Нотариат түсінігі және пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 17:50, реферат

Описание работы

1. Нотариат түсінігі
2. Нотариат пәні
3. ҚР құқықтық жүйесіндегі нотариаттың алатын орны
4. Нотариаттың даму тарихы.
5. Нотариат арнайы курсының қайнар көздері

Работа содержит 1 файл

1 тақырып.docx

— 44.07 Кб (Скачать)

                                                                   1 тақырып. Нотариат түсінігі және пәні.   

1.   Нотариат түсінігі

2.   Нотариат пәні

3.   ҚР құқықтық жүйесіндегі нотариаттың алатын орны

4.   Нотариаттың даму тарихы.

5.   Нотариат арнайы курсының қайнар көздері  

Нотариат азаматтар  мен заңды тұлғалардың ҚР Конституциясымен кепілдендірілген құқықтары мен  заңды мүдделерін қорғауға қызмет етеді. Нотариустармен жасалған іс-әрекеттердің және нотариалды рәсімделген құжаттар көпшілікпен танылуы танылуы  дәлелдемелік күші кепілдендіріледі,себебі бұл іс-әрекеттер ҚР атынан жасалады.

Нотариат нотариаттық  іс әрекеттерді жасай отырып, азаматтардың құқыбұзушылығын алдын алу бойынша  профилактикалық жұмыстарды орындайды  және куәландырған актілері мен құжаттарының заңға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Азаматтардың құқықтарын нотариуспен қорғау, азаматтар мен  ұйымдардың бірқатар даусыз міндеттемелерін  орындауын мәжбүрлеуге бағытталған  шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады,(мысалы-теңіз наразылықтарын, вексель наразылықтарын жасау)

Нотариат органдары  азаматтар мен заңды тұлғаларға заңдық көмек көрсетеді.

Нотариат соттың міндеттемелеріне сәйкес функцияларды атқарады.

Азаматтар мен заңды  тұлғалардың субъективті құқықтарын қорғау.

Нотариаттық құқықтың табиғатын оның юрисдикциялық,құқық  қорғаушылық функциялары белгілейді. «Нотариат» термині латын тілінде  хатшы дегенді білдіретін «нотариус» сөзден шыққан.

Нотариат азаматтар  мен заңды тұлғалардың құқықтары  мен заңды мүдделерік қорғауды қамтамасыз ету мақсатында нотариалдық іс әрекеттерді  жасау, олардың көшірмелерін куәландыру сияқты даусыз құқықтар мен фактілерді куәландыру жүктелген органдар жүйесін  білдіреді.

Нотариат жүйесіне:

1.тек мемлекеттік  кеңселер ғана емес сонымен  қатар жеке практикамен айналысатын  нотариустар

2. егер тұрғылықты  жерде нотариус болмаған жағдайда  нотариалдық іс әрекеттерді жергілікті  атқарушы органдар жүзеге асырады

3.басқа мемлекеттің  территориясында ҚР атынан нотариалдық  іс әрекеттерді жасауға өкілеттігі  бар  ҚР-ң консулдық мекемелерінің лауазымды тұлғалары жасайды.

4.кейбір нотариалдық  іс әрекеттерді ауруханалар мен  өзге де стационарлық мекемелердің  бас дәрігерлері,олардың орынбасарлары,  кезекші дәрігерлері сонымен  қатар қарттар мен мүгедектер  үйінің директорлары мен бас  дәрігерлері жасау құқығын иеленген

1919 жылы желтоқсандағы  №2 декретте нотариаттық әрекеттердің  нотариустармен жасалатындығы қарастырылды.

1922 жылы 4-қазанда  мемлекеттік нотариат және дербес  мемлекеттік мекеме құру жөніндегі  ереже қабылданды.

1997 жылы 4-шілдеде  ҚР-ң Нотариат туралы заңы қабылданды, оған өзгертулер мен толықтырулар  енгізіліп 2005жылдың 1-қаңтарынан  бастап күшіне енгізілді. 

-                                    Нотариат реформасының мәні-енді екі нотариус жұмыс істеуде: мемлекеттік нотариалдық кеңсе және жеке практикамен айналысатын нотариустар. ҚР Конституциясының 13-бабына сәйкес әр бір азаматтқа квалификациялық заңдық көмек алу құқығына кепілдік беріледі. Нотариат та адвокатура сияқты азаматтардың осы конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етеді. Нотариаттық іс әрекеттерді жасау нотариустың көптеген заңдық маңызы бар іс әрекеттерді жасауын білдіреді.

Нотариалды рәсімделген  құжаттар даусыз сипатта болғандықтан ҚР Азаматтық кодексте олардың ерекше дәлелдемелік маңызға ие болатындығы  қарастырылған.  

Әдебиеттер:

Нормативтік-құқықтық актілер.

1.            30 тамыз 1995 жылы Республикалық Референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конститутуциясы, (7 қазан 1998 жылғы өзгерістер және толықтыруларымен).- Алматы: Қазахстан, 1998. – 96 б.

2.            Қазастан Республикасының Азаматтық Кодексі.- Алматы: ЖШС «Баспа», 2001.- 400 б.

3.             «Нотариат туралы» ҚР-ның  Заңы. 14 шілде 1997 ж.  Соңғы редакция 31.01.20005ж

4.             «Жылжымайтын мүлікті  мемлекеттік тіркеу  құқығы және  сонымен бірге мәмілелер туралы» ҚР Президентінің Жарлығы 25 желтоқсан 1995 ж. № 2727

5.            "Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылы 31 наурыздаєы N 101 бұйрыєына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

6.            "Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылєы 28 шілдедегі N 539 бўйрыєына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

7.            Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылєы 20 тамыздаєы N 169 "Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережені бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы" тіркеу N 2468 бұйрығына  толықтырулар енгізу туралы

8.            Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялау ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 27 ақпан N 254

9.            Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылєы 25 қыркүйек N 1235

10.        Жекеше нотариустың мөрі туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 24 ақпандағы N 16 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылєы 12 наурызда тіркелді. Тіркеу N 702   

Негізгі әдебиеттер.

1.      Аргунов В.Н. Нотариальные услуги населению. – М., 1993.

2.      Барщевский М.Ю. Если открылось наследство. – м., 1989 г.

3.      Правовые основы нотариальной деятельности. Учебное пособие. // Под ред. Аргунова В.Н. – Москва, 1998.

4.      Полтавская Н., Кузнецов В. Нотариат (курс лекции). – Москва, 1998.

5.      Глущенко П. П. , Седов А.М. Основы нотариальной деятельности. – Санкт-Петербург, 1999 ж.

6.      Виноградова Р.И. Нотариат. В вопросах и ответах. – Н., 1993 г.

7.      Глущенко П.П., Седов А.М. Основы нотариальной деятельности. Санкт-Петербург, 1999 г.

8.      Гражданское процессуальное право Республики Казахстан. В 2-х томах. Под ред. З.Х. Баймолдиной. – Алматы,2001г.

9.      Гражданское право.Под ред. Толстого Ю.К., Сергеева А.П., Санкт-Петербург, 1996 г.

10.  Комментарий к Гражданскому кодексу РК (Часть Особенная). – Алматы, 2000 г.

11.  Гражданский процесс. Учебник под ред. М.К. Треушникова – М., 1998.

12.  Гудина Ч.Н. Нотариальная практика.  //Юридическая газета, № 47, 2000г.   

Қосымша әдебиеттер

1.      Ахметова Г. Нотариальное удостоверение сделок-это единственная   гарантия соблюдения законности/ Ахметова Г. //Мир закона.  - 2001. - N4. - (Нотариат. - C. С.28-31

2.      Ахметова Г. Частный нотариус нуждается в защите/ Г. Ахметова //Мир закона. - 2006. - №2. - C. С.30-31

3.      Белов В.А.  Конституционность и проблемы практического использования исполнительной надписи нотариуса/ Белов В.А. //Бизнес и банки. - 1999. - C. N24

4.      Бойцова В.В.   Судьи, обвинители, адвокаты и нотариусы:опыт Нидерландов и России/ Бойцова В.В., Бойцова Л.В. //Прокурорская и следственная практика. - 2000. - N2. - C. С.200-207

5.      Егеева Б.   Завещание/ Егеева Б. //Мир закона. - 2001. - N1. - (Нотариат. - C. С.19-20

6.      Жанабилова А. Республиканская нотариальная палата/ Жанабилова А. //Юридическая газета. - 2000. - C. N45

7.      Илизова М. Вопросы по наследственному праву/ Илизова М., Киримов Х. //Мир закона. - 2001. - N9. - C. С.22-27

8.      Коваленко Т. Удостоверение завещаний/ Коваленко Т. //Мир закона. - 2000. - N1. - C. С.24-25

9.       Козырин А.Н. Правовые основы совершения нотариальных действий/ Козырин А.Н. //Бухгалтерский учет. - ISSN 0321-0154. - 1999. - N2. - C. С.47-56

10.  Мырзабекова Г.  Жеке нотариустар мен аудиторлар жауапкершілігі/ Мырзабекова Г. //Зањ жєне заман. - 2001. - N2. - C. 111-113 б.

11.  Нотариаттардыњ нақты істері - зањсыздықтарға жол бермейді //Заң газеті. - 2000. - C. 18 қазан

12.  Оспанова Д. Лицензирование адвокатской деятельности и деятельности нотариусов в Республике Казахстан/ Д. Оспанова, К. Кошжанова //Вестник Фемиды. - 2005. - 15 июля (№28)

13.  Сарайкина О.    Компетенция и ответственность нотариусов/ Сарайкина О. //Нотариат. - ISSN 0869-4400. - 1999. - N3. - C. С.20-21

14.  Темірѓали Ж. Жеке нотариус қызметінің құқықтық негізі қандай?: ЌР-сы Әділет мин.Заң қызм.ұйымдаст.жөн.департамент директор-ң міндетін атқарушы Р.У.Жамбыловамен сұхбат/Сұхбаттасқан Ж.Темірғали/ Темірғали Ж. //Заң газеті. - 1998. - (Заманына қарай-заңы. - C. 21 қазан

15.  Хышиктиев О. Нотариальная деятельность:перспективы развития/ Хышиктиев О. //Хозяйство и право. - ISSN 0134-2398. - 2001. - N12. - C. С.11-17.    
 
 

2тақырып. Нотариат  қызметін ұйымдастыру негіздері    

«Нотариат туралы»  заңның 6-бабына сәйкес жоғарғы заң  білімі бар, әділет аттестаттау комиссиясында  аттестаттаудан, нотариуста кемінде  бір жыл тағылымдамадан өткен  және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған ҚР азаматы  нотариус бола алады.

Өтелмеген  немесе заңда белгіленген  тәртіппен соттылығы алынбаған, белгіленген тәртіппен іс-әрекет жасауға қабілетсіз не іс-әрекет жасауға қабілеттілігі шектеулі деп танылған адам нотариус бола алмайды

Өзіне қатысты ақталмайтын  негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылған, лицензиясы кері қайтарылып алынғандықтан  не нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде  ҚР заңдарының бұзылуына жол бергені  үшін мемлекеттік нотариус қызметінен босатылғандықтан нотариаттық қызметті тоқтатқан адам да осындай оқиға  болғаннан кейін үш жыл бойы нотариус бола алмайды.

Жеке және  мемлекеттік   нотариустар   нотариалдық   қызметті   жүзеге асыру   кезінде  тең  құқықтар   мен  міндеттерге   ие.  Олармен   ресімделген  құжаттардың  бірдей заңдық   күші  болады.

Мемлекеттік нотариус   заңның  6 бабында   аталған   талаптарға  сай   болуға  тиіс,  бұған нотариус   лицензиясын   алу   туралы   талаптар   қосылмайды.

Мемлекеттік нотариус  қызметін  аумақтық   әділет  органдары   енгізеді  және  жояды.  Мемлекеттік   нотариустың   нотариаттық   іс-әрекеттері  үшін  аумақтық әділет  органы  мүліктік  жағынан   жауап  береді.

Мемлекеттік   нотариат  кеңсесі   аумақтық   әділет  органының    құрылымдық   бөлімшесі   болып табылады, оның заңды  тұлға  құқығы  болмайды  және   осы  орган   бекіткен Ереже   негізінде  жұмыс істейді.

Заңды  тұлға   құрмай, лицензия   негізінде   нотариаттық   қызметпен  айналысатын,өзінің   азаматтық-құқықтық   жауапкершілігін  нотариаттық  іс-әрекеттер  жасау   нәтижесінде   зиян  келтіру  салдарынан   туындайтын   міндеттемелер   бойынша  сақтандырған  және аумақтық  әділеторганында   есепке  тұру  тіркеуінен өткен азамат  жеке практикамен   айналысатын   нотариус   деп   танылады. /«Нотариат туралы» заңның 15 бап/

Информация о работе Нотариат түсінігі және пәні