Қылмыстық жаза

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 06:34, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттiң күштеу шарасы ретiндегi қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмысмтық кодекстің 38-бабында «жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбірлеу шарасы» делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады.

Содержание

КIРIСПЕ 3
1. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ 5
2. ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН МӘН-ЖАЙЛАР 11
3. ҚАТЫСЫП ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫС ҮШІН ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ 30
4. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА
ТАҒАЙЫНДАУ 32
5. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ 36
6. ҮКІМДЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ 37
7. МЕРЗІМДЕРДІ ҚОСУ КЕЗІНДЕ ОЛАРДЫ БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ЖАЗА МЕРЗІМДЕРІН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЖАЗАНЫ ЕСЕПКЕ АЛУ 39
ҚОРЫТЫНДЫ 41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 43

Работа содержит 1 файл

кылмыстык жаза.docx

— 60.73 Кб (Скачать)

      Қазақстан Республикасы жаңа  Қылмыстық кодексінде қылмысты  мәжбурлік кажеттіліктен, кылмысты  істеген адамды ұстаудан, орынды  тәуекелдің заңдылық шарттарын  бұзу жағдайында істеу жауаптылықты  жеңілдететін мән-жайға жатады  деп тұңғыш рет көрсетілген.  Қылмыс мәжбүрлі кажетгіліктің  шарттарын сақгамау арқылы істелсе,  онда оны істеген адамнын әрекеті  жауаптылыкты жеңілдететін мән-жайға  жатуы мүмкін. Мысалы, аса кажеттілік  жағдайында істелген іс-әрекеттің  нәти-жесінде келтірілген зиян  тойтарылған зияннан көп болса,  сондай-ак кінәлі адамның төнген  қауіпті шығын жұмсау арқылы  тойтару мүмкіндігі бола тұрып,  оны пайдаланбауы, т.б. әрекеттер.

      Қылмыс істеген адамды ұстау  — қоғамға пайдалы кылмысқа  қарсы күрес жүргізудегі кажетті  әрекет. Бірақта кылмыс істеген  адамды ұстау да қылмыстын,  мәні мен үстау жағдайына сай  келмейтін жағдайда оған зиян  келтіру кылмыс болып табылады. Мысалы, ол қарсылық көрсетпесе  де, оған ұрып жарақат салу, істеген  кылмысы үшін оны өзінше жазалау  тағы басқа әрекеттер. Мұндай  жағдайда кінәлінің істеген іс-әрекеті  жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға  жатады. Орынды тәуекелдің заңдылық  шарттарың бұзу жағдайында қылмыс істеу де жауаптылыкты жеңілдететін мән-жайға жатқызылған. Орынды тәуекелге әр түрлі кәсіптік немесе шаруашылык бағытта жүргізілетін іс-әрекеттер жатады. Мысалы, медицина саласында адамға әр түрлі операциялар жасау, дене мүшелерін тігу, кейбір органдарды алып тастау, немесе оны қайта қондыру адамдардың жанын ауыртумен немесе оларға зиян келтірумен тікелей байланысты. Мұндай шараларды жүзеге асыру заңға, нормативті актілергс, нұскдулар мен ережелерге қатаң негізделген. Осы талаптарды қатаң сақтау дәрігердің қылмыстық жауаптылығын жояды. Медицина ғылымы саласында жаңа жетістіктерге жету үшін әр түрлі ғылыми эксперименттің жүргізілуі шарт. Осы кәсіптің ережесіне, талабына сай жүргізілген ғылыми эксперименттің салдарынан кісі өлімі, мүліктің жойылуы орын алған жағдайда да ол үшін қылмыстық жауаптылыққа ешкім тартылмайды. Мысалы, адамнын, өмірін сақтап калу үшін оған бауыр, ми, жүрку сияқты организм органдарын қондыру тәуекелі заңға немесе норматиівті актілсрмен қалыптасқан тәжірибеге негізделіп сонда көрсетілген бірнеше шарттарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылуы.

       Мұндай шарттарға мыналар жатады:

    — Проблеманы алдын ала теориялық  жағынан терең зертгеу және талқылау;

    — жануарларға тәжірибе жасау арқылы нәтижсні анықтау;

    — эксперимент жасауға адамнын  келісімін алу.

    Осы көрсетілген шарттардың біреуін  болса да, орындамаса, нәтижесінде  ауыр зардап орын алса, онда кылмыстық  жауапкершіліктін болуы сөзсіз. Бірақ  зан мүндай жағдайды жауаптылықты жеңілдстетін мән-жайлардың қатарына жатқызады. Өндірістік шаруашылық тәуекелі кұқылы болу үшін ол ғылым, тәжірибе жинақтаған негіздерге, нормативті актілерді басшылыққа ала отырып, сонда көрсетілгсн  барлық шарттарды катаң сақтап жүзеге асырылуы қажет. Бұл талаптарды орындамау, шаруашылық-өндірістік тәуекелге бел  байлаған адамның ұқыпсыздығынан нсмесе жаңылысуынан басқа да әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен зиян келтірілсе, ол үшн кылмыстық жауаптылық белгіленеді. Бірак бұл жауаптылық та жеңілдететін мән-жайлар деп саналады. Қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын кылығы. Кейде жәбірленушінін, заңға кайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы қылмысты арандатуға әкеліп соғады. Мысалы, жұбайлардың біреуінің бөгде біреумен көңіл қосуы, жыныстық катынаста болуы. Осы әрекеттің үстінен тұскен ол өз жұбайын сабап, оның денесіне ауыр зиям келтіруі. Жәбірленушінің заңсыз әрекеті көп жағдайларда кінәлінің жан күйзслісін тудырады, осы ссбепті ол ашумен кылмыс істейді.

      Жан күйзелу жауалтылықты жеңілдететін  мән-жайға жату үшін ол біріншіден, жәбірленушінің өзінін заңсыз  әрекеті салдарынан (күш көрсету,  ктты қорлау немесе басқа заңсыз  әрекеттерінен), екіншіден, жан күйзелу,  физиологиялык, аффект жағдайында  істеуі керек.

       Физиологиялық аффект дегеніміз осы жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты кінәлінің ашу үстінде жағдайды дұрыс бағалау және өзінің мінез-қүлқына саналы түрде бақылау жасау кабілетінің елеулі кемуі болып табылады. Бірақ та мұндай жағдайда кінәлі қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды, ссбебі адам өзінің әрскетін сезуден, өзінің іс-әрекетінс есеп беруден және оны баскару кабілеті мүмкіндігінен айырылмайды, тек мұндай қасиеттері елеулі турде ғана кемиді. Сол себепті мұндай жағдайлар кылмыстық жауаптылықты жоймайтын, бірақ жауаптылықты жеңілдететін мән-жамлар катарына жатқызылады.

       Физиологиялык, аффектіні анықтау үшін психологиялық сарапшылық тағайындалады. Шын жүрсктен өкіму, айыбын мойындап келуі, кылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау иәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдсмдесу.

      Шын жүрсктен өкінуге кылмыс  істеген адамның ағынан жарылып  өзінің қылмысын мойындауы, өзінің  іс-әрскетіне шын жүректен өкініш  білдіріп, іс бойынша өзіне мәлім  барлык жағдайларды бүкпсіз айту, қылмысқа бірге қатысушыларды әшкерлеп, келтірілген зияиды жою әрекеттері жатады.

        Егер адам өзінің кінәсін бұлтартпас дәлелдер арқылы мойындауға мәжбүр болса, онда оның әрекеті шын жүректен өкінуге жатпайды. Кінәсін мойындап келу дегеніміз кінәлі адамның құқық қорғау немесе құқық колдану органына немесе ресми адамға өзінің жасаған қылмысы туралы шындыкқа жататын мәлімдеме жасай келіп, істеген іс-әрекеті үшін тиісті жазаны өтеуге әзір екенін білдіруін айтамыз.

       Шын жүректен өкіну немесе кінәсін мойындап келуі әділ соттылықты жүзеге асыратын органдарға қылмысты ашуға және жүзеге асырылатын басқа жада қылмыстардың жасалуына тыйым салуға көмектеседі. Қылмысты ашуға, қылмысқа басқа катысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздестіруге белсеңді жәрдемдесу әр түрлі нысанда көрініс табуы мүмкін. Мысалы, қылмыс құралын алған жерді көрсету, қылмысқа кімдер қатысты, кайда түрады, олардың әрқайсысының атқарған ролі мен қызметі, жасырынып жатқан жерлері, ұрланған мүлктің сақталып тұрған орны және т.б. Кінәлінің мұндай әрекеттері оның жауаптылығын жеңілдетуге негіз болады. Жауаптылықты жеңілдететін осы жоғарыда айтылған жағдайларды көрсете отырып, заң сотка бұдан баска да мән-жайларды жауаптылықты жеңілдететін жағдайларды (ол туралы сот үкімінде негіздей отырып) жатқызуға құқық береді. Қылмыстық кодекстің 54-бабына сәйкес мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:

       а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;

    б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру;

    в) адамдар тобының, алдын ала сөз  байласқан адамдар тобынын ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтын (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау;

      г) қылмыс жасағанда айырыкша  белсенді роль аткару;

    д) айыпкер үшін психикасы бүзылуының ауыр түрінен зардап шегетіні алдын  ала белгілі адамдарды не қылмыстык, жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;

       е) ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздык себебі бойынша, басқа адамдардың занды іс-әрекеті үшін кектенушіліктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;

      ж) жүктілік жағдайы айыпкер  үшін алдын ала белгілі әйелге  қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе  дөрменсіз адамға не айыпкерге  тәуелді адамға қатысты кылмыс  жасау;

       з) белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе коғамдық, борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;

       и) аса қатыгсздікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ак жәбірленушіні кинап кылмыс жасау;

    к) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеуші кұрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік  және өзге де химиялық-фармокологиялық  дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетіп немесе психикалық мәжбүрлеу  не жалпы кауіпті әдіс колданып қылмыс жасау;

    д) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық  кезінде қылмыс жасау;

    м) алкогольдік, есірткілік немесе уытқылық еліту жагдайында қылмыс жасау. Сот  қылмыстың сипатына қарай бұл  мән-жайды ауырлатушы деп танымауға  кұқылы;

       н) адамның өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып, қылмыс жасауы;

    о) қылмыскердің, қызмет жағдайын немесе шартқа байланысты өзіне көрсетілген  сенімді пайдаланып, кылмыс жасауы;

    п) өкімет өкілінің нысанды киімін немссе құжатын пайдаланып кылмыс жасау.

    2. Егер осы баптың бірінші бөлігінде  көрсетілген мән-жай осы Кодекстің  Ерскше бөлімінің тиісті бабында  қылмыс белгісі ретінде корсетілген  болса, ол жауаптылықпен жазаны  ауырлататын мән-жай ретінде кайталап  ескерілмеуі керек.

    3. Жаза тағайындау кезінде сот  осы баптың бірінші бөлігінде  көрсстілмеген мән-жайларды ауырлатушы  мән-жайлар деп тани алмайды.

    Жауаптылықты  ауырлататың мән-жайлардың мазмұны

    төмендегідей:

    1. Қылмыстарды әлденеше рет жасау,  қылмыстардың қайталануы. Бұл қылмыстардың  түсінігі Қылмыстык, кодекстің  11-бабында көрсетілген.

    2. Қылмыс арқылы ауыр зардаптар  кслтіру. Зардап материалдық емес, моральдық және басқа түрде  болуы мүмкін.

    Қылмыстың ауыр зардаптарын сот істелген қылмыстың  мәніне, істің нақты жағдайларына, сондай-ақ қылмыстан тікелей туындаған  зардапты еске ала отырып аныктайды. Бұл мәселені шешуде қылмыстың объектісінің маңыздылығы, келтірілген зиянның  мөлшері, орын алған ақау, дене жарақаты, кісі өлімі, баска да мән-жайлар толық  есепке алынады. Ауыр зардап касақана немесе абайсыздықпен істслетің  қылмыстарда бірдсй болатындықтан, ол осы қылмыстардың барлығы үшін де жауаптылыкты ауырлататын мән-жайлар ретінде есепке алынады.

       Қылмыстық заңның диспозициясында қылмыстын белгісі ретінде көрсетілген жауаптылыкты ауырлататын жағдайлар жаза тағайындағанда кайтадан еске алынбайды.

    3. Адамдар тобының алдын ала  сөз байласып, адамдар тобының  ұйымдаскан топтың немесе қылмыстык,  қауымдастықтың. (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау. Бұл қылмыстар түсінігі Кодекстің, 27-30-баптарында берілген.

       4. Қылмыс жасағанда айрыкша белсенді роль атқару. Адамның қылмысты жеке өзі істегенде немесе топқа катысып істегенде айрықша белсенді роль аткаруы мүмкін. Қылмысты табан астында ешбір негізсіз істеуі немесе қылмыс істеуге үзақ уақыт дайындалуы, т. б. Егер қылмыс топ арқылы істелсе, онда топкд қатысушылардың әркайсысының айырықша ролі жеке-ежеке ескеруге жатады.

    5. Айыпкер үшін психикасы бұзылуының, ауыр түрімен зардап шегетіні  алдың ала белгілі адамды немесе  кылмыстык, жауаптылық жасына  толмаған адамдарды қылмыс жасауға  тарту. Қылмыс істеген адамның  жүйке ауруымен ауыратын адамды  немесе жас баланы пайдаланып  қылмыс істеуі оның қоғам үшін  ерекше зиянды екенін көрсетеді.  Мұндай әрекетті істеген адам  жас балаларды азғырады, олардың  дұрыс қалыптасып адам болуына  кесірін тигізеді, ауру адамды  қылмысты әрекетке пайдаланып, өзін  жауапкершіліктен тысқары қалдыруды  көздейді. Мұндай жағдайдың кылмысты  ауырлататын мән-жайға жататындығы  сол, қылмыстын субъектісі, оның  зұлымдык, қылмысты ниетін басқа  адамдардың қолымен — жас баланы  немесе психикалық аурумен ауыратын  адамды пайдалану арқылы жүзеге  асырады. Қылмыстық кұқық теориясында  мүндай әрекетті біреу аркылы  орындаушылық деп атайды. Біреу  арқылы орындаушылыққа қылмыстың  субъектісі қылмыс істеуге қылмыстың  субъектісі болып танылмайтын  жас баланы немесе ауру адамды  пайдаланғанын сезеді және соны  тікелей істейді. Мұндай жағдайларда  жас бала немесе ауру адам  қылмыс істеудің кұралы ретінде  пайдаланылады. Ал олардың, істеген  қылмысынын шын мәніндегі орындаушысы  жас баланы немесе ауру адамды  қылмысқа пайдаланған адамның  өзі болады.

Информация о работе Қылмыстық жаза