Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 18:17, курсовая работа

Описание работы

Бірақ, қол жеткен табыстармен шектеліп, тоқмейілсуге болмайды, өйткені өз шешімін күтіп тұрған проблемалар әлі де жеткілікті. Қабылданған заңдар қаншама жақсы, дұрыс болса да, онда көрсетілген нормалардың құқықтық қатынастарға түсетін кез келген субъектінің қызметтік қағидатына, жүріс-тұрысының ережесіне айналуларының әзірше кепілі болмай тұр. Құқықтық нұсқаулардың әрбір адам үшін, әр шенеунік, кәсіпкер, лауазымды адам, басшы үшін ішкі нанымға, ішкі заңға айналуы қажет. Өздерінің құқықтары бұзылған жағдайда әр адам сот қорғауына жүгіне алатынын және оның тиімділігіне сенім арта алатынын ұғынуы және білуі тиіс

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………….....3
1 Сот төрелігі – Қазақстан Республикасындағы біртұтас мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде …………………………………… .....6
1.1 Сот билігі ұғымы …………………………………… …………........6
1.2 Қазақстан Республикасындағы сот билігінің қалыптасуы ……...10
1.3 Билік тармағындағы сот жүйесінің рөлі ………………………....12
2 Қазақстан Республикасында сот төрелегін жүзеге асырудың конституциялық қағидалары ………………………………………16
2.1 Сот төрелігінің конституциялық негіздері ……………………….16
2.2 Судьялар тәуелсіздігінің кепілдіктері,оны нығайту мәселелері..17
3 Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі ……………………….23
3.1 Жоғарғы Сот Кеңесі. Әділет біліктілік алқасы .......... ……….......23
3.2 Судьялардың конституциялық – құқықтық мәртебесі ……….......25
3.3 Сот құрамы мен соттың өкілеттілігі ……………………………....27
4 Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері …………......30
4.1 Сот және заң шығарушы биліктер арасындағы өзара қатынастардың болашағы …………………………………………………………....30
4.2 Мемлекеттік биліктің сот және атқарушы тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері …………………………………...31
Қорытынды ……………………………………………………….....33
Қолданылған әдебиеттер тізімі ……………

Работа содержит 1 файл

мухаметнурова.doc

— 233.00 Кб (Скачать)

Сот билігін ұйымдастыру мен қызмет етуінің конституциялық-құқықтық негізі конституциялық нормалар және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы болып табылады.

Аталған Конституциялық заңды қабылдаудың негізгі мақсаты елде сот-құқықтық реформасын одан әрі жетілдіру болды.

Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, билік тармақтарының «тежемелік» әрі «тепе-теңдік» жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.

Конституциялық заңда Жоғарғы Сот төрағасының өкілдіктерін кеңейтуге, судьялардың құқықтық мәртебесін көтеру мен әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар прогресшіл ережелер бар. Судьялар әкімшілігі – судьяларды ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар түсінігі енгізілді, бұл функциялар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы қайтадан құрылған Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке жүктелді, бұл өкілеттік бұрын Әділет министрлігінің құзыретіне кіргізілген болатын.

Заңда облыстық соттардағы және Жоғарғы соттағы алқалар мен Жоғарғы сот пленумының орнына қадағалау төралқалары мен жалпы отырыстар құру көзделді.  Аталған жаңа енгізулер төралқа сияқты органдар белгіленбеген Конституция нормаларына сәйкес келтіру мақсатында жүзеге асырылды.  Сөйтіп, соттардағы сот төрелігін тек Конституцияда көрсетілген сот органдары – алқалар ғана жүзеге асырады, ал судьялардың жалпы отырыстарына сот төрелігін жүргізу құқығы берілмейді, олар сот қызметіндегі жалпы ұйымдастыру мәселелерін шешетін болды.

Сот өндірісін бір ізге салу үшін заңда республика соттарындағы шаруашылық және азаматтық алқалардың біріктірілгені бекітілді, Жоғарғы сот жанындағы әскери алқа таратылды.

Судьялардың тәуелсіздік кепілдіктері күшейтілді. Мәселен, егер бұрын сот органдары мен Әділет министрлігі органдарының судьяларға қатысты тәртіптік істерді қозғау құқығы болса, енді жаңа редакцияда бұл құқық тек республика судьяларының күллісіне қатысты – Жоғарғы сот төрағасына, аталған облыстың судьяларына қатысты – облыстық сот төрағасына ғана тиесілі болды.

Судьялар лауазымдарына тағайындау рәсімдерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге – аудандық және облыстық соттар судьяларының лауазымдарына конкурстық негізде тиісінше Әділет біліктілік алқасы мен Жоғарғы сот кеңесінің кандидаттар іріктеуін жүзеге асыруды көздейтін нормалар – бағытталды.

Конституциялық заңмен Әділет біліктілік алқасының төрағасын Республика Президентінің тағайындауы регламенттелді, мұның өзі аталған органның дербестік институтын оңынан дамытуға жәрдемдесетін болды.

Жоғарғы сот алқалары төрағалары мен судьялары, жергілікті соттар төрғалары бос лауазым орындарына кандидаттарды ұсыну, сондай-ақ республика судьялары өкілдіктерін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу тек қана Жоғарғы сот төрағасы құзыретіне жатқызылды.

Сот корпусының сапалы құрамын жақсарту үшін судья лауазымына кандидаттарға қойылатын жаңа қосымша талаптар – біліктілік емтиханын табысты тапсырған тұлғалардың міндетті түрде тағылымдамадан өтуі белгіленді.

Судьяларға қойылатын талаптар қатайды. Заңда тәртіптік-біліктілік алқаларының өкілдігі едәуір кеңейтілді, енді олар тек тәртіптік істерді ғана емес, судьяға қойылатын талаптарды орындамаған жағдайда, соның ішінде судья этикасы нормаларын бұзғаны үшін, судьялардың өкілдіктерін тоқтату мәселесін де қарайтын болды.[4.42б.]

1.2.                Қазақстан Республикасындағы сот билігінің қалыптасуы

 

 

Кез келген сот жүйесінің тиімділігі, жұмыс істейтін  өзіндік ерекшелігі, экономикалық, құқықтық жағдайларға елеулі түрде қатысты. Осы мәселеде жүйені құрудың тарихи шарттары, қалыптасқан дәстүрлер, құқықтық мәдениет орасан зор роль атқарады.

Қазақстан Республикасының егемендік алуымен соттарға кез келген құқықтық мемлекетке тән толық көлемдегі құқықтық өкілет беру қажеттілігі туындады. Сот жүйесіндегі нақты өзгерістер тәуелсіздік жылдары арасында жүргізілді.

Қайта құрудың бастамасы егемен Қазақстанның 1993 жылы ақпан айында тұңғыш Конституциясын қабылдаумен байланысты, Конституция сот билігінің ұйымы мен қызметінің негізгі қағидаттарын бекітті. Әділ сот органдарына Конституциялық сот, Жоғарғы сот, Жоғарғы төрелік Сот және төменгі соттар жатқызылды.

1994 жылы біздің елімізде сот жүйесінің даму басымдықтарын белгілеген құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасының қабылданғаны белгілі. Мәселен, «Сот жүйесінің реформасы» бөлімінде былай атап көрсетілді:

- соттарды ұйымдық жағынан нығайту қажет, олардың жалпы және төрелік (арбитраждық) сотқа бөлуден бас тарту керек;

- сот Кеңестерінің немесе біліктілік комиссияларының ұсыныстары бойынша мемлекет басшысы – ҚР-сының Президенті арқылы судьялардың ауыспаушылық және тағайындаушылық принциптерін бекіту;

- сот төрелігін іске асыру және сот қаулыларын орындау бойынша көмекші қызметтерді күшейту.

Жалпы сот реформасын келесі бағыттар бойынша жүргізу көзделді:

сот құрылымы мен сотта істі қарауды қайта ұйымдастыру;

материалдық және іс жүргізу заңдарын жетілдіру;

құқық қорғау және арнайы органдардың, сондай-ақ адвокатураның қызметі мен құрылымын реформалау.

Халық заседательдерінің институты таратылатын болды.

Сонымен қатар сот корпусын құруға биліктің барлық үш тармағының өкілдерінің, ғалымдар мен практик-заңгерлердің қатысуын қамтамасыз ету ұсынылды. Жоғарғы заң білімі бар әрбір азаматқа оны судьяға үміткер етіп тіркеу үшін өз қалауы бойынша біліктілік емтиханын тапсыруға құқықтық және практикалық мүмкіндік берілді, осы арқылы аталмыш мәселені шешудегі бұрын қолданылып келген жасырын (құпия) тәртіп жойылды.

Жоғарғы соттың төрағасы мен оның алқа төрағалары, облыстық соттардың төрағалары тиісінше Жоғарғы және облыстық сот мүшелерінің қатарынан ҚР-сы Президентінің ұсынысы бойынша Жоғарғы Кеңес арқылы бес жыл мерзімге бекітілуі тиісті болды.

1995 жылы қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес, судьяларды Президенттің  тағайындауы және Жоғарғы Сот судьяларының Парламент Сенаты арқылы сайлануы енгізілді. Жоғарғы Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы құрылды, міндеттерін жалпы құқықтық құзырдағы соттарға жүктеу арқылы төрелік соттар жүйесі таратылды, судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі күшейтілді, олардың мәретебесі және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесіндегі рөлі нығайтылды.

Сот реформасын практика жүзінде жүзеге асырудағы шешуші адым, Президенттің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар, Жарлығының қабылдануы болып табылды. Жарлық судьялар тәуелсіздігінің заңдық және материалдық кепілдіктерін белгіледі, олар биліктің атқару және өкілдік тармақтары тарапынан болатын қысымнан тұңғыш рет құқықтық қорғауға ие болды.

Құқықтық реформаның Бірінші кезеңінде республикада билер сотын жаңғырту қызу талқыланды.  Аталған институт Қазақстан үшін дәстүрлі және ол революцияға дейін ойдағыдай жұмыс істеген. «Би төрелігін енгізу қырғыздарда халық тарапынан қайсыбір ресми сайлаумен және халықты басқаратын билік тарапынан бекітумен сабақтаспаған, тек шешендік өнермен ұштасқан сот ғұрыптарындағы терең білім ғана осындай құрметті атақты қырғыздарға берген. Бидің мағынасы беделге негізделген және осы атақ сот практикасына берілген патент іспеттес»,- деп атап көрсетті Шоқан Уәлиханов («қырғыз» деп қазақты айтқан).

Бұл ретте ҚР-сының қолданыстағы Конституция нормаларына сүйену керек, Конституция нормалары бойынша сот жүйесі бірыңғай және соттар тұрақты судьялардан тұрады. Міне, дәл осы себептен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Заңды талқылау кезінде билер соты республика соттарының бірыңғай жүйесіне кірмей қалды.

Сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ететін шарттардың бірі ретінде округтік (дуандық) сот жүйесін құру идеялары да айтылды. Осындай соттар көптеген елдерде жұмыс істейді. Мысалы, АҚШ-да территорияларын қамтитын 13 Федералдық сот округтері құрылған. Олардың әрқайсысында бір-бір округтық соттан құрылған, судьялар саны барлығында бірдей емес. Округтық соттар апелляциялық саты міндетін орындайды. Ресейде Федералдық төрелік соттар мен 10 округтік сот құрылған.

Округтік соттарды құру мүмкіндігі, Президенттің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығының бастапқы редакциясы арқылы қамтылған болатын, алайда, Жарлыққа 1997 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін бюджеттік қаражаттарды үнемдеуге байланысты бұл ережені тізімнен шығарып тастады.

1998 жылдың 8 қазанынан алқалы сот (суд присяжных) институтын енгізу Конституция жүзінде танылды. Мұны ендіру ең алдымен сот әділдігін жүзеге асырудың демократиялық  бастамаларымен байланысты. Осы институтты енгізудің мәні мынамен тұжырымдалады. Сотқа тартылушының өзі жөніндегі істі сенімді мәжіліскерлердің немесе сот алқасының қатысуымен қаралу құқығы туындайды. Осындай таңдау сот рәсімінде адам құқықтарын қорғаудың қосымша кепілдіктерін көрсетеді.

2000 жылдың қыркүйек айында еліміздің Президенті «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлық шығарды, осы Жарлық еліміздің соттарын реформалау тарихында жаңа белесті паш етті. Осы Жарлықпен, сондай-ақ ҚР-сы Президентінің 2000 жылғы 12 қыркүйектегі «Сот әкімшілігін жүргізу бойынша жаңа жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен Жоғарғы соттың жанынан сот әкімшілігі жөніндегі комитет құрылды. Бұл комитет соттар қызметтерін материалдық-техникалық жағынан және өзгедей қамтамасыз етулерді жүзеге асырады, сондай-ақ атқару құжаттарының орындалуын дер кезінде қамтамасыз етеді.

Өнеркәсіптік дамыған екі қалада (Алматы мен Қарағанды) мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар құрылды, қазір мұндай соттар барлық облыстарда құрылып, жақсы деңгейде жұмыс жасауда. Сонымен қатар   барлық облыстарда және ірі қалаларда мамандандырылған әкімшілік соттары құрылып, сот билігінің тәу ету жолында қызмет істеуде [5].

 

1.3.                Билік тармағындағы сот жүйесінің рөлі

 

 

Әр елдің сот жүйесі өзінше ерекше болып табылады, өйткені әрбір елдің тарихы, саяси дамуы мен мәдениеті өзгеше.

Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің қызметтеріне қатысты мәселелер соңғы кезге дейін тұтастай жүйе ретінде қамтылып, іс-жүзінде жеке дара зерттеліп келді. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Қазақстанда сот жүйесіндегі реформаның негізгі бағыттары мен нәтижелеріне көз жібергенде, алға қойған мақсаттарға жету үшін, заңда көрсетілген міндеттерді шешу жолында әртүрлі әдістердің қажеттілігін сезінеміз.

«Заманына қарай -Заңы» дегендей қазақ елінің тарихи даму жолында дәстүрлі қалыптасқан заңдары бар болғаны анық. Өткен дәуірдегі заңдылықтардың біздің заманымызға жеткендеріне үңілсек, билік айту, қазылық шешім мен өкім шығару өз дәуіріне сай болғандығы айқындалады.

Қазақ халқының аса кеменгерлігінің басты сипаты – бір ауыз сөзге тоқтау, кесімді айтылған сөздің қадірін бүкіл ел білген, сыйлаған, соған тоқтаған. Мұндай кесімді сөз айта білген, ақылы мен сөзі асқан азаматты ел ішінде «би» деп ардақтап, абыройын әспеттеген. Тіпті жас ұрпағына берген бата арасында «Би бол, би болмасаң би түсетін үй бол» деп тәрбиелік көңіл білдірген. Осы жайлардың өзі-ақ дана халқымыздың биліктің тұғырын қадірлей білгенін көрсетеді.

Түптеп келгенде бұрынғы өткен би, бүгінгі судья – ел қамқоры, халық жанашары, әрі ақылшысы.

Ел басына күн туған қазақтың хандық дәуірінде біртұтастықты қалыптастырып, ынтымақ орнатқан ежелгі дала ережелерінің қайталанбас нұсқасы бізге дейін «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолын» біріктіріп Тәуке хан «Жеті жарғыны», сол заманның нормативтік құқықтық кесімін қалыптастырды. Бүгінгі күннің биігінен зерделеп қарасақ, олардың бәріне де билер басшылық еткен, сол кездегі қазақ өркениетінен туындаған әдет заңдары.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп Төле би бабамыз  айтқандай, билер шешімінің әділ болуына жөн сілтеген. Бүгінгі қарапайым тілмен айтқанда тура би, туғанына қарамай кесім айтуға тиіс болған. Ал, туғанына тартып тұрғаны аңғарылса ондай биде «иман жоқ» деп айна-қатесіз кесіп айтқаны анық. Ел ішінде осындай тұжырымдардың арқасында халық өздерінің ұлы билерінің құдіретті есімдерін жадында ұстаған.

Бұрынғы кеңес заманы кезінде судьялар сайлаушыларға және оны сайлаған органға есеп беретін. Осындай есеп беру арқылы судьялардың шынайы тәуелсіздігі қалыптаспаған болатын, яғни жергілікті атқарушы өкілетті органның тар шеңберінен аса алмайтын. Сол қатып қалған қағиданы ысырып тастап, бүгінгі күнде шынайы тәуелсіз сот жүйесі қалыптасты. Осының барлығы Қазақстан сот жүйесіндегі қызметті реттеуге мүмкіндік беретін құқықтық кесімдердің жүйесін одан әрі дамыту мен жетілдірудің кең ауқымды болашағын белгілеуге қажетті жағдайлар тудырады. Қазақстан Президентінің 1994 жылғы «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарғысында негізгі бағыттар көрсетілген. Осы аталған реформаның жалғасы іспеттес «Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында» судьяның сот төрелігін  жүргізу кезінде тәуелсіз болуы Елбасының жарлығымен бекіді.

Мемлекетімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасындағы тұжырымдамалық ережелердің жүзеге асыру барысына жасалған талдау Қазақстанда сот билігін азаматтардың құқығы мен бостандығын және конституциялық құрылысты қорғауда өз өкілеттігін іске асыратын, мемлекеттік биліктің дербес, тәуелсіз және мықты тармағы ретінде бекітудің қажетті шаралар кешені жүзеге асырылғанын көрсетті.

Информация о работе Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері