Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2011 в 15:09, реферат

Описание работы

Осы Заң терроризмге қарсы iс-қимылдың, терроризм профилактикасының, терроризмнiң зардаптарын барынша азайтудың және (немесе) жоюдың негiзгi принциптерiн, мақсаттарын, құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн, сондай-ақ терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi жүзеге асыруға байланысты адам мен азаматтың мiндеттерi мен құқықтарын, оларды сақтау кепiлдiктерiн белгiлейдi.

Работа содержит 1 файл

терроризмге карсы ис кимыл туралы.doc

— 117.50 Кб (Скачать)

  Ескерту. Тақырыбы  жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.      

 Қазақстан  Республикасының мемлекеттiк органдары өз құзыретi шегiнде терроризм актiлерiнiң алдын алу мен жолын кесудiң, тәртiптiк және өзге де шараларын әзiрлеу мен iске асыру, ведомстволық жүйелердiң қажеттi даярлығында террористiк қылмыстардың жасалуына қарсы әрекет етудiң сақтандырушы шараларының жасалуы мен бұл шараларды қолдау, ақша қаражатын, ақпаратты, көлiк және байланыс құралдарын, медициналық жабдықтарды, дәрi-дәрмектердi беру және медициналық қызмет көрсету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету арқылы терроризмге қарсы iс-қимылға қатысады. 
     
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.     

  9-бап. Терроризмге қарсы iс-қимылда Қазақстан 
              
Республикасының мемлекеттiк органдарына 
              
жәрдемдесудiң мiндеттiлiгi     

1. Қазақстан  Республикасының мемлекеттiк органдары  мен ұйымдарының лауазымды адамдары  терроризмге қарсы iс-қимылды  жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға  жәрдемдесуге және қажеттi көмек  көрсетуге мiндеттi. 
      2. Қазақстан Республикасының азаматтары дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актiсi туралы мәлiметтердi терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға дереу хабарлауға мiндеттi. 
      3. Дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актiлерi туралы ақпаратты мемлекеттiк органдарға беру азаматтық борышты орындау болып бағаланады. Терроризм актiсiн болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшiн терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган сыйақы белгiлейдi және төлейдi. 
     
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.

4-тарау.  Террористiк iс-әрекеттiң  алдын алу, анықтау  және  
жолын кесу    

  10-бап. Террористiк iс-әрекеттiң алдын алу     

1. Қазақстан  Республикасының аумағында: 
      1) терроризмдi насихаттауға; 
      2) террористiк ұйымдардың, сондай-ақ заңсыз әскерилендiрiлген құралымдардың құрылуына, тiркелуiне және жұмыс iстеуiне тыйым салынады. 
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының террористiк iс-әрекетке қатысқан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуiне тыйым салуға құқығы бар. 
      3. Террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң басшылары террористiк iс-әрекеттiң алдын алу мақсатында мынадай: 
      1) өткiзу режимiн қажеттi дәрежеде ұстау, объектiлердi қазiргi заманғы инженерлiк-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтандыру; 
      2) персоналды үй-жайларды тексеру техникасына үйрету, жарылғыш құрылғылар орнатылуы мүмкiн орындарды анықтау бойынша жалпы профилактикалық және оқыту iс-шараларын өткiзу; 
      3) жасалған терроризм актiсi салдарынан туындаған табиғи және техногендiк сипаттағы қауiп-қатерлердi жою жоспарлары мен пысықталған iс-қимылдардың болуы; 
      4) объектiнiң ақпараттық желiсiн қорғауды ұйымдастыру, ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету талаптарының орындалуы үшiн iс-шараларды iске асыруға мiндеттi. 
      Терроризм актiсi жасалған жағдайда террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң басшылары мен қызметкерлерi терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды жасалған терроризм актiсi мен оның зардаптары туралы дереу хабардар етуге және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз етуге мiндеттi. 
     
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.     

  11-бап. Террористiк iс-әрекеттi анықтау     

1. Қазақстан  Республикасының терроризмге қарсы  iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк  органдары террористiк iс-әрекеттi  анықтауды Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес өткiзедi. 
      2. Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, террористiк iс-әрекет белгiлерi бар барлық оқиғалар туралы терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын органдарға хабарлауға мiндеттi. 
     
