Нотариат түсінігі және пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 17:50, реферат

Описание работы

1. Нотариат түсінігі
2. Нотариат пәні
3. ҚР құқықтық жүйесіндегі нотариаттың алатын орны
4. Нотариаттың даму тарихы.
5. Нотариат арнайы курсының қайнар көздері

Работа содержит 1 файл

1 тақырып.docx

— 44.07 Кб (Скачать)

Жеке практикамен  айналысатын   нотариус  банк  мекемелерінде   есеп  айырысу  шоты болуына   және   өзге де   шоттар  ашыға,  еңбек   заңдарына сәйкес көмекшілер,  техникалық  қызметкерлержолдап,     оларды  жұмыстан босатуға, нотариаттық  іс-әрекеттер  жасаудан   алынған  табысқа   билік етуге   соттарда   өз атынан  сөз   сөйлесуге   және  ҚР-ң  заңдарына сәйкес  басқа да   іс-әрекеттер жасауға  құқылы.

Жеке практикамен   айналысатын  нотариустың   азаматтар  мен  заңды   тұлғалар   өкілдерінің   еркін   кіріп-шығуына, нотариаттық  іс-әрекеттер  жасаудың  құпиялығын сақтауға  және  нотариаттық  іс  жүргізудің   сақталуын   қамтамасыз ету  үшін  жағдай   жасауға  жарамды  үй-жайы   болуға тиіс.

ҚР-ның  әкімшілік-аймақтық   бөліміне сәйкес бір  облысының,   республикалық   маңызды  бар    қаланың   және астананың   аумағы  нотариаттық   округ   болып  табылады.

Нотариаттық  округ   шегіндегі   мемлекеттік   нотариусының   қызмет  ету аумағын   аумақтық   әділет  органы   бекітпейді.

Нотариаттық аумақ  шегіндегі   жекеше  нотариустың  қызмет ету   аумағын   нотариаттық   палатамен бірлесе отырып, аумақтық  әділет   органы   белгілейді. 

Нотариустар   қызметінің  саны   туралы   шешім  халықтың   нотариаттық   қызметке   деген шын   қажеттілігіне   байланысты   қабылданады және халық  санының  өзгеруіне   байланысты  нақты   нотариаттық  округына   келуі   немесе  өсуі   мүмкін.

Нотариаттық қызметпен  айналысу құқығына үміткер, тұлғалардың  аттестациядан өту реті мен шарттары 25.09.2001жылғы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Адвокаттық не нотариаттық  қызметпен айналысу құқығына үміткер  адамдардың аттестациядан өту ережесімен»  қаулысымен  бекітіледі

Адвокаттық не нотариаттық  қызметпен айналысу құқығына үміткер  адамдар Әділет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті құратьш және   Қазақстан Республикасы әділет органдарьшың, Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағының,    Республикалық нотариаттық палатаның өкілдерінен Қазақстан Республикасы Парламенті екі     палатасының депутаттарынан және заңгер-ғалымдардан құрылатын Әділет аттестациялық комиссиясында (бұдан әрі - Комиссия) аттестациядан өтеді.

Қазақстан Республикасының  Әділет біліктілік алқасында емтихан  тапсырған адамдар, тұрақт судвялар және теріс қылықтар жасағаны және өз міндеттерін орындау кезінде  заңдшіықты бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьялардан басқа тұрақты судьялар болып жұмыс істеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттік нотариалдық кеңселерде жүмыс істейтін нотариустар (мемлекеттік нотариустар) аттестациядан өтпейді.

Сондай-ақ теріс себептер бойьшша жұмыстан шығарылғандарды  қоспағанда, прокуратура, |тергеу және анықтау органдарында кемінде он жыл жұмыс істеген, адвокаттық қызметпен  айналысу құқығына лицензия алуға ниет білдіргең прокурорлар, тергеушілер және анықтаушылар '                                                                      аттестациялауға жатпайды.

Әділет аттестациялық  комиссиясының құрамы мен оның жұмыс  регламентін Қазақстан Ресщубликасының  Әділет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы бекітеді.

«Нотариат туралы»  заңның  10 бабына  сәйкес  нотариус лицензиясының  күшін  азаматтардың   арыздары,  аумақтың  әділет органдарының, прокуратура, тергеу, анықтау  органдарының, сондай-ақ  салық қызметтің  ұсыныстары  негізінде  ҚР-ның Әділет министрлігінің  шешімімен   тоқтатыла  турады.  Нотариус  лицензиясының   күші  алты айға   дейінгі  мерзімге  мынадай   жағдайларда:

1) нотариаттық қызметпен  айналысу қүқығьша лицензияны  кері қайтарып алу жөніндегі  талапарыз ісін қозғағанда;

2) нотариус қылмыстық  іс бойынша айыпталушы ретінде  тартылған жағдайда;

3) нотариус өзінің  шегін, атын, әкесінің атын өзгерткені, сондай-ақ оның үй-жайының орналасқан  орны өзгергені туралы мәліметтерді  аумақтық әділет органына бір  ай ішінде хабарламағанда;

4) нотариус осы  Заңға сәйкес өзіне белгіленген  қызмет аумағын бұзғанда;

5) нотариус нотариаттық  іс-әрекеттерді жасаған кезде  Қазақстан Республикасының заңдарын  бүзғанда шоқтатыла тұруы мүмкін.

3.Нотариус лицензиясының  күшін тоқтата түру туралы  шешімде лицензияның қолданылуын  тоқтата тұру себептері мен  мерзімі көрсетілуге тиіс. Лицензияның  күші мүндай шешім нотариусқа  жеткізілген күннен бастап тоқтатьша  тұрады. Тоқтата тұруға себеп  болған мән-жайлар жойылған жағдайда  лицензиар лицензияның күшін  қалпына келтіру туралы шешім  шығарады.

4.Нотариус лицензиясының  күшін тоқтата тұру тоқтатылған  кезеңде нотариаттық іс-Ірекеттер  жаса'луына тыйым салуға және  нотариустың жеке мөрін аумақтық  әділет органына ^апсыруына әкеп  соғады.

5.Нотариус лицензиясының  күшін тоқтата тұру немесе  қалпына келтіру туралы шешім  Қазақстан Республикасы Әділет  министрлігінің ведомстволық баспасөз  органьшда жарияланады.

6.Нотариус лицензиясының  күшін тоқтата тұру туралы  шешім жөнінде сотқа шағымдануға  болады.

Әділет аттестаттау  комиссиясының не прокуратура органдарының, не Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің, не Республикалық нотариаттық палатаның  талап қоюы бойынша сот шешіміме мынадай жағдайларда:

1) жекеше нотариус  Нотариустың ар-ождан кодексін  бірнеше рет бұзғанда;

2) нотариус нотариаттық  іс-әрекеттер жасаған кезде Қазақстан  Республикасының заңдарын бірнеше  мәрте бұзғанда не мемлекеттің,  жеке және заңды тұлғалардың  мүдделеріне зиян келтіріп, заңдарды  бұзғанда;

3)  лицензияның күшін тоқтата тұру себептері жойьшмағанда;

4)  лицензия беруге негіз болып табылатын құжаттарда нотариустың дәйектемесіз немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактісі анықталғанда;

5) лицензияның күші  үш мәрте тоқтатылғанда; 

7) аттестаттаудың  нәтижесі теріс болғанда нотариус  лицензиясы кері қайтарылып алынады. 

Конкурс нотариаттық  палатамен  және  территориалдық   әділет   органымен құрылатын  және бес  адамнан   тұратын   комиссиямен  өткізіледі.

Вакансия  бойынша  конкурс  территориалдық   әділет  органының  ұсынысы  бойынша  оның   құрылған  күнінен  бастап  5 күн   ішінде   енгізіледі.  Территориалдық  әділет  органы  конкурсқа  қатысуды   қалайтын  тұлғалардан   құжаттарды   қабылдауды   жүзеге  асырады.

Конкурсқа   қатысуға  жіберілген үміткерлер конкурсқа  дейін  30 күннен   кешіктірілмей   территориалдық   әділет   органымен  хаттама  түрінде  ақпарат  етіледі.

Конкурсқа  жіберілмей  қалған   үміткерлер  территориалдық  әділет  органымен   тиісті   шешімі   қабылданған  кейін  жария  етіледі.Конкурстық комиссияда өз қорытынды алған және нотариаттық палата мүшелігіне енген адам (бұдан әрі - өтініш беруші) аумақтық әділет органында есептік тіркеуден өту үшін белгіленген нысанда өтініш береді (1-қосымша).

Есептік тіркеуге қою  туралы өтінішті аумақтық әділет органы ол келіп түскен күннен бастап бес  күн мерзімде қарайды                                           

Өтінішті қарау  нәтижесі бойынша аумақтық әділет органы өтініш берушіні есептік тіркеуге алу  туралы шешім қабылдайды және  натариаттық палатамен бірлесіп бос орын жарияланғаннан оған қызмет аумағын айқындайды.

Өтініш берушіні есептік тіркеуге алу және оған қызмет аумағын белгілеу туралы мәлімет  Жекеше нотариустардың есептік тіркеу кітабына (бұдан әрі - кітап) енгізіледі                                                                                                                                                                Есептік тіркеуге ќоюдан бас тартуєа сот тјртібімен шаєымдануы мїмкін. Есептік тіркеуге алынған адам (бұдан јрі - жекеше нотариус) бір ай мерзімде аумақтық әділет органына: 
      1) аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата белгілеген қызмет аумаєында үй-жайдың барлығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін (жалға беру, сатып алу-сату шарты және т.б.);

2) салық органында  жекеше нотариусты салық төлеуші  ретінде тіркеу туралы куәліктің  нотариалды куәландырған көшірмесі; 
      3) жекеше нотариустың азаматтың-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының нотариалды куәландырылєан көшірмесі; 
      4) жекеше нотариустың жеке мөрін дайындау туралы өтінішті ұсынады.      Жекеше нотариус жеке мөрді алған соѕ аумақтық әділет органы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жекеше нотариустың жеке анкетасын он күн ішінде (3-қосымша) жібереді. Жекеше нотариус нотариаттық палата мүшелігінен шығу туралы өтініш бергенде нотариаттық палата үш күн мерзімде аумақтық әділет органына хабарлайды.                                                                                                        Жекеше нотариустың оның нотариаттық палатадан шығатыны туралы хабарлама келіп түскен соң аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесіп бір ай мерзімде мынадай іс-шараларды: 
     1) жасалєан нотариаттыќ іс-әрекеттердің заңдылығын тексеруді және жекеше нотариустың анықталған бұзушылықтарды жоюын;

2) жекеше нотариаттық  мұрағатқа нотариаттық құжаттарды  қабылдап-тапсыруды; 
      3) жекеше нотариустың жеке мөрін алып қою мен жоюды; 
      4) Лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жекеше нотариустың лицензиясын алып қоюды және Әділет министрлігіне жіберуді жүзеге асырады.

Осы тармақта көрсетілген  іс-шараларды өткізу үшін қосымша  уақыт қажет болған жағдайларда, аумақтық әділет органының бастығы  немесе оның міндетін атқарушы адам және нотариаттық палатаның төрағасы мерзімдерді кемінде бір айға ұзарта алады.                                                                           Осы ереженің 13-тармағында көзделген өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде, сондай-ақ нотариусты нотариаттық палатаның мүшелігінен шығарған соң аумақтық әділет органы жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы шешім қабылдайды. 
      Жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы шешім аумақтық әділет органы бірінші басшысының немесе оның міндетін атќарушының бұйрығымен ресімделеді.                                                                                 Аумақтық әділет органы он күн ішінде Әділет министрлігіне жекеше нотариустың нотариаттық палата мүшелігінен шығарылғаны және оның есептік тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлайды.   
 

Жеке нотариустардың жауапкершілігі  

Жеке нотариустар   азаматтық-құқықтық  жауапкершілігін   сақтандыруға  міндетті.

«Нотариат туралы»  заңның 17  бабына сәйкес  нотариус құқылы:

1.   өзіне  жүгінген  жеке және  заңды  тұлғалардың   мүдделеріне сәйкес  осы  заңда   және  ҚР-ның  басқа да  заң   актілерінде   көзделген  нотариаттық   іс-әрекеттер  жасауға;

2.   мәмілелердің,   өтініштер мен  асқа  да  құжаттардың  жобаларын  жасауға;

3.   құжаттардың   көшірмелерін  және  олардың   үзінділерін   әзерлеуге;

4.   нотариаттық іс-әрекеттер жасау  мәселелері  бойынша   консультациялар  беруге;

5.   жеке және заңды   тұлғалардан   нотариаттық  іс-әрекеттр  жасауға   қажетті   құжаттар  мен  мәліметтер  талап етуге;

6.   ғылыми, педагогтік және  шығармашылық    қызметпен  айналысуға,   соның ішінде   жасау  шарты  бойынша   айналысуға.

Нотариус міндетті:

1.   заңға сәйкес  нотариаттық   іс-әрекеттер жасауға;

2.   азаматтарға және  заңды  тұлғаларға   құқықтар  мен   міндеттерді  түсіндіруге,   олардың   заңды   білмегендігі  өздеріне  зиян   келтіруге  пайдалануы  мүмкін болмауы үшін,  жасалған   нотариаттық  іс-әрекеттерінің   салдарлары  жөнінде   ескертуге;

3.   кәсіптік  қызмет  жүзеге  асыруға   байланысты өзіне   белгілі  болған   мәліметтерді   құпия  ұстауға;

4.   ҚР-ның   заңдарына  сәйкес   келмейтін   жағдайда  нотариустық  іс-әрекеттер жасаудан  бас тартуға;

5.   кәсіптк  әдепті сақтауға;

6.   әділет органына  және  нотариаттық   палатаға  өз іс-әрекеттеріне  түскен  шағымдар   бойынша өз жасаған  нотариаттық  іс-әрекеттер туралы  мәліметтер, өзге  құжаттар, ал қажет  болған   жағдайларда  жеке   түсініктемелер,   оның    ішінде  кәсіптік  әдеп талаптарын  сақтамау    мәселелері  жөнінде түсініктемелер беруге.

Мемлекеттік  нотариуспен  жасалатын  нотариаттық іс-әрекеттердің  заңдылығына   қадағалауды  аумақтық  әділет  органы  жүзеге  асырады.  

Әдебиеттер:

Нормативтік-құқықтық актілер.

Информация о работе Нотариат түсінігі және пәні