Қылмыстық Жауаптылық және оның негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 13:49, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбым «Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері».Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:
• Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
• Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
• Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы
• Қылмыс және қылмыс құрамы
• Қылмыс құрамының түрлері

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ................................................................5
1.1. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі.............................................................5
1.2. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері..........................................................9
2. «ҚЫЛМЫС» ҰҒЫМЫЖӘНЕ ОНЫҢҚҰРАМЫ...................................12
2.1. Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы.................................................12
2.2. Қылмыс және қылмыс құрамы......................................................................15
3. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ........................................................19
3.1. Қылмыс құрамының түрлері.........................................................................19
3.2. Қылмыстың субъективтік жағы мен субъектісі..........................................21
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................23
ҚОСЫМША.........................................................................................................25
ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР....................26

Работа содержит 1 файл

2.кылмыстык жауаптылык және оның негіздері.docx

— 109.69 Кб (Скачать)

Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы  түсініктері кеңінен қолданылады.Жалпы  және нақты қылмыстың құрамының  түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда  заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып  табылады.Бұл ұғым теорияда нақты  қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың  нақты құрамының жинақталған  белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап, көрсетеді.Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді деп жоғарыда атап өттік.Бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық қылмыстардың құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни кез келген қылмыстар құрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар.

Қылмыстық құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі  міндетті элементтерді: қылмыстың обьектісін, қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарын, және субьективтік жақтарын, және субьектінісін атап көрсетеді.Осы  белгілерге орай кез келген қылмыстың  құрамы осындай төрт түрлі элементтерге бөлінеді.Әрбір қылмыс құрамында  оның обьектісін, обьективтік және субьективтік жақтарын, және субьектіні бейнелейтін белгілері міндетті түрде болады.Осы элементтердің  әрқайсысы қылмыстың құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан да осы  элементтердің біреуінің жоқ  болуы қылмыс құрамының мүлде  және қылмыстық жауаптылыққа негіздің де жоқ екендігін көрсетеді.

Қылмыстың құрамының жалпы  түсінігі барлық қылмыс құрамына тән  осы төрт түрлі элементтермен  сипатталады.Қылмыстың осы немесе басқа элементтерін сипаттау тиісінше қылмыс құрамының элементтерін сипаттау деп аталады.Мысалы, қылмыстың субьективтік жағының белгілерін сипаттау қылмыс құрамының субьективтік жағы деп  аталады.

Қылмыстың обьектісі деп, сол қылмыстық қиянаттың неге бағытталғанын, оның қандай зиян келтіргенін  немесе келтіруге нысана алғанын  айтамыз.[11,184]

Қылмыстың обьектісі заң  қорғайтын қоғамдық қатынастар болып  табылады. Қылмыстық құқықта олар шартты түрде жалпы, топтық және тікелей  обьект болып бөлінеді. Қылмыстың обьектісін оны сипаттайтын қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтаудың қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше.

Қылмыстың сыртқы пішінін, көрінісін  сипаттайтын белгілердің жиынтығы қылмыстың обьективтік жағын  құрайды.

Обьективтік жағының белгісіне  ең алдымен қоғамға қауіпті мінез-құлық  актісінің сыртқы көрінісі – адамның  әрекеті немесе әрекетсіздіктің  нысандары мен түрлері қылмыстық  заң тұжырамдарында әр түрлі және жан-жақты (мүлікті жою немесе бүлдіру, өмірді жою, қауіпті жағдайда қалтыру, т.б.).Біршама қылмыс құрамының обьективтік жағы әрекет немесе әрекетсіздіктен басқа қылмыстың зардабы және іс-әрекеттің зардап пен себепті байланысын көрсетеді.Көрсетілген белгілерден басқа заңда кейбір қатынастардың обьективтік жағын сипаттауда оның міндетті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмыстың жасалу тәсілдері де жатады.

Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін  белгілеуде, қылмысты саралауда обьективтік  жақтың осы белгілерінің маңызы зор. [16,49-51б]

Қылмыстың субьективтік жағының  белгілеріне қылмыстың ішкі жағын  құрайтын белгілері, яғни адам істеген  қоғамға қауіпті іс-әрекет не психикалық қатынас сипатталады.

Субьективтік жақтың белгілеріне  кінә, ниет және мақсат жатады.Кінә екі  түрлі нысанда: қасақаналық және абайсыздық түрінде (20,21-баптар) көрініс  табады.

Субьективтік жағынан  бір қылмыстар қасқаналықпен (ұрлық), екінші біреулер абайсыздықпен (абайсызда  кісі өлтіру), үшіншіден қасқаналықпен  де, абайсыздықпен де жасалуы мүмкін.

Кінәнің нысанының көпшілігі  қылмыстық заңның өзінде тікелей  ашып көрсетіледі.Ал көрсетілмеген  жағдайда олар қылмыстың құрамының  белгілеріне талдау жасау арқылы анықталады.Кейбір қылмыс құрамының  субьективтік жағының белгілерін қылмыстың  ниеті мен мақсаты да жатады.Мысалы, пайдақорлық ниетпен кісі өлтіру, басқа қылмыстың ізін жасыру мақсатымен кісі өлтіру.

Қылмыс құрамының субьективтік жағының белгілерін анықтау, қылмысты саралауда қылмыстың және қылмыскердің қауіптілік дәрежесін анықтау үшін және жаза мөлшерін белгілеу үшін аса  маңызды болып табылады.

Қылмыстық заң бойынша   қылмыстың субьектісі болып, қылмыстық жауаптылыққа тартылуда кез келген адам жатады.

Қылмыстық жауаптылыққа  есі дұрыс, қылмыс жасаған уақытта 16-ға, кейбір қылмыстар үшін 14,18-ге толғпн (14,15-бап) жеке адамдар жатады.

Сонымен кез келген қылмыс құрамының субьектісінің жалпы  белгілері болып:жеке адам, есі дұрыс  адам, белгілі жасқа толғандар  саналады.Қайсыбір қылмыс құрамдары  үшін жауаптылыққа осы жалпы белгілерден  бөтен қосымша белгілер болғанда ған жол берілуі мүмкін. Әдетте, мұндай қосымша белгілер осы қылмыс үшін жауап беруі мүмкін адамдардың шеңберін шектейді.Мысалы, пара алудың субьектісі болып тек қана мемлекеттік органдардың адамдары ғана, ал әскери қылмыстардың субьектісі болып әскери қызметшілердің болуы қылмыстың субьектісін белгілейтін белгілердің қылмысты саралау үшін, қылмыстық жауаптылық мәселелерін шешуде және жаза мөлшерін белгілеуде маңызы зор.[8,16-18]

Осы тұрғыдан алғанда қылмыстық  құқық теориясында қылмыстың  құрамының жалпы түсінігі, қылмыс құрамыбелгілері және факультативті  белгілері болып өзгешеленеді. Мұндай өзгешелену қылмыс құрамының мазмұнын ашуға, қылмысты іс-әрекетті дұрыс саралауға  көмектеседі.

Қылмыстың құрамының  факультативті нышандары дегеніміз бұл заң шығарушының кейбір қылмыс құрамдарын сипаттау үшін қолданатын белгілері болып табылады.

Факультативтік белгілерге жататындар: уақыт, қылмыс істеу тәсілі, қылмыстық ниет, мақсат, қылмыстың  заты, қылмыстың арнаулы субьектісі, қылмыстың зардабы, себепті байланыс.

Егер факультативті белгі  сол немесе басқа бір құрамда  атап көрсетілсе, онда ол  өзінің мәні жағынан осы құрамның  қажетті, негізгі белгісіне айналып кетеді.Мысалы, басқа біреудің мүлкін тонауды алсақ, мұнда тонаудың тәсілі – мүлікті ашықтан-ашық алу, осы қылмыстың белгісі.    Егер факультативті белгісі қылмыс құрамына енгізілмесе, онда ол қылмысты саралауға әсер етпейді.Тек қана қылмыстық-құқылық жаза белгілегенде есепке алынады.Мысалы, қызметшінің, құжаттары қолдан жасау қылмысын саралауда оның қандай тәсілмен, қандай құралмен істелгені есепке алынбайды (314-бап).Бірақ қолданылған тәсіл, мақсат, жаза тағайындалғанда сөз жоқ ескеріледі.Қылмыс құрамының жалпы түсінігінің ол туралы ілімінің заңдылықты сақтауда және оны нығайтудағы маңызы орасан зор.

Қылмысты дұрыс саралау  үшін, нақты қылмыс құрамдарының белгілерін тиісінше дұрыс түсіну қажет.Осындай  әдіс қылмыс құрамының жалпы белгілерінбілуге жәрдемдеседі. Ал қылмыс құрамының  жалпы түсінігі нақты қылмыс құрамын  қатесіз табудың аса қажетті  сатысы болып табылады. 

 

 

3. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

2.5. Қылмыс құрамының түрлері

    Жекелеген қылмыс  құрамының мазмұнын терең ашу,  олардың белгілерін анықтауды  жеңілдету  және нақты істелген  іс-әрекетті дұрыс саралау мақсатымен  қылмыс құрамының түрлері нақты  белгілер бойынша өзара бөлінуі  мүмкін.

    Қылмыстық құқық  ғылымында мұндай бөлінудің негізі (критериясы) болып: біріншіден, іс-әрекеттің  қоғамға қауіптілігінің дәрежесі, екіншіден, қылмыс құрамының құрылысы  есепке алынады.

    Іс-әрекеттің қоғамға  қауіптілігінің дәрежесі мен  мәніне қарай құрамдар негізгі,  жауаптылықты ауырлататын қылмыс  құрамдары және жауаптылықты  жеңілдететін қылмыс құрамдары  болып бөлінеді.

    Негізгі қылмыс  құрамы деп іс-әрекеттің белгілі  түрі бойынша онда негізгі,  тұрақты белгілердің болуын айтамыз.

     Негізгі қылмыс  құрамында қылмысты ауырлататын  және жеңілдететін жағдайлар  көрсетілмейді. Мысалы, Қылмыстық  кодекстің 96-бабының 1-бөлігіндегі  құрам негізгі құрамға жатады.Онда  кісі өлтірудің жай түрі ғана  көрсетілген, ауыр немесе жеңіл  түрлері айтылмаған.

    Егер қылмыс  құрамында осы іс-әрекеттің негізгі  белгілерінен басқа жауаптылықты  жеңілдететін жағдайлар көрсетілсе, онда ондай қылмыс құрамын  жауаптылықты жеңілдететін қылмыс  құрамы деп атаймыз.

    Мұндай қылмыс  құрамына Қылмыстық кодекстің  98- бабында көрсетілген қылмыс  құрамы жатады (жан күйзелісі  жағдайында болған кісі өлтіру).Негізгі  белгілермен бірге жауаптылықты  ауырлататын жағдайлар көрсетілген  қылмыс құрамы, сараланған қылмыс  құрамы (яғни, жауаптылықты ауырлататын  құрам) деп аталады.Сондай-ақ құрам  қатарына 129-баптың III-бөлігінде көрсетілген  адамды ауыр қылмыс істеді  деп айыптап жала жабу жатады. Немесе 175-баптың 1-бөлігіндегі ұрлықты  ауырлататын жағдайлар: адамдар  тобының алдын-ала сөз байласуы  бойынша, бірнеше рет т.б. жағдайлар  жатады.[8,98-129б]

    Қылмыс құрамының  сипатталу тәсіліне қарай құрам  жай қылмыс құрамы, күрделі қылмыс  құрамы және балама қылмыс  құрамы деп бөлінеді.

    Жай құрам дегеніміз  қылмыс құрамының белгілерінің  біркелкі болуы, яғни оның бір  ғана обьектісі, бір ғана обьективтік  жағы ғана болуы.Бұған мысалы, 125- баптың 1- бөлігінде көрсетілген  адамды ұрлау жатады.

    Күрделі қылмыс  құрамы деп қылмыс құрамы элементтерінің  бірінің күрделенуін айтамыз  (обьект,обьективтік жағы, субьект,  субьективтік жағы). Мысалы, екі обьектіге  бірдей қол сұғуын (179-бап –  қарақшылық).Кінәнің екі түрлі  нысаны болатын қылмыстар (103-бап,2-бөлігі  және т.б.).

    Балама құрам  деп Қылмыстық кодекстің бабындағы  диспозициясында көрсетілген әрекеттердің  біреуін істегендікті айтамыз.Мысалы, 259-бап есірткі заттарды немесе  жүйкеге әсер ететін заттарды  заңсыз дайындау, сатып алу, тасымалдау, жөнелту немесе сату.

    Қылмыс құрамының  құрылысына қарай құрамды түрге  бөлудің де практикалық маңызы  ерекше.Осы белгісі бойынша қылмыс  құрамы материалдық, формальдық  және келте қылмыс құрамы деп  бөлінеді.

    Іс-әрекеттің нәтижесінен  болатын зардап қылмыс құрамында  көрсетілсе ондай қылмысты материалдық  қылмыс құрамы деп атайды.Мұндай  қылмыс құрамы әрекет немесе  әрекетсіздік жасалған уақыттан  бастап қана емес, заңда көрсетілген  қылмыстың зардабы болған уақыттан  бастап аяқталған деп саналады.Мысалы, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып  қиянат  жасауды келтіруге болады  [8,307-бап].

   Формальдық қылмыс  құрамы деп зардабы болмайтын  қылмысты айтамыз. Формальдық  қылмысқа жататындар: пара беру (312-бап), қызмет жөніндегі жалғандық (314-бап).Пара  беру, параны кез келген нысанда  берген уақыттан бастап, белгілі  бір зардаптың болуына қарамастан  аяқталған қылмыс дер саналады.Кейде  заң шығарушы қылмыстың аяқталған  уақытын алдын-ала қылмысты әрекет  сатысына көшіреді.Мұндай құралымда  қылмыс құрамын келте құрам  деп айтамыз.

    Келте қылмыс  құрамына  адамның иммун тапшылығы  вирусын жұқтыру қаупінде қалтыру  (116-бап,1- бөлігі) жатады.Бұл құрам  бойынша заң шығарушы аяқтау  уақытының зияндылығына байланысты  оқталу сатысына көшірген.Яғни, бұл  қылмыс деп аталған адамдардың  жәбірленушіге осы ауруды жұқтырған  уақытынан емес, оларға осы ауруды  жұқтыру қаупін туғызған уақыттан  бастап аяқталған деп танылады.

 

3.2.Қылмыстың субъективтік жағы менқылмыс субъектісі

Қылмыстың субъективтік жағы — бұл қылмыс жасаумен тікелей  байланысты адамның психикалық әрекеті. Қылмыстың субъективтік жағының мазмұны кінә, ниет жәні мақсат сияқты белгілердің көмегімен ашып көрсетіледі. Кінә — бұл адамның қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті іс-қимылды жасауға деген психикалық көзқарасы. Кінә мынадай элементтерден тұрады: сана (интеллектуалдык элементі) және ерік (ерік элементі).

Ақанов мас күйінде  адам толы бөлмеде оңды-солды атыс жүргізеді, сөйтіп бір адам өліп, үшеуі  жараланады. Ақанов, бұл жағдайда өзінің әрекетінің айналасындағыларға қауіпті  екендігін біліп, мұндай салдарлардың туындайтынын болжағанымен, бөлме ішіндегілердің біреуінің өліп кетуі мүмкін екендігіне жол беріп немқұрайды қарады.

Қылмыстың ниеті — қылмыс жасаған адамның жетекшілікке алатын саналы ниеті, яғни пайдакүнемдік, қызғаныш, көре алмаушылық, қорқақтық және т.б. болу мүмкін.

Қылмыстың мақсаты — тілейтін нәтиже туралы ой, оған кінәлі қол жеткізуге тырысады. Мысалы, оңай олжа табу мақсаты, трансплантациялау үшін орғандарды немесе тканьдарды пайдалану мақсаты, сату мақсаты, халықты қоркыту максаты және т.б.

Кез келген адам қылмыс субъектісі бола алмайды, қылмыстық заңға сәйкес белгілі бір белгілерге ие адамдар  ғана субъект болады. Олардың қатарына қылмыстық заңмен бекітілген жас  мөлшері мен есі дұрыстық жатады.[12,166]

Қылмыстық кодексте қылмыстық  жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтын жеке қылмыстардың түрлері  келтірілген. Ол тізім мынадай құрамнан тұрады:

а) жеке адамға қарсы ауыр қылмыстар: қасақана адам өлтіру, денсаулыққа  қасақана ауыр зиян келтіру не денсаулыққа  қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру, қорлау және нәпсіқұмарлық сипатындағы  күш қолдану, адамды ұрлау;

ә) мүліктік қылмыстардың кейбір турлері: ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық, автокөлікті немесе өзге көлік құралдарын ұрлау, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру жазаны ауырлататын мәнжайлар;

б) қоғамдық қауіпсіздік  пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбірі: терроризм, адамды кепілге  алу, терроризм актісі туралы көрінеу  жалған хабарлау, қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау  не қорқытып алу, ауырлататын мән-жайлардағыбұзақылық, тағылық, өлгендердің мәйіттерін жөне олар жерленген жерді қорлау, көлік  құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру, т.б.

Информация о работе Қылмыстық Жауаптылық және оның негіздері