Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 18:17, курсовая работа

Описание работы

Бірақ, қол жеткен табыстармен шектеліп, тоқмейілсуге болмайды, өйткені өз шешімін күтіп тұрған проблемалар әлі де жеткілікті. Қабылданған заңдар қаншама жақсы, дұрыс болса да, онда көрсетілген нормалардың құқықтық қатынастарға түсетін кез келген субъектінің қызметтік қағидатына, жүріс-тұрысының ережесіне айналуларының әзірше кепілі болмай тұр. Құқықтық нұсқаулардың әрбір адам үшін, әр шенеунік, кәсіпкер, лауазымды адам, басшы үшін ішкі нанымға, ішкі заңға айналуы қажет. Өздерінің құқықтары бұзылған жағдайда әр адам сот қорғауына жүгіне алатынын және оның тиімділігіне сенім арта алатынын ұғынуы және білуі тиіс

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………….....3
1 Сот төрелігі – Қазақстан Республикасындағы біртұтас мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде …………………………………… .....6
1.1 Сот билігі ұғымы …………………………………… …………........6
1.2 Қазақстан Республикасындағы сот билігінің қалыптасуы ……...10
1.3 Билік тармағындағы сот жүйесінің рөлі ………………………....12
2 Қазақстан Республикасында сот төрелегін жүзеге асырудың конституциялық қағидалары ………………………………………16
2.1 Сот төрелігінің конституциялық негіздері ……………………….16
2.2 Судьялар тәуелсіздігінің кепілдіктері,оны нығайту мәселелері..17
3 Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі ……………………….23
3.1 Жоғарғы Сот Кеңесі. Әділет біліктілік алқасы .......... ……….......23
3.2 Судьялардың конституциялық – құқықтық мәртебесі ……….......25
3.3 Сот құрамы мен соттың өкілеттілігі ……………………………....27
4 Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері …………......30
4.1 Сот және заң шығарушы биліктер арасындағы өзара қатынастардың болашағы …………………………………………………………....30
4.2 Мемлекеттік биліктің сот және атқарушы тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері …………………………………...31
Қорытынды ……………………………………………………….....33
Қолданылған әдебиеттер тізімі ……………

Работа содержит 1 файл

мухаметнурова.doc

— 233.00 Кб (Скачать)

Сот жүйесін ұйымдастырған кезде үлкен маңызға ие конституциялық орган Жоғарғы сот Кеңесі болып табылады. Жоғарғы сот Кеңесін Президент тағайындайтын Төраға басқарады. Оның құрамына Конституциялық Кеңестің Төрағасы, Жоғарғы соттың төрағасы, Бас прокурор, Әділет министрі кіреді. Сонымен қатар, Жоғарғы Сот Кеңесінің құрамына Парламент Сенатының екі депутаты, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жалпы отырысында сайланған алты судья, Президент тағайындайтын (оның екеуі Жоғарғы Соттың, екеуі облыстық соттардың, екеуі аудандық /қалалық/ соттардың судьялары) және басқа тұлғалар жіберіледі. Кеңестің екі мүшесін  де Президент тағайындайды.  Жоғарғы Сот Кеңесі сот құрамын құруға қатысуға негізделген. Оның өкілеттігіне мыналар кіреді:

- Жоғарғы Соттың, облыстық соттардың, және оған теңестірілген соттардың судьялары қызметіне кандидаттарды, сондай-ақ олардың төрағалары мен сот алқаларының төрағаларын сұрыптау және кепілдеме беру;

- жоғарыда аталған лауазымды тұлғаларды қызметінен босату мәселелері.

