Қылмыстық Жауаптылық және оның негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 13:49, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбым «Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері».Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:
• Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
• Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
• Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы
• Қылмыс және қылмыс құрамы
• Қылмыс құрамының түрлері

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ................................................................5
1.1. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі.............................................................5
1.2. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері..........................................................9
2. «ҚЫЛМЫС» ҰҒЫМЫЖӘНЕ ОНЫҢҚҰРАМЫ...................................12
2.1. Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы.................................................12
2.2. Қылмыс және қылмыс құрамы......................................................................15
3. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ........................................................19
3.1. Қылмыс құрамының түрлері.........................................................................19
3.2. Қылмыстың субъективтік жағы мен субъектісі..........................................21
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................23
ҚОСЫМША.........................................................................................................25
ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР....................26

Работа содержит 1 файл

2.кылмыстык жауаптылык және оның негіздері.docx

— 109.69 Кб (Скачать)

Қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапқа  тартылады. Ал 14 жасқа дейінгі жас  балалардың қылмыстық жауапкершілікке  тартылмайды. Қылмыс жасаған кезде  өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға  қауіптілігі мен нақты сипатын  сезінген және әрекеттеріне басшылық еткен адам есі дұрыс деп танылады.

Қылмыс жасаған кезде  есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы жүйке ауруы, жүйкесінің уақытша бұзылуы, ақылының кемдігі  немесе өзге жүйке дертіне ұшырауы  салдарынан өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам есі дұрыс  емес деп танылады. Есі дұрыс емес адам қылмыс субъектісі бола алмайды, сондықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.[13,118]

 “Көптеген ғасырлар бойы ақыл-есі дұрыс емес қылмыскерді қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтын. Ақыл-есі дұрыс емес адамға қатысты өлім жазасын қолданбаудағы алғашқы жағдай Дэниел МакНагтеннің жағдайы деуге болады, ол 1843 жылы “Көптеген ғасырлар бойы ақыл-есі дұрыс емес қылмыскерді қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтын. Ақыл-есі дұрыс емес Ұлыбритания премьер-министрінің хатшысын атып өлтірген. «Мак-Нагтен заңы» деген атау алған арнаулы қаулы арқылы Парламент ақыл-есі дұрыс емес қылмыскерді қылмыстық сотқа емес, психиатриялық ауруханаға жіберу туралы қаулы етті. Сонымен, қылмыс — бұл Қылмыстық кодекспен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-қимыл.

 

 

 

Қорытынды

Осы  курстық жұмысты  қорытындылай келе “қылмыстық жауаптылық және оның негіздері: түсінігі мен мәні” мәселесін жүйелі түрде талдау барысында, кіріспе бөлімінде көрсетілген мақсат міндеттерге қол жеткізе отырып мынадай ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделген ой-қорытындысына келдім:

    Қылмыстық жауаптылықтың  түсінігіне келсек, сонымен, қылмыстық  жауаптылық деп қылмыс заңы  бойынша қылмыс деп белгіленген  нақты іс-әрекетті істеген адамды  мемлекет атынан оның тиісті  органдары арқылы  айыптаушылығын  айтамыз.

    Қылмыстық жауаптылық  өзінің сипатына қарай жаза  тағайындалатын және жаза тағайындалмайтын  болып екіге бөлінеді. Жаза тағайындалмайтын  қылмыстық жауаптылық айыптаушылық  фактісімен аяқталады. Ал жаза  тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта  айыптаушылықпен бірге жазалау  фактісі де бар. Осыған байланысты  қылмыстық жауаптылық бұл жазаға  қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық  құқылық түсінік екендігін оның  жазасыз ақ қолдананылатындығын  және орындалатынын  көреміз.      Қылмыстық жауаптылықсыз жаза  тағайындау мүмкін емес. Сонымен,  қылмыстық жауаптылық және жаза  өзара бір-біріне ұқсас емес  ұғымдар екендігін аңғарамыз.  Негізгі бөлімде қылмыс құрамының  түсінігі мен элементтерін қарастырдым.

    Қылмыстың құрамы  деп – қылмыс заң бойынша  қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді  белгілі бір қылмыстың қатарына  жатқызу мүмкіндік беретін қылмыстың  обьективтік және субьективтік  жақтарынан құралған элементтердің  және олардың белгілерінің жиынтығын  айтамыз. Қылмыс құрамының элементтері  мен қылмыс құрамының түрлерін  қосымшада көрсеттім.

    Бұл институттың  жекелеген түрлеріне талдау курстық  жұмысты жазу барысында жүргізілді. Әрбір түріне қатысты өзіндік  ерекшеліктері жүйелі түрде сипатталып, қажет болған жерлерінде практикамен  байланыстырылып, өмірдегі болған  нақты фактілі мәліметтер жиынтығымен  бекітілді. Ал жалпы қорытынды  жасайтын болсақ, қылмыстық жауаптылық  жәнеоның негіздерінің  институттары  бірін-бірі толықтырып отыратын, тұтастай бір бүтінді құрайтын  біздің қоғамымыздағы әділеттілікті  орнатуға көмектесуші құралдардың  бірі, құқықтық мемлекетімізді қалауға  септігін тигізерлік бір тетігі  деп есептеймін.

Қылмыстық құқық теориясында  қылмыстық жауаптылық негіздерінің проблемасы, әдетте философиялық және заң жүзіндегі аспектілерге қарастырылады. Алғашқысы мынадай сауалға берілетін  жауаппен байланысты: адам қылмыстық  тұрғыда өзі жасаған қылмысқа қашан және неге жауап бере алады? Жобалап айтқанда, сонау XVIII ғ. бастап бұл тұрғыда философия мен  құқықтануда детерминистер (детерминизм  — барлық құбылыстардың жалпылама  заңды түрдегі байланысы мен  себепті өзара қисындастығы жайлы  ілім) мен индетерминистер (ондай  байланыстарды жоққа шығаратындар) арасындағы пікірталас әлі де толастар емес.

Индетерминизм философиядағы  идеалистік ағым ретінде сайып келгенде сыртқы шарттар мен жағдайлардан тәуелсіз толық (абсолютті) ерік бостандығын  мойындауға арқа сүйеді (Кант). Және бұл  тұрғыда қылмыскердің зілді еркі қылмыстық жауаптылық негізі болып  саналады.

Ал философиядағы детерминистік  ағымның өкілдері жауаптылық негізіне басқа қырынан келді. Оның өзі  механикалық және диалектикалық  детерминизм ретінде бой көрсетті. Алғашқысының тұжырымына қарағанда  адам — сыртқы жағдайлардың қолындағы "соқыр" ойыншық іспеттес. Оған салса, адам ешқашан да, ештеңеден де бостандықта болмайды және оның әр қимылы сыртқы жағдайлармен құрсауланып тасталған.

Мұндай көзқарастарды  нағыз толық күйінде XVIII ғ. француз  материализмінің өкілдері дамытты. Оларды адам еркінің бостандығын  мойындамауға (теріске шығаруға) табиғат  пен қоғамдағы қажеттілік проблемасын  теңестіруге алып келді. Олар адамдардың қоғамдағы қылығы табиғаттағы кез-келген үрдіс тәрізді алдын-ала реттеліп қойылған деп санаған. Осы тұжырымдары  оларды санасы мен адам еркінің белсенді рөлін теріске шығаруға апарып соқтырған. Мәселен, П.Гольбах былай деп жазған: "қоршаған әлемнің қозғалысын басқаратын қажеттілік, сондай-ақ, рухани әлемдегі қозғалыстарға да басшылық жасайды, ал, ол әлемде барлығы алдын-ала белгіленіп қойылған тағдыр жазмышына (фатализм) бағынышты.

Оның пайымдауынша, қажеттілік пен ерік бостандығы бірін-бірі жоққа  шығаратын ұғымдар және де адам толықтай табиғат билігіне бағынған. "Адам өз өмірінің бір сәтінде де бостандықта  болмайды... Оның еркі таңдаумен белгіленіп тұрған сәтте оның басқаша қимыл  жасауға еш лажы жоқ" Турасын айтқанда, Д.Дидро да осы жайлы жазған: "Ерік санадан кем қозғалыста болмайды. Табиғатта да, қоғамда да баршасы  түгелдей толығымен детерминендірілген, ал бұл болса, ерік бостандығына ешқашан  жол ашпайды".

Қосымша

 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ ПЕН ЖАЗАНЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН  МӘН-ЖАЙЛАР  (ҚК 53-бабы)

 

 

 

 

 

Қолданылған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995ж. 30 тамыз.
  2. А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім.Оқулық. Алматы:Жеті Жарғы, 2001ж.
  3. Алауханов Е. “Қылмыс және қылмыстық әрекет”, // Заң, №8,2005ж.
  4. Аскеров Э. “Институт освобождения от уголовного наказания в уголовном законодательстве зарубежных стран”, // Уголовное право, №4, 2005ж.
  5. Бұғыбай Д. “Қылмыстық жауптылықтан босату түсінігі”, // Заң,  №3, 2004ж.,
  6. Әбілқасымов Е. “Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың бастапқы негіздерінің ерекшеліктері”, // Заң және заман, №8, 2004ж.,
  7. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы. // Заң,  №3, 2002ж.,
  8. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, 1997ж. 16 шілде.
  9. Қайыржанов Е. ҚР Қылмыстық құқығы.(Жалпы бөлім), Алматы,2003ж.
  10. Коментарий к Уголовному кодексу РК/Отв.ред.: Борчашвили И.Ш., Рахимжанова Г.К.- Караганда, РГК ПО “Полиграфия”,1999ж.
  11. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы, 30сәуір 1999ж.“Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы” 
  12. ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы, №4, 21 маусым 2001ж.“ҚР Қылмыстық Кодексінің 67 бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы ”
  13. ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы,13 желтоқсан 2001ж.  “Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы ”
  14. ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы.“Ауруға шалдығуына байланысты қылмыстық жазадан босату туралы”
  15. Наумов А.В. ҚР Қылмыстық құқығы, Астана, 2001ж.
  16. Парадинова А. “Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату”, // Заң,  №12, 2002ж.,
  17. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатутуралы ереже, 7мамыр 1996ж.

 


Информация о работе Қылмыстық Жауаптылық және оның негіздері