Криминологияны ғылым ретінде қарау

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 15:57, лекция

Описание работы

Бұл криминология пәнінде қылмыстыққа жалпы сипаттама беріліп, Қазақстан Республикасындағы қылмыстықтың жалпы жағдайы, деңгейі, себептері, алдын-алу шаралары қарастырылып,қалай әсер ету мүмкіндіктері мазмұндалған.
Қылмыс пен қылмыстық әрекет, қылмыскердің жеке басы, қылмыстың себептері, алдын-алу, қылмыстылықты зерттеу, зерделеу, болжау, жоспарлау осы криминологияда көрініс тапқан. Сондай-ақ, лауазымды адамдар қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы, кәмелетке жасы толмағандар қылмыстылығының ерекшеліктері, абайсызда жасалған қылмыстылық, оның ерекшеліктері қаралып, терең талдау жасалған.

Содержание

Аннотация
Глоссарий
Дидактикалық жоспар
1. Криминологияны ғылым ретінде қарау
1.1 Криминология пәні және оның мазмұны
1.2 Криминологияның ғылым ретінде қалуптасуы және дамуы
1.3 Криминология ғылым жүйесінде
1.4 Методология және әдістеме ұғымы
1.5 Танымның жалпы ғылыми әдістерін криминологияда қолдану
1.6 Криминологияда нақты-социологиялықәдістерді қолдану
1.7 Криминологиялық зерттеулердің әдістемесі
Өзіндік жұмыстың тапсырмалары
Әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Криминология.doc

— 261.00 Кб (Скачать)

  • 4.9 Объектілердің сипаттамалары және қылмыстық қастандықтың тәсілдері негізінде бөлінетін қылмыскерлік түрлерінің ерекшеліктері

  • 4.10 Ұйымдасқан қылмыскерлік, оның рецедивтік және кәсіби қылмыскерлікпен өзара байланысы 

 

  •  

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    file://C:\Documents and  Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП  Раиса\IN... 10.04.2007

    11

     

    Криминологияны ғылым  ретінде қарау

    Егер сөзбе-сөз ұғынсақ  криминология дегенiмiз кылмыскерлiк  жайындағы iлiм: Crimen-қылмыс, logos -ілім. Бiрақ  криминология ғылымының нақты мазмұны едәуiр күрделi әpi көп аспектiлi. Ол жекелеген кылмыстардың ғана емес, жаппай кылмыстық әрекет ретiндегi қылмыскерліктің де заңдылығын зерттейдi, адам неге қылмыс жасайды? Өз проблемаларын шешу үшiн көптеген адам, неге кылмыс жолына түседi? Ондайға жол бермеу үшiн не iстey керек? - деген cұрақтарға жауап бередi.

    Кез келген басқа ғылым  сияқты криминология да заңдылықты зерттейді. Криминологияның айрықша пәні –  заңдылықтар; а) қылмыскерліктің барлық көріністері; ә) кылмыскерлiктiң, детерминациялары мен себептiлiгi; б) кылмыскерлiктiң әр түрлi ықпалға ұшырайтындығы.

    Қылмыскерліктің әр түрлі көрініс  табуы мыналарды қамтиды: қылмыс немесе жеке қылмыстық әрекет; кылмыскерлiктiң  әр түрлі  негіздер бойыншабөлiнiп  алынатын жекелеген түрлерi (экономикалық, мемлекеттiк, кәмелетке толмағандардың, әйелдердiң және т.б); мемлекеттiң белгiлi бiр аймағындағы, мемлекеттегi адамзат коғамының әр түрлi кезеңiндегi қылмыскерлiк.

    Осы айтылғандардан мынадай тұжырым  жасауға болады:  қылмыскерлік - адамзат  тарихында бұрын болған және қазiргi бар қоғамдардың барлығының да ажырамас бөлiгi'.

    Криминология кылмыскерлiктi орын мен уақыттың нақты жағдайында зерттейді. Криминолог қоғамға, адамға, бiр жағынан, «қылмыскерлік арқылы», кылмыстық  әрекет арқылы қарайды. Тек қылмыскерлiк, оның себептерi жане онымен күрес - криминологияға негiзгi керектiлер осылар. Қылмыскерлiктен бастау алып ол оның себептерiнiң, онымен күpecтi ұйымдастырудың,, оның алдын алудың талдамасына тереңдеген сайын қоғам мен табиғатта бар басқа да кең әpi күрделi проблемаларға шығады. Философ, керiciнше, қылмыскерлiктi көптеген құбылыстардың бiрi ретiнде, барлық басқалардың өзара байланысы, өзара әрекеттестiгi контексiнде қарайды. Философтар қылмыскерлiкке табиғат пен қоғамның  жалпы заңдылықтарын зерттеуге байланысты талдама жасайды.

     

    file://C:\Documents and  Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП  Раиса\IN... 10.04.2007

    12

    Нақты өмiрде қылмыскерлiк  пен басқа келеңсiз әлеуметтiк  ауытқулар (алкоголизм, маскүнемдік, наркомания, көлеңкелi экономия жене т.б.) арасындағы шекараны дәл анықтау қиын. Оларды оқшаулап қарау салыстырмалы, жасанды болып шығады.

    Қолданыстағы заң қылмыскерлiктiң  шекарасын көрсетедi, бiрақ криминологиялық  зерттеулердiң шекарасы одан бiршама  кең. Қоғам мен заң өзгергенде қылмыс және қылмыс емес деген ұғымдар да өзгередi. Криминолог белгiлi бiр iс-ерекеттердi криминалға жатқызу (оларды заң бойынша қылмыс деп тану) және криминалға жатқызбау (тиiстi iс-әрекеттердi заң бойынша қылмыстар қатарынан, яғни қылмыстық жазаланатындар қатарынан алып тастау) туралы меселеге өз үлесiн қосады. Қылмыс жасайтын адамдарды зерттей келе криминологтар мынаны байқады: ұдайы құбылып отыратын жағдайда олардың қоғамға қауiптi әрекеттерi өз нысанын өзгертедi екен, ал бұл нысанның өзгеруiнен сол әрекет екенiн қоғамға қауiптiлiк сипатын жоғалтудың орнына, кейде бұрынғыдан да бетер қауiптi болады екен. Мұндай жағдайда қылмыстық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу керек. Заңның криминологиялық келiсiмдiлiгiн, оның қоғамға аса қауiптiлiк келтiретiн жаңа шындыққа сәйкестiгiн осы криминологтар қамтамасыз етедi. Қылмыстық құқық саласындағы мамандарда құбылмалы кезде қоғамға қауiптi әрекет нысанының өзгеретiндiгi жайында толықтай деректер болмайды.

    Сонымен крuмuнолог қылмыскерлiк пен келеңсiз әлеуметтiк ауытқулардың өзге нысандарының өзара   байланысындағы, олардың қоғамға қауiптi әрекетке айналуындағы заңдылықты зерттейдi.

    Профессор Г.М. Минковский бейнелеп айтқандай, криминологтердiң назар аударатын объектiлерi қалайда «фондық құбылыстар» болуға тиiс. Бiрақ криминологтер оларды толық көлемде емес, тек олардың қылмыскерлiкпен байланысын ғана зерттейдi.

    К,ылмыскерлiк детерминациясы жене себептiлiгi - бұл, жалпы алғанда, к,ылмыскерлiктiн. к.огамда туындау процесi (елеуметтік детерминация) жене сол процестi тудыратындарды, себептiк байланыстарды белiц алу (себептiлiк).

     

    file://C:\Documents and  Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП  Раиса\IN... 10.04.2007

    13

    Қылмыскерлiк детерминациясымен  себептiлiгi, жалпы, қoғaмдағы, мемлекеттегi, аймақтағы қылмыскерлiктiң, белгiлi бiр  әлеуметтiк топ өкiлдерiнiң қылмыскерлiгiнiң, қылмыскерлiктiң кейбiр түрлерiнiң, жеке қылмыстық әрекеттiң қандай да бiр кезеңде дамуын зерттейдi.

    Бұл ретте тек қоғамның қылмыскерлiкке ғана емес, сонымен  қатар қылмыскерлiктiң қоғам өмірінің әр түрлi жақтарына ықпал ету процесi де талданады.

    Кылмыскерлiктiң әр түрлi ықпалға ұшырау заңдылығын талдағанда алдында қылмыскерлiкпен күрестің неғұрлым тиiмдi жолдарын iздестiру мақсаты тұрады.

    «Қылмыскерлiкпен күрес» - күрделi, көп аспектiлi к.ызмет, ол қылмыскерлiктiң  өзiне және оның себептерiне, жағдайға ықпал етудi қамтиды. Бұл қызмет қылмыскерлiкпен күpecтi жалпы ұйымдастыруды да, қылмыскерлiктiң алдын алуды да, құқық қоргау қызметiн де қамтиды. Егер алғашқы eкi меселе, негiзiнен, криминолгтердiң назарын аударатын басты объектiлер болып келсе, ал құқық қорғау қызмeтi - оның жүйелiлiriн қамтамасыз ету жене криминологиялық келiсiм тұрғысынан алынады. Құқық қорғау қызментінің кейбiр бағыттарын қылмыстық процесс,  жеделіздестіру қызметi бойынша мамандар және басқалар анықтайды.

    Криминолог - жан- жақты  экономикалық саяси, әлеуметтiк, құқықтық және басқа да ұсыныстар бере алатын әмбебап маман емес. Қоғам өмірінің  экономикалық саяси жене басқа да салаларын, құқықтың әр түрлi салаларындағы  мәселелердi тереңiрек талдаған сайын  ол алғашында басқа мамандармен ынтымақтастықта болады, кейiннен «эстафета таяғын» олардың қолына ұстатады, содан кейін барып олар қылмыскерлiктi тудыратын себептермен жағдайларды жоюдың нақты жолдарын анықтайды.

     Бұл ретте криминологте  оның өзiне ғана тән зерттеу саласы болады: тiкелей қылмыскерлiк туындайтын әр түрлi әлеуметтiк құблыстар мен процестердегi (әлеуметтiк, саяси жене баска) өзара байланыстылықты бөлiп алу. Ол өзi алған нәтижелер жайында  экономистердi, саясаткерлердi, социологтердi, құқық

     

    file://C:\Documents and  Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП  Раиса\IN... 10.04.2007

     

    14

     қорғаушы және басқа  мемлекеттiк органдарды, жұртшылықты  хабардар етедi. Бiрақ криминолог, ендi болды, бұдан былай жұмыссыздық та, кедейлiк те болмайды, қылмыскердiң ешқайсысы жазасыз қалмайды деп қол қусырып oтыруғa тиiс емес. Ол жұмыссыз азамaтrapдың қандай бөлiгi кедейлiк сатысынын ең төменгi баспалдaғына тұрғандығын, сол себептi олардың қылмыс жасайтындығын ашып көрсетyi тиiс. Бiрақ ондай адамдардың iшiнде қылмыс жасамайтындар да бар. Тиiсiнше, кейбiр тұрақты тepic құбылыстарды тез жою жөнiнде меселе көтермесе де, криминолог өз ақпаратымен олардың криминогендiк әpeкeттepін бейтараптандыруға, оң факторлармен өзара қатынасын камтамасыз етуге көмектесе алады (қapттapғa, мүгедектерге экономикалық көмек; еңбекке жарамды адамдарды жұмысқа орналастару; қылмыспен келген табысты «жуып-шаюға» жол бермеу және т.б.).

    Сонымен қатар криминолог қылмыскерлiктi азайтуға ықпалын тигiзетiн құбылыстарды назаpға алады - ол тек криминогендiк қана емес (кылмыскерлiктi туындататын), сонымен қатар антикриминогендiк (туындауға тосқауыл болатын) мән-жайларға да баса көнiл аударады.

    Оның антикриминогендiк процестер  жайындағы ақпараты қылмыскерлiкпен күресте батымды шара қабылдауға көмектеседі.

    Сонымен, бiрiншiден, криминология өмiрдегi барлық жағдайға жан-жақты ұсыныс беретiн  әмбебап ғылым емес, екiншiден, қылмыскерлiкпен күрес проблемасын орын мен yaқыттың нақты жағдайларында шеше отырып ол өз бағытын ұстанады.

    Криминологиялық тұжырымдар әлеуметтiк  қайта өзгеру процесiнде қолданысқа алынады, солай болуға тиiс те, бiрақ  криминолог пен революционердi, криминолог пен билiк басындағылардың жауын ажырата бiлу керек.

    Криминолог ic жүзiнде әрқашан қоғамғa оның денесiндегi сыздауықты, әлеуметтiк басқарудағы қателiктердi көpceтeтін сыншы рөлiн атқарады, себебi қылмыскерлiк оң жетiстiктерден, жақсы өмiрден туындамайды. Ал, оның ұсынысы болмаса қылмыскерлiктiң тасасында тұрған, кейде қоғамға

     

    file://C:\Documents and  Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП  Раиса\IN... 10.04.2007

    15

    «қылмыскерлiк арқылы» карағанда ғана көрінетін тepic құбылыстардан арылу мүмкін емес.

    Криминологиялық құбылыстарды ескеру - қоғамдық қатынастарды құрбансыз және астан-кестен төңкерicсiз,  ғылмға сүйенiп қайта құру жолындағы маңызды қадам.

    Әлеуметтiк жетiстiктердi емес, қателiктердi ғана көрсеткені үшiн  криминологтi айыптау пациенттiң  келicтi түр-түсiн, инабаттылығын, жақсы қасиеттерiн сөз етпей, оның ауруы жайында, оны емдеудiң жолын айтқан дәрiгердi айыптағанмен бiрдей.

    Мұны айтып oтырған себебiмiз, КСРО кезiнде криминологиялық зерттеулерге отыз жылдан аса уақыт тыйым салынғанан едi. Ол тыйым Қылмыскерлiк пен қылмыскердi зерттеу жөнiндегi мемлекеттiк институт қайта ұйымдастырылып, Орталық статистика басқармасының моральдық статистика бөлiмi таратылған 30 жылдардың басынан Қылмыскерлiктiн себептерiн зерттеу және оның алдын алу шараларын қарастыру жөнiндегi бүкiл одақтық институт шығарылған 1963 жылға дейiн созылды. Бұл кезенде қылмыскерлiк проблемалары бойынша, бiрақ қылмыстық құқық криминалистика және басқа пәндер шенберiнде жекелеген ғылыми зерттеулер жүргiзiлдi. Іc жузiнде әңгіме күрделi де бүтiндей ерекше құбылыс болып табылатын қылмыскерлiк жайында емес, жекелеген қылмыстармен күрес жайында ғана едi.  

    КСРО құрамында болған мемлекеттердегi социализмнiң ыдырауы  қылмыскерлiктiң себептерiне, әcipece, наркобизнес, жезөкшелiк, валюталық операциялармен жасалатын қылмыстардың себептерiне жаңаша көзқарасты талап етті.

    ТМД елдерiнде алғашқы  Криминологиялық ассоциация 1991 жылы кұрылды. Қазақстан Республикасында  да Криминологиялық Ассоциация 2000 жылы кұрылып, аталған ұйымның "Қылмыстылыктың алдын алу" (Предупреждение преступности) журналы 2001 жылдан бастап жылына eкi рет жарық көре бастады. Алғашқы Қазақстанның Криминологиялық ассоциациясының төрағасы болып заң ғылымдарының докторы, профессор И.И.Рогов сайланды.

     

    file://C:\Documents and  Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП  Раиса\IN... 10.04.2007

    16

    Криминологияның ғылым  ретіндегі мазмұн - бұл дегенiмiз: қылмыскерлiктi, оның өзгерiстерiн, аймактық және әлеуметтiк топтық ерекшелiктерiн зерттеу және бағалау; тиiсті қылмыскерлiктiң детерминация және себептiлiк процестерiн оның өзгерiстерi мен айырмашылықтарын зерттеу және бағалау қылмыскерлiкпен күрес жөнiнде, сондай-ақ крминологиялық зерттеулердiң методологиясы мен әдiстемесiне қатысты ұсыныстар дайындау.

    Криминология пәнiнiң анықтамасымен салыстырып қарасақ мұнда, бiрiншiден, қылмыскерлiктi, оның детерминация және себептiлiк процестерiн, екiншiден, қылмыскерлiкпен күрес жөнiнде криминологиялық зерттеулердiң методологиясы әдiснамасы мен әдiстемесi бойынша ұсыныс дайындауды көрсету өзiнше жаңалық болып табылады.

    Кез келген ғылымның методологиясы  мен әдiстемесi маңызды рөл атқарады, себебi олар әрқашанда зерттеу объектiсiне «байланыстырылады» және оның нәтижелерiнiң сенiмдiлiгiн, растығын анықтайды. Зерттеу әдiстемелерi мен әдiстерiнiң өзiндiк ерекшелiктерi осы әдiстердi игерген мамандардың сондай-ақ арнаулы зерттеу мекемелерiн ұйымдастырудың қажет екендiгiн талап етедi.

    Криминология бойьшша 60 жылдары  шыққан алғашқы оқулықтарда оның пәнi мен мазмұнын қарастырғанда жеке басы сөз болмайды. "Қылмыскердiң тұлғасын жалпы анықтаудан теория жүзiнде бас тарту дегенiмiз жеке дараны әлеуметтiк айналдырудан бас тарту деген сөз, ол ойлап қарасаңыз криминологиялық теорияны әдiстемелiк негiзден айырады" – деп У.С. Жекебаев дұрыс айтқан болатын. Кейiн қылмыскерлiкпен, оның себептерiмен, қылмыскерлiктiң алдын алу шараларымен қатар ол жайында сөз қозғала бастады. Ондағы мақсат - криминологтердiң оған өзiнше бөлек назар аударуы керек екендiгiн, қоғамдық қатынастарды зерттеу қылмыскердiң жеке басын зерттеудi алмастыра алмайтындығын, ал қылмыскерлiкке және оның себептерiне ықпал ету - адамның өмip салтын cayықтыpy және белгiлi бiр жеке мiнезқұлықты түзету екендiгiн көрсету едi. Криминология пәнiн, оның мазмұнын анықтаудағы мұндай көзқарас өзiн ақтады, себебi ол, мысалы, қылмыскердiң жеке басын криминологиялық зерттеудiң дамуына септiгiн тигiздi. Осы күні зерттеулер нәтижелерiнiң маңыздылығы даусыз, ендi криминологияның пәнi мен мазмұнын анықтауда қылмыскердiң жеке

    file://C:\Documents and  Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП  Раиса\IN... 10.04.2007

    17

     

    басын қылмыскерлiктен бөлек, оның себептерi мен алдын алу шараларынан  бөлек сөз етуге болмайды. Қылмыскердің жеке басын криминология пәнiнде бөлiп алудың жасандылық сипаты бар, ол жайында алда сөз болады.

     

     

     

    Информация о работе Криминологияны ғылым ретінде қарау