Төмен тұрған соттарды құру барысында Әділет біліктілік алқасы маңызды орын алады. Ол дербес және тәуелсіз мекеме болып табылады. Оның құрамына Әділет министрінің орынбасары, Парламент Мәжілісі жіберген екі депутат, Жоғарғы соттың жалпы жиналысында сайланған алты судья, адвокаттар қоғамы жіберген адвокат, нотариустар жіберген нотариус, заңгерлер қоғамдастығы жіберген екі ғалым-құқықтанушы, Бас прокуратура өкілі кіреді. Әділет біліктілік алқасының негізгі өкілеттігі аудандық (қалалық) және оған теңестірілген соттардың төрағалары және судьяларын қызметіне кандидаттарға кепілдеме беру болып табылады. Сонымен қатар, оларды босату, орнынан кетіру туралы мәселелерді    қарайды, кепілдемелер береді, солардың негізінде  уәкілетті органдар тиісті шешім қабылдайды.  Әділет біліктілік алқасы біліктілік емтихандарын қабылдайды, тестілейді және судьяларға кандидаттарға кепілдеме береді. Сонымен қатар нотариалдық және адвокаттық қызметпен шұғылдануға ниет білдірген тұлғалардың өтініші бойынша біліктілік емтихандарын қабылдайды, кепілдеме береді, солардың негізінде Әділет министрлігі тиісті лицензиялар береді [10.55 б].

 

 

             3.2. Судьялардың конституциялық-құқықтық мәртебесі

Қазақстан Республикасында судьялардың конституциялық-құқықтық мәртебесі ҚР-сының Конституциясы және ҚР-сының   «ҚР-сының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» (бұдан әрі - Заң) конституциялық заңмен реттеледі.

Бұл Заңға сәйкес  судья республикада соттық билікті жүзеге асырушы тұлға болып табылады. Судьялардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңдармен қорғалады. Судьялардың тәуелсіздігінің кепілдігі оларға ешкімнің тиіспеушілігінен көрінеді.   Заңның 27-бабына сәйкес судьяны, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Жоғарғы Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген ҚР-сы Президентінің келісімінсіз не Парламент Сенатының келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьяға қатысты қылмыстық іс тек республика Бас прокурорының пәрменімен қозғалуы мүмкін.

Судьяларға кандидаттарға Конституциямен және Заңмен белгіленген талаптар қойылады. Аудандық соттың судьясы болып 25 жасқа толған, жоғарғы заң білімі бар, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі (стажы) бар, біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пікірін алған ҚР-сының азаматы тағайындалуы мүмкін. Жоғарыда айтылған талаптармен бірге, заң мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, оның ішінде, әдетте, екі жыл судья болған азамат жоғары тұрған соттың судьясы бола алады.

Судьяның қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық немесе ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен сыйыспайды. Судьяның кәсіпкерлікпен айналысуымен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге қақысы жоқ.

Судьяның лауазымы тұлғаның саяси қызметін шектейді: судья саяси партияларға, кәсіптік одақтарға кіруге, қандай да бір саяси партияны қолдап немесе қарсы дауыс беруге тиіс емес.

Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы заңның 28-бабына сәйкес судьялар:

- Конституция мен заңдарды бұлжытпай орындауға, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қамтамасыз етуге;

- сот төрелігін іске асыру кезінде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебі талаптарын  сақтауға және судьяның беделі мен қадір-қасиетін түсіретін немесе оның әділдігі мен алаламаушылығына   күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға;

- оның қызметіне кез келген  заңсыз араласуға қарсы тұруға;

- судьялардың отырыстарының құпиясын және жабық сот мәжілістерін өткізу кезінде алынған мәліметтерді сақтауға міндетті.

Бірінші рет сайланған немесе тағайындалған судья ант береді. Ант Қазақстан Республикасының Конституциясына беріледі. Жоғарғы Соттың төрағасы, сот алқасының төрағалары және Жоғарғы Соттың судьялары ҚР-сы Сенатының отырысында ант береді. Облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары Жоғарғы соттың жалпы отырысында ант береді. Облыстық соттар алқаларының төрағалары мен судьялары, аудандық соттың төрағалары мен судьялары тиісті облыстық соттардың жалпы отырысында  ант береді.

Судьялар лауазымынан  қызметтен босату және өкілеттігін тоқтату түрінде босатылады. Судья қызметтен мынадай негіздерде босатылады:

- орнынан түскенде немесе өз тілегі бойынша;

- медициналық қорытындыға сәйкес кәсіптік міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі болатын денсаулық жағдайы бойынша;

- соттың таратылуына немесе өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, егер басқа соттағы бос қызмет орнына орналасуға келісімін бермесе.

Судьяның өкілеттігі мынадай негіздерде тоқтатылады:

- ҚР-сының азаматтығынан айырылғанда;

- осы судьяға қатысты айыптау үкімі күшіне енгенде;

- іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда;

- басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және басқа жұмысқа ауысқан жағдайда;

- қайтыс болған жағдайда.

Жоғарғы Соттың судьялары, оның төрағасы, алқа төрағаларын қызметінен Президенттің ұсынуымен Парламент Сенаты босатады. Облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары, оның төрағалары және алқа төрағалары, сондай-ақ аудандық соттар төрағалары мен судьялары қызметінен Президент жарлығымен босатылады.

Судьяның өкілеттігі судьялардың тәртіптік біліктілік алқасының судьяны тәртіптік теріс қылықтар жасағаны немесе судьяларға қойылатын талаптарды орындамағаны үшін қызметінен босату қажеттігі  туралы шешіміне байланысты тоқтатылуы мүмкін.

Орнынан түскен судьяның судьялар қоғамдастығында болуы және жеке басының тиіспеушілік кепілдіктері, заңдармен көзделген жеңілдіктері сақталады.

Судьяның орнынан түсуі ҚР-сының азаматтығынан айырылғанда; өз тілегі бойынша; оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа да ақы төленетін қызметке тұрғанда; сондай-ақ ол қылмыс жасағанда немесе сот билігінің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасағанда; қайтыс болғанда тоқтатылады [11].

 

 

                                  3.3 Соттың құрамы

Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара, ал Қазақстан Республикасы Қыл­мыстық кодексінің 165, 166, 166-1, 167, 168 (бірінші бөлігінде), 169, 233 (үшінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстар бойынша істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық істерді айыпталушының өтініші бойынша бір судьяның және он алқабидің құрамында қарайды. Қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады. Кассациялық сатыда кассациялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарауды кемінде үш судья құрамындағы алқа жүзеге асырады. Істі қадағалау тәртібімен қарауды құрамында кемінде үш судья болатын сот жүзеге асырады. Істерді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қараған кезде соттың құрамы осы баптың қағидаларына сәйкес айқындалады. Үкімді орындау кезінде туындайтын мәселелерді және есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарауды тиісті соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады.

 

Соттың өкілеттігі

1. Сот билігінің органы ретіндегі соттың өкілеттігі заңда айқындалады.

Тек сот қана:

1) адамды қылмыстың жасалуына кінәлі деп тануға және оған жаза тағайындауға;

2) адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарала­рын не мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға;

3) төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге;

4) тергеушінің, анықтау органының, прокурордың айыпталушыға, күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау, қамауға алу түріндегі таңдаған бұлтартпау шараларына санкция беруге және олардың мерзімін ұзартуға;

5) сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға;

6) күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру туралы шешім қабылдауға құқықты.

Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен:

1) қылмыстық қудалау органының шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымдарды қарайды;

2) әкімшілік жаза қолданады;

3) іс бойынша жаңадан анықталған мән-жайларға орай іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы прокурордың қаулысына шағымдарды қарайды;

4) үкімнің орындалуына байланысты мәселелерді қарайды.

Егер істі сотта қарау кезінде қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайлар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтар, сондай-ақ анықтау, алдын ала тергеу барысында немесе істі төменгі тұрған сотта қарау кезінде жол берілген басқа да заң бұзушылықтар анықталса, сот жеке қаулы шығарып, онда тиісті ұйымдардың немесе тұлғалардың назарын заңды бұзудың қажетті шаралар қабылдауды талап ететін мән-жайлары мен фактілеріне аударады. Егер сот қажет деп тапса, басқа жағдайларда да жеке қаулы шығаруға құқылы. Қылмыстар құрамын құрайтын әрекеттердің жасалу фактілері анықталған кезде сот заңда көзделген шараларды қабылдау үшін тиісті прокурордың атына жеке қаулы шығарады.

Судья - өз құзыретi шегiнде iстi жеке-дара қарайтын, соттың отырысын дайындау не оның үкiмiнiң немесе басқа шешiмiнiң атқарылуын қамтамасыз ету жөнiнде өкiм жасау қызметiн жүзеге асыратын, осы Кодекстiң 59-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген өтiнiштер мен шағымдарды шешетiн судьяға соттың өкiлеттiгi тиесiлi болады. Iстi судьялар алқасының құрамында қарайтын судья iстi қарауға байланысты туындайтын барлық мәселелердi шешу кезiнде төрағалық етушiмен және басқа да судьялармен тең құқықтарды пайдаланады.

Судьялар алқасының құрамында қылмыстық iстi қараған кезде соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы не оған заңмен көзделген тәртiппен уәкiлеттiк берiлген судьялардың бiреуi төрағалық етедi. Iстi жеке дара қараған судья iс бойынша төрағалық етушi болып саналады. Төрағалық етушi сот отырысының барысына басшылық етедi, қылмыстық iстiң әдiл қаралуын және осы Кодекстiң басқа да талаптарының сақталуын, сондай-ақ сот отырысына қатысушы барлық адамдардың өздерiн тиiсiнше ұстауын қамтамасыз ету үшiн барлық шараларды қолданады. Сот отырысына төрағалық етушiнiң өкiмдерi процеске қатысушылардың барлығы және сот залындағы өзге де адамдар үшiн мiндеттi[12.23 б].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 СОТ БИЛІГІ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

4.1 Сот және заң шығарушы биліктер арасындағы өзара қатынастардың    болашағы

Сот билігінің мәселелері бұрында қазақстандық ғылыми зерттеушілік те және танымдық та қызметімізде қалыптасқан дәстүрлі мәселе болған жоқ, себебі тіпті заң ғылымында, мысалы, кеңес кезеңінде сот билігі ұғымының  өзін сот қызметін ұйымдастыруды саяси-құқықтық жағынан ғана қамтамасыз ететін сот органдарының жүйесі ретінде қарастырды.

Белгілі қазақстандық заңгер-ғалым, профессор С.Н.Сәбікенов өзінің «Салыстырмалы мемлекеттік құқық» деген еңбегінде «Сот билігі заң шығару және атқару билігінен ерекше тұрады.

Сот қоғамдағы шиеленістерді қарап, шешеді. Бұл оның басқа билік тармақтарына қарағанда басты мақсаты болып табылады. Ол істі заңға сәйкес және істі қарау барысында судьяның жүрегінде ұялаған ішкі сеніміне лайық шешеді. Алайда бұл сенім судьяның өмір тәжірибесіне де байланысты болады» деп көрсете келе, мемлекеттік билік тармақтарының ішінде сот билігінің орны мен маңызына ерекше көңіл бөлген.

Зерттеулер көрсетіп отырғандай, сот билігі ұғымын қарастыра отырып, мына бір жайды ой сарасынан өткізіп, тиянақтай кеткен жөн болар: сот билігі халық билігін жүзеге асырудың аса маңызды буындарының бірі ретінде әрекет етеді, өйткені ол елдің халық билігін жүзеге асыруға қатынасатын азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді, бұл мемлекет үшін де, қоғам үшін де, азаматтар үшін де аса құнды.

Биліктің сот және заң шығарушы тармақтарының арасындағы өзара қарым-қатынастың келешек дамуы туралы сөз еткенде, ең алдымен Конституцияда ҚР-сында сот билігінің құқықтық мәртебесі ҚР-сы Парламентінің заңымен ғана белгіленеді деп айқын көрсетілуі қажет.

Сонымен қатар құқықтық мемлекет үшін заң мен заңдылықтың аса маңыздылығына қарамастан, оларды формальды мойындалған нәрсе деуге болмайды. Мемлекеттің билеп-төстеуі де, жекелеген «билік етуші» тұлғалардың жүгенсіздіктері де заң нысанында көрінуі мүмкін екенін тәжірибе айқын көрсетіп жүр. Айталық, аймақтық билеушілердің заңды бұрмалауға негізделген бәсекесі мемлекеттік биліктің заң шығарушы  және атқарушы тармақтары арасында қақтығыстардың тууына себепші болады.

Информация о работе Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері