Түсінік хат

Автор: B*********@mail.ru, 26 Ноября 2011 в 14:24, реферат

Описание работы

Кәсіптік лицейдің І, ІІ, ІІІ курс оқу топтары үшін дайындалған ‟Дене шынықтыру ” пәні бойынша бағдарлама осы пәнді оқытуға қойылатын талаптарға сәйкес құрылды. Яғни жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік лицей дене шынықтыру мәдениеті, бағдарламасы оның кәсібіне байланысты құрылуы керек. Қолданбалы дене дайындығы дегеніміз – дене тәрбиесінің түрлерін, амалдарын, әдістерін бағытты пайдаланған арнайы педагогикалық үрдіс. Дене тәрбиесінің түрлерін, амалдарын, әдістерін бағытты пайдаланған кезде, олар адамды керекті еңбек түрі қызметіне дайындап, ағзасының функционалдық және әрекеттік мүмкіншіліктерін жетілдіреді. Осындай дене құрамы дайындығы кәсіптік үйрену үрдісін тиімдірлендіріп, маманның жоғары еңбек қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Дене жаттығулары адам ағзасына жағымды әсер етеді. Дене жаттығуларымен жүйелі, тұрақты жаттыққан адам аз ауырады, өнеркәсіп жағдайына тез төселеді, алдыға қойған мақсаттарына жетуге тұрақты, қажырлы түрде ұмтылады.

Работа содержит 1 файл

папа.docx

— 45.61 Кб (Скачать)
Қатысушылар диск

(кг)

ядро

(кг)

найза

(г)

гранат

(г)

  1. 13-14 жастағы ер және қыз балалар
  2. 15-16 жастағы жеткіншектер
  3. 15-16 жастағы қыз балалар
  4. 17-18 жастағы ер балалар
  5. 17-18 қыз балалар
1 

1,5 

1 

2 

1

4 

5 

4 

7,257 

4

600 

600 

600 

800 

600

500 

500 

500 

700 

700

                                        
 
 
 
 
 
 
 
 

Дала  жарысы (кросс)

   «Спорт падишасы» атанған жеңіл атлетиканың бір тарауы – кросс.                                         Оқушылар дала жарысының организмге қаншалықты әсер ететіндігін білулері қажет. ‟Жүгіруші аяғымен ғанажүгіріп қоймайды, жүрегімен және өкпесімен де соншалықты жүгіреді” деген сөз бар. Бұл шындығында да осылай. Организмді оттекпен қамтамасыз ету үшін жүрек пен өкпеге көп жұмыс жасауға тура келеді.                                                                                                                        Кроспен айналысу төзімділікті қалыптастырады, шыдамдылыққа тәрбиелейді, күнделікті тіршілік үшін, оқу үшін, спорт үшін болашақта әскер қатарында қызмет ету үшін өте маңызды ерік-күшті дамытады.      

    Әрбір  оқушы  жүгіру барысында, әсіресе  күз бен қыста өзінің жүгіру  күйіне назар аударуы қажет.  Тіпті салқын тиіп, жеңіл сырқаттанғанның  өзі организмнің науқасқа қарсылығын  төмендетеді, жағдайдың қиындау  себебіне айналады.                                                                                                                                               Дала жарысы дегеніміз – табиғи  ойлы – қырлы жерлермен жүгіру. Жүгіргенде мыналар есте болу  керек: шөбі жоқ тегіс жерлермен  (соқпақтармен, жолдармен) жүгіргенде, өткен сыныптарда айтылғандай  тәсілдермен жүгіру қажет. Қатты  жерде, мысалы, асфальт жолда жүгірумен  көп айналысқанда, сирақ еттерінің  ауырғаны білінеді. Қатты жолда  жүгіру жалпақ табанды балалар  үшін қиын. Сол себепті, жүгірудің көп бөлігін онша қатты мес жерде өткізу керек. Бұлшыө еттер мен буындарға артық күш түссе, мұның өзі елеулі ауруға себепші болады. Қашықтықта кездесетін түрлі табиғи кедергілерден өтнрде ерекше мұқияттылық қажет. Аяқ жерге сәтсіз тисе, тізе буындарының, тобықтың зақымдануы немесе өзге де жарақаттар алып қалуы мүмкін.

     Қалың  шөп өскен жермен жүгіргенде, аяқты шұңқырға, тесікке тығып  алмас үшін алға мұқият қарау  керек. Дененің тұрақты қалпын  сақтау үшін аяқты өкшеден  басып ұшына қарай аудару қажет.  Қалай болғанда да аяқты жерге  «тырпылдатып» баспай, жұмсақ басу керек.                                                                                                                                     Қыратқа, дөңнің баурайына көтерілерде, аяқтың ұшымен жүгіреді, кеудені ілгері еңкейтеді. Қол қозғалысқа белсенді түрде көмек беруі керек, қозғалыс кезінде оны ілгері жоғары ұмсындырады. Тік беткейге жүгіріп шығу қиын, сондықтан да жүріске ауысып және тіке немесе қиғаш жүрген дұрыс. Қыраттан түсерде шапшаңдық жылдам артады, аяқ тепе-теңдікті сақтай алмай, жүгіруші құлауы мүмкін. Кеудені кейін шалқайтқан дұрыс. Тіп-тік қырдан жүгірмей түскен жақсы. Жайпауыт немесе шамалы ғана тіктеу қырдан шапшаңдықты азайтпай-ақ түсуге болады, бірақ адым қысқа болсын. Баурайдағы тегістеу жерден жүгіріп түсуді екпін алу үшін пайдалануға болады. Қыраттан түсерде аяқты өкшемен басу қажет. Биік өскен шөптің бетімен жүгіргенде, аяқты жоғары көтереді, терең емес судан өткенде де осылай, тек адымның арасын шағын етіп жүгіру керек. Тереңдеу сулардан адымдап, жай жүріп өту керек. Жолшыбай кездесетін онша емес ордан (ені 1,5 м дейінгі) секіріп өткен дұрыс. Ордың екінші жағына шыққанан кейін, кідірместен одан әрі жүгіре беру керек.

      

  Осындай әдіспен жолшыбай құлап жатқан ағаштардан да аттап өтуге болады. Өте жуан ағаштардың үстінен басып өтеді.

       Жүгірудің бастапқы кезінде, әлі  аяқтың тың кезінде, аяқтың  ұшымен жүгіру ұсынылады. Бірақ  жүгірушілердің көпшілігі, әдетте, толықтай табанмен жүгіреді. Тек  қана даярлығы өте жақсы жүгірушілер  ғана кростың барлық қашықтығын  аяқтың ұшымен жүгіруге қабілетті.  Жерге түйісу кезінде аяқ түзу  жағдайда болады (немесе тізеден  шамалы ғана бүгіледі).

        Қозғалыс шапшаңдығы жүгіру адымдарының  ұзындығына және жүгірудің екпініне  байланысты. Қозғалыс екпіні –  бұл 1 мин-тағы қозғалыстың саны. Шапшаңдықты арттыру қажет болса,  адым кеңдігімен екпінді арттыру  керек.      Жеткіліксіз қыздырыну, бастапқы шапшаңдықта организмнің толықтай жұмысқа қосылуын қиындатады.

        Кросқа жоғарғы сөреден жүгіріп  шығады.

        Жүгіріс кезінде үйлесімділікті  жетілдіру үшін төмендегідей  жаттығуларды дайындық кезінде  жасаған жөн:                                                                                                           1) Тізені жоғары көтеріп жүгіру;                                                                                                                            2) кібіртіктеп жүгіру;                                                                                                                                     3) жүгіріс кезіндегідей қолмен  сілтеу қимылдарын жасау;                                                                         4) сирақты артқа қарай сілтеп  жүгіру. Бұл жаттығуға секіргішті  пайдаланған дұрыс;                                                                                                                                                                                5) басқышпен жүгіру;                                                                                                                                                                             6) ылдиға қарай жүгіру;                                                                                                                                                  7) секіріп жүгіру, көп қайтара  ыршып секіру;                                                                                                                      8) шалқалап жатып немесе жауырынмен  немесе денені қолмен ұстап  тұрып аяқпен жүгіру қимылдарын  жасау;                                                                                                               9) шарбаққа, ағашқа тіреліп тұрып,  бір орында жоғары шапшаңдықпен  жүгіру. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                Спорт ойындары

          1. Баскетбол

Спорт түрлерінің ішіндегі бірден-бір көп тараған  атлетикалық споттық ойын – баскетбол. Баскетбол ойыны барысында спортшы  күшті, жылдам, епті болуға, қиын жағдайда тез шешім қабылдай алатындай  алғырлыққа тәрбиеленеді. Баскетболшыларда көзбен мөлшерлей білу және кең көлемде  көздің көргіштігі жақсы жетіледі.

       Баскетболды әрқайсысында 5 ойыншысы  бар екі команда ойнайды. Әр  команданың мақсаты – қарсыластың  шығыршығына доп салудан және  екінші команданың оны өз шығыршықтарына  салуына кедергі келтіруден тұрады. Ойын уақыты аяқталған кезде  көп ұпай жинаған команда ‟жеңімпаз”  болып есептеледі.

Ойын алаңының көлемі сызықтарды шектейтін ішкі қырдан бастап  өлшегенде, ұзындығы 28м, 15м болады. Ол беті тегіс, қатты болуы тиіс және онда кедергі келтіретіндей еш нәрсе болмауы қажет. Шығармашылық көлемі 180 х 12см-лік қалқан бағанадан 120см қашықтықта бекітіледі.

  Ойын техникасы. Шабуылды жүзеге асыру үшін допқа ие болу қажет. Осындай мақсатта мына әдістер қолданылады: допты ұстау, оны беру, алып жүру және шығыршыққа тастау.                                                                                                                    Допты ұстау. Допты бір және екі қолмен ұстауға болады. Допты нақты ұстау үшін қолды алға созу керек. Ұшып келе жатқан доптың түйіскен кезінде, қол сәл бүгіледі, доп денеге жетпей тоқтатылады. Бір қолмен допты ұстау барысында, қолдың саусақтары ашылып, алға созылады.

    Ойын  барысында әр түрлі биіктікте  ұшып келе жатқан допты ұстау  ұстаушының дене қалпына байланысты. Бұл жағдайда  қозғалыстың алғашқы  бөлігі ғана өзгереді (ұшып келе  жатқан доптың бағытына байланысты  қолды созу). Допты ұсатауды және  қолды ұсыну қалпын тексеру  төмендегідей жаттығулардың жәрдемімен  жүзеге асырылады:

  • Бастапқы қалыпта тұру қалпынан жылдам отырып, жерде жатқан допты ашылған екі алақанмен ұстап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу. Түрегеліп тұрып, допты алақанмен бірге әрі – бері қозғау;
  • Бұл да осындай, допты бастапқы қалыпта ұстап тұрып жерге тастау, еденнен шоршыған допты қайта ұстау;
  • Допты жоғары лақтырып, қайта ұстау;
  • Қарама-қарсы тұрған ойыншының лақтырған добын немесе қабырғадан қайтқан допты ұстау.

    Допты беру – негізгі әдіс. Допты нақты әрі тура беру команданың жақсы ойнауына көп әсер етеді. Допты беру оның бастапқы қалпына байланысты бөлінеді:

  • кеудеден беру;
  • төменнен беру.
 

    Бастапқы қалыптың әрқайсысы екі қолмен және бір  қолмен беру арқылы орындалады. Қазіргі  баскетболда кең тараған берудің  түрлері кеудеден екі қолмен және иықтан бір қолмен беру. Бұл беруде допты нақты, тура, әр түрлі қашықтықтан  жеткілікті шамадағы күшпен беруге болады. Допты бұлай беруді жетілдіру  үшін мыналарды есте сақтаған жөн.

         Екі қолмен кеудеден беру. Допты  кеуде тұсында ұстайды, шынтақ  төменде, қолды алға жылжытуға  байланысты доп алға қарай  ұшады, осылай беру қолдың толық  түзелуімен аяқталады.

         Бір қолмен иықтан беру. Бастапқы  қалыпта доп иық деңгейіндегі  нкі қолдың біреуінің алақанында, шынтақтан бүгулі тұрған қолда  ұсталады. Қолды алға қарай созу  арқылы доп лақтырылады да, алақанның  қимылымен аяқталады. Осылай берудегі  жетілдіру мынадай жаттығулар  арқылы жүзеге асады:

  • екі қатарда тұрып, допты бір-біріне бір адым жасау арқылы беру;
  • ортада бір оқушы, қалғандары шеңберді айнала орналасады; ортадағы ойыншыға доп беріледі, ол басқа бір оқушыға беріп, соның орнына барып тұрады, осылай ойынға қатысушылардың барлығы бір-бірден допты беріп шығады.

    Ойынды допты  орнында тұрып беру көп кездесе  бермейді, сондықтан алда айтылған жаттығуды қозғалыста орындауға  тырысу қажет және бұл жерде баскетбол  ережесін ұмытпаған, артық қадам  жасамауға дағдыланған жөн. Бірінші  адымда допты ұстасаңдар, екінші адымды кеңірек алып, үшіншіде аяқты жерге  тигізуден бұрын допты лақтару  керек.

          Допты алып жүру. Ойыншының қозғалыста допты алып жүруі – баскетбол ойынындағы негізгі тәсілдің бірі. Допты бір қолмен алып жүреді. Буынынан ашылған саусақтар арқылы допты төмен итеріп алып жүреді, итеріс күші шынтақтың бүгіліп жазылуына байланысты болады. Допты алып жүруде ойыншы аяғын сәл бүгіп қозғалады, жан-жағында болып жатқан жағдайды бақылау үшін денені тік ұстайды. Қозғалыс жылдамдығы допты еденге бағыттау және допты қайтадан қабылдап алғандағы биіктікке байланысты болады..

           Шығыршыққа лақтыру  (тастау). Допты шығыршыққа салу бір және екі қолмен орындалады. Тастау техникасы беруге ұқсайды, тек қана доптың ұшуында айырмашылықтар болады. Барлық жағдайларда тастаудың көрсеткіші дене мүшелерінің, әсіресе аяқ пен қолдың келісімді қимылдарына байланысты. Әр түрлі қашықтықтан, бір орында, қозғалыста, ұстағаннан кейін, алып жүру кезінде және ойламаған жерде тоқтағанда шығыршыққа доп лақтыра білу қажет. Қазіргі баскетболда көп тараған тәсіл – жоғарыдан екі қолмен және бастан асыра бір қолмен лақтыру.

           Жоғарыға бастан асыра, екі қолмен лақтыру, көбінесе, секіру кезінде және бір орыннан орындалады. Бастапқы қалыпта доп бастан сәл биіктеу, қолдың алақандары алға қараған, шынтақ буынын жоғары-алға жазуы арқылы доп өз бағытындағы шығыршыққа қарай лақтырылады. Бастан асыра бір қолмен шығыршыққа лақтыру кезінде, допты бір қолдың алақанында ұстайды. Осы жағдайда екінші қолмен допты алдынан-жанынан ұстап көмектеседі. Қалған қимылдар екі қолмен тастағандағыдай орындалады.

            Допты қарсыластан тартып алу. Бұл тәсіл допты жұлып алу және қағып жіберуден тұрады. Олар қарсылық көрсету тәсілдеріне жатады.

           Егер қарсылас бір орында допты ұстап тұрса, онда өзіңе қарай екі қолмен жұлқи тартып алған немесе жұлқумен қатар денеңді бір мезгілде бұра, қарсыласыңа арқаңды бере отырып, допты бұрылған жаққа ілгері әрі төмен қарай бағыттаған дұрыс.

          Қолдан қағып жіберу – жоғарыдан  не төменнен допты қолдың қырымен  ұрып жіберу арқылы жүзеге  асырылады.

          Ойын тактикасын үйрену. Жас баскетболшылардың тактикалық іс-қимылға үйренуіндегі басты міндеттері: зейінді, ойын жағдайын толық бақылай білу қабілеттілігін дамыту; негізінен, дербес және топтық тактикалық іс-әрекеттерді үйрену ойын кезінде туындайтын нақты тактикалық міндеттерді ізденіспен шешу үшін, осы жүйеде қолданылатын ойынды жүргізу мен әрекеттер жасаудың негізгі жүйелерімен танысу болып табылады.

          Тактикалық үйренуде төмендегідей реттілік сақьалады: бастапқыда жеке тактикалық іс-әрекеттер, екі-үш ойыншының топтық өзара іс-әрекеті және командалық іс-қимылдарды үйрену. Олардың барысында ойынның осы жүйесі үшін жеке және топтық әрекеттерге тән қимылдар нақтыланады.

          Тактикаға үйренуде қорғаныс  пен шабуылдың екі жақты өзара  іс-қимылындағы кейбір тәсілдерді  үйрену қажет болады. Бұл ойыншылардың  қимыл-қозғалысын ынталандыратын  немесе шектейтін белгілі бір  шарттылықтарды жаттығуларға енгізуді  талап етеді.

          Шабуылдау тактикасы. Жеке іс-әрекеттер.Ойыншылардың доппен және допсыз әрекет етуін: допты ұстап алуға шығу немесе қарсыласын алаңдату мақсатында бос жерге шығуға үйрену қажет. Шабуылдаудың техникалық тәсілдерін орындаудың аз ғана қорының өзі жеке-дара әрекет етудің тактикасын үйренуге мүмкіндік береді.

          Бастапқыда тәсілдерді қолдану амалдарын үйрену, кейін ойыншының допсыз әрекет етуін үйрену қажет. Сосын сол тәсілдің тактикалық жағына көбірек көңіл аударылатын жаттығуларды іріктеп алып үйрену керек. Бұл үшін жаттығудың екі нұсқасы берілуі мүмкін, оқушы оның біреуін ғана таңдап алады. Мысалы, оқушы допты алып келе жатып, белгіге байланысты (қолды көтеру және т.б.) ол допты не мұғалімге береді, не шығыршыққа лақтыруды орындайды.

Информация о работе Түсінік хат