Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 18:43, реферат
Кез келген қылмысты істеу үшін адам өзін соған итермелейтін қоғамға зиянды мүдделерді, қажеттіліктерді, зұлымдық пиғылдарды басшылыққа алады. Яғни, адам қылмыс істеу үшін ең алдымен өзінің психологиялық ой – ниетін қалыптастырады. Бұл адамның ішкі сезімін, ойын, ниетін білдіреді. Бірақ, осы сезім, ой – ниет адамның нақты мінез құлқы, қимылы, әрекеті арқылы сырттай көрініс бермеуі мүмкін. Кейбір жағдайларда белгілі себептерге байланысты адамның қасақана ойлаған іс-әрекеті ақырына дейін детпейтін кезеңдері болады. Мысалы, қылмыскер кісі өлтіру үшін қару сатып алады, бірақ осыған байланысты құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны ұстайды. Сол сияқты қылмыскер қаруды алып, жәбірленушіні өлтіру мақсатымен атады, бірақ жәбірленуші жеңіл жарақаттанып тірі қалады.
КІРІСПЕ
Кез келген қылмысты істеу үшін адам өзін соған итермелейтін қоғамға зиянды мүдделерді, қажеттіліктерді, зұлымдық пиғылдарды басшылыққа алады. Яғни, адам қылмыс істеу үшін ең алдымен өзінің психологиялық ой – ниетін қалыптастырады. Бұл адамның ішкі сезімін, ойын, ниетін білдіреді. Бірақ, осы сезім, ой – ниет адамның нақты мінез құлқы, қимылы, әрекеті арқылы сырттай көрініс бермеуі мүмкін. Кейбір жағдайларда белгілі себептерге байланысты адамның қасақана ойлаған іс-әрекеті ақырына дейін детпейтін кезеңдері болады. Мысалы, қылмыскер кісі өлтіру үшін қару сатып алады, бірақ осыған байланысты құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны ұстайды. Сол сияқты қылмыскер қаруды алып, жәбірленушіні өлтіру мақсатымен атады, бірақ жәбірленуші жеңіл жарақаттанып тірі қалады.
Сондықтан қылмыстық құқық теориясымен сот тәжірибесі қылмыстық заңға сүйене отырып, қасақана қылмыс істеу сатыларын ажыратады.
Қасақана қылмыс істеу сатылары деп қасақана дайындалу, оқталудан аяқталғанға дейінгі өтетін кезеңдерді айтамыз. Олар қылмыстың объективтік жағымен кінәлінің қасақаналық ниетін жүзеге асыру дәрежесіне байланысты бір бірінен ерекшеленіп ажыратылады. Көрсетілген сатыларды анықтау, аяқталған қылмыс құрамын құрамайтын қасақана қылмыстық іс-әрекет жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін және жаза тағайындау үшін өте қажет.
ҚР Қылмыстық кодексінде қылмыс істеу сатыларын үшке бөледі.
Қылмыс істеуге дайындалу
Қылмыс істеуге оқталу
Аяқталған қылмыс.
Қылмыс істеуге дайындалу - қылмысты жасау үшін қасақана жағдай туғызудың кез-келген түрлерін құрайды.
Қылмыс істеуге оқталу деп – тұлғаның қылмыс істеуге тікелей іс-әрекет жасағанымен, қайсы бір себептермен қылмыс іс жүзіне асырылмаған жағдайды айтамыз.
Аяқталған қылмыс деп – тұлғаның жасаған әрекетінде нақты қылмыс құрамының барлық белгілері бар қылмысты айтамыз.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ. Адам белгілі бір қылмыстық іс-әрекет жасағанда міндетті түрде қылмыс істеу сатылары бойынша сараланады. Ал егер де қылмыстық іс - әрекет істеуге дайындалса немесе оқталса, қылмыс істеуге дайындалу және оқталу бабы бойынша сараланады, яғни бұл аяқталмаған қылмыс болып табылады. Яғни бұл жұмыста ең алдымен қылмыс істеу сатыларын айыра біле тұра, тиісті жаза қолдануға негіз болады.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ. Қылмыс істеу сатыларының ара – жігін және айырмашылығын ашу, яғни, қылмыс істеуге дайындалу, қылмыс істеуге оқталу, сондай – ақ аяқталған қылмыстарды бір – бірінен ажырата білу.
Қылмыс істеу сатыларынсыз бір қылмысты саралау мүмкін емес. Сондықтан, мен осы қылмыс істеу сатыларының белгілі бір қылмыстық іс - әрекетті саралау үшін, оларды бір – бірінен ажырату үшін алатын орны және маңызы өте зор деп ойлаймын.
1. ҚЫЛМЫС ІСТЕУ САТЫЛАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ.
1.1 Қылмыс істеу сатыларының ұғымына сипаттама.
Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің барлық баптарында көрсетілген белгілер негізінен аяқталған қылмыстарға тән белгілер. Алайда, кейбір жағдайларда қандай-да бір себептерге байланысты адамның қасақана ойлаған іс-әрекетінің ақырына дейін жетпейтін кезеңдері болады. Айталық қылмыскер кісі өлтіру үшін қару сатып алады, алайда оны құқық қорғау органдарының қызметкерлері қолға түсіреді. Сол сияқты қылмыскер қолындағы қарумен өлтіру мақсатында жәбірленушіні атады, бірақта жәбірленуші жеңіл ғана жарақаттанып тірі қалады. Сондықтан қылмыстық құқық теориясы мен тәжірибесі қылмыстық заңға сүйене отырып, қасақана қылмыс істеу сатыларын ажыратып көрсетеді.
Қылмыс істеу сатылары қылмысты қасақана жасағанда ғана орын алады. Қылмыс істеу сатылары деп қылмысқа дайындалудан бастап оқталудан – аяқталғанға дейінгі өтетін кезеңдерді айтамыз. Олар қылмыстың объективтік жағы мен кінәлінің қасақаналық пиғылын жүзеге асыру дәрежесіне байланысты бір – бірінен ерекшеленіп, ажыратылады. Көрсетілген сатыларды анықтау, аяқталған қылмыс құрамын құрамайтын қасақана қылмыстық іс - әрекет жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін және оған жаза тағайындау үшін өте қажет.
Қылмыс істеу сатыларын құрайтын іс - әрекеттер қоғамға қауіптіліктің түрлі дәрежелерімен сипатталады. Тұлғаның жасаған қылмыстық іс - әрекеті қылмыстың аяғына жақындаған сайын қоғамға қауіптірек болып табылады және тағайындау кезінде ескертілуге жатады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі қылмыс істеу сатыларын үшке бөледі:
1. Қылмыс істеуге дайындалу
2. Қылмыс істеуге оқталу
3. Аяқталған қылмыс
Қылмыс істеуге дайындалу – қылмысты жасау үшін қасақана қолайлы жағдай туғызудың кез – келген түрлерін құрайды.[1]
Қылмыс істеуге оқталу – тұлғаның қылмыс істеуге тікелей іс - әрекет жасағанымен, белгілі бір себептермен қылмыстық іс - әрекет іс жүзінде асырылмаған жағдаймен сипатталады.
Аяқталған қылмыс – тұлғаның жасаған іс - әрекетінде нақты қылмыс құрамының барлық белгілері бар қылмыстық іс - әрекет.
Алғашқы екі саты аяқталмаған қылмыс ретінде біріктіріліп түсіндіріледі және олар қылмыстық құқық теориясында қылмыстық іс - әрекеттің бастапқы сатысы деп қарастырылады. Қылмыстық заң қылмыстық ой – пиғылдың ашылуын сатыларына қоспайды. Бұл жерден ол үшін қылмыстық жауаптылық көзделмейтінін байқаймыз.
Қылмыстық ойдың ашылуы – қылмыс істеуді ойлаған адамның өз ойын басқа бір адамға ауызша немесе жазбаша түрде білдіруін айтамыз.
Жалпы норма бойынша қылмыс істеу туралы ойдың ашылцы қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіз болмайды. Қылмыстық заң кімді болмасын, тек сөзбен, хат арқылы немесе басқа жолдармен қылмыс істеу туралы пікірі болғанын білдіргені үшін жазалай бермейді. Өйткені мұндай жалаң ой қылмыстық заң қорғайтын объектіге ешқандай зиян келтірмейді және зиян келтіру қаупін туғызбайды. Оның үстіне қылмыстық ойдың ашылуында қылмыстың негізгі белгісінің бірі – қоғамға қауіптілік жоқ. Қылмыстық ойдың ашылуын қорқыту арқылы жасалынатын қылмыстармен шатастыруға болмайды. Қылмыстық кодексте қорқыту арқылы жасалатын аяқталған қылмыс құрамының жекелеген түрлері үшін қылмыстық жауптылық көзделген. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 112 бабында өлтіремін деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге де ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп құртамын деп қорқыту, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту, егер бұл қорқытудың іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздерінің бар екендігі анықталса – жазалануға жатады делінген. Аталған баптағы жеткілікті негіздер бар болса деген сөздің өзі қылмыстық ой – ниеттің белгілі бір іс - әрекетпен байланысын және оның қоғамға қауіпті көрсетеді. Ал, қылмыстық ойдың ашылуында мұндағы аталған белгілер болмайды.
Тұлғаның ойлаған қылмысының алдын алу үшін қылмыстық ойдың ішкі істер органдарының қызметіне ашылуының маңызы зор деп есептеледі.
Қылмыс істеу сатыларының үш түрге бөлінуі әрбір қылмыс өзінің көрсетілген сатысында дамуы керек дегенді білдірмейді. Мысалы, кейбір жағдайларда қылмыс бірінші сактыдан өтіп кетіп ешқандай дайындықсыз әрекеттермен жасалады. Қылмыс барлық сатыдан өтсе де, оның өзіндік қылмыстық – құқықтық мәні тек соңғы сатыны ғана иеленеді. Сондықтан да сот тәжірибесінде алдыңғы сатылар соңғы сатылармен қамтылады. Демек, қылмыстық оқталу, қылмысқа дайындалу сатысын өзіне сіңіреді, ал аяқталған қылмыс жоғарыда айтылған екі сатыны да (оқталу, дайындалу) қамтиды. Осыған сәйкес қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу сатылары, қылмыстық әрекет бірінші немесе екінші сатылармен шектелгенде ғана өзіндік қылмыстық – құқықтық мәнге ие бола алады. Осыған байланысты Қылмыстық кодекс аяқталған қылмыс үшін ғана жаза тағайындап қан қоймай, сонымен бірге алдын ала қылмыстық іс - әрекетке дайындалғаны үшін, аяқталмаған қылмыс үшін де – қылмыстық жауаптылықтың негізін белгілейді.
Қылмыс істеуге дайындалу (24 баптың бірінші бөлігі) мен қылмыс істеуге оқталу (24 баптың үшінші бөлігі) қасақана жасалған әрекеттер ретінде анықталғандықтан, аяқталмаған қылмыс сатыларының субъективтік жағы тек қасақана жасалған қылмыстарда болады. Қылмыстық заң қылмысқа дайындалуды, оқталуды қылмыстық іс - әрекеттің бастапқы сатысы деп қарайды. Қылмысқа даярланғандық үшін қылмыстық жауапкершілік қылмыс істеу үшін құралдар немесе қаруларын іздестірген, әзірлеген немесе бейімдеп жасаған қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдай туғызған реттерде туындайды. Мысалы, кісіні өлтіру үшін у дәрі дайындайды, жоспар жасап қылмыс жасайтын жерді, жағдайды анықтайды, қылмысқа қатысушыларды іздестіреді. Жәбірленушінің келіп – кету жолдарын анықтап ізіне түседі т.б әрекеттер. Осындай жағдайларды жасағаннан кейін қылмыстың субъектісі қылмыс істеудің екінші сатысы қылмыс істеуге оқталу сатысына көшеді, яғни қылмыс құрамын орындауға тікелей бағытталған Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі жеке құрамдарында көрсетілген іс - әрекеттерді істейді. Яғни, субъект тікелей қасақана қылмысты іс - әрекетке кіріседі, бірақта субъектінің ырқынан тыс жағдайларға байланыссыз қылмыс ақырына дейін жеткізілмей қалады. Мысалы, біреуді өлтіремін деп оның жанды жерінен пышақ салады, бірақ дәрігердің дер кезінде көмек көрсетуі нәтижесінде ол тірі қалады. Осы екі сатыға да тән белгілер: қылмысты мінез – құлқының аяғына дейін жеткізілмеуі, субъективті жағынан осы екі сатыдағы қылмыстардың тікелей қасақаналықпен жасалуы. Қылмыстың осы екі сатысы, яғни қылмысқа даярланғандық және қылмысқа оқталғандық – абайсызда жасайтын қылмыстарда зардапсыз (формальдық) құрамдағы, сондай – ақ жанама қасақаналықпен жасалатын қылмыстарда орын алу мүмкін емес. Егер кінәлі адам қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі жеке құрамдардың барлық белгілерін істесе, онда оның әрекеті аяқталған қылмыс болып табылады. Мұндай жағдайларда субъектінің іс - әрекетімен нақты қылмыс құрамының объективтік жағында көрсетілген белгі – қылмыстың зардабы нақты тууы керек. Қылмыстан болған зардаптың мәні мен көлемі нақты қылмыс құрамы арқылы белгіленеді. Қылмыстың аяқталу, біту уақыты әрбір қылмыс құрмының құрылысының ерекшелігіне байланысты да әр түрлі болады. Мысалы, қарақшылық құрамы қылмыстық заңда « бөтен біреудің мүлкін ұрлау мақсатымен шабуыл жасау» деп көрсетілген. Яғни, бұл жерде осы мақсатпен шабуыл жасағанда мүлікті иемдену, иемденуге байланыссыз – ақ, қылмыс шабуыл жасаған кезден бастап – ақ аяқталған қылмыс деп саналады.
Мұнда қылмыстың субъектісінің түпкі мақсаты – жәбірленушінің өміріне не денсаулығына қауіпті түрде күш жұмсап, сондай – ақ күш жұмсаймын деп қорқытып бөтен біреудің мүлкін иемдену болғанымен қылмыс мүлікті иемденген, иемденбегеніне қарамастан шабуыл жасап, тонау уақытынан бастап аяқталған деп саналады. Кейбір қылмыс құрамының аяқталуы адам өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайларда қалдыру (119 бап), басқа адамның көрінеу ВИЧ/ЖҚТБ – ны жұқтыру қаупінде қалдыру (116 баптың 1- бөлігі). Бұл аталған қылмыстар құрамындағы қауіпты жағдайда қалдыру, жұқтыру қаупінде қалдыру бітпеген қылмыс құрмының белгісі емес, біткен қылмыс құрамының белгісі болып табылады. Сондықтан да мұндай құрам аяқталған қылмыс құрамы деп аталады.
1.2 Қылмыс істеуге дайындалу.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 24 бабының бірінші бөлігіде «Тікелей ниетпен қылмыс құрамының немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән – жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады» деп көрсетіледі. Заңда ауыр немесе ерекше ауыр қылмысқа дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылық басталады деп көрсетілген. Заңда дайындық әрекеттердің негізгілері ғана берілген. Мұнда қасақана қылмыс жасауға туғызылатын жағдайлардың жалпы көріністері орын алған. Кінәлі адам күні бұрын ауыр, ерекше ауыр қылмыстарды жасау үшін алдын ала иесіз пәтерді анықтап, құлыпты ашуға кезекті кілттерді немесе басқа да құралдарды дайындайды, жалған ақша жасау үшін соны жасауға қажетті материалдарды іріктейді, т.б.
Сонымен, қылмыс істеуге дайындалу мынадай белгілермен сипатталады:
1)дайындық іс - әрекеттерін жасау;
2)қылмысты тек қасақаналықпен істеу;
3)оның қылмыс құрамын толық орындауға дейін үзіліп қалуы;
4)қылмыс адамның еркінен тыс жағдайларға байланысты істелмуі;
Дайындық әрекеттері көп жағдайларда қылмыс құрамының объективтік жағының белгілер қамтамасыз етумен тікелей байланысты болады. Өзінің объективтік белгілеріне сәйкес қылмыс істеуге дайындық адамның мынадай үш түрлі әрекеттері арқылы жүзеге асырылады: қылмыс істеу үшін құралдар немесе қарулар іздестіру я лайықтау немесе қасақана бір жағдайлар туғызу.
Қылмыс істеу үшін құралдар мен қару – аспаптар іздестіру дегеніміз кез келген тәсілмей заңды немесе заңсыз жолмен осы заттарды алуды айтамыз.
Қылмыс істеу қару – аспаптары болып қылмыс істеуге қолданылатын кез келген заттар саналады. Оған аталған немесе суық қарудың барлық түрлері қолдан жасалынған фин пышағын, сондай – ақ тесіп – кесетін нәрселер жатады. Қылмыс құралдарына қылмыс істеуге әдейі бейімделіп пайдаланатын таяқ, [2]үшкір тас, бөтелке сынығы, балта, балға, бұрғы, шеге суырғыш, бұрауыш сияқты заттар да жатады. Мысалы, адам қолдануға қолайлы үшкір тасты денеге жарақат келтіруге немесе автокөліктің әйнегін сындырып, ішіндегі заттарды ұрлауға пайдалануы мүмкін. Кінәлі адам шеге шығарғышты, бұрауышты немесе қашауды бөтен біреудің үй – жайының есігін бұзып, мүлкін ұрлау үшін дайындалуы мүмкін. Қылмыс істеу құралына қылмысты істеуге жеңілдік туғызатын заттар жатады. Бұлар мысалы, әскер міндетін өтеуден жалтару немесе контробандамен айналысу үшін жалған құжат дайындау, адамды өлтіру үшін у дәріні немесе қатты әсер ететін зәрлі нәрселерді қолдану, ұрланған заттарды, қылмысты топтардың мүшелерін тасуға пайдаланатын көлік құралдар жатады. Егкр автокөлік, трактор басқа да техника түрлері қоймаларды бұзуға, кедергілерді таптап өтуге пайдаланылса, онда ол қылмыс ітеудің қаруы ретінде қарастырылады. Құралдар мен қару аспаптарын лайықтау деп қылмыс істеуге пайдалынатын заттарды қайта өңдеу, қолдан тапанша, пышақ жалған құжат жасап, оны қылмыс істеуге, қылмыстың ізін жасыруына пайдалануға әзірлеу және т.б. әрекеттер.
Информация о работе Монғол шапқыншылы- ғынан кейінгі кезеңдегі мемлекеттерге