Криминологияны ғылым ретінде қарау

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 15:57, лекция

Описание работы

Бұл криминология пәнінде қылмыстыққа жалпы сипаттама беріліп, Қазақстан Республикасындағы қылмыстықтың жалпы жағдайы, деңгейі, себептері, алдын-алу шаралары қарастырылып,қалай әсер ету мүмкіндіктері мазмұндалған.
Қылмыс пен қылмыстық әрекет, қылмыскердің жеке басы, қылмыстың себептері, алдын-алу, қылмыстылықты зерттеу, зерделеу, болжау, жоспарлау осы криминологияда көрініс тапқан. Сондай-ақ, лауазымды адамдар қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы, кәмелетке жасы толмағандар қылмыстылығының ерекшеліктері, абайсызда жасалған қылмыстылық, оның ерекшеліктері қаралып, терең талдау жасалған.

Содержание

Аннотация
Глоссарий
Дидактикалық жоспар
1. Криминологияны ғылым ретінде қарау
1.1 Криминология пәні және оның мазмұны
1.2 Криминологияның ғылым ретінде қалуптасуы және дамуы
1.3 Криминология ғылым жүйесінде
1.4 Методология және әдістеме ұғымы
1.5 Танымның жалпы ғылыми әдістерін криминологияда қолдану
1.6 Криминологияда нақты-социологиялықәдістерді қолдану
1.7 Криминологиялық зерттеулердің әдістемесі
Өзіндік жұмыстың тапсырмалары
Әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Криминология.doc

— 261.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

file://C:\Documents and  Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП  Раиса\IN... 10.04.2007

18

 

1.2. Криминологияның ғылым  ретінде қалыптасуы және дамуы

 Қылмыстардың себептерi, олар үшiн жауапкершiлiк принциптерi туралы көптеген негiзге алынатын  идеялар адамзат тарихының бастапқы  кездерiнде-ақ пайда болған  Криминология  тарихы, өзiнше дербес ғылым peтiндe 19 ғасырдан басталды, жаратылыстық-ғылыми әдiстердi қолдану аясы кеңiдi. Олар қоғамдық ғылымдарға да ене бастады.

19 ғасырдың l-жартысында  криминологияның дербес ретiнде  қалыптасуына зерттеулердiң мына  төрт түpi айқын әcepiн тигiздi: 1) антропологиялық; 2) статистикалық; 3) әлеуметтiк-экономикалық, социологиялық және т.б., олар арқылы қылмыскерлiк факторларына және оларға ықпал ету тетіктерінe талдау жасалды; 4) әлеуметтiк-құқықтық.

Антропологиялық зерттеулердiң  негiзiн қалаушы френолог Галль  болатын. Ол қылмыс жасайтын адамдарды үш категорияға беөлдi, қылмыскерлердi биологиялық топтастырудың басын бастады. Кейiн туа қылмыскеp деген идеяны бұрынғы түрме дәрiгерi, сот-медицинасының итальяндық профессоры Цезарь (немесе Чезаре) Ломброзо тамаша негiздедi. «Қылмыскер болып туады»- дедi ол өзiнiң алғашқы еңбегiнде. Кейiн ол туа қылмыскер болу типтердің бiреуi ғана, ал өсе келе өмip ықпалымен қылмыскер болатын басқалар да бар eкенін мойындады. Ламброзоның бұл жұмысы күштi дау туғызды: бiр авторлар оны қолдады, басқалары оның идеясын қолдамады, өздерiнше зерттеулер жүргiздi. 19 ғасырдьщ соңы - 20 ғасырдың басында қылмыстық антропология жөнiнде бiр қатар халықаралық конгрестер eттi, оларға қатысқандардың көбiсi Ломброзо теориясын сынады.

Ломброзо болса қылмыскерлердi және қылмыс жасау себептepiн зерттеу aуқымын кеңейтiп, айтысты жалғастырды. Ол өзiнiң кейiнгi жұмыстарында сыртқы ортаның қылмыскерлiкке ықпал eтетін ер турлi факторларына назар аударды, туа қылмыскер болатындық туралы теориясынан бас тартпаса да бiртiндеп әлеуметтік факторларға көңіл бөле бастады .

Ломброзоның идеясын  оның шәкiрттерi - белгiлi итальян ғалымдары  Рафаэль 

 

file://C:\Documents and  Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП  Раиса\IN... 10.04.2007

19

Гарофало мен Энрико Ферри дамытты, олар қылмыскерлiктiң әлеуметтiк факторларына баса назар аударды. Ферридiң пiкiрiнше, антропологиялық мектептiң айырықшылығы сонда, ол органикалық және психикалық келбеттерi, мұралаған және жүре бiткен қасиеттерi арқылы қылмыскердің жай адамнан өзгеше екендiгiн мойындады (раr des anormalitus organiques et psychiques), қылмыскерлердi адамзат тұқымының ерекше бiр түpi деп санады (иnе classe speciale, unе variutu de lespuce humaine). Тиiсiнше, жазаны, қоғамның осы «адамзат тұқымының бiр түрінен» қорғанысы ретiнде қарады.

Бұл бағытты жақтаушылар  Францияда және басқа да елдерде  болды. Ресейде П.Н. Тарановскийдiң  Д.А. Чиждiң жұмыстары, бiршама Д. Дрильдiң  және басқа авторлардың жұмыстары  антропологиялық бағытқа жақын болды.

Айтулы криминологиялық жұмыстардың бiрi - «Кылмыскерлiктiң экономикалық факторының» авторы Ван-Кан кейiндерi былай деп жазды: «Ламброзонның еңбегi сонда, ол криминология саласындағы ойды оятты, жүйе құрды, тапқыр және батыл гипотеза жасады, ал нәзiк талдамалар мен түйiндi тұжырымдарды ол өз шәкiрттерiне қалдырды».

Ресейде А.Хвостов, Францияда  А.Герри, Бельгияда Э.Дюкпетью қылмыскерлiк жайында жинакталған деректерге арнаулы статистикалық зерттеулер жүргiздi. Олардың қылмыскерлiктегi заңдылықты зерттеу үшiн қаншалықты маңызды екендiгiн бельгиялық математик әpi статист А.Кетле айқын көрсете бiлдi. 1836 жылы А.Кетленiң «Адам жене оның қабiлетiнiң дамуы немесе қоғамдық физика тәжiрибесi» атты шығармасы жарық көрдi, онда автор былай деп жазды: «Қылмысқа қатысты нәрселердiң бәрiнде сандар соншалықты тұрақты қайталанады, ол жағдайға назар аудармасқа болмайды. Қылмыстардың белгiлi бiр түрлерiнiң жыл сайын ұдайы қайталанып тypaтыны және олар үшiн берiлетiн жаза түрлерiнiң де сол пропорцияда болатындығы қылмыстық соттың бiзге берiп отырған қызықты статистикалық мәлiметтерi; мен оларды өзiмнiң әр түрлi шығармаларымда бетке ұстадым, әрқашан қайталаудан жалықпадым: таңғаларлық делдiкпен төлем жасап тұратын бюджет бар, ол - зындан, түрме, эшафот бюджетi; сол бюджеттiң азаюын ойластыруымыз керек».

 

file://C:\Documents and  Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП  Раиса\IN... 10.04.2007

20

Мұндай зерттеулердi басқа  авторлар да жалғастырды, олардың көмегімен, бipiншiден, қылмысты немесе қылмыстарды зерттеуден статистикалық заңдылығы бар жаппай әлеуметтiк құбылыс болып табылатын қылмыскерлiктi зерттеуге қадам жасалды, екiншiден, қылмыскерлiк туралы статистикалық мәлiметтердегi өзгерiстер мен қоғамдары өзгерicтер арасындағы өзара байланыс көрсетiлген.

Ал, әлеуметтiк-экономикалық социологиялық зерттеулердi алатын болсақ көптеген авторлар (Ферри, Гарофало, Марро, кейiнiрек Ашшафенбург және басқалар) қылмыскерлiктiң әр түрлi әлеуметтiк  факторлармен статистикалық байланысын көрсетті.

1844-1845 жылдары жас Фридрих Энгельс «Англиядағы жұмысшы табының жағдайы» атты кiтап жазды, онда «Өз байқауым және шын көздер бойынша» деген тарау бар. Бұл ic жүзiнде қоғамдық жағдайлардың қылмыскерлiкке ықпал ету факторын ғана емес, ондай ыкпалдың тетігін, қылмыскерлiктiң әлеуметтiк мәнін алғаш рет тepeңipeк зерттеу болды. «Әлеуметтiк тәртiптi сыйламау өзiнiң ең ақырғы сатысында - қылмыскерлiкте айқын көpiнic табады. Жұмысшыны моральдық азғындауға алып келген себептер әдеттегiден гөpi күштiрек, жиналып әрекет eтeтiн болса, онда, Реомюр бойынша 80 градуста су суйық күйден газға өтeтіні сияқты жұмысшы да қалайда қылмыскерге айналады»- деп жазды Ф .Энгельс. Қылмыскерлiк дегенiмiз әлеуметтiк соғыстың көрініc табуы, Энгельс айтқандай, «әpкім өзiн ойлайды, өзi үшiн 6асқалардың бәрiне қарсы тұрады, ал өзiнiң қас жауы болып табылатын сол басқаларға зиян келтiру керек пе деген меселенi тек өз қамына байланыстырып шешедi. Қылмыскерлiк кестесі көрсетiп отырғандай, бұл шайқас жылдан жығa ушығып, етек алып барады; жауласушы тараптар бiртiндеп өлiспей берiспейтiн eкi лагерге бөліне бастады: мұнда - буржуазия, анда - пролетариат. Бұл барлығының барлығына қарсы және буржуазияның пролетариатқа қарсы соғысы бiздi таңдандырмау керек, себебi ол жеке бәсекелестiк принципiнiң бiртiндеп жүзеге асуы болып табылады.

Фридрих Энгельс, бiрiншiден, адамдар мiне-зқұлқындағы жалпы келеңсiз әлеуметтiк ауытқулардың себептерiн емес, тек қылмыскерлiктің себептерiн

file://C:\Documents and  Settings\Администратор\Рабочий  стол\ЭУИ УП  Раиса\IN... 10.04.2007

 

21

негiздедi; екiншiден, жеке мүдденiң epкін бәсекелестiктiң толық  үстемдiгi, жеке меншiгi жоқ жалдан6алы еңбек адамдарының мүдделерi мен құқықтарын ешбiр елемеушiлiгi орын алып отырған жағдайдағы қылмыскерлiк заңдылығын көpceттi. Осыдан барып қоғамдық және саяси мекемелердi, қоғамның қоғамдық-әлеуметтiк қалпын өзгерту қылмыскерлiкпен күрес шараларының ең 6астысына айналады.

Әлеуметтiк-құқықтық зерттеулердiң  құқық социологиясының дамуы қылмыстардың әлеуметтiк негiзiне, құқық нормаларының бұзылу себептерiне, қылмыс үшiн жаза қолданғанда оларды ескеру қажеттiгiне назар аударды, талап eттi. Қылмыстық саясат туралы iлiм пайда болды.

Қылмыстардың себептерiмен және олардың алдын алу шараларымен криминалистер айналыса 6астады. Жапония профессоры Кан Уэда өз елiндегi криминологиялық зерттеулердiң пайда болуын қалыпты, саясат пен түрме iciнe жасалған реформамен байланыстырады.

Осының бәpi қылмыскерлiк жөнiндегi арнаулы зерттеушiлердiң оның заңдылықтары мен себептерiн зерттеудiң яғи криминологияның пайда болуына әкелдi.

Римдегi кассациялық соттың прокуроры  барон Р. Гарофало өзiнiң 1890 жылы жарық  көрген кiтабын «Криминология» дел  атаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

file://C:\Documents and  Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП  Раиса\IN... 10.04.2007

22

1.3. Криминология ғылым  жүйесінде

Бiрқатар авторлар криминологияны пәнаралық ғылым деп санайды, криминалист заңгер де, қоғамтанушы  да болуы тиiс дейдіi. Бұл криминалист  үшiн мақтанарлық жай. Бұндай көзқарас бiрқатар тактикалық мәселелердi шешерде қиындық тудырады. Мысалы, криминологгердi қай мамандық шеңберiнде дайындау керек? «Пәнаралық» ғылы деген не? Ол қай пәндер арасында?

Сонымен қатар, пәнаралық зерттеулер мен пәнаралық ғылымды айыра бiлу керек. Мұндай зерттеулерге әр түрлi мамандар қатысады, ал маман-криминолог деген кім, oған не үйрету керек, оны базалық даярлау қандай болуы тиiс?

Бұл мәселелер әр түрлi шешiлдi және шешiлiп келедi. Бұған негiзi төрт көзқарас бар:

1. Криминология - қылмыскерлiк социологиясы және зерттеушiнi социологиялық даярлау базалық болуы тиiс. Осыған байланысты бiрқатар мемлекеттерде криминологияны заңгерлер емес, болашақ социологгер өтедi (АҚШ, Ұлыбритания және т.б.).

2. Криминология – заң ғылымы және мамандарды заңдық даярлау базалық болуы тиiс. Оған мынадай аргументтер келтiрiлген: қылмыстың шекарасын заң белгiлейдi, қылмыскерлiкпен оның барлық аспектiсiнде күресудi заң құқық бұзушылыктың басқа түрлерiмен және өзге де келеңсiз әлеуметтiк ауытқулармен салыстырғанда өте мұқият реттейдi.

Ресейде, Батыс Еуропаның  бiрқатар мемлекеттерiнде криминологияны заң факультеттерiнде өтедi. Тиiсiнше, криминология, заң мамандықтарының бiрi ретiнде қаралады. Бұл ретте, криминолог, басқа маман-заңгерлерге қарағанда социологияны, әлеуметтiк психологияны жақсы бiлуге тиiс деген ұғым бар. Басқа сөзбен айтқанда, криминология әлеуметтiк-құкықтық ғылым деп саналады. Шындығына келгенде, юриспруденцияға, әлемге социологиялық кең көзқараста болу тән. Сондықтан да болар, болашақ заңгерлер философияны да, психологияны да, экономиканы да, статистиканы да, сот психиатриясын да, сот медицинасын да өтуге тиiс. Юриспруденция (Заңнама) жалаң зандық-догматикалық көзқарастан әлдеқашан өтiп кеттi. Әрине, заңгерлердi мамандандыру бар. Ол

file://C:\Documents and  Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП  Раиса\IN... 10.04.2007

 

23

заңгерлердiң философия  негiзiн, психологияны, статистиканы жене т.б. бiлуiмен

шектелмейдi. Олар «криминалдық цикл» деп аталатын пәндердi жақсы игеруi тиiс (қылмыстық құқық  қылмыстық процесс, сот статистикасы және т.б.).

3. Криминологиялық зерттеулер - бұл бәрiнен бұрын, адамның мiнез-құлқын зерттеу, сондықтан оны маман-психологтер, психиатрлар жүргiзуi тиiс. Бұл «клиникалық» криминология деп аталатынның өкiлдерiне тән. Бiрақ соңгы онжылдықтар практикасында мұндай көзқарас социологиялық, экономикалық, заңдық және басқа танымдар ескерiлiп жүзеге асырылатын, яғни кешендi немесе пәнаралық деп саналатын криминологиялық зерттеудiң объектiсiне айналды.

4. Криминологиялық зерттеу, бұл – пәнаралық зерттеу. «Криминология - айрықша тұтастық құрайтын әр түрлi бiлiмдер мен әдiстердiң жүйесi, сондай-ақ

қылмыскерлiктi зерттеуге  бабағытталған пәнаралық ғылыми-зерттеу қызметiнiң айрықша жүйесi» деп санайды В.Б.Лершин мен А.Н.Лодрядов. Мұндай көзқараспен криминологияны «кешендi ғылым» деп те атауға болады.

Мынадай сұрақтар туындайды: құқықпен қоса социология туралы неге сөз болады? Неге экономика, саясаттану және басқа ғылымдар жайында емес? Ал социология дегенiмiз - қогам өмірінің әлеуметтiк саласының заңдылығын зерттейтiн қогамдық ғылымдардың бiрi ғана.

60 жылдары КСPO-да криминология  қайта дамығаннан кейiн өмiрдiң  өзi эксперимент қоя бастады. Қылмыскерлiктiң  себептерiн зерттеу және олардың  алдын алу шараларын дайындау жөнiндегi бүкiл одақтық институттың кадрлары философия, заң социология, психология және басқа салалардың мамандарынан жинақталды. Басқаларына қараган дща заңгерлер криминологиялық зерттеулердi тез игерiп кеттi. Алғашында қиындық көрдi, себебi олар криминологияны жоғары заң оқу орындарында оқымаған едi, тек аға буын криминологтермен қатынаста болды, кiтапханаларды пайдаланды, басқа мамандармен зерттеулерге, жарыссөзге қатысты. Отандық криминологияның қазiргi мектебiн құрған сол заңгерлер едi.

Заң бiлiмi криминологтерге, қажеттi жагдайларда, нақты құқықтық шешiм ұсынуға, адресаттардың құқықтық құзыретiн ескере отырып өз ұсыныстарының адресаттарын дәл таңдауға мумкiндiк бередi. Криминологтің тергеушi, прокурор, судья, адвокат болып жинақтаған тәжiрибесi де елеулi рөл атқарады. Бұл

file://C:\Documents and  Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП  Раиса\IN... 10.04.2007

24

қылмыскерлiктi де, онымен күрестің жолдарын да нақты жағдайда көрiп-бiлуге мүмкiндiк бередi.

Ресейде және юриспруденция  шеңберiнде өзi дамыған басқа елдерде  криминология криминалдық цикл ғылымдары  үшiн (қылмыстық, қылмыстық-атқару иқұқығы, қылмыстық процесс, криминалистика, жедел-iздестiру қызметi, сот психологиясы және т.б.) жалпы теориялық ғылымға айналды. Криминалдық цикл ғылмдарының саны тұрақты емес.

Криминология мен бұл  ғылымдардың арақатынасын мемлекет және құқықтық теориясы мен басқа  заң пәндерiнiң арақатынасымен салыстыруға  болады.

Криминология жөнiндегi оқулықтар мен оқу орындарында Криминологияның прокурорлық қадағалаумен, азаматтық құқықтық және процеспен, басқа дақұқықтық мамандықтарымен, сондай-ақ өге де қоғамдык, ғылымдармен философиямен, политологиямен, социологиямен, экономикамен, демографиямен,.әлеуметтiк және жалпы психологиямен, статистикамен тығыз байланыста екендiгi жайында айтылrан.

Криминологияда сөзсiз  практикалық сипат бар екендiгiн  көрсетуге болады: оның ұсыныстары негiзiнде қылмыскерлiкпен күрестің бағдрламасы жасалады, заңнамалар өзгередi, қоғамдық қатынастар жетiлдiрiледi, қылмыстардың себептерi, қылмыскердiң жеке басы туралы мәлiметтер көрінic табатын қылмыстық-iс жүргiзу құжаттары, прокурорлық қадағалау актiлерi жасалады және т.б. Тергеушi, прокурор, судья, жедел-iздестiру, контрбарлау, барлау қызметін жүзеге асырушы адамдар, адвокат қылмыстың себептерi мен жағдайларын дұрыс талдай алуға, қылымыскердiң жеке басын дұрыс бағалай бiлуге, ол себептер мен жағдайларға шара қолдануға мiндеттi. Заң консультанттары мен нотариустар криминалдық мәмiлеге жол бермеуi керек.

Сонымен қатар, белгiлi бiр  әлеуметтiк құбылыстың заңдылықтарын  зерттейтiн криминология адам және қоғам туралы ғылыми ұсыныстар жасауға үлесiн қосады.

Қазакстанда криминологиялық  зерттеулермен ғылыми мекемелер мен жоғары заң оқу орындарының қызметкерлерi айналысады.

file://C:\Documents and  Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП  Раиса\IN... 10.04.2007

 

25

1991 жылы криминологтер  Криминологиялық қауымдастық құрды,  бұл - заңды тұлға болып табылатын epiктi, өзiн-өзi басқаратын қоғамдық бiрлестiк. Оның жұмысының негiзгi нысандары: семинарлар мен конференциялар өткiзу, арнайы әдебиет шыrғpy, криминологиялық сараптама жургiзу, заң жобаларын жасауға қатысу, зерттеулер ұйымдастыру, тиісті мамандармен халықаралық байланыстар орнату.

Информация о работе Криминологияны ғылым ретінде қарау