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.     

  12-бап. Терроризм актiсiнiң жолын кесу     

1. Терроризм  актiсiнiң жолын кесу, террористердi, жарылғыш заттарды зиянсыздандыру, жеке адамдар мен ұйымдардың  қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ  оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою мақсатында терроризмге қарсы операция жүргiзiледi. 
      2. Адамдардың өмiрi мен денсаулығын, материалдық құндылықтарды және объектiлердi сақтау, сондай-ақ күш қолданбастан терроризм актiсiнiң жолын кесу мүмкiндiктерiн зерделеу мақсатында террористермен келiссөз жүргiзуге жол берiледi. Келiссөз жүргiзу оралымды штаб басшысы осыған арнайы уәкiлдiк берген адамға тапсырылады. 
      3. Егер террористiң (террористердiң) терроризм актiсiн тоқтатуға келiспеуi себептi онымен (олармен) келiссөздер мақсатына қол жеткiзiлмесе және адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп-қатер төнiп тұрса, терроризмге қарсы операцияның басшысы террористi (террористердi) жою туралы шешiм қабылдауға құқылы. 
      4. Күзетiлетiн адамға немесе объектiге айқын қауiп-қатер төнгенi анықталған немесе ондай қауiп-қатердi өзге заңды құралдармен жою мүмкiн болмаған жағдайда террорист (террористер) терроризмге қарсы операция басшысының өкiмiмен келiссөз жүргiзiлмей және ескерту жасалмай жойылуы мүмкiн. 
      5. Мемлекеттiк органдардың терроризмге қарсы операцияға қатысушы бөлiмшелерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес адам күшiн, қызметтiк иттердi, әскери және өзге де техниканы, қару мен арнаулы құралдарды қолданады. 
     
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.     

  12-1-бап. Террористiк ұйымдарды және террористiк қызметтi 
                 
жүзеге асырғаны үшiн жауапқа тартылған адамдарды 
                 
есепке алу     

1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк орган сот шешiмдерiнiң негiзiнде терроризмнiң алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында террористiк ұйымдарды және террористiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн жауапқа тартылған адамдарды есепке алуды жүргiзедi. 
      2. Сот ұйымды террористiк деп таныған не террористiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн ұйымды тарату арқылы оның қызметiн тоқтата тұрған немесе оған тыйым салған не террористiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн адамдарды жауапқа тартқан кезде "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 56-бабының 1-тармағында көрсетiлген тиiстi органдар ақпараттық есепке алу құжаттарын құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органға дереу жолдауға мiндеттi. 
     
Ескерту. Заң 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.    

  13-бап. Оралымды штабтар     

1. Терроризмге  қарсы iс-қимыл жасау мақсатында  республикалық және облыстық, республикалық  маңызы бар қалалық, астаналық  тұрақты жұмыс iстейтiн оралымды  штабтар құрылады. 
      2. Терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы республикалық оралымды штабтың басшысы болып табылады. 
      Терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiнiң басшысы облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық оралымды штабтың басшысы болып табылады. 
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң бастығы «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетiлуге жататын адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған терроризмге қарсы операция жүргiзу кезiнде оралымды штабтың басшысы болып табылады. 
      4. Республикалық оралымды штабтың құрамына терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың және өз құзыретi шегiнде терроризмге қарсы операциялар жүргiзуге қажеттi көмек көрсете алатын өзге де мемлекеттiк органдардың басшылары кiредi. 
      Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық оралымды штабтың құрамына терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және өз құзыретi шегiнде терроризмге қарсы операция жүргiзуге қажеттi көмек көрсете алатын өзге де мемлекеттiк органдардың басшылары кiредi. 
     
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.     

  13-1-бап. Терроризмге қарсы операцияға басшылық жасау     

1. Терроризм  актiсiнiң қоғамға қауiп төндiру  ауқымы мен дәрежесiне, оның күтiлетiн  келеңсiз салдарына қарай терроризмге  қарсы операцияға басшылықты республикалық немесе облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық оралымды штабтың басшысы жүзеге асырады. 
      2. Оралымды штабтың басшысы терроризмге қарсы операция басталғаннан бастап ол аяқталғанға дейiн операция басшысы және оны жүргiзуге тартылатын барлық әскери қызметшiлердiң, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының қызметкерлерi мен мамандарының бастығы болады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес оралымды штабтың басшысы терроризмге қарсы операцияға қатысуға тартылатын шет мемлекеттердiң арнайы мақсаттағы бөлiмшелерi мамандарының бастығы болады. 
      3. Оралымды штабтың басшысы: 
      1) терроризмге қарсы операцияның жүргiзiлу аймағының шекарасын, басталу және аяқталу уақытын айқындайды, берiлген күштер мен құралдардың қолданылу бағыттары мен шегi туралы шешiм қабылдайды; 
      2) бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамның өкiлдерiмен байланыста болуға жауапты болатын оралымды штабтың өкiлiн айқындайды; 
      3) терроризмге қарсы операцияны жүргiзу туралы шешiм қабылдайды және әскери өкiм (әскери бұйрық) шығарады. 
      4. Республикалық оралымды штабтың басшысы: 
      1) терроризм актiсiнiң жасалғандығы туралы немесе оның дайындалып жатқандығы туралы расталған ақпарат алған кезде Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесiн, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын және Қазақстан Республикасының Үкiметiн дереу хабардар етедi; 
      2) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiн терроризм актiсiнiң жолын кесуге тарту мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi. 
      5. Атқаратын қызметiне қарамастан басқа лауазымды адамның терроризмге қарсы операцияның оралымды басшылығына заңсыз араласуына жол берiлмейдi. 
     
Ескерту. Заң 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.     

  14-бап. Терроризмге қарсы операцияларды жүргiзуге 
               
тартылатын күштер мен құралдар     

1. Терроризмге  қарсы операцияларды жүргiзу үшiн  оралымды штабтарға терроризмге  қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын  мемлекеттiк органдардың қажеттi күштерi мен құралдары берiледi. 
      2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, қажет болған жағдайларда терроризмге қарсы операцияға қатысу үшiн шет мемлекеттердiң арнайы мақсаттағы бөлiмшелерi тартылуы мүмкiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi осы Заңға және «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша терроризмге қарсы операцияларды жүргiзуге қатысу үшiн тартылады. 
     
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.     

  15-бап. Терроризмге қарсы операция жүргiзiлетiн 
               
аймақтағы құқықтық режим     

1. Оралымды штаб  басшысының шешiмi бойынша терроризмге  қарсы операция жүргiзiлетiн аймақта  оны жүргiзу кезеңiне терроризмге  қарсы операцияның құқықтық режимi  енгiзiлуi мүмкiн. 
      2. Терроризмге қарсы операция жүргiзiлетiн аймақта құқықтық режимдi енгiзу туралы шешiм (осындай режим енгiзiлген арнайы аймақты және қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер тiзбесiн қоса алғанда) және терроризмге қарсы операция жүргiзiлетiн аймақтағы құқықтық режимдi тоқтату туралы шешiм бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дереу хабарлануға тиiс. 
     
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.     

  15-1-бап. Терроризмге қарсы операцияны жүргiзу кезеңiнде 
                 
қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер     

1. Терроризмге  қарсы операцияны жүргiзу аймағында  терроризмге қарсы операцияға  қатысушы тұлғалардың: 
      1) адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге, олар болмаған жағдайда - жеке басын анықтау үшiн оларды ұстап, iшкi iстер органдарына немесе басқа мемлекеттiк органдарға жеткiзудi жүзеге асыруға; 
      2) жеке қарап тексеруге және жеке адамның заттарын қарап тексеруге, көлiк құралдарын, оның iшiнде техникалық құралдарды пайдалана отырып куәгерлердiң қатысуынсыз қарап тексеруге; 
      3) құқық бұзушылықты немесе терроризмге қарсы операцияға қатысушы адамдардың заңды талаптарына кедергi келтiруге бағытталған өзге де әрекеттi жасаған немесе жасайтын, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияны жүргiзу аймағына рұқсатсыз енген немесе енуге әрекет жасауға байланысты әрекетi үшiн адамдарды ұстауға және iшкi iстер органдарына жеткiзуге; 
      4) жеке адамдарды жергiлiктi жердiң жекелеген учаскелерiнен және объектiлерден кетiруге, көлiк құралдарының, оның iшiнде дипломатиялық және консулдық өкiлдiктердiң көлiк құралдарының жол жүрiсiн, оларды сүйреп әкетудi қоса алғанда, шектеуге немесе тыйым салуға; 
      5) радиоэфир мониторингiн жүргiзу, телефонмен сөйлесудi және телкоммуникациялық жүйелер арналары арқылы берiлетiн өзге де ақпаратты бақылау үшiн, сондай-ақ электрлi байланыс арналары мен почта жөнелтiлiмдерiнде iздестiрудi жүзеге асыру үшiн арнайы байланыс құралдарын қоса алғанда, байланыс құралдарын қызметтiк мақсатта пайдалануға; 
      6) егер кешеуiлдеу адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiруi мүмкiн болса, жедел медициналық жәрдемдi қажет ететiн адамдарды емдеу мекемелерiне жеткiзу, терроризм актiсi жасалған жерге бару үшiн, сондай-ақ терроризм актiсiн жасады деп күдiк келтiрiлген адамдардың iзiне түсу және оларды ұстау үшiн көлiк құралдарын (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкiлдiктерiнiң көлiк құралдарынан басқа) меншiк иелерiне материалдық зиян келтiрiлген жағдайда оны Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен өтей отырып, пайдалануға; 
      7) адам күшiн, қызметтiк иттердi, әскери және өзге де техниканы, қаруды және арнаулы құралдарды террористерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ескертулерсiз және шектеулерсiз қолдануға; 
      8) егер кешеуiлдеу адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп туғызатын болса, жеке және заңды тұлғалардың меншiгiндегi немесе иелiгiндегi және пайдалануындағы тұрғын үйлер мен өзге де үй-жайларға және оларға жеке меншiк құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскелерiне кедергiсiз кiруге құқығы бар. 
      Оралымды штаб басшысы не ол уәкiлеттiк берген адам азаматтардың тұрғын үйiне кiрген жағдайлар туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға хабарлайды. 
      2. Терроризмге қарсы операцияны жүргiзу аймағында оралымды штаб басшысының шешiмi бойынша мынадай уақытша шектеулер қолданылуы мүмкiн: 
      1) қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметiн тоқтата тұру; 
      2) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға байланыс қызметiн көрсетудi тоқтата тұру және (немесе) байланыс желiсi мен құралдарын қолдануды шектеу; 
      3) қоғамдық тәртiптiң, мемлекеттiк күзетке жататын объектiлердiң, халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн және көлiктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн объектiлердiң, сондай-ақ ерекше материалдық, тарихи, ғылыми, көркем немесе мәдени құндылығы бар объектiлердiң күзетiлуiн күшейту; 
      4) терроризмге қарсы операция жүргiзiлетiн аймақта тұратын жеке адамдарды уақытша көшiру; 
      5) карантин енгiзу, санитариялық-эпидемияға қарсы, ветеринариялық iс-шараларды және өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу; 
      6) қарумен, оқ-дәрiлермен, жарылғыш заттармен, күштi әсер ететiн химиялық және улы заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу, дәрiлiк, есiрткiлiк, психотроптық заттар мен прекурсорлар, этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер айналымының айрықша режимiн орнату. 
      3. Терроризмге қарсы операция жүргiзiлетiн аймақта осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген шаралардың бүкiл кешенi мен уақытша шектеулер сияқты жекелеген шаралар мен уақытша шектеулер де белгiленуi (енгiзiлуi) мүмкiн. 
      4. Терроризмге қарсы операция жүргiзу аймағында бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң болуына және олардың дыбыс жазуды, фото және бейнетүсiрудi жүзеге асыруына оралымды штаб басшысының рұқсатымен ғана жол берiледi. 
      5. Терроризмге қарсы операция жүргiзуге қатысушы адамдардың операция басталған кезден бастап ол аяқталған кезге дейiнгi iс-қимылы қажеттi қорғаныс жағдайында немесе аса қажеттi жағдайда жасалатын iс-қимыл деп есептеледi. 
     
Ескерту. Заң 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.

Информация о работе Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы