Қылмыстық Жауаптылық және оның негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 13:49, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбым «Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері».Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:
• Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
• Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
• Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы
• Қылмыс және қылмыс құрамы
• Қылмыс құрамының түрлері

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ................................................................5
1.1. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі.............................................................5
1.2. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері..........................................................9
2. «ҚЫЛМЫС» ҰҒЫМЫЖӘНЕ ОНЫҢҚҰРАМЫ...................................12
2.1. Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы.................................................12
2.2. Қылмыс және қылмыс құрамы......................................................................15
3. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ........................................................19
3.1. Қылмыс құрамының түрлері.........................................................................19
3.2. Қылмыстың субъективтік жағы мен субъектісі..........................................21
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................23
ҚОСЫМША.........................................................................................................25
ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР....................26

Работа содержит 1 файл

2.кылмыстык жауаптылык және оның негіздері.docx

— 109.69 Кб (Скачать)

Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген терминнің мазмұнын ашып көрсетпейді. Бұл мәселе қылмыстық құқық теориясында  ғана ашып көрсетіледі.

Адамның (қылмыс субьектісінің) қылмыстық заңда көрсетілген  қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді (қылмыстың обьективтік жағы) кінәлі түрде қасақана немесе абайсыздықтан  істеуі (қылмыс субьективті жағы) қылмыс құрамының белгілері болып табылады.

Қылмыстың обьектісі болып  табылатын қылмыстық заң қорғайтын  қоғамдық қатынастардың жиынтығы Қылмыстық  кодекстің 2-бабында көрсетілген. Сонымен, Қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыс құрамы болатынын білдік.Іс-әрекетінде қылмыс құрамының ең кем дегенде  бір белгісі жоқ болса ол қылмыстық  жауаптылыққа тартылатын негіз жоқ.

Ізінше атап кетейік —  қылмыстық жауаптылық ұғымын анықтауда  көрсетілген бағыттардың бәрі де өз алдына "өмір сүре алады, өйткені  қылмыстық жауаптылыққа тән оның мазмұнының өздеріне сәйкес ерекшеліктерін өздерінше айқындайды. Тек мұндай жағдайлардың мақсатты бағыттарын дұрыс белгілеп және олардың іс жүзінде қолдануын жөн анықтаудың маңызы бар.

Философиялық әдебиетте  жауаптылық ұғымы:

•  ретроспективті (өткендегі үшін жауаптылық) және

•  белсенділік (болашақ үшін жауаптылық) тұрғысында (аспектісінде) қарастырылады.

Екінші мағынадағы жауаптылық ұғымы әдетте иман (мораль) мен әдептің (этиканың) еншісіне жатады. Бұл мағынадан  алғанда, айталық, әңгіме ата-аналардың  балаларының болашағы үшін, оларды тәрбиелеудегі қоғам алдындағы  жауаптылығына қарай ойысады. Бұл  тұрғыдан алғанда да, жауаптылық адамның  борышы, міндетімен сабақтасатын іштей  бағыттаушы-реттеушісі іспеттес сипатқа  ие болады. Және қылмысты жауаптылықты анықтауға келгенде аталған бағыттардың  біріншісі жауаптылықтың әдептілік  бағытталуынан туындайды.[5,54-64]

Заң жүзіндегі жауаптылық құқық бұзушылықтан барып, яғни қорғалатын құқық қатынастарының нәтижесінен (олардың негізінде құқық шамасын  бұзу, құқыққа қарсы қылық жатыр) туындайды. Тап сондай-ақ, қылмыстық жауаптылық оларды дәстүрлі түрде түйсінгендегі қорғалатын қылмыстық-құқықтық қатынастардың нәтижесі болып табылады. Сондықтан, қылмыстық жауаптылық ұғымы қорғалатын қылмыстық-құқықтық қатынастардың мазмұнына байланысты болғанда ғана айқындалуы мүмкін.

Әдетте, құқықтың адамдардың еріктілік тәртібіне әсер ететіндігі белгілі болса, ал құқықтық реттеудің  көздегені қоғамдық қатынастар екені  даусыз. Қылмыс оқиғасы құқықтық қатынастардың  үш түрін: қылмыстық-құқықтық, қылмыстық-орындаушылық және қылмыстық-процессуалдық түрлерін туындатады. Бұл қатынастар ішінара  тығыз байланысты, сондықтан қылмыстық-құқықтық қатынастарды қылмыстық-құқықтық реттеудің  көздеген нысанасы ретінде ара жігін  айыру үшін, әрбіреуі ілгеріде көрсетілген  құқықтық қатынастардың әрқайсысына  қатысы бар мына элементтерді анықтау  қажет:

а)олармен байланысты тиісті құқықтық қатынас пайда болатын  заң жүзіндегі фактілер;

ә) құқықтық қатынастардың  субъектілері;

б)құқықтық қатынастардың  пайда болған және тоқтаған уақыты;

в)құқықтық қатынастар субъектілері құқықтары мен міндеттерінің  мазмұны.

Тек қылмыстық-құқықтық, қылмыстық-процессуалдық  және қылмыстық-орындаушылық құқық  қатынастарының аталған бөлшектерін (компоненттерін) салғастырып қана біз қылмыстық-құқықтық реттеудің  қатынасын белгілей аламыз.

Құқық қатынасы әрдайым заң  жүзіндегі фактіге сәйкес туындайды. Қорғалатын қылмыстық-құқықтық қатынас  үшін ондай факті жеке тұлғаның қылмыс жасауы болып табылады1. Бұл ережеге  кейбір криминалистер қарсы пікір  айтып та жүр. Осыған орай, қайсыбір авторлар қылмыстық-құқықтық қатынастың басталуын қылмысты істің қозғалуымен  байланыстырса, енді біреулері, оны  жеке тұлғаның айыпталушы ретінде жауапқа  тартылуынан бастайды, ал үшіншілері қылмыстық-құқықтық қатынастар, тек  қана, айыптау үкімі шығарылған (немесе, оның заңды күшіне енген) сәтте туындайды  деп есептейді.

Қылмыстық құқық теориясында  қылмыстық жауаптылық негіздерінің проблемасы, әдетте философиялық және заң жүзіндегі аспектілерге қарастырылады. Алғашқысы мынадай сауалға берілетін жауаппен байланысты: адам қылмыстық тұрғыда өзі жасаған қылмысқа қашан және неге жауап бере алады? Жобалап айтқанда, сонау XVIII ғ. бастап бұл тұрғыда философия мен құқықтануда детерминистер (детерминизм — барлық құбылыстардың жалпылама заңды түрдегі байланысы мен себепті өзара қисындастығы жайлы ілім) мен индетерминистер (ондай байланыстарды жоққа шығаратындар) арасындағы пікірталас әлі де толастар емес.

Индетерминизм философиядағы  идеалистік ағым ретінде сайып келгенде сыртқы шарттар мен жағдайлардан тәуелсіз толық (абсолютті) ерік бостандығын  мойындауға арқа сүйеді (Кант). Және бұл  тұрғыда қылмыскердің зілді еркі қылмыстық жауаптылық негізі болып  саналады.

Ал философиядағы детерминистік  ағымның өкілдері жауаптылық негізіне басқа қырынан келді. Оның өзі  механикалық және диалектикалық  детерминизм ретінде бой көрсетті. Алғашқысының тұжырымына қарағанда  адам — сыртқы жағдайлардың қолындағы "соқыр" ойыншық іспеттес. Оған салса, адам ешқашан да, ештеңеден де бостандықта болмайды және оның әр қимылы сыртқы жағдайлармен құрсауланып тасталған.[6,44-46]

Мұндай көзқарастарды  нағыз толық күйінде XVIII ғ. француз  материализмінің өкілдері дамытты. Оларды адам еркінің бостандығын  мойындамауға (теріске шығаруға) табиғат  пен қоғамдағы қажеттілік проблемасын  теңестіруге алып келді. Олар адамдардың қоғамдағы қылығы табиғаттағы кез-келген үрдіс тәрізді алдын-ала реттеліп қойылған деп санаған. Осы тұжырымдары  оларды санасы мен адам еркінің белсенді рөлін теріске шығаруға апарып соқтырған.

 

2. «ҚЫЛМЫС» ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМЫ

2.1. Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы

Қылмыстық заңда қылмыстың  жалпы түсінігі берілген, сонымен  бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар  жеке-жеке көрсетілген.

Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды.Бұл түсінікті  қылмыстық құқық теориясы ғана береді.

Қылмыстың құрамы деп –  қылмыс заң бойынша қоғамға қауіпті  іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың  қатарына жатқызу мүмкіндік беретін  қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің  және олардың белгілерінің жиынтығын  айтамыз.

Қылмыстың құрамының әрқайсысы  оның субьективтік және обьективтік  белгілерімен сипатталады.Барлық жүйелер  секілді қылмыстың құрамы да белгілі  бір элементтерден тұрады.Осы  белгілердің қосымша жүйелерінің  ең болмағанда біреуінің жоқ болуы  жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының  тұтастай жоқ болуына әкеп соғады.Бұл  жерде қылмыс құрамының элементтері  деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компаненттерді айтамыз.

Қылмыс құрамы белгілеріне  мынадай 4 түрлі элементтер жатады: обьект, обьективтік жағы, субьект, субьективтік жағы. Мысалы, бөтен мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын  жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады.Осы көрсетілген  төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды.Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда  бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің  әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады.Себебі, бұл жерде 187-бапта  көрсетілген қылмыстың басты  белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу  жоқ.Әрбір қылмыс құрамының белгілері  Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында  ғана емес, қылмыстық заңның көптеген белгілері аталып көрсетілген.Мұның  өзінде диспозициялардың ерекшелігін  анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді.[8,187б]

Барлық қылмыстарға жалпылама  ортақ немесе нақты қылмыс топтарына  тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады.Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды  анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының  диспозициясында осы қылмыстың не субьектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.

Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық  кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175- бабында  ұрлықтың оған тән белгісі – басқа  біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау  ғана көрсетілген.Осы белгі арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір  қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен сипаталады. Осы белгілердің  барлығы да қылмыс құрамына жатпайды. Қылмыс құрамында мұқияттылқпен  таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады.[6,33]

Түрлік белгілер дегеніміз  барлық қылмыстарға ортақ, олардың  қоғамға қауіптілігін және құқыққа  қайшылығын білдіретін жиынтығының  көрінісі болады.Түрлік белгіге жатпайтын  тек қана жекелеген қылмысқа тәне белгілер қылмыс құрамына қосылмайды.Сондықтан  олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау  үшін мвңызы болмайды.Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т.с.с) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны  қылмысты саралауға әсер етпейді.

Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері  болып табылады.Осы түрлік белгілердің  біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды.Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі –  оны жасырын ұрлау.Егер басқа  біреудің мүлкін алу жасырын түрде  емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы  - тонау болады.

Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқылық нормада –  бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314-бап – қызмет жөніндегі жалғандық.

Басқа жағдайларда Қылмыстық  кодекстің бір бабында қылмыс құрамының бір немес бірнеше  түрі қарастырылуы  мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікті  асыра пайдаланудың үш құрамы  көрсетілген: баптың бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екінші, үшінші бөлігінде  осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген.

Алдын ала қылмысты әрекеттерде  немесе қылмысқа қатысушы адамдардың: ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші  әрекеттеріне  сол немесе басқа қылмыстың құрамының барлық белгілері болмайды.Мысалы, әйелді зорлауға оқталғанда онымен зорлап жыныстық қатынас жасау орындалмайды немесе кісі өлтіруге  оқталғанда қылмыстың зардабы – адам өлімі жоқ.Бірақта осы жағдайларда кінәлінің әрекеттерінде Ерекше бөлімдегі аталған баптарда көрсетілген қылмыстың барлық белгілерінің болмауы олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деуге негіз болмайды.Бұл жағдайда да қылмыс құрамы бар, бірақ ол оның құрамы Ерекше бөлімнің, сол сияқты Жалпы бөлімнің тиісті баптары көрсетіле отырып белгіленеді.Мысалы, әйел зорлауға оқталғанда кінәлінің әрекетінде Қылмыстық кодекстің 120 және 24-баптарында көрсетілген қылмыс құрамының белгісі бар.Қылмыс құрамының заңдылықты  сақтауда және оны нығайтуда маңызы зор. Заңдылықты  қатаң сақтау, бұлжытпай жүзеге асыру, тәуелсіз мемлекетіміздің нығаюының негізгі шарты.Заңдылық қағидасын сақтау, жүзеге асыру құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қасиеттіазаматтардың  конституциялық құқығын, бостандықтарын жүзеге асырудың негізгі кепілі болып табылады. Заңдылық талабын дұрыс жүзеге асыру қылмыс істеген адамға заңды дұрыс қолданып, оның әрекетіне заң талабына сай баға беру   болып табылады.[8,304-314б]

Қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген  нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады.Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыс құрамының  тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме-дәл  көрсету қажет.Егер адамның іс-әрекетінде бірнеше қылмыстың құрамы болса, онда оның іс-әрекеті заңның бірнеше  баптары немесе баптардың бірнеше  бөліктері, тармақтары бойынша сараланады.Қандай түрде болса да қылмысты дұрыс  сараламау, ол заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың  беделіне нұқсан келтірумен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән-жайын терең зерттей  білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау  қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді анықтау керек.Міне, бұл жерде қылмыс құрамының, оның белгілерінің қылмысты саралаудағы, заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып  отыр.

Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде –бір адам, егер оның істеген  іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қылмыстық жауаптылыққа тартылу  немесе жазалануға тиісті емес.Өйткені  жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі  талабы қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық  заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті  іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықтан  істеген кінәлі адамды ғана тарту  болып табылады.

2.2.Қылмыс және қылмыс құрамы

Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты, бірақ  бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық -құқылық   түсініктер. Олардың өзара мазмұны да, бағыты да әртүрлі. Жоғарыда айтқандай қылмыс туралы ұғым Қылмыстық кодекстің 9-бабында берілген. Осы баптағы анықтамадан көрінгендей, қылмыс дегеніміз адамның әлеуметтік-құқылық, қоғамға қауіпті  және құқыққа  қайшы секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекеті болып табылады.

Қылмыстың жалпы түсінігі, сол қылмыстың заңдылық сипаттамасын беріп қана қоймай, оның әлеуметтік-саяси  мәнін де ашып көрсетеді.Өмірде қылмыстық  құбылыстар әр түрлі нысандарда көрініс  тауып немесе түрлі түрде болатындықтан  қылмыстық заң қылмыстың жалпы  түсінігімен бірге нақты қылмыстардың да түсінігін қарастырған.

Қылмыстың жалпы түсінігі – барлық қылмыстарға тән, оның белгілері  Қазақстан Республикасы Қылмыстық  кодексінде көрсетілген жеке қылмыстар  түрінде нақтыланып, өзінің дамуын табады.

Қылмыстық заңда сипатталған  әрбір қылмыс, яғни қылмыс құрамы өзінің ерекше белгілерімен сипатталады.Қылмыстың  құрамы – бұл қылмысты іс-әрекет емес, тек соның нысанын сипаттайтын  түрі ғана.Ол – нақты қылмыстың  заңды сипаттамасы, жеке нақты қылмыстың  заңдылық түсінігі.Егер қылмыстың түсінігінде  барлық қылмыстарға тән белгілер – қоғамға қауіптілік, құқыққа  қайшылық, кінәлік  және жазаланушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндетті белгілердің жиынтығы есепке алынады.Қоғамға қауіптілік қылмыс құрамының емес, қылмыстың белгісі болып табылады.Осы екі қылмыстың құқылық- түсініктерінің бағыты да әр түрлі.Нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі болса, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыстың құрамының заңдылық базасын жасаудың, қылмыстық құқықта оның құқылық, әлеуметтік-саяси табиғатын түсіндіру қажеттілігінен туындайды.[7,18-24]

Информация о работе Қылмыстық Жауаптылық және оның негіздері