Монғол шапқыншылы- ғынан кейінгі кезеңдегі мемлекеттерге

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 18:43, реферат

Описание работы

Кез келген қылмысты істеу үшін адам өзін соған итермелейтін қоғамға зиянды мүдделерді, қажеттіліктерді, зұлымдық пиғылдарды басшылыққа алады. Яғни, адам қылмыс істеу үшін ең алдымен өзінің психологиялық ой – ниетін қалыптастырады. Бұл адамның ішкі сезімін, ойын, ниетін білдіреді. Бірақ, осы сезім, ой – ниет адамның нақты мінез құлқы, қимылы, әрекеті арқылы сырттай көрініс бермеуі мүмкін. Кейбір жағдайларда белгілі себептерге байланысты адамның қасақана ойлаған іс-әрекеті ақырына дейін детпейтін кезеңдері болады. Мысалы, қылмыскер кісі өлтіру үшін қару сатып алады, бірақ осыған байланысты құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны ұстайды. Сол сияқты қылмыскер қаруды алып, жәбірленушіні өлтіру мақсатымен атады, бірақ жәбірленуші жеңіл жарақаттанып тірі қалады.

Работа содержит 1 файл

Қылмыс істеу сатыларының ұғымы.doc

— 142.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. АЯҚТАЛҒАН ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС ІСТЕУДЕН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТУ НЕГІЗДЕРІ

2.1 Аяқталған қылмыстың негізгі ерекшелігі.

Кінәлінің істелген іс - әрекетіне қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстың барлық белгілері болса, ондай қылмысты аяқталған қылмыс деп атаймыз. Қылмыстық заңның көрсетілген қылмыстың құрамының ерекшелігіне байланысты аяқталған қылмыс бір түрлі емес, әр түрлі болуы мүмкін, оның әр түрлі болуы қылмыс құрамының құрлысының түрліше болуына тікелей байланысты. Осыған байланысты қайсыбір қылмыстың объектісіне зиян келтіру қаупін туғызған жағдайда – ақ жүзеге асады.  Қылмыстық заң осы аталған жағдайлардың орын алған уақыттан бастап қылмыс құрамының аяқталғанын білдіреді. Сол себепті де қылмыстың аяқталуы барлық уақытта да белгілі бір қылмыс құрамының ерекшелігімен тығыз байланысты болады.

Қылмыстық заңда белгіленген материалдық қылмыс құрамының аяқталуы үшін оы құрамда көрсетілген қылмыстың зардабының болуы қажет. Мысалы, 316 баптағы лауазымды салақтықты айтамыз. Осы қылмыс аяқталды деу үшін субъектінің әрекетімен мемлекеттік мүддеге немесе азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделеріне елеулі түрдегі бұзу орын алу керек. Және осындағы істелген іс - әрекет пен келтірілген зиянның арасында себепті байланыстың болуы шарт.

Кейбір қылмыстырдың диспозицияларында қылмыстың мүмкін болатын бірнеше зардаптарының түрін көрсетеді. Мұндай қылмыс аяқталды деу үшін осы бапта көрсетілген, яғни 103 бап, бір зардаптың болуы жеткілікті.

Қылмыстық Кодексте зардабы болмайтын формальды қылмыс құрамдары да бар. Мұндай қылмыстың аяқталуы кінәлінің заңда көрсетілген іс - әрекетті жасау мен тұжырымдалады. Кейбір жағдайларда қылмыс істеудің даярлық сатысында – ақ аяқталған қылмыс құрамдарына жол беріледі. Мысалы, кінәлі адам кісіні атып өлтіру үшін, заңсыз атылатын қару сатып алады. Мұндай реттерде оның әрекетінде кісі өлтіруге даярланғандық – 96 бап және Қылмыстық Кодекстің 251 бабында көрсетілген қаруды, оқ – дәріні және жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, сақтау, алу, жасау және өткізу сияқты аяқталған қылмыстың құрамы бар.[6]

 

2.2. Қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту.

Қылмыстық Кодекстің 20 бабында:

1. Адамның дайындау іс -әрекеттерін немесе қылмыс істеуге тікелей бағытталған дайындалу іс-әрекетін тоқтату не іс-әрекетті (әрекетсіздікті) тоқтату, егер адам қылмысты ақырына дейін жеткізу мүмкіндігін ұғынған болса, қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту деп танылады. Егер адам бір қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен және бір жола бас тартса, ол осы қылмыс үшін қылмыстық қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы тиіс.

2.  Қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартқан адам оның нақты жасаған әрекетінде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс, -делінген. Осы баптың мазмұнынан шығатын қорытынды, егер адам қылмысты ақырына дейін жеткізуге мүмкіндігін барын біле тұра даярланғандық әрекеттерін өз еркімен тоқтатса, я қылмыс істеуге тікелей бағытталған әрекетті немесе әрекетсіздікті өз еркімен тоқтатса, бұл қылмыс істеуден өз еркімен  бас тарту болып табылады.

Өз еркімен бас тарту болған іс - әрекет қылмыстық жауаптылыққа жатпайды. Қылмыстан өз еркімен бас тарту қылмысқа алдын ала дайындық – қылмыс істеуге даярланғандық немесе қылмыс істеуге оқталғандық сатыларының қайсысында болсын жүзеге асырылады. Егер қылмыскер алдын ала қылмысқа даярланғанда жүзеге асыру мүмкіндігі болмай қылмыс істеуден бас тартса, онда оның әрекеті қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту болмайды. Мысалы, баукеспе ұры кезекті ұрлықты жасаудан өзінің ниетін басқа біреуге білдіріп қою арқылы бас тартса, мұнда оның әрекетінде ұрлық жасауға даярланғандық қылмыс құрамы болады.

Қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартқан адам, егер оның нақты істеген іс - әрекетінде басқа бір қылмыстың белгілері бар болған ретте ғана қылмыстық жауапқа тартылады. Егер оның әрекетінде басқа бір қылмыстың құрамы болмаса, онда ондай адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қылмыс істеуден бас тертуда мынадай екі белгінің: өз еркімен бас тарту және түпкілікті бас тарту орын алғанында ғана жол беріледі.

Өз еркімен бас тарту дегеніміз алдын ала қылмысты әрекет істеуге кіріскен адам өз еркімен оны одан әрі дамытудан бас тартады. Бұл жерде адам қылмысты ақырына дейін жеткізуге мүмкіндікті пайдаланудан ерікті түрде бас тартады. Мұндай жағдайда адам өзінің ойлаған қылмысын толық жүзеге асыруға нақ сенімде болады, бірақ бұл ойын жүзеге асырмайды. Өз еркімен бас тартуда басшылыққа алынған ниеттер әр түрлі болуы мүмкін. Олар бастаған ісінің зардабының зиянды екенін сескену, қатаң жазаға тартылудан қорқу, жәбірленушіге аяушылық білдіру, істеген ісіне өкінуі сияқты. Заң мұндай ниеттердің түріне мән бермейді. Екіншіден, қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту қасақана істелген қылмыстың тек дайындық немесе оқталу сатыларындажәне де өз еркімен бас тарту сол қылмыс істеліп бітпей тұрып, түпкілікті және біржола болуы тиіс. Егер қылмыс істеуден бас тартуды біраз уақытқа тоқтата тұрса, мысалы, инкоссатордың ақшаны тек жеке өзі алып жүрген уақытын күтіп, оған сол кезде шабуыл жасауды ойласа онда бұл жерде қылмыс істеуден біржола бас тартушылық болмайды.

Кейбір жағдайларда ерікті бас тартудың бастамалары болып басқа адамдар – туыстары, достары да болуы мүмкін. Бұл жағдйларда да ерікті бас тарту қылмыс істеуді бастаған адамның өзінің оны ақырына дейін жеткізуге мүмкіндігі бар бола тұрып, оны жүзеге асырғысы келмегендігінен туындауы қажет.

Қылмыс істеуден бас тартудың қылмыс істеуге даярланғандық немесе қылмыс істеге оқталғандық сатысында болуы мүмкін. Бұл жағдайларда бас тарту белсенді түрде қылмыстың зардабын болғызбауға тойтаруға бағытталуы тиіс. Мысалы, кінәлі адам дұшпанына беретін у дәрі қосылған стакандағы суды өз ойнан айнып, стакандағы суды жерге төгіп тастаса немесе орнынан тұра алмай жатқан үй иесін иістендіріп  өлтіру мақсатымен газ плитасын іске қосып қойып, артынан қайта ойланып, оны жойса, тағы басқа әрекеттер.

Аяқталған қылмыста қылмыс істеуден өз еркімен бас тартушылық болмайды, себебі бітіріп қойған нәрседен бас тартуға болмайды. Сондай – ақ қылмыс істеуге даярланғандықта немесе қылмыс істеуге оқталғандықты қайталап жасау мақсатымен бас тарту да өз еркімен бас тарту кейбір жағдайларда әрекетсіздік арқылы жүзәгә асырылады. Мысалы, ұрлық жасауға даярланғанда оны жүзеге асыратын жағдайларды жоюдың өзі жеткілікті. Кейбір жағдайларда өз еркімен түпкілікті бас тартуда белсенді әрекет жасау қажет болады  (өртті сөндіру, жарылысты тойтару, тағы басқалары).                                                                                    

Қылмысқа даярланғандықтан немесе қылмысқа оқталғандықтан өз еркімен бас тартқаннан кейінгі уақыттағы іс - әрекет қылмыс болып табылмайды. Егер адамның одан бұрынғы істеген іс - әрекетінде қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстың белгілері болған ретте ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Жаңа Қылмыстық Кодекс бұрынғы кодекске қарағанда қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеуден өз еркімен бас тартуларды мәселесін арнайы көрсеткен.

 

2.3 Қылмыс істеуден өз еркімен бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босату шаралары.

 

Қылмысты ұйымдастырушы мен қылмысқа айдап салушы, егер ол адамдар мемлекеттік органдарға хабарлаумен немесе өзге де қолданылған шаралармен  орындаушының қылмысты ақырына дейін жеткізіне жол бермесе, қылмыстық жауапқа тартылмауға тиіс. Егер орындаушы қылмысты аяқтағанға дейін оған күні бұрын уәде берген жәрдемнен бас тартса немесе көрсетіліп үлгерген көмектің салдарын жойса, қылмысқа көмектесуші қылымыстық жаупқа тартылмауы тиіс.

Егер ұйымдастырушының  немесе айдап салушының осы баптың үшінші бөлігіндегі аталған іс - әрекеті орындаушының қылмысты орындауын болдырмауға әкелмесе, олардың қолданған шаралары жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән – жайлар деп танылуы мүмкін. (20 бап, 2,3 бөліктері). Бұл әрекеттерді қылмыстық құқықтыағы  жігерлілікпен өкіну деген ұйымнан айыра білу керек. Жігерлілікпен өкіну келтірілген зиянның орнын толтыру, жәбірленушіден кешірім сұрау, материялдық зиянды өтеу сияқты әрекеттерден құралады. Яғни, шын жігерлілікпен өкіну қылмыстың зардабы болғаннан кейін пайда болады. Қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту қылмыстың зардабы болғанға дейін жүзеге асырылады. Сонымен, бұл екі ұымның өзгешелігі, біріншісі қылмыс болғаннан кейін, зардап болған жағдайда орын алса, екіншісі қылмыстық зардаптың алдын алады. Қолданып жүрген қылмыстық заңда шын жігерлілікпен өкіну кейбір жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан босататын мән жайға жатса, ал қайсыбір жағдайларда ол жазаны жеңілдететін мән – жайға жатады. Шын жігерлілікпен өз еркімен өкінушілік Қылмыстық Кодексте көрсетілген 3 бап бойынша қылмыстық жауаптылықты жояды. Мемлекеттік опасыздық (165 бап), пара беру (312 бап), қаруды, оқ – дәріні және жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, сақтау, алу, жасау және өткізу (251 бап). Мысалы, 312 баптың ескертуінде: «Егер лауазымды адам тарапынан оған қатысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені туралы қылмыстық істі қозғауға құқығы бар органға өз еркімен хабарласа, пара берген адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады» деп көрсетіледі.

251 баптың ескертуінде: «Осы бапта көрсетілген заттарды өз еркімен  тапсырған адам, егер оның әрекетінде өзге қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады», - делінген. Басқа жағдайларда шын жүректен өкіну жаза тағайындауда, жауаптылықты жеңілдететін мән – жайларға (53 бап, 1 бөлігі, «к» тармағы) жатады немесе кейбір жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан (65 бап) босатуға негіз болады.  [7]     

 

 

 

 

 

 

 

                                      ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен, бұл курстық жұмысымды қортындылай келгенде, қылмыс істеу сатылары дегеніміз – қасақана істелетін қылмысқа дайындалу, оқталудан біткенге дейінгі өтетін кезеңдерді айтамыз. Қасақана істелетін қылмыста бірнеше саты болады. Яғни, қылмыс істеуге дайындалу, қылмыс істеуге оқталу және қылмысты аяқтау. Біріншіден, тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән – жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады. Бұл Қылмыстық Кодекстің 24 бабының 1 бөлігінде көрсетілген. Мұнда қасақана қылмыс жасауға туғызатын жағдайлардың жалпы көріністері орын алған. Кінәлі адам күні бұрын ауыр, ерекше ауыр қылмыстарды жасау үшін өзіне өте қажетті жағдайларды жасайды. Мысалы, пәтерге түсіп, ұрлық жасау үшін алдын ала иесіз пәтерді анықтап, құлыпты ашуға кезекті кілттерді немесе басқа да құралдарды дайындайды, жалған ақша жасау үшін соны жасауға қажетті аспаптарды, жабдықтарды, қажетті материалдарды іріктейді, т.б. әрекетте жасау.

Ал қылмыс істеуге оқталуға келетін болсақ, Қылмыстық Кодекстің 24 бабының 2, 3 бөліктерінде көрсетілген, яғни, тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс- әрекет немесе әрекетсіздік, егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән – жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу деп танылады. Қылмыстық жауаптылық ауырлығы орташа, ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс жасауға оқталғаны үшін ғана басталады. Мысалы, А деген азамат көлігімен пешеходпен келе жатқан қарт әйелді түйіп өтеді, медіцина қызметкерлері дер кезінде көмек көрсетіп, оны тірі алып қалады. Сонымен қатар қылмыс істеуге оқталғандық әрекетсіздік арқылы да жүзеге асырылады. Мысалы, анасының өз нәрестесінен құтылу үшін, емшек бермей, өлтіруге бағытталған әрекетсіздігі. Қылмыс істеуге оқталу жанама қасақаналықпен жүзеге асырылмайды.

Кінәлінің істеген іс әрекетінде қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстың барлық белгілері болса, ондай қылмысты аяқталған қылмыс деп атаймыз. Бұл Қылмыстық Кодекстің 25 бабында айтылған. Қылмыстық заңның көрсетілген қылмыс құрамының ерекшеліктеріне байланысты аяқталған қылмыс бір түрлі емес, әр түрлі болуы мүмкін, оның әр түрлі болуының қылмыс құрамының түрліше болуына  тікелей байланысты болады. Осыған байланысты қайсібір қылмыстың аяқталуы қылмыстың объектісіне зиян келтіруге байланысты болып жүзеге асырылады.

Өз еркімен бас тарту болған іс - әрекет қылмыстық жауаптылыққа жатпайды. Егер қылмыскер алдын ала қылмысқа даярланғанда жүзеге асыру мүмкіндігі болмай қылмыс істеуден бас тартса, онда оның әрекеті қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту болмайды. Мысалы, баукеспе ұры кезекті ұрлықты жасаудан өзінің ниетін басқа біреуге білдіріп қою арқылы бас тартса, мұнда оның әрекетінде ұрлық жасауға даярланғандық қылмыс құрамы болады.Қылмысқа даярланғандықтан немесе қылмысқа оқталғандықтан өз еркімен бас тартқандықтан кейінгі уақыттағы іс - әрекет қылмыс болып табылмайды. Егер адмның бұрынғы істеген іс - әрекетінде қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстың белгілері болған ретте ғана қылмыстық жауапқа тартылады. Егер орындаушы қылмысты аяқтағанға дейін оған күні бұрын уәде берген жәрдеммен бас тартса немесе көрсетіліп үлгерген көмектің салдарын жойса, қылмысқа көмектесуші қылмыстық жауапқа тартылмауы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Нормативтік құқықтық актілер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 08.30.1995, ( 1998 жылғы 7 қазанда ҚР-ның заңымен енгізілген өзгертулері мен толықтыруларымен);

2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 16.07.1997, (02.03.2006           жылғы заңымен енгізілген толықтырулары мен өзгертулерімен);

3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексі 13.12.1997, (2.03.2006 №131-3 заңымен енгізілген өзгертулері мен толықтыруларымен);

4. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР-ның заңы 27.07.1999;

5.«Еңбек туралы» Заң 10.12;

6. «Еңбекті қорғау туралы» Заң 22.01.1993.

Негізгі әдебиеттер:

1. Қылмыстық құқық, Жалпы бөлім, Ағыбаев А. Н. Оқулық, Алматы, Жеті Жарғы, 2002 жыл;

2. Уголовное право РК, основная часть, учебник, Алматы, Жеті Жарғы, 2003 жыл;

3. Рогова И. Н. Рахметова С. М. Уголовное право РК, основная часть, Алматы, Жеті Жарғы, 2003 жыл;

4. И. Я. Козаченко, З. А. Незнамова, Г. П. Новоселов, издательственная группа инфро норма,Уголовное право РК, основная часть, 1999 жыл;

Информация о работе Монғол шапқыншылы- ғынан кейінгі кезеңдегі мемлекеттерге