Түсінік хат

Автор: B*********@mail.ru, 26 Ноября 2011 в 14:24, реферат

Описание работы

Кәсіптік лицейдің І, ІІ, ІІІ курс оқу топтары үшін дайындалған ‟Дене шынықтыру ” пәні бойынша бағдарлама осы пәнді оқытуға қойылатын талаптарға сәйкес құрылды. Яғни жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік лицей дене шынықтыру мәдениеті, бағдарламасы оның кәсібіне байланысты құрылуы керек. Қолданбалы дене дайындығы дегеніміз – дене тәрбиесінің түрлерін, амалдарын, әдістерін бағытты пайдаланған арнайы педагогикалық үрдіс. Дене тәрбиесінің түрлерін, амалдарын, әдістерін бағытты пайдаланған кезде, олар адамды керекті еңбек түрі қызметіне дайындап, ағзасының функционалдық және әрекеттік мүмкіншіліктерін жетілдіреді. Осындай дене құрамы дайындығы кәсіптік үйрену үрдісін тиімдірлендіріп, маманның жоғары еңбек қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Дене жаттығулары адам ағзасына жағымды әсер етеді. Дене жаттығуларымен жүйелі, тұрақты жаттыққан адам аз ауырады, өнеркәсіп жағдайына тез төселеді, алдыға қойған мақсаттарына жетуге тұрақты, қажырлы түрде ұмтылады.

Работа содержит 1 файл

папа.docx

— 45.61 Кб (Скачать)

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Түсінік хат

Кәсіптік лицейдің І, ІІ, ІІІ курс оқу топтары үшін дайындалған ‟Дене шынықтыру  ” пәні бойынша бағдарлама осы  пәнді оқытуға қойылатын талаптарға сәйкес құрылды. Яғни жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік лицей дене шынықтыру мәдениеті, бағдарламасы оның кәсібіне байланысты құрылуы керек. Қолданбалы дене дайындығы дегеніміз – дене тәрбиесінің түрлерін, амалдарын, әдістерін бағытты пайдаланған арнайы педагогикалық үрдіс. Дене тәрбиесінің түрлерін, амалдарын, әдістерін бағытты пайдаланған кезде, олар адамды керекті еңбек түрі қызметіне дайындап, ағзасының функционалдық және әрекеттік мүмкіншіліктерін жетілдіреді. Осындай дене құрамы дайындығы кәсіптік үйрену үрдісін тиімдірлендіріп, маманның жоғары еңбек қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Дене жаттығулары адам ағзасына жағымды әсер етеді. Дене жаттығуларымен жүйелі, тұрақты жаттыққан адам аз ауырады, өнеркәсіп жағдайына тез төселеді, алдыға қойған мақсаттарына жетуге тұрақты, қажырлы түрде ұмтылады.

   Дене тәрбиесі пәні басқа пәндермен салыстырғанда мазмұны жағынан өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан бұл пәннің міндеті мен мақсаты келесідей талаптарды алға қояды:

  • Дене жағынан жан – жақты даму, еңбекке деген қабілетін арттыру және денсаулығын нығайту;
  • Президенттік тест жаттығуларының нармативтерін орындауға дайындау;
  • Оқушылардың мамандығына қарай қалыптасуына арналған арнаулы жаттығуларды орындауға бейімдеу;
  • Жеке бастың салауатты өмір сүру қағидасын қалыптастыру;
  • Адам баласының бойындағы қайраттылықты, төзімділікті, икемділікті және т.б. қасиеттерді қалыптастыру;
  • Дене тәрбиесі жаттығуы бір түрімен, яғни спортпен және туризм мен шұғылдана білу.

Лицейдегі дене тәрбиесі пәнінің  құрылымы мынадай  міндетті оқу бөлімдерінен тұрады:

  • Жеңіл атлетика, спорт ойындары, гимнастика, ұлттық ойындары, жекпе – жек түрлері, шаңғы дайындығы, және І – ІІ курс оқушылары үшін жүзу. Дене тәрбиесі сабағы жұмысына 4 сағаттан оқу орнын бітіргенше оқиды. Дене тәрбиесінің негізгі түрі сабақ.

    Сабақ оқу  жоспарында  - қаралған сабақ кестесі  арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге  сабақ өту барысында оқушыға  мұғалімнің нұсқауымен өз бетінше шұғылдануына мүмкіндік беріледі. Оқушылар сабақ  үстінде оқу материалдарын меңгеріп, бақылау көрсеткіштерінен сынақтар тапсырады. Бұл сынақтарды оқушылар дене жағынан дамуын бақылау үшін қыркүйектің аяғында және оқу  жылының ағында, яғни мамыр айында президенттік тест жаттығуларынан бақылау  нормативтерін тапсырады. Жалпы  оқу жылының барысында бағдарламада көрсетілген жекеленген жаттығу  түрлерінен сынақ тапсырып отырады. Бұл сынақтар барлық курстарда оқытылады, өзгермейді, тек көрсеткіш нормативтері курс жоғарылаған сайын, яғни жас ерекшеліктеріне қарай жоғарылай береді. Арнаулы оқу орнын бітірушілер дене тәрбиесі пәнінен емтихан тапсырады.

         Әдетте, найзаны бас бармақ және сұқ саусақпен немесе бас бармақ және ортаңғы саусақпен ұстайды. Ал қалған саусақтар найзаны ұстауға көмектеседі. Бұл кезде найзаның сабы алақанда қиғаш жатады. Бас бармақ пен ортаңғы саусақ шетіне тіреледі. Ортаңғы саусақ басқаларынан ұзынырақ және әлдірек. Сондықтан ол лақтырылудың жақсаруын қамтамасыз етеді. Найзаны ұстаған кезде дененің буындарын қатты ұстауға болмайды, олай ұсталса, найзаның айналысы азаяды. Екпін алу кезінде, найза йықтан жоғары ұсталады. Бұл кезде найзаның артқы ұшы төменге қарай бағытталады. Сол қол бұл уақытта әдеттегі жүгірістегідей жұмыс істейді, оң қол найзамен тербелмелі қозғалыс жасайды. Лақтыру белгісіне жеткеннен кейін, найзаны толық туралап және екпінді баяулатпай лақтыру қажет. Бағыттау соңғы екі адымнан тұрады. Ол оң аяқтың адымынан басталады. Лақтырушы иығын оңға бұрады және иықтың бойымен найза ұстаған қол түзеледі. Бұл уақытта найза иықтың денгейінен төмен түсірілмейді. Қол мен кеуденің арасындағы бұрыш 90% -ты құрайды  
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    Қысқа,  орта және ұзын қашықтарға жүгіру.

   Жүгіру  техникасын үйренуге қолайлы болу үшін спортшының қимыл –қозғалысын шартты түрде шартты түрде: сөреде ьұру және сөрелік екпін алу, қашықтықта жүгіру және мәреге жету деп айырып қарастырылады.

   Қысқа қашықтыққа жүгіруде төменгі сөреден  шығу қолданылады. Сөреден бұлай  шығу жүгіруді жылдам бастау мен қашықтықтың  аз ғана қиындысында       (20 - 25) жоғары шапшаңдыққа жетуге мүмкіндік  туғызады. Сөре қалыбының (колодка) төмендегідей ретте орналасуы ең оңтайлы әдісі  болып табылады: күшті аяғы орналасатын  алдыңғы қалып сөре сызығынан 25- 35 см қашықтықта, артқы қалып 70 – 85 см қашықтыққа орнатылады. ‟Сөреге” деген  пәрмен бойынша жүгіруші артта тұрған аяғының тізесін жерге тигізе, табандарын сөре қалыбына тірейді және керілген саусақтарына  тіреле, қолдарды иық кейдігіндей қашықтықта сөре сызығының бойына қояды.

   ‟Дайындал!”  пәрмені бойынша жүгіруші иықтарын алға шығара, жамбасын көтереді. ‟Дайындал!”  пәрмені берілгендегі жүгірушінің қалпы орнықты болуы керек, жамбас иықтан біршама биік көтерілуі керек.

   Дене  салмағының елеулі бөлігі қолдарға түскеніне  қарамастан, табандар қалыпқа жеткілікті, мықты тірелуі тиіс. ‟Дайындал!”  пәрмені бойынша жүгіруші еркін  түрде демді ішке тартып, өзінің барлық ойын жүгіруді уақытылы және дұрыс  бастауға жинақтап, дем шығаруды кідірте  тұрады.

   Сөредегі  төрешінің белгімінен (пистолеттің  атылуынан) кейін жүгіруші бір мезгілде сөре қалыбынан итеріле, қолдарымен жылдам және қуатты қозғалыс жасайды. Алғашқы екі – үш адымда жүгіруші итерілу кезінде аяқтарды толық  жазуға ұмтылып, табандар жүгіру жолынан  онша биік көтерілмеуін де қадағалауы тиіс.

   Сөрелік екпін алуда адымның ұзындығы жүгіру шапшаңдығымен ірге біртіндеп өседі. Өйткені қысқа қашықтыққа жүгіру екпіні өзгермейді десе де болады, адымның ұзындығы тұрақты болғаннан кейін шапшаңдықтың артуы кідіреді.

   Толық еркін қозғалыс, бұлшық еттердің бос  ұсталуы қысқа қашықтыққа жүгіру техникасының маңызды талаптарының бірі болып табылады.

   Өзге  қашықтыққа жүгірулермен салыстырғанда, қысқа қашықтыққа жүгіруде адымның  ұзындығы біршама үлкен болады. Жақсы  жүгіретіндерде ол 8-9 табанның ұзындығындай және жүгірушінің әдеттегі адымынан 30-40 см-дей артық болады. Дегенмен де жүгіруді жаңа бастағандар адымды жасанды түрде созып, жүгіру екпінін  азайтып алмауы керек.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

          Бұрылыстар  бойынша жүгіру. Бұрылыстар бойынша жүгіргенде, кеудені солға – алға қарай еңкейтеді; оң қол жүгіру бағытына тіке бағытта қозғалады; сол аяқ жерге табанның сыртқы жағымен, ал оң аяқтың ұшы табанның ішкі жағына сүйене отырып, ішке таман қойылады. Бұрылыстар бойынша жүгіруді меңгеру үшін жүгіру барысында жіберілген қателерді түзете отырып, бастапқы кезде тек бұрылыстармен көп қайтара жүгіріп дағдыланады. Өйткені 200, 400, 800 және т.б. үлкен қашықтықтарға жүгіргенде, бұрылыстармен жүгірудің түпкі нәтижеге әсері бар. 

       Эстафеталарды беру. Эстафета таяқшасын алда жүгірушінің оң қолына төменнен  оң немесе сол қолымен береді. (4 - сурет). Беру үш сызықтан тұратын 20 м қашықтықта қабылдаушы тұратын сөрелік, беруші кесіп өткенде, қабылдаушы жүгіре бастайтын аралық (гандикаптық) және соңғы берушіден эстафета таяқшасын қабылдап алмайынша қабылдаушының өтіп кете алмайтын шектеулі сызығында жүзеге асырылады. Міндет мынада: қабылдаушы эстафета таяқшасын беруаймағында елеулі шапшаңдыққа жеткенде ғана қабылдап алуы керек.

       Таяқшаны беруді үйрену үшін мынадай жаттығулар орындалады:

  1. Орнында тұрып таяқшаны беруді үйрену. Оқушылар екі – үш лекке тұрады, ‟бір - екі”- ге санап, есеп жүргізеді. Артта тұрушы таяқшаны оң (сол) қолына алады. Бірінші нөмірлердің бәрі оң қолдарын артқа жіберіп, алақандарын жаяды. Артта тұрған оқушы белгі беріп, алда тұрған  оқушының қолына таяқшаны ұстатады; ол өз кезегінде келесі балаға береді. Таяқша бастаушыға жеткеннен кейін, барлығы да бір мезгілде кейін бұрылады және таяқшаны беру кері бағытта басталады.
  2. Бұл да сондай, тек бірақ жүріс кезінде орындалады.
  3. Бұл да сондай, тек баяу жүгіріс кезінде атқарылады.
  4. Бұл да сондай, тек жұмыспенен орындалады.
  5. Оқушылар жанындағы жүгіру жолдарының санына қарай командаларға бөлінеді. Беру аймақтары сызылады. Оларда әр команда өздігінен жаттығады.
  6. Эстафеталық жүгіруден жарыс өткізіледі.

     Елеулі қателер: кедергілер алабында орындалатын элементтердің бірінің  орындалмауы; қозғалыс қимылдары техникасының негізгі кескіндемелерінің (сызбасының) бұзылуы.

    Көп кездесетін  қателер: таяқшаның ортасынан ұстау, эстафетаны қабылдаушының қолынан түсіруі; эстафетаны беруге дейін таяқшаны берушінің жүгіріс шапшаңдығын баялатуы; беру аймағында сөре сызығының тиімсіз орналасуы; эстафетаны бергеннен кейін, жолдан шығып кету (бұл үшін ережені бұзған команда жарыстан шығарылып тасталады).  Қателіктерді жоғарыда баяндаған жаттығуларды үйрену кезінде жоюға болады.

     Ядро серпу.  Ядроның массасы: ерлер қолданатын ядро массасы – 7 кг 257 г, әйелдер қолданатын ядроның  массасы 4 кг. Балалар үшін масса азайтылады. Ядроны шеңберде тұрып, итеріп серпіп лақтырады. Шеңбердің бұрыш мөлшері – 60 ᵒ. Ядроны бір орында тұрып та, адымдап та лақтырады. Ядро серпілетін шеңбердің диаметрі 2 м 13,5 см болады. Ядроны серпіген кезде шеңбердің  алдыңғы бөлігінің ортасында жоғары жағынан осы шеңберді жауып тұратын ақ түске боялған кертпе ағаш орнатылады. Кертпе ағаштың биіктігі – 10см, ал ішкі жақ шетінің ұзындығы 1м 22 см болуы керек.                                                                                                                          Кертпе ағаштың ішкі жақ шеті шеңбердің ішкі жақ шетімен түйісіп жатуы керек. Кертпе ағаш кішкентай қазықты жерге қағу арқылы орнатылады. Диаметрдің сыртқы жағына лақтыру бағытына перпендикуляр етіп шеңбердің екі жағынан да бояумен, әрбіреуінің ұзындығы 20 – 30 см екі сызық («мұрттар») сызылып қойылады.

   Ойынға қатынасушыларға да, ойын көрушылерге де лақтырудың көлемін жақсы бағдарлауға мүмкіндік беру үшін, шеңбердің ортасынан шеңберден қашықтықты көрсететін бірқатар доға сызықитар (сектор) сызылады. Ядроны серіген кезде доға сызықтар 6-7 м – ден басталып, 14 15 м-де аяқталып, әрбір метрден кейін сызылады. (6 -сурет). Ядроны серпу үшін 18х15 м алаң жеткілікті. Серпудің нәтижесі тек ядро сектордың ішіне түскенде ғана саналады, сектордың жоғары жағы шеңбердің орта тұсында болады.                                                                                                                                 

    Найза лақтыру шеңберден  емес, ені 7 см ағаш тақтайда өткізіледі, сонымен қатар н.айза лақтырған кезде, оның ұшу бағыты тиісті сектордың жерімен шектеледі, ал гранат және доп лақтырған кезде, дәлізбен шектеледі.                    Найза – тең ортасы жіппен оралған металл снаряд. Ерлер үшін массасы – 600 г, ұзындығы -220-230 см.   

      Әдетте,  найзаны бас бармақ  және сұқ саусақпен немесе  бас бармақ және ортаңғы саусақпен  ұстайды. Ал қалған саусақтар  найзаны ұстауға көмектеседі.  Бұл кезде найзаның  сабы алақанда  қиғаш жатады. Бас бармақ пен  ортаңғы саусақ шетіне тіреледі. Ортаңғы саусақ басқаларынан  ұзынырақ және әлдірек. Сондықтан  ол лақтырылудың жақсаруын қамтамасыз  етеді. Найзаны ұстаған кезде  дененің буындарын қатты ұстауға  болмайды, олай ұсталса найзаның  айналысы азаяды. Екпін алу кезінде,  найза иықтан жоғары ұсталады. Бұл кезде найзаның артқы ұшы  төменге қарай бағытталады. Сол  қол бұл уақытта әдеттегі жүгірістегідей  жұмыс істейді., оң қол найзамен  тербелмелі қозғалыс жасайды.  Лақтыру белгісіне жеткеннен  кейін, найзаны толық туралап  және екпінді баяулатпай лақтыру  қажет. Бағыттау соңғы екі адымнан  тұрады. Ол оң аяқтың адымынан  басталады. Лақтырушы иығынан  оңға бұрады және иықтың бойымен  найза ұстаған қол түзеледі. Бұл  уақытта найза иықтың деңгейінен  төмен түсірілмейді. Қол мен кеуденің  арасындағы бұрыш 90ᵒ- ты құрайды (7 сурет). Лақтырушының көзі алға, жоғары бағытталады, найзаның ұшы көз деңгейінде болады. Жылдамдықты сақтау үшін денені тік ұстау керек. Дене қисайған кезде жылдамдық төмендейді.                                                                                           Найза, гранат доп лақтырған кезде, жүгіріп келетін жолдың 25 м-ден кем болмайды, ал оның ені 1 м 25 см болу керек. Ең соңғы 5 – 6 м-де жол 4 м-ге дейін кеңейтіледі. Әр түрлі жастағы қатысушылар үшін лақтырылатын снрядтың  салмағы.

Информация о работе Түсінік хат