу өнері кафедрасы болып табылады.  
Эстетикалық мәдениеті дұрыс қалыптаспаған адам ғылымда, саясатта және қоғамда өзгелермен тіл табысуда мәденитті түрде адамгершілікпен әрекет жасай алмайды. Сондықтан, қазірден бастап мектеп оқушыларына ойлау, эмоционалдық сезімдерді қалыптастыру, экологиялық, патриоттық тәрбиелер ауадай қажет, бұл осы бейнелеу өнері, ұлттық қол өнеріміз бен мәдениеттің қатысуынсыз жеткізу мүмкін емес.  
Қазіргі уақытта мектепте колөнерге үйрететін ұстаздың біліктілігеп артыру, оларға шығарлашылықпен жүмыс жасауға арнайы кәбінеті, әдістемелік қоры, қазақ тіліндегі оқу құралдары, көркем іс-әрекеттер үшін қажетті материалдар алуға көмектесу қажет. Жоғары оку орындарының Бейнелеу өнері мамандығына түскен студенттер тек мектепте көркем эстетикалық оқу-тәрбие жұмыстарын болашақ жастарды тәрбиелеуге арнайтын ұстаз болумен қатар, еңбек ақысы жақсы фирмаларда дизайнер-суретші болып еңбек етіп жүр.  
Қазіргі кейбір жастарымыз суретші-ұстаз болған өздерінше қор деп санайды, қаржыгер, заңгер болсам деп армандайды, менің ойымша, суретші-ұстаз болу әркімнің қолынан келе бермейтін табиғаттың тек адамға берген бір сыйы екенін ұмытпағанымыз жөн. Жоғарыда айтылған мәселелер шешімін табу үшін біріншіден, суретші-ұстаздардың кәсіби дайындығын, білім беру сапасын арттыру, екіншіден, суретші-ұстаздардың материалдық жағдайын қамтамасыз ету және қоғамдағы статусын яғни заңды құқығын көтеру керек, үшіншіден, ұлттық өнер мен мәдениетке деген қамқорлықты күшейту және мемлекет тарапынан қаржылай көмекті күшейту қажет.

Информация о работе Эстетикалық тәрбие