Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 18:17, курсовая работа
Бірақ, қол жеткен табыстармен шектеліп, тоқмейілсуге болмайды, өйткені өз шешімін күтіп тұрған проблемалар әлі де жеткілікті. Қабылданған заңдар қаншама жақсы, дұрыс болса да, онда көрсетілген нормалардың құқықтық қатынастарға түсетін кез келген субъектінің қызметтік қағидатына, жүріс-тұрысының ережесіне айналуларының әзірше кепілі болмай тұр. Құқықтық нұсқаулардың әрбір адам үшін, әр шенеунік, кәсіпкер, лауазымды адам, басшы үшін ішкі нанымға, ішкі заңға айналуы қажет. Өздерінің құқықтары бұзылған жағдайда әр адам сот қорғауына жүгіне алатынын және оның тиімділігіне сенім арта алатынын ұғынуы және білуі тиіс
Кіріспе …………………………………………………………….....3
1 Сот төрелігі – Қазақстан Республикасындағы біртұтас мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде …………………………………… .....6
1.1 Сот билігі ұғымы …………………………………… …………........6
1.2 Қазақстан Республикасындағы сот билігінің қалыптасуы ……...10
1.3 Билік тармағындағы сот жүйесінің рөлі ………………………....12
2 Қазақстан Республикасында сот төрелегін жүзеге асырудың конституциялық қағидалары ………………………………………16
2.1 Сот төрелігінің конституциялық негіздері ……………………….16
2.2 Судьялар тәуелсіздігінің кепілдіктері,оны нығайту мәселелері..17
3 Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі ……………………….23
3.1 Жоғарғы Сот Кеңесі. Әділет біліктілік алқасы .......... ……….......23
3.2 Судьялардың конституциялық – құқықтық мәртебесі ……….......25
3.3 Сот құрамы мен соттың өкілеттілігі ……………………………....27
4 Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері …………......30
4.1 Сот және заң шығарушы биліктер арасындағы өзара қатынастардың болашағы …………………………………………………………....30
4.2 Мемлекеттік биліктің сот және атқарушы тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері …………………………………...31
Қорытынды ……………………………………………………….....33
Қолданылған әдебиеттер тізімі ……………
Сондықтан да заңның басымдығын қамтамасыз етіп қана қоймай, оның құқық принципіне сәйкес келуін де қамтамасыз ету керек, мұның маңызы біріншісінен бірде бір кем емес.
Мемлекеттік биліктің сот және заң шығарушы тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастың болашақ дамуына жаңа да жарқын жол ашылу үшін Жоғарғы Сотқа заң шығару бастамасын қайта беру керек, сонда сот тәжірибесін қорытып, зерделеу қолданылып жүрген заңдардың осал жерлерін табуға мүмкіндік береді, сондай-ақ Жоғарғы Соттың заң шығару бастамасын жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқық жүйесіндегі нендей бір кемшіліктерді жедел жоюға болады және биліктің үш тармағында заң шығару бастамасының «көрінуінде» болса да, нақты тепе-теңдікті қалыптастырады [13].
4.2 Мемлекеттік биліктің сот және атқарушы тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері
Құқықтық мемлекеттер мен азаматтық қоғамдарда мемлекеттік биліктің үш институтының болуы теориясынан туындайтын заң шығарушы, атқарушы, сот биліктерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету мәселелері мемлекеттік билік тармақтарының тұтастай алғандағы өзара оңтайлы бірлесіп әрекет етуіне іштей және жан-жақты байланысты екені белгілі. Бұл өз кезегінде осы заманғы кез келген мемлекеттегі биліктің барлық үш тармағының үйлесімді жұмыс істеуінің негізі болып табылады.
Осыған байланысты мынаны атап көрсеткіміз келеді: мемлекеттік биліктің тармақтары – заң шығарушы билік заңды қабылдауға, атқарушы билік заңдардың орындалуын қамтамасыз етуге, сот билігі заңдарды қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Яғни, тегінде, мемлекеттік биліктің үш тармаққа бөліну принципінің де, бейнелеп айтқанда, кез келген екі тармақ үшінші тармақты тежеуге тиіс дегенге саятын, жүйе принципінің мәні де нақ осында тұрса керек-ті.
Аталған мәселелер бойынша атақты қазақстандық ғалым-заңгер, мемлекет және құқық теориясының білгірі С.С.Сартаевтың төмендегі пікірлерімен толығымен келісуге болады: «Билік тармақтарының бөлінуі өкілеттіктерді бөлуден, өзара бақылаудан, тежемелік пен тепе-теңдік жүйесінен, теңдестіруден, тіл табысу мен келісімге келу арқылы тепе-теңдікті сақтаудан көрінетінін де атап айтқан жөн».
Билік бөлінісі принципін төмендегідей екі көзқарас тұрғысынан қарастырған жөн деп санаймыз. Біріншіден, бұл биліктің мемлекеттік органдар арасында бөлінуі. Олардың бірде бірі бүкіл мемлекеттік билікке толық көлемінде ие бола алмайды. Сонымен қатар бір органға екінші органның міндетін жүзеге асыруына тыйым салынады. Екіншіден, биліктерді бөлу абсолютті емес. Ол сонымен қатар жалпы саяси-құқықтық принциптер негізінде мемлекеттік биліктің біртұтастығын көздейді. Мемлекеттік биліктің тармақтарға бөлінуі және оның біртұтастығы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың екі жағы болып табылады.
Осы заманғы мемлекеттік тәжірибеде мұның объективті ақиқат екенін мойындау керек. Бірақ, соған қарамастан, олар бір ұғымның әртүрлі «билік» түрлері, әртүрлі сәттер әрбір мемлекеттік билік тармақтары өкілеттіктерінің шындығы, орындылығы және заңдылығы олардың өз міндеттерін дәл орындауынан көрінеді. Себебі мемлекет өзінің міндеттерін жүзеге асыруы кезінде өзінің органдары арасында объективті еңбек бөлінісі болуына байланысты олардың қызметіне әртүрлі әдіс-тәсілдер мен құралды пайдалануға тиіс [14.171б].
ҚОРЫТЫНДЫ
Сот билігі – Конституция белгілеген, мемлекет атынан арнайы мемлекеттік органдар – соттар арқылы іске асырылатын Конституцияда көзделген тәртіпте құрылатын, құқықтық даулар мен істерді шешу жөнінде заң құзырет берген адам мен азаматтың, мемлекет пен ұйымдардың құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін қорғау мақсаттарында өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді орындайтын, айрықша іс жүргізу нысандарында іс-қимыл жасайтын және мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін мемлекеттің бүкіл аймағында міндетті сипаттағы шешімдер шығару құқығына ие біртұтас мемлекеттік биліктің тармағы.
Республиканың сот билігі Конституциямен және заңмен белгіленген.
Мемлекеттік механизмдегі сот билігінің орны оларға жүктелетін қызметтердің сипатына қарай анықталады. Соның ең бастысы сот әділдігін жөнелту болып табылады.
Сот (судьялық қызмет) – мемлекеттік қызметтің түрі, соттар оны азаматтардың, мемлекет пен ұйымдардың құқықтарын қорғау, Конституция мен заңдарды орындауды қамтамасыз ету мақсаттарында жүзеге асырады; ол іс жүргізу нысанында өтеді, нормативтік құқықтық нормаларды қолдану негізінде туындайтын істер мен дауларды қараумен тұжырымдалады; міндетті сипаттағы шешімдер шығарумен аяқталады және қажетті жағдайларда мемлекеттік мәжбүрлеудің салмақты шараларын қолданумен аяқталады.
Сот әділдігі сот билігінің әлеуметтік ролін көрсетеді. Биліктің қалған қызметтері туынды сипат алады және оның басты міндетіне нақты қызмет көрсетеді. Осыларға конституциялық бақылауды, үкімдер мен өзге де сот шешімдерін орындауды қамтамасыз етуді, сот қадағалауын, сот статистикасы мен сот практикасын зерттеуді, талдауды және қортындылауды, құқықтық актілерге түсінік беруді, судья корпусын құруға соттардың қатысуын, нормашығармашылық қызметті жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасындағы «сот билігі» институты туралы ғылыми зерттеулерді, тәжірибелік тоқтамдар мен ұсыныстарды аяқталды деп есептеуге әлі тым ерте.
Қоғамда болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың мазмұнына жүгінсек, аталған тақырыптың кең ауқымын, өміршеңдігін байқауға болады.
Осы еңбекті дайындау кезінде ондаған көзқарастар, түйіндеулер мен ой-пікірлер айтылып, талданды, біз оларды бес топқа бөлдік:
Бірінші – бұл, бір жағынан, егемендікке ие болған тәуелсіз Қазақстан жағдайында құқықтық мемлекет, демократиялық қоғам орнату мәселелерін зерттеу, екінші жағынан, осы тарихи құбылысты жан-жақты талдап, зерделеу болып табылады.
Екінші – сот жүйесін реформалау және мемлекеттік биліктің дербес және ұдайы даму үстіндегі тармағы ретінде оның мәртебесін айқындау.
Үшінші – мемлекеттік биліктің үш тармағының да, мемлекеттік құрылымдардың да өзара бірлесіп әрекет ету мәселелері.
Төртінші – мемлекет пен қоғам арасында туындайтын қайшылықтарды жоюдың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жергілікті өзін-өзі басқару құрылымдарымен қарым-қатынасын жан-жақты нығайтудың өзекті мәселелері.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы
2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
3. «Тәуелсіздік толғауы» Насимов М.,21 қазан 2011.
4. Республикасының Конституциясы, 54 бет, 1995 ж.
5. « Сот билігі » Рысжанов С. // «Орталық Қазақстан» №26 (20811) , 18 ақпан 2010.
6. ., К.Төрежан «У.Қошанов: Сот жүйесінің күретамыры - Ата заңнан сусындайды» //«Айқын», 31.09.2011ж
7. «Сот билігі – тәуелсіз елдің тілегі » Қайрат Мәми, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы // Егеменді Қазақстан газеті,
№90-93 (25939) 12 наурыз, 2010
8. . Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс- жүргізу құқығы.
Нұрмашев Ү.Ө. 368 бет , Алматы 2009 ж.
9. « Сот билігі – әділет билігі » Достияров Ж., Сәтбаев қалалық сотының бас маманы - сот отырысының хатшысы
10. Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушының мәртебесі туралы
Қазақстан Республикасының 1998 ж. Заңы., 92 бет
11. Қылмыстық іс жүргізу құқығы.Төлеубекова Б.Қ. Жалпы бөлім, 519 б. 2002 ж.
12. Қылмыстық іс жүргізу Кодексі, 210 бет, Алматы 2009 ж.
13. « Соттар тәуелсіздігі қандай деңгейде? » Тасболатов А. // Егеменді Қазақстан газеті, 26 Ақпан, 2011.
14. «Мемлекеттік биліктің тармақтарға бөлінуі» Ибрагимов Ж.И. //
Сборник материалов Международной научно-практической конференции
«Государственно-правовые основы политической системы Республики Казахстан и ее влияние на сферу государственного управления
в условиях глобализации» проведенной в Евразийском Национальном университете им. Л.Н.Гумилева 29 октября 2010 года.
3
Информация о работе Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері