Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 18:12, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы “Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар”. Жұмысымды жазардағы алдыма қойған мақсатым – жазаның түсінігі мен белгілеріне тоқтала отырып, Қазақстан Республикасындағы жаза тағайындаудың негіздерін айқындау, жаза жүйесі мен түрлеріне жалпы сипаттама беру.

Содержание

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

І Жаза тағайындаудың ұғымы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.1 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.2 Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1. 3. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау. . . . . . . . . . . . . . . . .
II Қылмыстық жауаптылық пен жазаның жалпы сипаттамасы . . . . . . . . . .
2. 1. Қылмыстардын қайталану жағдайында жаза тағайындау. . . . . . . . . . . . .
2. 2. Мерзімдерді белгілеу тәртібі және жаза мерзімдерін
есептеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. 3. Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі жеңілірек жаза тағайындау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Работа содержит 1 файл

Қымбат крусавой.doc

— 217.00 Кб (Скачать)

5.      қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету

6.      жеке, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар салдарынан қылмыс жасау

7.      күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан қылмыс жасау

8.      қажетті қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік жағдайларында қылмыс жасау

9.      шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келк, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмысжасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.

Енді осы жеңілдетілетін мән-жайлардың ішкі мазмұнына тоқталайық.

Мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет онша ауыр емес қылмыс істеу. Бұл жерде біріншіден, қылмыс тұңғыш рет істелуі, екіншіден, ол қылмыс онша ауыр емес қылмыс санатына жатқызылуы, үшіншіден, қылмыс кездейсоқ жағдайға байланысты істелуі керек.

Айыпкердің кәмелетке толмауы, жасы он сегізге толмай қылмыс істегенге көп жағдайда өмірлік тәжірбиенің жеткіліксіздігінен, ересектердің теріс ықпал етуінен, өзінің тентектігін көрсету арқылы істеледі.

Жүкті әйелдің қылмыс істеуі. Қылмыстық заң адамгершілік принципін басшылыққа ала отырып, ана мен баланың мүддесін қорғайды. Жүкті әйелдің істеген қылмысын жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатқызу- осының айғағы.

Айыпкердің жас балалары болуы.

Егер айыпкердің жасы 14-ке толмаған бір баласының болуының өзі оған жеңілдік көрсетуге негіз болады.

Мұнда кінәлі істеген қылмысының зардабын қылмысты істегеннен кейін өз еркімен болғызбайды. Келтірілген зиянның есесін өз еркімен толтыру деп кінәлінің жәбірленушіге ерікті түрде келтірілген мүліктік немесе моралъдық зиянның орнын толтыру, жеке басына, отбасына және басқа да себептермен қылмыс істеу әр түрлі жағдайларда жүзеге асырылады. Олар кінәлінің өзінің, туысының ауыр науқаспен ауыруы, материал дық жетіспеушілікке байланысты болуы мумкін. Жазаны жеңілдететін мән-жайларға жалақысының азаюы, жұмыстан шығарылуы сияқты мәселелер жатады.

Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан материалдық, қызметтік, өзге де тәуелділігі себепті қылмыс жасау. Бұл жерде қорқыту немесе еріксіз көндіру кінәлі адам тәуелді болып табылатын басқа адамның тарапынан пайда болады. Яғни бұл жерде қылмыс жасаудың бастаушысы болып қорқыту, еріксіз көндіру, басқа да тәуелділікті пайдаланып кінілі адамды қылмыс істеуге азғырған адам.

Қажетті қорғанудың дұрыстығының шартын бұзу, қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау.

Мұндай жағдайда қылмыс істеу жауаптылықты жоймайды, бірақ жеңілдететін жағдайға жатады. Себебі кінәлі қоғамға, заң қорғайтын мүддеге қылмыстық қол сұғушылық болмаса, мұндай қылмысты істемеген болар еді.

Мысалы, аса қажеттілік жағдайында істелген іс -әрекеттің нәтижесінде келтірілген зиян тойтарылған зияннан көп болса, сондай-ақ кінәлі адамның төнген қауіпті шығын жұмсау арқылы тойтару мүмкіндігі бола тұрып, оны пайдаланбауы.              

Жан күйзелу жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жату үшін ол біріншіден, жәбірленушінің өзінің заңсыз әрекеті салдарынан, екіншіден, жан күйзелу, физиологиялық аффект жағдайында істеуі керек.

Физиологиялық аффект дегеніміз осы жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты кінәлінің ашу үстінде жағдайды дұрыс бағалау және өзінің мінез-құлқына саналы түрде бақылау жасау қабілетінің кемуі болып табылады.

Физиологиялық аффектіні анықтау үшін сарапшылық тағайындалады. Шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.

Шын жүректен өкінуге қылмыс істегени адамның ағынан жарылып өз істеген қылмысын мойындауы, өзінің іс әрекетіне шын жүректен өтініш білдіріп, қылмысқабірге қатысушыларды әшкерелеп, келтірілген зиянды жою әрекеттері.

Қылмыстық кодекстің 54-бабына сәйкес мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән жайларға жатады:

а). қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;

б). қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру;

в). адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының құрамында қылмыс жасау;

г)қылмыс жасағанда айрықша белсенді рөл атқару;

д)айыпкер үшінпсихикасының бұзылуының ауыр түрінен зардап шегетіні алдын ала белгілі адамдарды қылмыс жасауға тарту;

е). ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша, сондай ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;

ж). белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;

з). аса қатыгездікпен, қорлаумен, сондай ақ жәбірленушіні қинап өылмыс жасау;

и). төтенше жағдайды, табиғи немесе қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай ақ жаппай тіртіп бұзушылық кезінде қылмыс жасау;

й). алоголъдік, есірткілік еліту жағдайында қылмыс жасау;

к). адамның өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып, қылмыс жасау;

л). өкімет өкілінің нысанды киімін немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау;

Жауаптылықты ауырлататын мән жайлардың мазмұны төмендегідей: Қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы.

Соттардың мынаны есте тұтқаны жөн; адамның бірнеше қылмыс жасауы әсіресе қасақана жасауы, айыпкердің қоғам үшін аса қауіпті екендігін көрсетеді. Осыған байланысты ҚК 58 және 60 баптарының талаптарын бұлжытпай орындау ондай адамдарды заңды, дәлелді және әділ жаза тағайындаудың маңызды шарттатының бірі болып табылады. Қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру. Қылмыстың ауыр зардабын сот істелген қылмыстың мәніне, істің нақты жағдайларына, сондай ақ қылмыстан нақты туындаған зардапты еске ала отырып анықтайды.

Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар жасаған қылмыс үшін неғұрлым қатаң жаза қолданылады. Қылмыс жасағанда айрықша белсенді рөл атқару. Адам қылмысты жеке өзі істегенде немесе топқа қатысып істегенде айрықша белсенді рөл атқаруы мүмкін. Егер қылмыс топ арқылы істелсе, онда топқа қатысушылардың рөлі жеке жеке ескеруге жатады.

Қылмыс істеген адамның жүйке ауруымен ауыратын адамды немесе жас баланы пайдаланып қылмыс істеуі оның қоғам үшін ерекше зиянды екенін көрсетеді. Мұндай әрекетті істеген адам жас балаларды азғырады, олардың дұрыс қалыптасып адам болуына кері әсерін тигізеді, қылмысқа ауру адамды пайдаланып, өзін жауаптылықтан тысқары ұстауды көздейді.

Ұлттық немесе нәсілдік дұшпандықты немесе араздықты қоздыруға, ұлттық ар намыс пен қадір қасиетті кемсітуге, азаматтардың нәсілдік немесе ұлттық тегіне қарай шектеуге қасақана бағытталған әрекеттер қылмыстық заң құрамына жатқызылады.

Жүкті әйелдер кінәлінің жүкті екендігін дәлме дәл біле тұра, соны сезіп, біліп, жәбірленушіге қарсы қылмыс істеуі. Жас балаға, кәрі немесе дәрменсіз халдегі адамға біле тұра, қарсы қылмыс істеу кінәлінің тұлғасын теріс сипаттайтын ерекше белгілері болып табылады. Өзінің қызметін немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген адамды өлтіру қасақана кісі өлтірудің ауыр түрі болып табылады. Мысалы, халық жасақшысына қарсы қылмыс істеу, қылмысты тойтаруға қарсы әрекеттенген адамға қарсы т. б қылмыстар.

Аса қатыгездікпен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні қинай қылмыс жасау. Мұндай қылмыстар көбінесе жеке адамдарға қарсы, басқа да жеке адамдардың өміріне, денсаулығына, бостандығына қарсы бағытталады.

Қылмыстық кодекстің 29 бабында қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы туралы ғана айтылады. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау ҚК 57 бабында арнайы қарастырылған.

Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде оны жасаған адамның қатысу сипаты мен дәрежесі, оның келтірілген немесе келтіруі мүмкін зияының сипаты мен мөлшері ескеріледі.

Қатысу дәрежесі қатысушылардың қылмыстық мақсатқа жетудегі сіңірген еңбегінің көрінісі арқылы беріледі. Ал қылмыс мақсатына жетудің мәні алға қойған мақсат орындалды ма, жоқ па соған байланысты. Қылмыстық кодекстің 57 - бабының 2 - бөлігінде қатысушылардың біреуінің жеке басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән жайлар тек сол қатысушыға қатысты болса ғана ескеріледі. Яғни, мұндай ретте ересектерге қарағанда жасы толмағандарға жазаның жеңілдететін түрі қолданылады.

 

 

1.3. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау.

 

Сот іс бойынша үкім шығарғаннан кейін, сотталған адамның алғашқы іс бойынша үкім шығарылғанға дейін басқа бір қылмысты істегендігі үшін кінәлі екендігі анықталатын мән жайлар кездеседі. Мұндай жағдайлар қылмыстың жиынтығын құрайды. Бір адамның бірнеше қылмыстарды істеуі, оның істеген әрбір істеген қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен тиісті жаза белгілеуді қажет етеді. Мұндай жағдайларда заң қылмыстарды жиынтықтап жаза тағайындау тіртібін белгілейді.

Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот жаза тағайындаудың жалпы бастамаларын, істелген қылмыстың мәні мен зияндылық дәрежесін, қылмыскердің тұлғасын және істің мән жайын басшылыққа алады.

Тағайындалған жазаларды қосып түгелдей жаза белгілеу дегеніміз әрбір қылмысқа бөлек бөлек жаза тағайындап алып, ақырғы жазаны анықтау болып табылады.

Егер іс бойынша үкім шығарып қойғаннан кейін сотталған адамның тағы да басқа қылмыстар үшін айыпты екені, оның біреуі үкім шығарғанға дейін, біреуі үкім шығарғаннан кейін анықталса, алдымен алғашқы үкім шығарылғанға дейін жасалған қылмыстар жиынтығы бойынша бапты қолдана отырып, одан кейін ҚК 58 - бабының 2 - бөлігінің ережелері қолданылады, сосын алғашқы үкім шығарылғаннан кейін жасалған қылмыстар жиынтығы бойынша жазалар анықталып, түпкілікті жаза үкімдер жиынтығы бойынша тағайындалады.

Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар қылмыс құрамының қажетті, жетілген немесе жеңілдетілгенм белгілерімен шатастыруға болмайды. Мысалы, басқа біреудің мүлкін қорқытып алушылықта ұйымдасқан топ жасаған қылмыс осы қылмыстың жетілдірілген құрамының белгісін көрсетеді. Сонымен бірге ұйымдасқан топ болып қылмыс жасау жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады.

Егер ҚК –нің 53 немесе 54 –баптарында көрсетілген мән-жайлар қылмыстың бір белгісі ретінде Ерекше бөлімінің бабында көрсетілген болса, онда ол қылмыс үшін жаза тағайындаған кезде жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жай ретінде ескерілмейді. Мысалы, жан күйзелісі үстінде ашумен кісі өлтіруде жан күйзелу осы қылмыс үшін жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жай ретінде есепке алыньайды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 53-бабында қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып мына төмендегілер есептелінеді.

Мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау айыпкердің кәмелетке толмауы.

Жүктілік айыпкердің жас балалары болуы қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету жеке, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар салдарынан қылмыс жасау күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан қылмыс жасау, қажетті қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік жағдайларында қылмыс жасау, шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келк, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмысжасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.

Енді осы жеңілдетілетін мән-жайлардың ішкі мазмұнына тоқталайық

Мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет онша ауыр емес қылмыс істеу. Бұл жерде біріншіден, қылмыс тұңғыш рет істелуі, екіншіден, ол қылмыс онша ауыр емес қылмыс санатына жатқызылуы, үшіншіден, қылмыс кездейсоқ жағдайға байланысты істелуі керек.

Айыпкердің кәмелетке толмауы, жасы он сегізге толмай қылмыс істегенге көп жағдайда өмірлік тәжірбиенің жеткіліксіздігінен, ересектердің теріс ықпал етуінен, өзінің тентектігін көрсету арқылы істеледі.

Жүкті әйелдің қылмыс істеуі. Қылмыстық заң адамгершілік принципін басшылыққа ала отырып, ана мен баланың мүддесін қорғайды. Жүкті әйелдің істеген қылмысын жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатқызу- осының айғағы.

Айыпкердің жас балалары болуы.

Егер айыпкердің жасы 14-ке толмаған бір баласының болуының өзі оған жеңілдік көрсетуге негіз болады.

Мұнда кінәлі істеген қылмысының зардабын қылмысты істегеннен кейін өз еркімен болғызбайды. Келтірілген зиянның есесін өз еркімен толтыру деп кінәлінің жәбірленушіге ерікті түрде келтірілген мүліктік немесе моралъдық зиянның орнын толтыру жеке басына, отбасына және басқа да себептермен қылмыс істеу әр түрлі жағдайларда жүзеге асырылады. Олар кінәлінің өзінің, туысының ауыр науқаспен ауыруы, материал дық жетіспеушілікке байланысты болуы мумкін. Жазаны жеңілдететін мән-жайларға жалақысының азаюы, жұмыстан шығарылуы сияқты мәселелер жатады.

Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан материалдық, қызметтік, өзге де тәуелділігі себепті қылмыс жасау. Бұл жерде қорқыту немесе еріксіз көндіру кінәлі адам тәуелді болып табылатын басқа адамның тарапынан пайда болады. Яғни бұл жерде қылмыс жасаудың бастаушысы болып қорқыту, еріксіз көндіру, басқа да тәуелділікті пайдаланып кінілі адамды қылмыс істеуге азғырған адам.

Информация о работе Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар