Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2011 в 15:09, реферат

Описание работы

Осы Заң терроризмге қарсы iс-қимылдың, терроризм профилактикасының, терроризмнiң зардаптарын барынша азайтудың және (немесе) жоюдың негiзгi принциптерiн, мақсаттарын, құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн, сондай-ақ терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi жүзеге асыруға байланысты адам мен азаматтың мiндеттерi мен құқықтарын, оларды сақтау кепiлдiктерiн белгiлейдi.

Работа содержит 1 файл

терроризмге карсы ис кимыл туралы.doc

— 117.50 Кб (Скачать)

Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi N 416-I Заңы 
 
 

МАЗМҰНЫ     

  Ескерту. Заңның  тақырыбы жаңа  редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.      

  Ескерту. Бүкiл  мәтiнiнде "терроршылдыққа", "терроршылдық", "терроршылдықты", "терроршылдықтың", "терроршылдықтан", "террорлық", "террорлыққа", "терроршыларды", "терроршы", "терроршылардың", "терроршылармен", "терроршымен", "терроршыны", "терроршыларға", "терроршыға" деген сөздер тиiсiнше "терроризмге", "терроризм", "терроризмдi", "терроризмнiң", "терроризмнен", "террористiк", "террористiкке", "террористердi", "террорист", "террористердiң" "террористермен", "террористпен", "террористi", "террористерге", "террористке" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2002.02.19 N 295 Заңымен.      

 Осы Заң  терроризмге қарсы iс-қимылдың, терроризм  профилактикасының, терроризмнiң  зардаптарын барынша азайтудың  және (немесе) жоюдың негiзгi принциптерiн,  мақсаттарын, құқықтық және ұйымдастырушылық  негiздерiн, сондай-ақ терроризмге  қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi жүзеге асыруға байланысты адам мен азаматтың мiндеттерi мен құқықтарын, оларды сақтау кепiлдiктерiн белгiлейдi. 
     
Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.      

  Ескерту. Мәтiн  бойынша «террористiк  акцияларды», «террористiк акцияларға», «террористiк акциялардың», «террористiк акция», «террористiк акцияны», «террористiк акцияның», «террористiк акциядан» деген сөздер тиiсiнше «терроризм актiлерiн», «терроризм актiлерiне», «терроризм актiлерiнiң», «терроризм актiсi», «терроризм актiсiн», «терроризм актiсiнiң», «терроризм актiсiнен» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.

