Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 06:34, курсовая работа
Мемлекеттiң күштеу шарасы ретiндегi қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмысмтық кодекстің 38-бабында «жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбірлеу шарасы» делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады.
КIРIСПЕ 3
1. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ 5
2. ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН МӘН-ЖАЙЛАР 11
3. ҚАТЫСЫП ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫС ҮШІН ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ 30
4. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА
ТАҒАЙЫНДАУ 32
5. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ 36
6. ҮКІМДЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ 37
7. МЕРЗІМДЕРДІ ҚОСУ КЕЗІНДЕ ОЛАРДЫ БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ЖАЗА МЕРЗІМДЕРІН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЖАЗАНЫ ЕСЕПКЕ АЛУ 39
ҚОРЫТЫНДЫ 41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 43
<h4> 4. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Сот
тәжірибесінде бір адамның
Бір адамның бірнеше қылмыстарды істеуі, оның істеген әрбір қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен тиісті жаза белгілеуді қажет етеді. Мұндай жағдайда заң қылмыстарды жиынтықтап жаза тағайындау тәртібін белгілейді. Бір адам қылмыстық заңның әр түрлі баптарында көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істегенге кінәлі деп танылып, соның бірде біреуі үшін сотталмаса, онда оның әрекетінде қылмыстың жиынтығы бар деп саналады. Бұл жерде занда белгіленген негіздер мен қылмыстық жауаптылыктан босатылған адамның бұрынғы істеген кылмысы есепке алынбайды. Қылмыстардың жиынтығында сот негізгі жазаны, ал керекті реттерде және косымша жазаны әрбір қылмысқа бөлек тағайындап алып, түпкілікті жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен немесе тағайындалған жазаларды түгелдей, ия болмаса, ішінара қосу жолымен заңның ауырырақ жаза белгіленген бабындағы шектен асырмай жазаны жиынтықтап, бірақ тағайындайды (58-бап, І-бөлігі).
Осы заңның талабына сәйкес сот әрбір қылмыс үшін жазаны бөлек-бөлек тағайындайды. Оның өзіндік маңызы зор. Өйткені, бұл кассациялық немесе бақылау сатыларында істеген қылмыстардың біреуі үшін үкімді өзгертуге мүмкіндік туғызады. Әрбір кылмыс үшін жазаны бөлек тағайындау рақымшылық актісін қолдануға да қолайлы мүмкіндік туғызады. Өйткені, кінәлінің істеген қылмысының, біріне рақымшылық актісі қолданылуы, ал екіншісіне оның қолданылмауы мүмкін немесе бір кылмыс үшін рақымшылық актісі бойынша тұтас алынып тасталуы, ал екіншісі қылмысы үшін жаза мөлшері сол негізбен кыскартылуы мүмкін.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың жалпы бастамаларын, істелген қылмыстың мәні мен зияндылык дәрежесін, кылмыскердің тұлғасын және істің мән-жайьн, жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды тутастай басшылыққа алады. Жаза тағайыпдауды осы принципті бұлжытпай басшылыққа алу қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаны жеке қылмыс істегендерге қарағанда ауырырак етіп тағайындауға мүмкіндік береді. Жазаны әрбір қылмысқа бөлек-бөлек тағайындап алып, сот жазаны барлық қылмыстары үшін жиынтықтап бірак тағайындайды. Бұл жерде қылмыстық заң бойынша жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолын нсмесе тағайындалған жазаларды түгелдей я болмаса ішінара косу жолымен заңның ауырырақ жаза белгілеген бабындағы шектен асырмай жаза белгіленеді. Сіңіру принципі бойынша сот кылмыстың жиынтығына кіретін әрбір кылмыс үшін біртектес және әртектес жаза түрлерін тағайындағанда женілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен жинақтап бірак тағайындайды. Осындай кезде жаза түрлерінің қатаңдык дәрежесі Қылмыстық кодекстің 39-бабында кандай ретпен көрсетілсе, сондай рет бойынша анықталатынын ескеруі кажет. Егер жиынтыққа кіретін қылмыстар үшін түрі мен мөлшері жағынан бірдей жаза тағайындалса, онда бір жазаны басқа бір жазаға сіңіру жолымен қорытынды жаза тағайындау заңның тиісті баптарын ең жоғарғы жазалау шаралары шегінде тағайындалса ғана рұқсат етіледі. Мысалы, қыл-мыскер қызғанып өз әйелін өлтіргені үшін алты жылға, кәнігі бұзақылығы үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды делік. Сіңіру принципі колданыла отырып оған акырғы жаза 6 жыл бас бостандығынан айыру болып белгіленеді немесе кінәлінін бір қылмысы үшін сот оған 2 жыл түзеу жұмысын тағайындайды, ал екінші қылмысы үшін 3 жыл бас бостаңдығынан айыру жазасын тағайындайды. Жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен сот оның ақырғы жазасын 3 жыл бас бостандығынан айыруға деп белгілейді.
Тағайындалған жазаларды түгелдей қосып жаза белгілеу дегеніміз әрбір қылмыска бөлек-бөлек жаза тағайындап алып, сол жазаларды бір-біріне түгелдей косып, ақырғы жазаны аныктау болып табылады. Жазаларлды түгелдей косу принципі сот тәжірибесінде көп жағдайларда істелген қылмыстардың мәні мен зияндылық дәрежесі өзара ұқсас болған жағдайларда қолданылады. Тағайындаған жазаларды ішінара косып, жаза белгілеу дегеніміз сот ауырырақ жазаға басқа қылмыс үшін тағайындалған жазаны ішінара косып, ақырғы жазаны аныктайды. Қылмыстың жиынтығы бірнеше қылмыс үшін жазаны толық немесе ішінара косу жолымен тағайындалғанда акырғы жаза мөлшері ауырырақ жаза белгілеген баптың шегінен асырылмай белгіленуі мүмкін. Мысалы, ұрлық үшін 3 жылға, ауырлататын жағдайдағы бұзақылығы үшін 4 жылға тағайындалған жазаны, сот ішінара қосу жолымен ақырғы жазаны 5 жылдан бас бостандығынан айыруға деп белгілейді, Өйткені, ауырлататын бұзақылығы үшін (257-бап, 2-бөлік) жазаның ең жоғарғы шегі заңда 5 жыл деп көрсетілген. Бұл шектен асуға болмайды.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда соттын кайсы принципті басшылыққа алатыны (сіңіру жолымен немесе түгелдей, ішінара қосу жолымен) нақты жағдайларға байланысты, істің, жағдайына, кылмыскердің тұлғасына, әр қылмыс үшін тағайындалған жазаның түрі мен ауырлығына сәйкес шешіледі. Адам кінәлі деп танылған кылмыстар үшін тағайындалған қосымша жазаны сот негізгі жазаға қоса алады.
Егер іс бойынша үкім шығарылғаннан кейін сотталған адамның алғашқы іс бойынша үкім шығарғанға дейін басқа бір қылмыс істегендігі аныкталса, бұл жағдайда да жаза осы ережелер бойынша тағайындалады. Бұл ретте жазанын, мерзіміне бірінші үкім бойынша өтеген жаза есептелінеді. Мысалы, кінәлі адам әйел зорлағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылуға сотталған. Ол осы жазаның екі жылын өтеген соң, оның осы қылмыс үшін сотгалғанға дейін бұзақылық істегені анықталады. Сот қылмыскерді бұзақылығы үшін кінәлі деп тауып, сол үшін оны 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Тағайындалған жазаларды түгелдей қосу аркылы, оның ақырғы өтейтін жазасы 8 жыл бас бостандығынан айыруға деп белгіленген. Сот оның бірінші үкім бойынша өтеген екі жыл жазасын есепке ала отырып, ақырғы өтеу жазасының мерзімін 6 жыл деп белгілеген. Қылмыстық кодекстің 58-бабының, 3-бөлігінде: "Егер кылмыстардың жиынтығында орташа ауырлықтағы қылмыс, ауыр немесе аса ауыр кылмыс камтылса, түпкілікті жаза жазаларды ішінара немесе толық қосу жолымен тағайын-далады. Бұл орайда бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза жиырма жылдан аспауы керек",— деп белгіленген. Ал осы баптың төртінші бөлігінде: "Егер кылмыстардың жиынтығында осы Кодексте жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесс өлім жазасы не өмір бойы бас бостандығынан айыру көздслген, ең болмағанда, бір аса ауыр кылмыс камтылатын болса, түпкілікті жазалау ішінара немесе толық косылып тағайындалады. Бұл орайда бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жазалау жиырмабес жылдан аспауға тиіс",—деп көрсетілгсн. Мұндай ережелер істелген қылмыстық қоғамға қауімтілігі қандай санатқа жататынына, қылмыскердің жеке басының кім ексндігі ескеріле отырып, әділетті жаза тағайындауға мүмкіндік береді. 58-баптың 3-4-бөлігінде көздел-ген қылмыстардың санатының түснігі Қылмыстық кодекстің 10-бабында берілген.
Қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған негізгі жазаға жиынтықты кұрайтын қылмыстар үшін тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкін. Жекелеп немесе толык қосылған жағдайда түпкілікті қосымша жаза осы Кодекстің Жалпы бөлімінің сол жазалау түрі үшін белгіленген ең жоғары мерзімінен нсмссе мөлшерінен аспауы керек (58-бап, 5-бөлігі). Мысалы, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметте болу құқығынан айыру Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес қосымша жаза ретінде үш жылға дейінгі мерзімге косылуы мүмкін.
<h4>5. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Қылмыстардың қайталануының
Қылмыстық кодекстің 59-бабының екінші болігінде қайталанып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындаудың ерскшелігі көрсетілген. Баптың осы бөлігіне сәйкес: 1) кайталап жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі мен мөлшері жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінік ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің жартысынан төмен; 2) кылмыстардың қауіпті кайта-ланғаны үшін — үштен екісінен төмен; 3) қылмыстардың аса кауіпті кайталанғаны үшін — торттен үшінен төмен болмауға тиіс. Мысалы, Қылмыстық кодскстің 169-бабындағы карулы бүлік жасағаны үішін ең жоғарғы жаза 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру болып белгіленген. Қайталанып жасалған қылмыстың түрлеріне байланысты осындай тәртіппен көтеріңкі жаза мөлілері мем түрін белгілеу бүрып қасақана кылмыс жас-ағаны, сотталғандығына қарамастан тағы да қасақана қылмыс істеп түзелу жолына түспегендерге берілгсн лайыкты жаза болып табылады. Мұндай түзелу үшін ауырырақ жаза тағайындау қажеттілігі өзінен-өзі түсінікті.
<h4>6. ҮКІМДЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бір жазаны толық өтегенге дейін жаңадан қылмыс жасаса, сот соңғы үкім бойынша сот тағайындаған жазаға соттың алдынғы үкімі бойынша жазаның өтемеген бөлігін толық немесе ішінара қосады.
Үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза, егер бас бостандығынан айырумен байланысты болмаса, осы Кодекстің Жалпы бөліміндегі осы жазалау түрі үшін көзделген жазалардың ең жоғарғы мерзімінен немесе мөлшерінен аспауы керек. </h4>
Үкімдердің жиынтығы бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза 25 жылдан аспауы керек. Егер адам үкімдердің жиынтығында осы Кодщекстің 58-бабының төртінші бөлігінде аталған қылмыстардың біреуін болса да жасаған деп танылған үкім қамтылатын болса, бос бостандығынан айыру түріндегі үкімдер жиынтығы бойынша түпкілікті жаза 30 жылдан аспауы керек.
Үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза қайта жасалған қылмыс үшін тағайындалған жазадан да, соттың оның алдынғы үкімі бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігінен де артық болуы тиіс.
Үкімдердің
жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде
жазалардың қосымша түрлерін қосу осы
Кодекстің58-бабында көзделген
Осы айтылған заң нормаларының мазмұны төмендегідей:
Қылмыс жасап үкім бойынша жаза алған адамның тағы да қылмыс істеуінің қоғамға қауіптілігі орасан, сондықтан жаңа Қылмыстық кодекс мұндай қылмыскерлерге қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындауға қарағанда қатаңырақ жаза тағайындау тәртібін белгіленген. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда сот істелген қылмыстың ауырлығына қарамастан заң талабына сәйкес бұрынғы үкім бойынша тағайындалған, жазаның өтелмей қалған бөлігін түгелдей я болмаса ішінара қосып белгілейді. Қылмыстық кодекстің 58-бабында көрсетілген сеңіру ережесі бұл бапқа қолданылмайды.
Үкімді жинақтап тағайындаған ақырғы жаза жаңа істелген қылмысқа тағайындалған жазадан да, сондай-ақ алдыңғы үкім бойынша өтелмей қалған жазаның бөлігінен де артық болуы керек.
Бірнешеүкім
бойынша жаза өтеу мерзімі соңғы
қылмыс үшін үкім шығарылған уақыттан
бастап есептеледі. Үкімдерді жиынтықтап
қосқанда жазаның жалпы мерзімі
егер ол бос бостандығынан айырумен
байланысты болмаса жазаның сол
түріне белгіленген ең ұзақ мерзімінен
аспау тиіс. Бас бостандығынан
айыру түріндегі жазаларды
<h4>7. МЕРЗІМДЕРДІ ҚОСУ КЕЗІНДЕ ОЛАРДЫ БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ЖАЗА МЕРЗІМДЕРІН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЖАЗАНЫ ЕСЕПКЕ АЛУ
Қылмыстардың жиынтығы және үкімдердің жиынтығы бойынша жазаларды ішінара немесе толық қосу кезінде бас бостандығынан айырудың бір күніне:
а) қамаудың немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың бір күні;
б) бас бостандығын шектеудің екі күні;</h4>
в) түзеу жұмыстарының немесе әскери қызымет бойынша шектеудің үш күні:
г) қоғамдық жұмыстарға тартудың 8 сағаты сәйкес келеді.
2.
Айыппұл салу белгілі бір
1.
Белгілі бір лауазымдарды
2.
Осы баптың бірінші бөлігінде
көрсетілген жазаларды
3.
Үкім заңды күшіне енгенге
дейін қамауда ұстау бас
4.
Сот үкімі заңды күшіне