Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 15:57, лекция
Бұл криминология пәнінде қылмыстыққа жалпы сипаттама беріліп, Қазақстан Республикасындағы қылмыстықтың жалпы жағдайы, деңгейі, себептері, алдын-алу шаралары қарастырылып,қалай әсер ету мүмкіндіктері мазмұндалған.
Қылмыс пен қылмыстық әрекет, қылмыскердің жеке басы, қылмыстың себептері, алдын-алу, қылмыстылықты зерттеу, зерделеу, болжау, жоспарлау осы криминологияда көрініс тапқан. Сондай-ақ, лауазымды адамдар қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы, кәмелетке жасы толмағандар қылмыстылығының ерекшеліктері, абайсызда жасалған қылмыстылық, оның ерекшеліктері қаралып, терең талдау жасалған.
Аннотация
Глоссарий
Дидактикалық жоспар
1. Криминологияны ғылым ретінде қарау
1.1 Криминология пәні және оның мазмұны
1.2 Криминологияның ғылым ретінде қалуптасуы және дамуы
1.3 Криминология ғылым жүйесінде
1.4 Методология және әдістеме ұғымы
1.5 Танымның жалпы ғылыми әдістерін криминологияда қолдану
1.6 Криминологияда нақты-социологиялықәдістерді қолдану
1.7 Криминологиялық зерттеулердің әдістемесі
Өзіндік жұмыстың тапсырмалары
Әдебиеттер
Қазақстан криминалистерiне тән қасиет - қылмыскерлiктi шетелдiк және халыкаралық зерттеуге қатты ыкылас қою. Криминология жөнiндегi көптеген еңбектер орыс тiлiне аударылды, ал отандық ғалымдардың еңбектерi шет елдерде басылып шығуда.
1.4. Методология және әдiстеме ұғымы
Methodos грекше сөзбе-сөз алғанда «бiрдемеге жол», зерттеу дегендi бiлдiредi. Fылыми айналымда «методология», «әдiстеме», «әдiс» және бiрқатар сөздер пайдаланылады. «Әдiс» дегенiмiз амал, зерттеу тәсiлi. Әдiстеме - зерттеу әдiстерiнiң жиынтығы. Методология - бiрдеменi ғылыми зерттеудiң жолдары, әдicтерi туралы iлiм.
Кез келген басқа зерттеулер сияқты криминологиялық зерттеулердiң методологиясы зерттеу заты мен объектiсiне, зерттеушi алдыга койған мақсатқа байланысты. Адамды зерттеу әдiстемесi әлi табиғатты зерттеу әдiстемесiмен бiрдей бола алмайды, коғам мен адамды зерттеу әдiстемелерi де басқа.
Криминологиялық зерттеулер қылмыскерлiктi тудыратын курделi коғамдық процестердi де, қылмысты жасайтын адамдардың мiнез-құлқын да қозғайды. Криминологияның қылмыстық антропологиялық бағытының өкiлдерi антропологиялық медициналық зерттеулер жүргiздi. Сонымен қатар, «қиын жағдай криминологиясы» («критическая криминология») деп аталатынды жакқтаушылар коғамдық қатынастарға социологиялық, политологиялық, экономикалық және басқадай талдау жасап, қылмыскердi тудыратын қоғам сипаттамасын ғана талдаса, сол жеткiлiктi дегендi айтады. Бұл ретте олар қылмыскерлiктiң өзiне, қылмыскерлердi cpттeyгe назар аудару керек деп санамайды. Бұл қылмыскерлiктi және оның себептерiн толық зерттеуге кедергi келтiретiн өзара алшақ пiкiрлер.
Жалпы криминологиялык таным диалектикалық - материалистiк iлiмдi пайдалануға негiзделедi.
Бipiншiден, кылмыскерлiк
әлеуметтiк құбылыс ретiнде
Екiншiден, қылмыскерлiк басқа құбылыстармен және процестермен өзара әрекеттестiкте, өзара байланыста талданады. Ол әрқашанда қоғамдық қатынастар тұрғысынан қаралады. Қылмыскерлiк - қоғаммен қатар тұрған бiрдеме емес, ол сол қоғамда бар, оның дәстүрлi жақтарын: саяси, экономикалық әлеуметтiк, рухани салаларын түйреп eтeтiн құбылыс.
Қылмыскерлiк адам әpeкeтінің өзге де актiлерiмен өзара байланыста, оның барлық тiршiлiгi тұрсынан қаралады.
Үшіншіден, криминологиялық маңыздылыққа ие құбылыстар (қылмыстар, қылмыскерлiк, олардың детерминациясы, себептерi және т.б.) олардың қозғалысы мен өзгерiсiнде, өткендi, осы кездi зерттеу және болашақты болжау арқылы зерттеледi.
Төртiншiден, криминологиялық маңыздылыққа ие құбылыстардың дамуы сандық, өзгерiстер жинак,тала, дами келе сапага ememiн, қылмыскерлiктiң, жан,а күйiн тудыратын процесс ретiнде қаралады. Бұл қылмыскерлiкпен күpecтi жетiлдiру үшiн маңызды болып табылады.
Бесiншiден, зерттелетiн криминалдық құбылыстардың iшкi қайшылықтары, әр түрлi жақтары да, криминалдық және басқа да әлеуметтiк құбылыстар арасындағы сыртқы қайшылыктар да ескерiледi. Сонымен қатар, iшкi және сыртк,ы қайшлык,тардын, өзара әpeкemmecтігі де назарға алынады. Қайшылықтар күpeci ғанa тиiстi құбылыстардың даму кезi болып табылады. Қылмыскерлiкпен күрес, қылмыскерлiктің алдын алу дегенiмiз - бiр жағынан келенсiз жақтардан арылу және оң жақтарға сүйену, оларды дамыту және мадақтау.
Қылмыскерлік – қоғaм жемiсi, бiрақ оған қоғам дертiнен туындай салған, көзге бадырайтып көрiнiп тұpғaн нәрсе деп қарауғa болмайды. Қоғам өзгергенде қылмыскерлiк oнымен бiрге, тез өзгере салмайды. Онда еөзiндiк ерекше сипаттама бар, сондықтан оған өзiнше қарау керек. Қылмыскерлiктi сыртқы жағдайлардың өзгергенiне қарай бipден өзгере салмайтын, туракталып қалған «бедермен» салыстыруға болады. Адамдар қатып қалған саз батпақтың бетiнен ежелгi өсiмдiк iздерiн табады. Қылмыскерлiктi талдағанда қоғамдық
қатынастардың бүгiнгi сипатамасын ғaнa емес, адамдар санасында, олардың дәстурiнде, iс-әрекетiнде сақталып қалған өткенін де көруге болады. Тiптен, қылмыскерлiктiң өзi де қоғамғa ықпал етедi.
Криминологиялық зерттеудiң методологиясы тағы да бiр проблеманың шешiмiне байланысты. Кейбiр ғалымдардың пiкiрiнше, қылмыскерлiк дегенiмiз - абстракция. Жекелеген қылмыстар және қылмыстардың жекелеген түрлерi нақты өмiрде бар. мұндай ойдың логикасы мынадай: қылмыскерлiк дегенiмiз - қылмыстардың жасалынатындығын бiлдiредi, ал жасалынатындық нәтижесiнде не туындайды, ол – көптеген мән-жайларға, адамның биологиялық және басқа да қасиеттерiне, ол үшiн қарастырылған сыртқы жағдайларға байланысты. Бұл ретте зерттеушiнi не туындайтыны емес, сол жасалынатын процесс қызықтырады деп дәлелдейдi. Басқа авторлар қылмыстылықты оның детерминация процесiмен теңдестіруге болмайды, ол оның нәтижесi, оған өзiнше назар аудару керек дейдi.
1.5.Танымның жалпы ғылыми
әдicтерiн криминологияда
Криминологиялық зерттеуде танымның мынадай жалпы ғылыми әдістері пайдаланылады.
абстрактiден нақтығa көтерiлу;
жорамал;
жүйелiк-құрылымдық талдама (жүйелiк амал);
тарихи әдic;
салыстыру;
динамикалық және статистикалық әдiстер.
1.Абстрактіден нақтыға
көтерілу. Танымның бұл әдiсi
Бұл ретте eкi маңызды кезеңдi ескеру керек:
- бұрындары жасалғандармен
танысу керек. Қылмыскерлiк
- «Қылмыскерлiк» құбылысының
және оны туындататын
2 Жорамал. Ал iздестiру бағытын көрсетедi, зерттеушi назарын шындықтың қандай да бiр кездерiне аударады, зерттеудi бiр мақсатқа бағыттауға мумкiндiк бередi.
Жорамал, бiрiншiден, криминологияда белгiленген ғылыми негiзделген ережелермен үйлесiмде болуы тиiс, екiншiден, тиiстi болжамның дәлелдi болу мүмкiндiгiмен сипатталуы керек.
Болжамның бәрi бiрдей жорамал бола бермейдi. Өзiн тексеруге тұрарлықтай болжамды жорамал деп айтуға болады. Жорамалды ұсыну, оны қалыптастыру
бұрыннан бар теориялық және эмпириялық мәлiметтерге баға берудi, оларды зерттеу пәнiмен, объектісімен және мақсатымен салыстыруды қажет етедi. Бұл жұмыс зерттеу бағдарламасын даярлау процесiнде жүргiзiледi.
3 Жүйелік амал. Бұл
әдiс саны белгiлi өзара
Криминологияда жүйелiк - құрылымдық әдiстi қолданудың eкі аспектiсiнiң өзара байланысында маңыздылық бар. Бiрiншiден, қылмыскерлiктi көптеген өзара байланысты қылмыстар мен оларды жасағaн адамдардың жиынтығы және олардың арасындағы өзара әpeкeтecтікті табу деп қарастыру. Бұл ретте қылмыскерлiктiң құрылымы, әр түрлi элементтердiң сипаттамасы, олардың өзара әрекеттестiгi талданады. Екiншiден, қылмыскерлiк неғұрлым ортақ жүйенің - қоғамның шеңберiнде зерттеледi. Қылмыскерлiктiң қоғамның әр түрлiсипаттамаларымен сыртқы байланыстары ашылады, оның iшiндегi бастылары, яғни қылмыскерлiктi тудыратын ссбептiк байланыстар бөлiнiп алынады.
Жүйелiк-құрылымдық талдау процесiнде, әдетте, математикалық әдiстер кең пайдаланылады. Криминологияда оларды пайдалану онша дамыған жоқ. Математикалық модельдеу әдiстерi шектеулi қолданылады. Сонымен қатар, корреляциялық, кластерлiк талдаулар жүргiзу және электрондық-есептегiш маашиналар пайдаланып басқа да математикалық әдiстердi қолдану практикасы кең таралған.
4 Тарихи әдіс. Ал қылмыскерлiктi тарихи тұрғыдан, қозғалыста зерттеудi қамтамасыз етедi. Қылмыскерлiкке талдау жасағанна, әдетте, қылмыскерлiктiң сипаттамасы мен үрдiсiн, сондай-ақ оның өзге құбылыстармен байланысын ашуғa мүмкiндiк беретiндей ұзақ кезең алынады.
Қылмыскерлiктiнң аймақrық
ерекшелiктерiн зерттегенде
5 Салыстырмалы әдіс. Әр
мемлекеттердегi, мемлекеттiң әр
аймақтарындағы қылмыскерлiк,
Ұқсастық әдiсi қолданылғанда кеңістік -уақытқа байланысты қылмыскерлiк сипаттамасының қылмыскерлiктiң қайталанып 'тұратын сипаттамасымен және адамдар өмірінің қайталанып тұратын жағдайымен ұқсастығымен анықталады. Тиiстi ұқсастықтар бұл жағдайлар мен қылмыскерлiктiң өзара байланыстарының фактiсi мен тeтiгiн ары қарай зерттеуге негiздеме болады. Айырмашылық әдісін пайдаланғанда қылмыскерлiктiң бiр мемлекеттерде, бiр аймақтарда кездесетiн, ал басқаларда кездеспейтiн сипаттамалары анықталады. Мұндай материалдар қылмыскерлiктiң ортаның нақты жағдайларымен себептiк байланыста екендiгi туралы болжам жасауғада және оны тексеруге де негiз болады.
6 Динамикалық және
статистикалық әдісте
Статистикалық заңдылықтарды
iздестiру құбылыстардың ортақ
Заңдылықтарды iздестiру
әрқашанда статистикалық
Статистикалық зерттеулерде жинақтап қорытылатын көрсеткіштер пайдаланылады. Оларға мынадай негізгі талаптар қойылады:
а) зерттелетiн жиынтық құрамы жағынан бiртектi болуға тиiс.
Мысалы, 1997 жылдың l-қаңтарына дейiн және одан кейiн тiркелген қылмыстарды салыстыра салуға болмайды, себебi қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексi енгізiлгеннен кейiн заң шығарушы қылмыстар қатарына жатқызатын iс-әрекеттер шеңберi өзгердi, қылмыстық кодекстiң көптеген баптарының диспозицияларының түсініктемeci де өзгерiссiз қалған жоқ;
ә) зерттелетiн жиынтық едәуiр кең ауқымды болуы тиiс, ондай болмаса кездейсоқ ауытқулар нәтижеге ықпал eтyi мүмкін.
Зерттеулер процесiнде кейде iшiнара бақылау қолданылады, 6iрәқ бұл peттe өкiлдiк (репрезентативтiк) мәлiметгер алынуы тиiс.
Криминологияда нақты-
Нақты социологиялық әдістер, яғни әлеуметтік құбылыстарды орын мен уақыттың нақты жағдайларында және олардың нақты көрініс табуда зерттеу әдістері криминологиялық зерттеулерде маңызды орын алады. Бұл әдіс кешені мыналарды қамтиды:
Құжаттарды зерттеу;
Анкета және сұхбат түрiнде сұрақ беру;
Байқау жургiзу (тiкелей немесе сырттай);
Эксперимент.
құжаттарды зерттеуге тура келедi, олар статистикалық есептер, iстердiң материалдары, қылмыстар туралы арыздар мен оларға қайтарылған жауаптар, шағымдар, бақылаушы органдардың материалдары, сот-медициналық сараптама
орталығынынң бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары. Сонымен қатар, аймақтардың төлқұжаттары, әлеуметтiк-экономикалық талдаудың жинақтап қорытылған нәтижелерi, қылмыскерлiккe және онымен байланысты құбылыстарға бұрын жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерi және басқа да құжаттар зерттеледi.