Даларпжозпекткл

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 17:58, реферат

Описание работы

«Криминалистика» пәнін оқытудың мақсаты қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін криминалистік техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген, сот өндірісінде ақиқатты танудың жолдарын және құралдарын үйренген, кәсіби білікті заңгер мамандарды дайындау.

Содержание

Пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)
3
Оқытушы туралы мәліметтер
5
Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері
5
Курстың мақсаты мен міндеттері
5
Оқу сабақтарының графигі
6
Дәріс сабақтарының тақырыптық жоспары
7
Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
10
СОӨЖ орындау және тапсыру графигі
12
СӨЖ орындау және тапсыру графигі
14
Тәжірибелік сабақтарды оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
15
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
16
Глоссарий
20
Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
20
Келісу, танысу, өзгерістерді тіркеу, мерзімді тексерулерді тіркеу парағы
21
Дәрістер тезисі
23

Работа содержит 1 файл

kriminalistika.doc

— 559.50 Кб (Скачать)

Бұл жүйеде қылмыс іздерін дайындау, оны тікелей жасау мен жасыру бойынша іс-әрекеттер белгіленуі мүмкін. Қылмс алдын-ала дайындықсыз  және субъект оны жасыру бойынша  әрекеттерді жоспарламаған жағдайларда қылмыс жасаудың толық құрылымды емес әдісі анық.

Орталық криминалистік категорияларының брі болып іздің ұғымы болып  табылады.

Қылмыстық (қылмыскердің) із – қылмыстық  жағдай ахуалындағы қылмыс механизмі  элементінің бейнеуі, тергеуге жататын оқиғаның материалдық және мінсіз бейнеулері.

Аталғандардан да басқа, басқа криминалистік  категориялар бар, мысалы, қылмыстың  криминалистік сипаттамасы, криминалистік  нұсқа және т.б., олардың қаралуы  криминалистік техника, тактика  мен әдістеменің мәселелерін баянлау кезінде ғана мүмкін.          

Дәрістерді оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала  студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №10 Жауап алудың тактикасы

Жауап алудың түсінігі мен міндеттері. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары. Жауаптың қалыптасу  кезеңдері. Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер. Қайшылықты жағдайда және қайшылықсыз жағдайда жауап алудың тактикасы. Жәбірленушіден жауап алудың тактикасы. Куәдан жауап алу тактикасы.

Сезіктіден, айыпталушыдан жауап  алу тактикасы. Сезікті қылмыстық  іс жүргізудің субъектісі: оның құқықтары  мен міндеттері. Көрсетулерді беру сезіктінің құқықтар жүйесінде. Сот дәлелдемелері қайнар көздерінің жүйесінде сезікті көрсетулерінің алатын орны. Сезікті көрсетулерінің психологиясы. Сезікті көрсетулерін бағалау.

Айыпталушының, куәнің, жәбірленушінің көрсетулерінің айырмашылықтары. Айыпталушы көрсетулерінің процессуалдық табиғаты және пәні. Айыпталушының қорғануға құқығы.

Айыпталушы көрсетулерінің мазмұны  және нысаны. Көрсетулердің түрлері. Қылмысын мойындау. Біреудің қылмысын мойнына алу және басқаға жала жабу. Беттестіру.

Жауап алу дегеніміз заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы жасалған қылмыстың  мән-жайлары  жөнінде  керекті  деректі  мәліметтер алынып,  олар  қылмысты  ашуға  пайдаланылады. Іс  жүргізу  жағдайына байланысты жауап  беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі  бар. Атап айтканда: жәбірленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу деп, бұл тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп  бойынша  жүргізілуі тиісті, Бірақ, іс бойынша неғұрлым көп,  маңызды  мәліметтер жинап, осы тергеу  әрекетінің сапасын арттыру үшін жауап алғанда,  бүған  тиімді,  ыңғайлы тактикалык әдістер  қолданылады.  Бірақ  ол  қаншалықты тиімді  болғанымен  ол  заңда көрсетілген тәртіпке қайшы келмеуі  керек.

  Жауап  алғанда   қылмысты   оқиғаға  қатысты  мынандай  мәліметтер: қылмыстың болған  уақыты,  оның орны, амал-әдісі,  қылмысты  кімдердің жасағаны,  оған қанша адамның  қатысқаны, істеген  қылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері және қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталады.  Бұлар -  заңда  көрсетілген, міндетті түрде  дәлелдеуге  тиісті жағдайлар, қылмысты оқиғаға тікелей қатысы  бар деректі мәліметтер. Сондай-ақ, жауап алу арқылы тікелей қылмысты оқиғаға қатысы жоқ, бірақ қылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады. Айталық, қылмыскердің қайда жүргенін, оның мекен-жайын білу үшін қылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап  алудың мұндай аралық түрінің,  қылмысты оқиғаға тікелей қатысы болмаса да, істі тез ашуда, қылмыскерді тауып ұстауда, істің кейбір мән-жайын анықтауда үлкен маңызы бар.

  Жәбірленушінің,   куәнің жауаптары  істегі  басқа  деректерді  нақтылап, тергеушінің,  соттың оқиғаның  мән-жайына  толық қанығып, тиісті  шешім қабылдауына зор септігін тигізеді.  Дегенмен, болган қылмыстың мән-жайын қылмыскердің өзінен артық ешкім білмейді. Сондықтан қылмысты  мойындап, өз қателігін  дұрыс түсінген  қылмыскерден  аса  маңызды мәліметтер алуға болады. Бірақ оны асыра бағалап, оған ерекше сенімділікпен қарауға болмайды. Өйткені, істегі  деректердің  дәлелдемелік  күштері бірдей,  бірінен-бірінің артықшылығы жоқ. Сондықтан қылмыскердің қылмысын  мойындап,  берген жауабына да сын көзбен қарау керек.  Тіпті,  кей  жағдайларда қылмыскердің жасаған ауыр қылмысын  жасыру үшін, бір ұсақ қылмыстарын мойнына алып, тергеушіні  осыған сендірш, өзінщ жасаған ауыр қылмыстарынан кұтылып кетуге  тырысуы  мүмкін.  Айып  істегі  барлық деректердің тұжырымды қорытындысына ғана негізделуі тиіс.

Дәрістерді оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала  студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №11 Тану үшін көрсету тактикасы

Тану үшін көрсетудің түсінігі, міндеттері және түрлері. Объектілерді тану үшін көрсетер алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары. Адамдарды тану үшін көрсетудің процессуальдық тәртібі және тактикалық ерекшеліктері. Мәйіттің жеке басын  анықтау. Жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктері. Тұрғын үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктері. Малды тану үшін көрсету ерекшеліктері. Фотобейнелерді тану үшін көрсету ерекшеліктері. Тану үшін көрсетудің нәтижелерін бекіту.

Қылмыстық істерді тергегенде  кей жағдайда жеке  адамның, заттардың, бұйымдардың және  басқа да  объектілердің осы тергеліп жатқан  қылмысқа байланысын  анықтау үшін  оларды жәбірленушіге,  куәге  тану мақсатымен ұсынып, көрсетуге тура  келеді.  Бұл объектілерді тану  үшін көрсету тергеу әрекетінің қылмысты  ашуда,  іске  керекті  дәлелдемелерді  тауып, жинауда маңызы зор. Себебі  осы әрекет  арқылы қылмыс жасаған адамның кім екені анықталады, іс бойынша қажетті заттай дәлелдемелер табылады. Бұл тергеу әрекетінің мағынасы - ол  қылмысқа байланысты  бұрын көрген объектіні танушы адамның  өзінің ойында қалған  осы объектінің белгілері бойынша танып,  айыруы.    Яғни,   психологиялық  жағынан   алғанда   Бұл   да криминалистикалық  идентификациялау процесінің бір түрі. Мұнда да танушы адам  өзіне көрсетіп отырған объектідегі  белгілерді, өзінің  бұрын  көрген объектіні ойында қалған белгілерімен  салыстырып, тендестіріп, сол бойынша мына көріп  тұрған  объектісі  бұрын  көрген  объектінің нақ өзі, немесе  ол еместігін айырып, шешуі керек.   Тану үшін көрсетілетін объектілер  қатарына жататындар:  адамдар,  мәйіт, зат, бұйым, мал, кей жағдайларда пәтер, бөлме не жеке бір жерлер де көрсетілуі мүмкін.  Тану үшін көрсету дегеніміз ол жәбірленушіге, куәге,  сезікті адамга немесе айыпкерге белгілі  бір  объектіні  көрсету арқылы, осы объектіні оның бұрын көрген не көрмегенін анықтап, егер көрген болса, қашан және қандай жағдайда көргендігін,  оны нақты  кандай  белгілері бойынша танитындыгын айырып, шешу үшін жүргізілетін заңда көрсетілген тергеу әрекеті.

  Бұл тергеу әрекетін өткізудің қажеттігі  тергеу үстінде алынған жауаптан туындайды. Сондықтан бұл тергеу әрекетінің жауап алумен көп ұқсастыгы бар. Тіпті, бұрынырақ бұл тергеу әрекеті жауап  алудың бір түрі есебінде саналып жүрді. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бұл тергеу әрекеті адамның кім екені, яғни, заттарды танытқанда жауап  алу деп  аталып, жауап алудың  бір түріне теңестірілді. Бірақ Бұл тергеу әрекетін  өткізудің психологиялық процесіне талдау жасасақ, ол криминалистикалық идентификациялау процесінің бір түрі ретінде идентификациялық қағидалар тұрғысында өткізіледі. Бұл тергеу әрекеті объектілерге тән белгілерді  тендестіруге  негізделеді. Әдетте, көзбе-көз көріп тұрған белгілерді  салыстыру  арқылы  идентификациялық сүрак шешілмейді. Салыстыруға негіз есебінде алған белгілердің бір тобын танушы адам көзбе-көз көріп түрса, салыстыруға қолданатын екінші белгілер, олардың бейнесі жаңағы танушы  адамның  ойында.  Сол  ойында қалған  белгілерді көріп  түрған белгілермен салыстыру арқылы  танушы адам  осы  салыстырып отырған объектіні бұрын көрген не көрмегендігін шешеді. Тануга байланысты мұндай психологиялык процеске  эр түрлі факторлар, себептер эсер  етеді. Айталық, танушы адам осы тану үшін көрсетіліп отырған объектіні қандай жағдайда, қандай қашықтықта көрді,  көргенінен бері қанша уақыт өтті, осыны  көрген танушы адамның денсаулығы, эмоционалдық  жағдайы қандай болды және т.б. Осылардың бәрі тану мүмкіндігіне көп эсер етеді. Сондықтан тану үстінде осы жағдайлардың бәрі ескерілуі қажет.

Дәрістерді оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала  студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №12 Тінту тактикасы

Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттері. Тінту  алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары. Тінтудің жұмыс кезеңі. Тінтудің психологиясы. Тінту кезінде техникалық криминалистикалық құралдарды пайдалану. Жасырын, құпия орындарды тінту кезінде табу. Тінтудің тактикалық әдістері және оның қорытындысын бекіту.

Тінтудің мақсаты -  әдейі тығып  қойған  немесе тығулы тұрған  заттай дәлелдемелерді арнайы тактикалық әдістерді қолдану арқылы тауып алу.  Кейбір авторлар  тінту әрекетін жедел-іздестіру әрекеті ретінде қарастырады. Тінтуді жедел-іздестіру  әрекеті деп санауға болмайды. Жедел-іздестіру әрекеті, әрине тінту үстінде, тіпті тінту басталғанға дейін де жүргізіледі. Оның мақсаты- тергеушіге тінтуді сапалы жүргізуге  керекті деректер тауып  беру, атап айтқанда қандай  зат қай жерде болуы жөнінде, тінтілетін адамда қару бар ма, жоқ па, тінтуді жүргізуге  керекті мәліметтер жинап, тауып беру. Сондықтан жедел-іздестіру жұмыстарын тінтумен бірдей деп қарауға болмайды.  Тінтудің басқа тергеу әрекеттершен айырмашылығы - оның еріксіздігі.  Тінтудің бірнеше түрлері болады. Ол - жеке адамды тінту (личный обыск), тұрғын  үйді, жеке бөлмені тінту,  ауланы  немесе басқа ғимараттар  мен нысандарды   тінту. Әрине, ол  іс  бойынша  керекті  деректерді, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып алу үшін жүргізіледі. Ал, заттай дәлелдемелерге кандай  нысандар  жатады,  соған тоқталсақ.  Олар  - қылмыс  жасалғанда қолданылған  қару-құралдар (мылтық, пышақ, бұзуға пайдаланған құралдар), жалған  құжаттар,  тергеуден  қашып,  тығылып жүрген  қылмыскерлер,  не қылмыскерді  әдейі тығып қойған адамдар, мәйіт оның бөлшектері, ұрланған қымбат бұйымдар, заттар.  Іске қатысы болмаса да тінту кезінде табылған, жеке азаматтардың ұстауына болмайтын, заң бойынша тыйым салынатын объектілер- есірткі заттар, порнографиялық суреттер, қопарғыш заттар.  Тінту   алдында тергеуші   арнайы  дайындық  жұмыстарын  жүргізеді. Біріншіден, ол тінту  жүргізілетін объект  және үйі тінтілетін  адам  жөнінде керекті бағдарлық мәліметтерді жинап алу керек. Тінтілетін адам және пәтер болса, оның толық мекен-жайы, неше бөлмеден түратыны, қылмыс ғимараттың қай қабатында жасалғаны,онда телефон бар ма, жоқ па, қанша адам түрады, жеке үй болса ауласында не бар, қай мезгілде үйде кісілер болады, міне осының бәрі алдын ала анықталады. Тінтілетін адам жөнінде - оның мінез-құлқы, қаруы болу мүмкіндігі және оны сипаттайтын басқа да мәліметтерді жинап алу керек.   Екіншіден, жедел-тергеу тобын  құрған кезде алдын ала тінтуге қандай лауазымды адамдардың немесе мамандардың қатысуы керек екендігін анықтап алып, оларды қай жерге орналастыру қажеттігін келісу керек.  Үшіншіден, тінтуге керекті  арнайы техника құралдарын дайындау керек, айталық, темірден, не  асыл металдан жасалған заттарды іздейтін құралдарды дайындау қажет.  Дайындық жұмыстары толық аяқталысымен тергеуші, жедел топқа кіретін адамдар  тінтілетін үйге келеді.  Осы тінтілетін  жерге тосыннан,  күтпеген мезгілде келу үшін де  белгілі бір  тактикалык әдістер  қолданылады. Тінтілетін үйге жақындағанда жедел топтағы адамдар бөлініп, осы нысанға жан-жақтан жеке-жеке келуі тиіс. Үйге жақындар алдында үйдің маңайында  бөтен адамдар бар ма, жоқ па, соны абайлап қарау қажет.  Тінтілетін пәтер  көп қабатты болса, бір  қабат жоғары өтіп  кетіп, тосу  керек. Есік жабық болса, қағып, не қоңырау беріп, егер жөн сұраса басқа себеппен  келгенін айту керек, мысалы коммуналды мекемеден келген лауазымды адам болып, не басқа бір себеп келтірген жөн. Өйткені тінтілетін адам кімнің келіп тұрғанын алдын ала білмеуі шарт.  Тінтудің  тактикалық  әдістері  тергеу  әрекетінің кенеттен,  тосыннан жүргізілуіне негізделеді. Сондықтан тінтуге  керекті деректер  жиналысымен және дайындық  жұмыстары бітісімен, кешіктірілмей дер кезінде жүргізілуі тиіс.

Дәрістерді оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала  студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №13 Тергеу экспериментінің тактикасы

Тергеу экспериментінің түсінігі, мәні және түрлері. Тергеу экпериментінің мақсаты мен міндеттері. Тергеулік  экспериментін жүргізуге дайындық. Тергеулік экспериментке қойылатын  талаптар. Тергеу экспериментін жүргізудегі тактикалық тәсілдер. Тергеулік эксперимент нәтижелерін хаттамаға, кинотүсірілімге, бейнежазбаға бекіту және оларға баға беру.

Тергеу  эксперименті дегеніміз, ол  қылмысты оқиғаның кейбір мән-жайларын осы  оқиғаға  ұқсас  және  сәйкес  жағдайда  әр түрлі сынақ тәжірибелер   жүргізу   арқылы  осы  жағдайдың,  құбылыстың  болу мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілетін тергеу әрекеті.

 Бұдан туындайтын негізгі қағидалар:  біріншіден, басқа тергеу әрекеттерін жүргізу  үстінде  алынған,  іске  катынасы  бар деректердің,  мәселелердің шындығын тексеру  үшін  жүргізіледі.  Екіншіден,  мұндай  тексеру,  осы тексерілетін құбылыс (әрекет) қылмысты оқиға болғанда қандай жағдайда өтсе, соған сәйкес,  не ұқсас жағдайда арнайы  сынақ тәжірибелерін жүргізу арқылы өткізіледі.  Жүргізілетін сынақ тәжірибелердің қорытындысының объективтігі, оның сол  тексерілетін оқиға болган жағдайға сәйкес жағдайда өткізілуімен тікелей байланысты. Әрине, тәжірибе жүргізілгенде тура болган жағдайдың өзін, тексерілетін іс-әрекетті бұлжытпай қайталауға болмайды, себебі ондай жағдайда жаңа қылмыс жасалған болар еді. Сонымен катар, тәжірибе арқылы болған оқиға толық қайталанбайды, тек оның кейбір негізгі бөлігі, көріністері ғана сыни қайталанады.

Тергеу эксперименті - іс жүргізу кезінде пайдаланылатын танымдық әдісті қолданудың айрықша бір нысаны. Бұл әдіс әр түрлі тергеу әрекеттері үстінде қолданылады. Оның басқа әдістерден айырмашылығы тергеуші  өзінің  назарын аударған жәйттерді сырттай бақылап қана қоймайды, сонымен бірге оны бірнеше қайтара бастапқы  қалпына келтіру арқылы өз болжауын нықтай түседі. Тәжірибе жүргізу  барысында  арнайы шектеу шарттары  қойылады: тәжірибе адамның денсаулығына нұқсан келтірмеуі, оның өміріне қатер төндірмеуі тиіс. Сонымен бірге  ол катысушылардың  құқығын бұзбайтындай, оларды қорлап,  кемсітпейтіндей жағдайда өткізілуі тиіс.

Эксперимент  арқылы  іс  бойынша жинақталған  кейбір  дәлелдемелердің, мәліметтердің шындығы ғана  анықталып  коймайды,  сонымен  бірге жаңа деректер де алынады. Тергеу экспериментін жүргізудің нәтижесінде көбінесе жәбірленушінің,  куәлардың, айыпкердің  жауаптарында, сондай-ақ  басқа да  қосымша айғақтарда келтірілген мәліметтердің шындығы, оның болу мүмкіндіктері  тексеріліп,  анықталады.  Тергеуші  осындай жолмен өзінің  кейбір болжауларына көз жеткізеді. Яғни, оқиғаның қалай болғаны, оның мән-жайы, орындалу тетігі тәжірибе өткізу жолымен тексеріледі.

Информация о работе Даларпжозпекткл