1-тарау.  Жалпы ережелер    

  1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар     

 Осы Заңда  мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
      1) арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер - терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыру үшiн құрылған мамандар топтары; 
      2) кепiлге алынған адам - кепiлге алынған және (немесе) ұсталған адамды босату шарты ретiнде мемлекеттiк органды, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органын немесе халықаралық ұйымды қандай да бiр iс-қимыл жасауға немесе қандай да бiр iс-қимыл жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында кепiлге алынған және (немесе) ұсталған жеке адам; 
      3) терроризм - қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың шешiм қабылдауына ықпал ету мақсатында не мемлекет не қоғам қайраткерлерiнiң қызметiн тоқтату немесе осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту; 
      4) терроризм актiсi - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру не қоғамға қауiптi зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де iс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай iс-әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру не Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттердiң немесе халықаралық ұйымдардың шешiмдер қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өмiрiне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерiнiң мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында оның өмiрiне қастандық жасау; 
      5) терроризмдi (террористiк қызметтi) қаржыландыру - террористiк қызметтi жүзеге асыру үшiн террористерге және (немесе) террористiк ұйымдарға ақша және (немесе) өзге мүлiк беру немесе жинау не қаржылай қызмет көрсету; 
      6) терроризмге қарсы операция - адам күшiн, қызметтiк иттердi, әскери және өзге де техниканы, қарулар мен арнаулы құралдарды пайдалана отырып, терроризм актiсiнiң алдын алу, жолын кесу, террористердi, жарылғыш құрылғыларды зиянсыздандыру, жеке адамдар мен ұйымдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ терроризм актiсiнiң зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөнiндегi арнайы iс-шаралар кешенi. Тiзбесi «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзету iс-шаралары да терроризмге қарсы операцияларға жатады; 
      7) терроризмге қарсы операциялар жүргiзу аймағы - терроризмге қарсы операцияның басшысы анықтаған, аталған операция жүргiзiлетiн шектегi жердiң немесе акваторияның жекелеген учаскелерi, әуе кеңiстiгi, көлiк құралы, құрылғы, ғимарат, үй-жай және оларға жапсарлас аумақ 
      8) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимi - терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiнiң айрықша режимi, онда терроризмге қарсы операция жүргiзу кезеңiнде азаматтардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеудiң жекелеген шараларын белгiлеуге жол берiледi; 
      9) терроризмге қарсы iс-қимыл - терроризмдi анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, оны ашу және тергеу, терроризмнiң зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою; 
      10) терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын және терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi өз өкiлеттiктерi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 
      11) терроризм профилактикасы - терроризмнiң алдын алуға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, насихаттық және өзге де шаралар жүйесi; 
      12) террорист - террористiк iс-әрекеттi жүзеге асыруға қатысушы адам; 
      13) террористiк топ - террористiк iс-әрекеттi жүзеге асыру мақсатында бiрiккен екi және одан да көп адамдардан құралған топ; 
      14) террористiк тұрғыдан осал объектiлер - тiзбесiн терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн объектiлер; 
      15) террористiк iс-әрекет - террористiк қылмыстарды жасауға бағытталған және төменде аталған әрекеттердiң кез келгенiн: 
      терроризм актiлерiн ұйымдастыруды, жоспарлауды, дайындауды, қаржыландыруды және iске асыруды; 
      терроризм актiсiн жасауға айдап салуды; 
      терроризм актiсiн iске асыру үшiн заңсыз әскерилендiрiлген құралымдар, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйымдар) құруды, сондай-ақ осындай құрылымға қатысуды; 
      террористердi тартуды, қаруландыруды, үйретудi және пайдалануды; 
      терроризм актiсiн жоспарлауда, дайындауда немесе iске асыруда ақпараттық тұрғыдан немесе өзге де жәрдемдесудi; 
      терроризм идеясын насихаттауды, террористiк iс-әрекеттi жүзеге асыруға шақыратын не осындай iс-әрекеттi жүзеге асыру қажеттiлiгiн негiздейтiн немесе ақтайтын материалдар мен ақпаратты таратуды қамтитын iс-қимыл; 
      16) террористiк ұйым - террористiк iс-әрекеттi жүзеге асыратын не өзiнiң iс-әрекетiнде терроризмдi пайдалану мүмкiндiктерiн мойындайтын, оған қатысты террористiк ұйым деп тану туралы сот шешiмi қабылданған және күшiне енген ұйым; 
      17) халықаралық террористiк iс-әрекет: 
      террорист немесе террористiк ұйым бiреуден көп мемлекеттiң аумағында жүзеге асыратын немесе бiреуден көп мемлекет мүдделерiне зиян келтiретiн; 
      бiр мемлекеттiң азаматтары басқа мемлекеттiң азаматтарына қатысты немесе басқа мемлекеттiң аумағында жүзеге асыратын; 
      террорист те және терроризмнiң құрбаны да бiр мемлекеттiң немесе әртүрлi мемлекеттердiң азаматтары болып табылған, бiрақ қылмыс осы мемлекеттердiң аумағынан тыс жерлерде жасалған жағдайда жүзеге асырылатын террористiк iс-әрекет. 
     
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.     

  2-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы 
              
iс-қимыл туралы заңнамасы     

1. Қазақстан  Республикасының терроризмге қарсы  iс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан  Республикасының Конституциясына  негiзделедi және осы Заң мен  Қазақстан Республикасының өзге  де нормативтiк құқықтық актiлерiнен  тұрады. 
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 
     
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.     

  3-бап. Терроризмге қарсы iс-қимылдың негiзгi принциптерi  
              
мен мақсаттары     

  Ескерту. Тақырыпқа  өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.      

1. Қазақстан  Республикасында терроризмге қарсы  iс-қимыл мынадай негiзгi: 
      1) террористiк қылмыстар жасау салдарынан қауiп төнген адамдардың өмiрi мен денсаулығына, құқықтарына басымдық беру; 
      2) заңдылықты сақтау; 
      2-1) терроризмге қарсы iс-қимыл шараларының террористiк қауiп дәрежесiне мөлшерлес болуы; 
      3) терроризмнiң алдын алуға басымдық беру; 
      4) террористiк iс-әрекеттi жүзеге асырғаны үшiн жазаның болмай қалмайтындығы; 
      5) профилактикалық, саяси, әлеуметтiк-экономикалық шараларды кешендi пайдалану; 
      6) терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезiнде тартылатын күштер мен құралдарға оралымды басшылық етуде дара басқару принциптерiне негiзделедi. 
      2. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы iс-қимыл: 
      1) террористiк iс-әрекеттi анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, терроризм профилактикасы, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою; 
      2) жеке адамды, қоғамды және мемлекеттi терроризмнен қорғау; 
      3) террористiк iс-әрекеттi жүзеге асыруға жәрдемдесетiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында жүзеге асырылады. 
     
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.

2-тарау.  Терроризмге қарсы  iс-қимылды ұйымдастырудың  негiздерi     

  Ескерту. 2-тараудың  тақырыбы жаңа  редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.     

  4-бап. Терроризмге қарсы iс-қимылдың жалпы мемлекеттiк 
              
жүйесi      

1. Мемлекет террористердiң  қол сұғушылығынан қауiпсiздiктi қамтамасыз  ету субъектiсi болып табылады. 
      2. Қазақстан Республикасының Президентi: 
      1) терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын айқындайды; 
      2) терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органды айқындайды; 
      3) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi: 
      1) терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың қызметiн, оның iшiнде терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткiзу кезiндегi қызметiн қажеттi күштермен, құралдармен және ресурстармен қамтамасыз етудi ұйымдастырады; 
      2) терроризмнiң алдын алу, терроризмнiң зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөнiндегi шараларды әзiрлеудi және жүзеге асыруды ұйымдастырады; 
      3) Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды; 
      4) Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен өзiне жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 
      4. Терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган: 
      1) өкiлеттiктерi шегiнде мемлекеттiк органдардың терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметiн үйлестiредi және олардың өзара iс-қимылын ұйымдастырады; 
      2) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының қауiпсiздiк жүйесiн күшейту және террористiк қауiп-қатерлердi бейтараптандыруға дайындық жөнiндегi шаралар кешенiн iске асыруын бақылауды жүзеге асырады; 
      3) өкiлеттiктерi шегiнде терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi; 
      4) Терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеу жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi және оның iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады; 
      5) Қазақстан Республикасының Президентiне терроризмге қарсы iс-қимыл жөнiнде қабылданатын шаралар туралы жыл сайынғы баяндаманы ұсынады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкiметiн террористiк қауiп-қатерлер туралы ағымдық хабардар етудi жүзеге асырады; 
      6) террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң басшыларын террористiк қауiп-қатерлердiң сипаты мен ерекшелiгi туралы хабардар ету, терроризмге қарсы iс-қимыл және терроризмге қарсы қорғаныс жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу, практикалық оқу-жаттығулар өткiзу мен өзге де шараларды iске асыру арқылы олардың терроризмге қарсы қорғаныс деңгейiн арттыруға жәрдемдеседi; 
      7) террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғанысының жай-күйiн және олардың басшыларының осы Заңның 10-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды орындауын бақылайды; 
      8) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 
      5. Терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асырушы мемлекеттiк органдар мыналар болып табылады: 
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi; 
      2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi; 
      3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi; 
      4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi; 
      5) Қазақстан Республикасының қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органы. 
      6. Терроризмдi анықтау, оның алдын алу және жолын кесу, терроризмнiң профилактикасы, терроризмнiң зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөнiндегi қызметке өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк органдары қатысады. 
     
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.     

  5-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы 
              
iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк 
              
органдарының өзара iс-қимылы     

  Ескерту. Тақырыпқа  өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.      

 Қазақстан  Республикасының терроризмге қарсы  iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдары өз құзыретi шегiнде: 
      1) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүмкiндiктерiн, сондай-ақ азаматтардың көмегiн пайдалана отырып, бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайды; 
      2) террористiк iс-әрекетке жататын және осы мемлекеттiк органдардың құзыретiне енгiзiлген әрекеттердiң дайындалу фактiлерi мен белгiлерi туралы хабардар етедi және өзара қажеттi көмек көрсетедi; 
      3) терроризмге қарсы бiрлескен операцияларды жүргiзедi. 
     
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.     

  6-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы 
              
iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк 
              
органдарының шет мемлекеттердiң органдарымен 
              
және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара 
              
iс-қимылы      

  Ескерту. Тақырыпқа  өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.      

 Қазақстан  Республикасының терроризмге қарсы  iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк  органдары терроризмге қарсы  iс-қимыл саласында шет мемлекеттердiң органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ұлттық заңдарға және халықаралық шарттарға сәйкес ынтымақтастық орнатады, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы немесе шет мемлекеттер аумағында жедел-iздестiру шараларын жүргiзедi.  
      Қазақстан республикасы терроризм актiсiн кiмнiң қай жерде жасағанына қарамастан, террористiк iс-әрекетке қатысты адамдарды басқа мемлекеттердiң құзыреттi органдарының сұратуы бойынша өз аумағынан қуғындайды. 
     
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.

3-тарау.  Қазақстан Республикасының  терроризмге қарсы  iс-қимылды 
жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының құзыретi     

  Ескерту. 3-тараудың  тақырыбы жаңа  редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.     

  7-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы 
              
iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк 
              
органдарының құзыретi     

1. Қазақстан  Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк  комитетi Қазақстан Республикасының  заңдарымен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi және тергейдi, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргiзуге, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимiн қамтамасыз етуге қатысады. 
      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қарауына жатқызылған террористiк қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi және тергейдi, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргiзуге, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимiн қамтамасыз етуге қатысады. 
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi Қазақстан Республикасы Президентiнiң, «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетiлуге жататын өзге де күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. 
      4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi терроризмге қарсы операцияны жүргiзу кезiнде әуе, су және құрлық кеңiстiгiндегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысады. 
      5. Қазақстан Республикасының қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органы терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында қаржы мониторингiн жүзеге асырады. 
     
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.     

  8-бап. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк 
              
органдарының терроризмге қарсы iс-қимылдағы 
              
құзыретi      

Информация о работе Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы