Автор: B*********@mail.ru, 26 Ноября 2011 в 14:24, реферат
Кәсіптік лицейдің І, ІІ, ІІІ курс оқу топтары үшін дайындалған ‟Дене шынықтыру ” пәні бойынша бағдарлама осы пәнді оқытуға қойылатын талаптарға сәйкес құрылды. Яғни жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік лицей дене шынықтыру мәдениеті, бағдарламасы оның кәсібіне байланысты құрылуы керек. Қолданбалы дене дайындығы дегеніміз – дене тәрбиесінің түрлерін, амалдарын, әдістерін бағытты пайдаланған арнайы педагогикалық үрдіс. Дене тәрбиесінің түрлерін, амалдарын, әдістерін бағытты пайдаланған кезде, олар адамды керекті еңбек түрі қызметіне дайындап, ағзасының функционалдық және әрекеттік мүмкіншіліктерін жетілдіреді. Осындай дене құрамы дайындығы кәсіптік үйрену үрдісін тиімдірлендіріп, маманның жоғары еңбек қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Дене жаттығулары адам ағзасына жағымды әсер етеді. Дене жаттығуларымен жүйелі, тұрақты жаттыққан адам аз ауырады, өнеркәсіп жағдайына тез төселеді, алдыға қойған мақсаттарына жетуге тұрақты, қажырлы түрде ұмтылады.
Жеке әрекеттерге үйренуде
Топтық іс-әрекеттер. Бастапқыда шабуылшыларға қарағанда қорғаушылардың аз ғана санымен шартты түрдегі қарсылықпен және қарсылықсыз екі, кейін үш ойыншының өзара әрекетін үйрену керек.
Әуелі ‟бердің бе, шық” қағидасы бойынша екі ойыншының өзара іс-әрекетін үйренген жөн. Ол жаттығулар қалқанға алаңның бойымен жылжи отырып жұптаса берумен орындалады.
Командалық іс-әрекеттер.Командалық әрекеттерді үйрену белгілі бір қызметтерді ойыншылардың орындауымен байланысты. Командалық іс-әрекеттердің тиісті жүйелері ойынның таңдап алған жүйесіне тән үйренген топтық қимылдарға негізделеді. Оларды үйренуге дайындықты шабуылдың даму фазасына сәйкес, топтық әрекеттерді үйрене отырып, уақтылы жүргізу керек. Кейін әрекеттерді (комбинацияларды) төмендегідей реттілікте үйренеді: а) ойыншылар алаңға әрекеттердің сипатына сәйкес орналасады; әрқайсысына нақты міндет, мүмкін болатындай өзара әрекет пен қандай шешім қабылдау керектігін түсіну қажет; ә) ойыншылардың өзара әрекет етуі комбинацияның жалпы үлгісі жөнінде түсінікті қалыптастыру; б) шартты қарсы әрекет ететін қоғаушылар ойынға енгізіледі; в) қорғаушылар белсенді әрекет етеді; г) комбинация жаттығу ойындарында қолданылады.
Қорғану тактикасы. Қорғану әрекеттеріне үйренудің қиындығы жетерлік. Өйткені олар шабуылшының әрекетіне байланысты анықталады.
Жеке іс-әрекеттер. Жақсы қорғану – дұрыс дербес әрекет жасауға байланысты. Қорғаныста жақсы ойнау біліктілігін меңгеру үшін қажетті негізгі қасиеттерге жататындар: іс-қимылдың жылдамдығы, жағдайды бағалай білу біліктілігі, кез келген әрекетті барлық уақытта да орындайтындай дайын жағдайда бола білу, жігерлілік, топшылай білу, алаңды көре білу, бір әрекеттен екіншісіне жылдам ауыса білу біліктілігі. Бұл қасиеттер қорғану тактикасын тікелей үйренуде ғана емес, үйренудің барлық кезеңінде де меңгеріледі.
Жеке әрекеттерді үйрене отырып, бірінші кезекте добы бар ойыншыға және добы жоқ ойыншыға қарсы әрекет жасауға үйрену қажет.
Топтық әрекеттер. Шұғылданушылар қауіпсіздендіру мен жылдам ауысуға үйренуі қажет.
Үлгі жаттығулар:
Командалық әрекеттер. Командалық әрекеттердегі бірінші жаттығулар үйреніп жатқан жүйеге қатыссыз, ойыншылар қорғаныс шебін құра, кейін дұрыс қайтуға және кейіннен кімге қарсы ойнайтындығын шешуге бағытталуы тиіс. Өз шығыршығына қарай доп ауысқанда, әрбір ойыншы, ол кімді ұстауы керектігіне қарамастан, қарсыласын кідіртуге тырысуы керек.
Қалқанға жақын маңда
Үлгі жаттығулар:
Волейбол.
Мектептерде жаппай кең тараған ойындардың бірі – волейбол. Оқу барысында волейбол кейде жалпы дамыту дайындығы ретінде қолданылады, алайда бағдарламаға, мектептің материалдық базасына сәйкес, спорт ойындарының бірі ретіндегі міндетті пән ретінде үйретіледі. Волейбол – командалық ойын, әр ойыншы өзінің қарсыласының іс-әрекетіне байланысты қозғалыс қимылдарын жасайды. Волейбол тарауы бойынша оқушылардың теориялық ақпараттар алуына, тактиканың және техниканың негізгі әдістері мен тәсілдерін үйренуіне, өздерінің мүмкіншілігіне сәйкес жаттығуына, екі жақты ойын кезінде үйренген дағдыларын жетілдіруіне мүмкіншілігі бар. Дене тәрбиесінде волейбол ойынының кең көлемде таралуы оның әр түрлі жаттығуларға ыңғайлығымен, жастардың демалыстарын дұрыс ұйымдастыруымен, денсаулықты және дене тәрбиесін жетілдірудегі жан-жақтылығымен, ойын ережесінің қарапайымдылығымен, керекті құралдардың және алаңның күрделі еместігімен түсіндіріледі. Ойын жағдайы жаттығушыларды жалпы мақсатқа жету үшін өзінің ойын кезіндегі іс-қимылын ұжымының мақсатына бағындыруға, жағдайға байланысты өзінің бар мүмкіншілігімен әрекет етуге, спорттық сайыс кезінде қиындықты жеңе білуге, ойын барысындағы шиеленіскен жағдайда дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелейді. Бұлар оқушылардың ұжымдық сезімін; тез зейін қоюы мен шапшаң ойлануын, шешім қабылдағыштығын және өзінше қимылдар жасай білу дағдысын қалыптастырады.
Волейбол арасы тормен
Ойын допты қосумен басталады.
Допты ойынға қосушы соғу
Команда ойынға қосылған
Ойын техникасы шабуыл
Орын ауыстыру. Ойын барысында әр түрлі техникалық әдіс-тәсілдерді орындау үшін – ойыншы алаңда орын ауыстырулар жасайды. Мұндай орын ауыстырулар қорғанысқа және шабуылға байланысты техникалық – тактикалық әдістер жасағанда, өз орнын табу және шешім қабылдау үшін қолданылады. Техникалық – тактикалық мақсаттағы орын ауыстыруларды үйретіп, жетілдіруге қажет болатын жаттығулар:
Қарсыласымен орындалатын жаттығулар:
Допты беру техникасын үйрену жаттығулары:
Алаңда тордың жанында тұрып, ойыншы допты төменнен жоғары лақтырып, торды жағалатып береді:
а) әр түрлі бағытта (алға, артқа, жоғары);
ә) әр түрлі қашықтықта (ұзын, қысқа, қысқартылған);
б) әр түрлі биіктікте (биік, орташа, төмен).
Әріптеспен жаттығулар:
Допты төменнен тіке ойынға қосу. Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буынынан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады.
Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді. Опты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан ұмтылғандай ыңғайда болады.
Допты берудің кең тараған
түрі – екі қолмен жоғарыдан
беру. Мұның артықшылығы – дәл
және тура берілуінде. Мұндай
берілуді орындау барысында
Екі қолмен допты жоғарыдан беру үшін жасалатын жаттығулар:
Әріптесімен жасалатын жаттығулар:
Төменнен қабылдау:
Қарсыластың ойынға қосқан не шабуылдатып немесе алдайтын соққымен жіберген добын төменнен екі қолмен қабылдаған жақсы. Бұл жағдайда допты қабылдаудан көп қате кетпейді. Қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін, оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдарының қарын (тоқпан жілікті) көтеріп, бұрады.
Допты жұдырықпен қабылдағанда, доп дәл тимей, шоршып, доп алаңның сыртына кетуі мүмкін. Допты алақанмен қабылдауға болмайды. Ойынның ережесі бұған рұқсат етпейді. Оған себеп, доп алақанда көбірек кідіріп қалуы мүмкін.