Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 18:05, курсовая работа
Қазақ КСР 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, 1997 жылы шілде айының 16-жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылы қаңтар айының 1-жұлдызынан бастап заңды күшіне енеді[4]
Қылмысты дұрыс саралау , яғни қылмыстың жеке түрлеріне заңдылық баға беріп, істелген қылмысы үшін заңда белгіленген жазаны әділ қолданып, қылмыс құрамының белгілерін дұрыс ашу болып табылады. Б.А. Куринов, «Қылмысты дұрыс саралау- қоғамға қауіпті іс-әрекетке нақты және толық қылмыстық заңды қолдану»,- деп өз ойын қорытындылайды. [9,21-23б]. Г.А. Левицкий: «Қылмысты дұрыс саралау- қоғамдық саяси негізде құқықтық мақсаттарды әділ, заңды орындау»,- [13,144б] десе, Т.Г. Черненко, қылмысты дұрыс саралау негіздерін төмендегі сатылар мен айқындайды.
Біздің ойымызша, жоғарыда көрсетілген әрбір бағыт өз алдына маңызды. Бірі екіншісінен мәнді немесе керісінше деп санау қате. Өйткені әрбір бағыт, қылмысты дұрыс саралау күрделі ұғымның мазмұнының ерекшелігін көрсетеді. Бұл жердегі маңызды нәрсе алты бағыттың мақсаты және қолдану аясын дұрыс анықтау болып табылады. Қылмысты саралау мәселесіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мәжілісінің көптеген қаулылары арналған. Жоғарғы Сот мәжілісінің қаулыларында соттардың заң талабы дәлме-дәл сөзсіз орындай отырып, жасалған іс-әрекетке заң нормаларының талабына сай баға беріп, кінәлінің іс әрекетінде қылмыс құрамының белгілері бар ма, жоқ па, осы жағына ерекше мән беріп, заңдылық қағидамен еш уақытта да ауытқушылыққа жол берілмеуі керек деп ескертті. Бұл арада, қылмыстық істер жөніндегі алқадан үзінді келтірсек, сотталушы қажетті қорғану шегінен шығып кетіп, кісі өлтіргендіктен оның әрекеті тиісті заң бабымен қайтадан сараланады. А. мал бағып жүріп, қамшы сапқа бұралып қолдан жасалған пышақ тауып алған. Пышақты суық қару екенін біле тұра заңсыз алып, сақтаған. Түнгі саған 01 шамасында қонақтарын шығарып салып, келе жатқан А.жәбірленуші Р.жолда кездестірген, бірақ танымағансып тезірек үйіне кете берген. Артынан қуып жеткен Р. бұрынғы бас арыздықтардың салдарынан жанжал, төбелес шығарған. Осы төбелестің нәтижесінде А. кісі өлтіру- яғни құқыққа қарсы басқа адамға қасақана қаза келтіру мақсатымен, жоғарыда аталған суық қарумен Р. он бір рет пышақпен дене жарақатын салған. Осы пышақпен салынған дене жарақаттарының салдарынан Р. оқиға болған жерден қаза тапқан. А. жәбірленуші Р. өлтіргендігін тез арада мойындап, ол оны өзін қорғау кеізде болғанын айтады, сонымен қатьар суық қару, пышақты алып жүргендігін мойындайды. Арыздары анықтала келе, Р. кінәл А.осы оқиғаға дейін ұрып, соққыға жыққандығы расталады. Р. куәлардың берген жауабына қарай, өте бұзық ауылдың «атаманы», - деген атқа ие болған. Аталмыш іс әрекет Қазақстан Республикасы ҚК 96-бабының 1-бөлігінен осы кодекстің 99-бабына ауыстырылып дұрыс сараланды. Осы баппен оған екі жыл бас бостандығынан айыруға жазалады. [28,7-10б]. Біздің ойымызша, қылмысты дұрыс саралау дегеніміз- қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылуын айтамыз. Демек, қылмысты саралуда іс әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетін дәлме-дәл көрсету қажет. Егер адамның іс-әрекетінде бірнеше қылмыстың құрамы болса,онда оның іс-әрекеті бірнеше баптары немесе баптардың бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады. Қандай түрде болса да қылмысты дұрыс сараламау ол заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделі нұсқан келтірумен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу ішін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместілктен немесе соған ұқсас қылмыстардан ажыратып белгілерді айқандау ерек. Міне, бұл жерде қылмыс құрамының оның белгілерінің қылмысты саралаудағы заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр. Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде бір, адам егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қымыстық жауаптылыққа тартылуға немесе жазлануға тиісті емес. Өйткені, жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі талабы қылмыстық жауапқа және заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықтан істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады. Қылмысты дұрыс саралау төмендегі белгілерден көруге болады.
Бірінші, нақты норманы қолдану үшін Ерекше бөлімнің саяси- әлеуметтік маңызын айқындау қажет,яғни озбырлық жасаудың қосымша объектісін анықтап алу қажет.
Екінші, жасалған қылмыстың белгілері нақты және толық болуы қажет.
Үшіншіден,
кінәліге жазаны қолдануды дұрыс
әрі әділ жеке қолдануды қамтамасыз
ету қажет, яғни қылмысты дұрыс саралау
кінәлінің құқығын айқындайтын
маңызды құрал болып табылады.
1.3 Қылмысты
саралаудың философиялық, логикалық негіздері
мен объективтік кезеңдері.
Қылмысты
саралау негізгі өзінің бастауын,
түп тамырын философия
философиялық негізде көрсетілген белгілер қылмысты саралауда жеткіліксіз болады. Қылмыстық құқықтық теория бойынша, істелген қылмыстың белгілері Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлім нормаларына сай келе ма әлде жоқ па қылмыстық заң дұрыс қолданылды ма, біздіңше осы жәйтті ескерген жөн. Қылмыстық норманы, философиялық негізде жалпы мазмұнмен қарастырсақ, жалпы объективтік қайталанғыш құрал жекеленген заттың белгісі объективтік іс-әрекеттің көрінісі ретінде олардың ара қатынасының ұқсастығын айтуымызға болады. Яғни, жалпы түсінік философиялық негізде абстрактылық мағынаға ие болады. Қылмысты құқықтық норма нақты қылмыстың белгілерінің массасын қамтамасыз етпейді. Әлеуметтік қоғамға қауіпті нысанда адамдардың мінез-құлқы ережесін қылмыстық құқықтық нормад белгілейді. Сондықтан қылмыс жасаған адамның объективтік құбылысын заң ғана бағындыра алады. Логикалық және философиялық негіздер қылмыстық заңның қолданылуымен қатар оны бұзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық құқықтық нормадан көрініс алуына мүмкіндік туғызады. Осыған орай, қылмыстық құқықтық нормалар мазмұнына қарай екі түрлі қызметті жүзеге асырады. Оның біріншісі- қылмыстық құқықтың Жалпы ережесін,қағидасын, институттарын белгілеу арқылы негізгі екі ұғым қылмыс пен жазаны анықтайды. Бұл нормалар қылмыстық заңның Жалпы бөлімінің мазмұнын құрайды. Екінші бір нормалар қоғамға қаупті іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істеген үшін тағайындайтын жазаның түрлері мен мөлшерін белгілейді. Ал мұндай нормалар қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің мазмұнын құрайды. Сонымен жалпылық, жекелеген категорияның қылмыстық саралаудағы орнын қорыта айтсақ мынадай қысқаша тұжырымдарға келуімізге болады.
Философия ғылымы жалпы мен жеке қатынасты толық айқындап, жекелеген категорияны философиялық негізде қылмыстық құқықтық нормада бейнелейтін болсақ, философиялық және логикалық тұрғыда өз алдына абстракциялау дәрежесін қамтамасыз етеді. Мысалы, [175-бап ұрлық] біреудің мүлкін көрсетпей жымқырту – ол абстракцияланған дәрежеде көрініс табады. Еегер де жалпы мен жекеленген дербес құқықты бір-бірімен байланысты емес деп қарастырсақ , құқықтық қорытындының негізгі шешімін шығара аламыз. Философиялық және логикалық негізде саралау процесінің мазмұнын айқындасақ ол нақты абстракцияланған салыстырмаға ие болады, ал жалпы мен жеке категория стің мән жайы мен белгілі құқықтық нормада қорытындыға шоғырланса құқықтық норма кез келген іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздік) нақты мәселесін көрсете алады. Олай болса, материяның белгілі бір нысанына жататын құбылыстар сан алуан болғанымен олардың бәрінің түпкі мәні бар. Сондықтан жалпылық, жекелік- құбылыс қатынатарының тағы бір негзгі қырларының бірі. Бір тектен өрбіген сансыз көп құбылыстарды тұтас етіп тұратын нәрсе бар екендігін адамдар өз тәжірибесінің ең қарапайым дәрежесінде байқаған. Уақыт өте келе ол түсініктердің де мазмұны толығымен өзгере береді; бірмәнділік, біртектілік түрінде де, біркелкілік түрінде де көрініп адамдар санасында байқалады.
Біздіңше,
мән мен құбылыс арақатынасының
күрделі екендігін осы
Қылмысты саралаудың логикалық негізіне тоқталсақ, саралаудың логикалық негізіне зерттеу жүргізу үшін, ең алдымен қылмысты саралаудағы таным, яғни танырлық баға беру процесін талдауымыз қажет. Яғни, логикалық негіздің әуелгі басынан талдауды бастасақ, алғашқы мәселе таным төңірегінде өрбиді. Таным мәселес философия мазмұнында түбегейлі орын алатын үлкен мәнді иеленетін, материализмен идеализм арасындағы шиеленіскен күрестің арқауына айналған мәселе. Оның басты себебі танымның қайшылыққа толы күрделі процесс екендігінде.
Бірақ, қылмысты саралауда эмпиризмдік таным өзіне спецификалық тәсілді, арнайы құрамды жүзеге асырмайды, құқықтық норманы қолдану кез келген сатыда әдістемелік танымды жүзеге асырады. Қылмысты саралаудың заңдылық тәсілі формальды-догматикалық әдісі тану құқығын құрайды. Қылмыстық заңды қолдану эмпиризмдік дәреже абсолютті фактіде істің мән-жайында маңызы ерекше зор.
Біздіңше, эмпиризмдік жағдайда таным тәсілі міндетті түрде теориялық тануды бейнелейді. Эмпирикалық таным тек бір ғана сезімдік қабылдауға келіп тірелмейді. Объектілерді байқағанда және олар мен эскперимент жасағанда зерттеушілер белгілі бір ойларды басшылыққа алады. Екінші жағынан теориялық таным тек абстракцияларды пайдаланумен ғана шектелмейді. Ғылыми теориялар туғыза отырып, қылмысты саралауда эмпириялық жолмен анықталған шындық негізге сүйенеді. Біздің пікірімізше, қазіргі жағдайда таным теориясы ретінде қылмысты саралауда материалистік диалектиканың тәжіриблік рөлі және теориялық рөлі арта түскеніін көріп біліп отырамыз. Логикалық тұрғыдан қарағанда, кез келген заңгер істің алғашқы саралау кезеңін бастағанда тікелей логика нысанымен жүзеге асырады. Ал, құқықтық гипотеза нормасы әрқашанда логикалық тұрғыдан диспозициямен, санкциямен байланысты. Барлық құқықтық нормалар логикалық тұрғыдан тиянақты, сөзсіз, болжамсыз және шартты саралауды жүзеге асырады. А.А. Старченко: «Қазіргі жаңа ғасырдағы құқықтық әдебиеттерде деонтикалық, логикалық, норманы мазмұны ұқсастық деонтикалық операторлар арқылы «міндетті», «тыйым салынған», сыныптарды анықтайды» - деді. Сондықтан сынып нормасы белгілі бұйрық арқылы бұйрық техникалық, грамматикалық норманы бекітеді. Логикалық тұрғыдан қылмысты дұрыс саралауда онтологиялық, гаосеологиялық, логикалық мағынасы бір-бірімен тығыз байланыста болады [30,43б]. Жоғарыдағы көрсетілген пікірлердің мазмұны жағынан әр түрлі болғанымен, бағыттары бір мағынаны көрсетеді. Біздің пікірімізше, логикалық, философиялық қылмысты саралау өз алдында дедуктивтік және индуктивтік шартты жүзеге асырады, сонымен қатар қылмысты саралау динамикалық аспектіде силлогизмді бенелейді. Мәселен, сот, прокуратура, жауап алу, тергеу органдарында логика нысанына мән бермеудің белгілі қасиеттер диалектикалық таным тәсіліне мән бермегендіктен пайда болады. Бұл көбінесе қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтамаудан кездеседі.
Қылмысты саралау және объективтік кезеңі. Қылмысты саралаудағы объективтік шындыққа байланысты үлкен дау туады. Объективтік шындық сот өндірісінде бар болса, біріншіден (философиялық түсінікте) қайсы бағытта сипатталады (салыстырмалы, абсолютті, объективтік). Екіншіден адамзат ойының, яғни заңгердің (танымдық баға беру) шындығы сот үкімінде көрсетіледі ме? Деген қарама қайшылықтар орын алады. Заңгерлердің бір тобы «шындық» тек философиялық категорияда ғана орын алады, - десе, екінші тобы қоғамда адамның тәжірибелік қызметінде қалыптасып, дамиды деген пікірді жоққа шығарады. Сонда олардың тұжырымдауы бойынша,сот істі қараған кезде, «шындықсыз» кінәнә анық мәлімдемейді. Әрин, бұл пікір ұғымды, дұрыс айтылған пікірлермен сыйыса алмайды. Тергеу, прокуратура, сот органдарының әрекеті белгілі объективтік шындықты қажет етеді. Объективтік шындықсыз сот ешқандай істі өз мақсатында жүзеге асыра алмайды. Сонда, қылмысты саралауда объектитвік шындықтың қажеті бар ма, әлде жоқ па? Бұл тұрғыда, объективтік шындыққа диалектикалық тұрғыдан қарау керек. Ендеше диалектиканың заңы бойынша шындықтың ілгері басуы оның өз бойынша іштей пісіп-жетіліп объективке айнала бастауынан туындайды. Әйтпесе шындықтың өзінде қайшылас пайда болып қылмысты саралауда іштей өзгерістерге ұрындыруы мүмкін. Бұл арада біз М.С. Строговичтің, «Материалдық шындықтың түсінігі белгілі қылмыстық істің негізінеқатысты қалыптасып айқындайды, бірақ қылмысты саралау мәселесінде құқықтық баға бере алмайды» деген пікіріне жүгінеміз [31,64б]. Осы пікірге ұқсас пікірді басқа да ғалымдар сынға алды. Жоғарыдағы пікірмен В.Н. Кудрявцев келіспейтінін білдіре отырып, төмендегі тұжырымға келеді. Заңгер біріншіден, қылмыстық заңды дұрыс қолдануды пайымдайды. Тергеу, прокуратура, сот органының объективтік шындықты бағалау жүйесі үш түрлі элементтен түрады:
а) істің мән-жайы белгісі шындыққа, ақиқатқа негізделеді;
б) қылмыстық құқықтық норманың мазмұны көрсетіледі;
в)
қарастырылған қылмыстық