Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 18:43, реферат
Кез келген қылмысты істеу үшін адам өзін соған итермелейтін қоғамға зиянды мүдделерді, қажеттіліктерді, зұлымдық пиғылдарды басшылыққа алады. Яғни, адам қылмыс істеу үшін ең алдымен өзінің психологиялық ой – ниетін қалыптастырады. Бұл адамның ішкі сезімін, ойын, ниетін білдіреді. Бірақ, осы сезім, ой – ниет адамның нақты мінез құлқы, қимылы, әрекеті арқылы сырттай көрініс бермеуі мүмкін. Кейбір жағдайларда белгілі себептерге байланысты адамның қасақана ойлаған іс-әрекеті ақырына дейін детпейтін кезеңдері болады. Мысалы, қылмыскер кісі өлтіру үшін қару сатып алады, бірақ осыған байланысты құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны ұстайды. Сол сияқты қылмыскер қаруды алып, жәбірленушіні өлтіру мақсатымен атады, бірақ жәбірленуші жеңіл жарақаттанып тірі қалады.
Қылмысқа қатысушыларды іздестіру деп әр түрлі тәсілдермен уәде беріп қорқыту, бопсалау жолымен болашақта істелетін қылмысқа бірге қатысушыларды табу, алу болып табылады. Қылмыс жасауға сөз байласу деп екі немесе одан да көп адамдармен нақты қылмыстарды істеу жөнінде күні бұрын уағдаластыққа қол жеткізу болып табылады. Қылмыс істеу үшін қасақана басқа бір жағдайлар туғызу деп құралдар мен қару-аспаптарды дайындаудан басқа қылмыс істеуге бағытталған кез-келген әрекеттерді айтамыз. Бұған жататындар: ұрлық істеу үшін қылмысты топқа мүше іздестіру, болашақ қалмыстың жоспарын жасау. Қылмыс істелетін объектілердің жүйесін зерттеу, қоймаларға жасырын кіру үшін дыбыс беретін құралдарды күні бұрын жою, пәтерге түсу үшін үй иелерінің келіп-кету мерзімін болжау сиақты әрекеттер жатады.
Субъективтік жағынан дайындық әрекетін әр уақытта да тікелей нақты қасақаналықпен, қасақана қылмыс істеуге жағдайлар туғызады. Тікелей қасақаналықсыз жағдайлардың өзін жасау мүмкін емес. Кінәлінің ырқынан тыс жағдайларға байланысты іс-әрекетінің үзіліп қалуы деген белгі де қылмыстың тек қана тікелей қасақаналықпен жасалатынын көрсетеді. Яғни, бұл тұрғыдағы қылмысты абайсыздықпен немесе жанама, нақтыланбаған қасақаналықпен жасауға мүлде болмайды, мұндай жағдайда қылмыстан туатын зардап объективтік және субъективтік жағынан алғанда сөзсіз емес, жорамал күйде болады. Қылмысты істеуге дайындық сатысының негізгі бағыты сол, ол жоспсрлаған қылмыс нәтижесінің сөзсіз болуын қамтамасыз ету болып табылады. Қылмысқа дайындалудың зияндылығы сол, қылмыстың субъектісі қылмыс істеуге бар жағдайларды жасай отырып, өзінің ырқынан тыс жағдайларға қылмысты жасай алмайды. Кінәлінің ырқына байланысты емес жағдайлармен дайындық сатысының үзіліп қалуы объективтік немесе субъективтік мән-жайларға байланысты орын алуы мүмкін. Мысалы, дайындық сатысында басқа біреуді өлтіру үшін сатып алынған аңшылық мылтығын милиция қызметкерлерінің алып қоюы немесе ұрлық жасау үшін пайдаланатын қойма кілтін жасауға әрекеттенгенімен оны жасай алмай қоюы, т.б. , Мысалы, ағайынды С және К көршісінің пәтеріне түсу үшін қажетті саймандарды әзірлеп қойған кезде, сол пәтердің алдына басқа көршілер жиналып, өзара кездесіп қалып, ұзақ уақыт отырып шахмат ойнайды. Бұл ағайындылардың қылмыс істеуге мүмкіндігін жоймағандығымен, оны жүзеге асыруға кедергі келтірді. Бұл, сөз жоқ, ұрлық жасауға кінәлілердің ырқынан тыс жағдайларға байланысты жол бермей үзіліс жасалады.
Қылмысқа дайындықтың адам ойының қалыптасуынан айырмашылығы мынадай: адам ойының қалыптасуы –қылмыстың психологиялық сыртқы, объективті көрініс бермеген сатысы, қылмысқа дайындық - әр уақытта қасақана қылмыс жасауға бір жағдайлар туғызатын нақты іс - әрекет. Адамның ойын, яғни өзінің ойын қылмыс жасау туралы мінез білдіруі қылмыс сатысы болмайды, өйткені ол қылмыс істеуге бағытталған әрекет жасамайды. Қылмысқа дайындалу әр уақытта да іс-әрекет арқылы қылмыс жасауға қолайлы жағдайлар жасайды, онсыз қылмыстың орындалуы мүмкін болмайды. Қылмыс істеуге дайындықтың қылмысқа оқталудан айырмашылығы бар. Қылмысқа дайындыққа белгілі бір нақты қылмыс құрамын жасауға мүмкіндік жағдайлар жасалады, ал қылмысқа оқталуда ол мүмкіндіктер жүзеге асырылады. Дайындық сатысында істеген қылмыс Қылмыстық кодекстің 24 бабы және Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптары бойынша сараланады. Мысалы, басқа біреудің пәтерін ұрлау үшін кілт дайындап жатқан субъект, осы кезде әшкереленсе оның әрекеті Қылмыстық Кодекстің 24, 176 баптары бойынша ұрлық жасауға оқталғаны үшін сараланады. Бұл жерде 24 баптың көрініс табуы субъектінің аяқталмаған қылмыс жасағанын білдіреді.
Субъект өзінің дайындық әрекеттеріне тыйым салғанға дейін, басқа қылмыстың құрамын орындап үйренуге, оның әрекеті қылмыстың жиынтығы бойынша – тиісті қылмысқа дайындалғандық және басқа біткен қылмысты жасағаны үшін сараланады. Мысалы, А. өзінің қызметтес досы Б – ны кек алу үшін атып өлтіруге қара базардан Калашников автоматын сатып алған, бірақ оның бұл қылмысты істеуге дайындалғаны сезіліп қалып, оны милиция қызметкерлері ұстап алады. Оның әрекеті қаруды заңсыз алғаны үшін Қылмыстық Кодекстің 251 баптың бірінші бөлігімен және кісіні кекшілдікпен өлтіруге оқталу – 24, 96 баптың бірінші бөлігімен екі қылмыстың жиынтығы ретінде саралауға жатады. Қылмыс істеуге дайындалған субъектіге жаза сол Қылмыстық Кодекстің аяқталған қылмыс құрамы туралы санкциясында көрсетілген бабының санкциясы шеңберінде тағайындалады. Жаза тағайындағанда сол зардабының болуының мүмкіндігін, оның жүзеге аспай қалу себептерін, қылмысқа дайындық сатысының жүзеге асырылуын ескереді. Заңда, (56 бап, 1 және 2 бөліктері) қылмысты дайындық сатысында істеген субъектіге жазаны тағайындаудың ерекше тәртібі белгіленген.[3]
1.3. Қылмыс істеуге оқталу.
Қылмыстық Кодекстің 24 бабаның 3, 4 бөліктері бойынша « Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс - әрекет ( әрекетсіздік) егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән – жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады.
Қылмыстық жауаптылық ауырлығы орташа, ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс жасауға оқталғаны үшін ғана басталады»,
Қылмыс істеуге оқталудың төрт түрлі белгісі бар. Біріншісі іс - әрекеттің қылмыс істеуге тікелей бағытталуы қылмыс істеуге оқталғанда, қылмыс субъектісі қылмыс құрамын орындауға тікелей кіріседі және қылмыстық құқылық норма диспозициясының объективтік жағында көрсетілген элементтерін орындайды. Мысалы, кісіні өлтіруде оған қарай мылтық атады, ұрлық жасағанда есікті бұзып тұрған жайға кіреді, көлік құралын айдап әкетуде көлікті қозғалысқа келтіруәрекетін жасайды және тағы басқа әрекеттер. Қылмысқа оқталғандығы іс - әрекет қылмыстың зардабын туғызатын себептің көрінісін білдіреді. Егер ол іс - әрекет үзіліп қалмаса, онда қылмыс зардабының болуы сөзсіз болар еді.
Қылмыс істеуге оқталудың екінші белгісі – субъективтік белгісі болып табылады. Қылмыс істеуге оқталғандық тек тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Бұл туралы қылмыстық заңның өзінде қылмыс істеу үшін тікелей бағытталып, істелген әрекет немесе әрекетсіздік деп тура көрсетіліп отыр. Заңдағы тікелей бағытталған деген сөздің өзі осы тұрғыда қылмыстың тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылатынын білдіреді. Мысалы, кісіні қасақана өлтіру жөніндегі сот тәжірибесі туралы Жоғары Сот қаулысында кісіні өлтіруге оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады, өйткені мұндай жағдайда кінәлі адам өзінің әрекетінің зиянды екенін біле тұра, оның зиянды зардаптарын болжай тұра, бұл зардаптардың болуын тілеп істейді.
Мысалы, С. деген азамат өзінің жұбайы К- ны Д. деген азаматпен көңілдес екенін біліп, екуінің кездесуін аңдып, ақыры осындай бір сәтте олардың өзара оңаша сүйісіп отырғанының үсінен шығып, С. қалтасындағы бәкісімен әйелінің көңілдесі Д- ның күре тамырын қиып жібереді. Дәрігерлік көмектің нәтижесінде Д. Тірі қалады. Сот С- ның әрекетін қызғаныштан қасақана кісі өлтіруге тікелей оқталғандық деп саралаған. ( Қылмыстық Кодекстің 24 бабының 3 бөлігі, 96 баптың 1 бөлігі ).
Қылмыс істеуге оқталғандық әрекетсіздік арқылы да жүзеге асырылады. Мысалы, анасының өз нәрестесінен құтылу үшін, емшек бермей, өлтіруге бағытталған әрекетсіздігі. Қылмыс істеуге оқталу жанама қасақаналықпен жүзеге асырылмайды.
Қылмыс істеуге оқталғандықтың үшінші белгісі – істеуге бағытталған қылмыстың ақырына дейін жеткізілмеуі болып табылады. Яғни, қылмыс құрамын орындау сатысында қылмысты әрекет амалсыздан үзіледі. Бұл жерде қылмыс істеуге оқталғандықтың белгісі қылмыстың аяқталмай қалуы, бітпеуі болып отыр. Бұл белгі аяқталған қылмысты қылмыс істеуге оқталғандықтан айырудың басты белгісі болып табылады.
Мұндай ретте Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі қылмыс құрамының белгілері толық жүзеге асырылмайды немесе заңда көрсетілген қылмыстың зардабы болмай қалады, сөйтіп біткен қылмысқа қарағанда қылмыс құрамының объективті жағының белгілерін түгелдей орындауға бағытталған іс - әрекет толығымен аяқталмай қалады. Мысалы, өзіне қас кісіні өлтіремін деп ол ұйқтап жатқанда оның үйінің есік – терезесін сыртынан бекітіп, үйінен шықпастай етіп, үйіне өрт қояды. Нәтижесінде ол ауыр дене жарақатын алып, аман қалады. Бұл жерде кінәлінің әрекеті қасақана кісі өлдтіруге оқталғандық ретінде сараланады. ( 24, 96 баптар, 1 бөліктері). Себебі, оның тікелей адам өмірін жоюға деген әрекеті, ақырына дейін оған байланыссыз себептермен жүзеге аспай қалады, яғни айтқанда, қасақана кісі өлтіру туралы қылмыстық заң нормасының объективтік жағының белгісі қылмыстың зардабы – кісі өлімі болмай қалады. Қылмыс істеуге оқталғагдық үшін жаза тағайындағанда сот кінәлінің істеген әрекетінің дәрежесі мен сиптын, қылмыстық ниетті жүзеге асыру дәрежесін және қылмыстың ақырына дейін жеткізілуіне кедергі болған себептерді еске алады.
Яғни бұл жерде кінәлінің ырқына байланысты емес себептерден қылшмыстың ақырына дейін жеткізілмеуі- қылмыс істеуге оқталғандықтың [4]төртінші белгісі болып табылады. Бұл жерде кінәлінің ырқына байланысты емес себептерден деген ұғымды әр түрлі объективтік және субъективтік жағдайлардың жиынтығы ретінде қарау керек. Бұл жерде субъектінің өзінің ниетін жүзеге асыруға бар пәрменін сала кіріскенімен, оның ырқына байланысты емес себептермен қылмыс ақырына дейін жеткізілмей қалады. Мысалы, әйелді зорлағанда жәбірленушінің қарсылық көрсетуінен, үйді өртеуге қажет болғат от тұтатқыш суланып жанбай қалуы және т.б.
Қылмысты істеуге оқталғандықтың да қылмысты ниетті жүзеге асыру дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Осыған байланысты оқталудың өзі біткен және бітпеген оқталу деп екіге бөлінеді. Біткен оқталу деп кінәлінің қылмысты аяқтауға қажетті деп санаған барлық іс-әрекеттерін толық істеуі бірақ осыған қарамастан, адамның ырқынан тыс жағдайларда қылмыс аяқталмайды және қылмыстың зардабы болмай қалады. Оқталудың бұл түрін біткен қылмыстан қылмыстың аяқталмауы немесе зардаптың болмай қалуы ғана ажыратып тұр. Мысалы, Ж деген азамат арақ ішіп, мас күйінде өзінің әйелінің ағасы С –ға тиісті, оның жүрегінің тұсынан 2-рет пышақпет ұрады, осыдан кейін Ж далаға шығып, көршілеріне естіртіп, «көптен күткен армандарымды жүзеге асырдым, бір жауызды өлтірдім»-деп айғайлайды. Бірақ С-ның өмірі дер кезінде дәрігерлік көмек көрсету арқылы өлімнен құтқарылып қалады. Облыстық сот Ж-ның әрекетін бұзықылық ниетпен кісіні қасақана өлтіруге оқталғандық деп саралаған. (24-бап 3-бөлігі, 96-бап 2-бөлігі «и»тармағы).
Бітпеген оқталу деп кінәлінің қылмысты аяқтауға қажетті деп санаған барлық іс - әрекеттердің толық емес, жарым – жартылай орындау болып табылады. Мысалы, У деген адам Ю деген азаматты атып өлтіру мақсатымен, мылтықты оған кезеніп, оның шүріппесін баса бергенде, О деген азамат У- дың қолынан келтекпен ұрып, мылтықты тартып алып, өзін ұстаған: Бұл бітпеген оқталуға тән мысал. Ал егер О мылтықты атып, оқ К- ге тимей кетсе, онда оның әрекеті біткен оқталу болып саналар еді.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс істеуге оқталу жарамсыз объектіге, затқа немесе жарамсыз құралмен оқталу деп екі түрге бөлінеді. Жарамсыз объектіге немесе затқа оқталу деп оған кінәлі қаншалықты әрекет істегенімен жәбірленушінің,қылмыстың объектісінің немесе затының өзіндік ерекше өзгешеліктеріне байланысты оған зиян келтіру мүмкінділігінің мүлдем болмайтындылығын айтамыз. Мысалы, кінәлі тірі адам екен деп жәбірленушінің қалтасынан бір бума хатталған қағаз ұрлайды.
Жарамсыз құралмен оқталу деп кінәлі адам қылмысты ниетті жүзеге асыруда қателесіп жарамды құралдың орнына жарамсыз құралды пайдаланып қылмыс жасайды. Мысалы, П және Ә деген екі жігіт Ақтау қаласында З деген кәрі шалдың үйінде тұрады. П және Ә қарт адамды улап өлтіріп, оның пәтерін өздері иелік етіп, сатпақ оймен З – ның ішетін тамағына « Колорада» қоңызын өлтіретін у дәрі салып жібереді. Асты қабылдаған З – ға алғаш ештеңе қатер болмайды. Бірақ та П мен Ә З ас іше бастағанда- ақ өз істеген әрекеттерін қорқып, ішкі істер органдарына келіп, болған жағдайды шын жүректен өкініп хабарлайды. Олардың әрекетін сот кісі өлтіруге оқталғандық ретінде бағалаған. Қылмыстық Кодекстің кейбір баптарында, сондай – ақ құқықтық әдебиеттерде « қылмыс істеуге әрекеттер» деген сөздерді кездестіруге болады. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 257 бабында кәнігі бұзақылықтың белгілерінің бірі ретінде оқ – дәріні, газбен атылған қаруды, пышақты кастеттерді және де өзге де атылатын қаруды не денеге жарақат түсіруге арнайы белгіленген басқа заттарды қолдануға әрекет деген сөз бар. Бұл аяқталған қылмыс құрамының түсінігін білдіреді. Өйткені осы қылмыс құрамының диспозициясының ерекшелігі сол, ол аталған заттарды қолдану немесе қолдануға әрекет арқылы жасалса, онда оның объективтік жағының қажетті белгілері толық орындалған болып саналады.
Қолданып жүрген Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтың бірден – бір негізі болып Қылмыстық Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс - әрекеті болып табылады. ( ҚК- тің 3 бабы). Бұл қағида аяқталған немесе аяқталмаған қылмысқа бірдей қатысты. Сонымен аяқталған қылмысты іс - әрекеттер үшін (қылмысқа даярланғандық және оған оқталғандық) қылмыстық жауаптылықтың негізі болып, аяқталмаған қылмыс құрамының белгілері бар іс - әрекеттер жатады. Мұндай ретте нақты қылмысқа даярланғандық немесе оқталғандық әрекеттері орын алған жағдайда қылмыстық жауптылық Қылмыстық Кодекстің 24 бабына сілтеме жасала отырып, істелген әрекет Ерекше бөлімнің тиіті баптары бойынша сараланады. Мысалы, ұрлық істеу үшін оқталғанда кінәлінің әрекетін Қылмыстық Кодекстің 24 бабының 3 бөлігі және 175 баптың 1 бөлігі бойынша саралау қажет. Мұндағы 24 баптың 3 бөлігі қылмыстың аяқталмағанын және оның оқталу түрінде істелгенін көрсетсе, ал, 175 баптың 1 бөлігі қылмыс істеген адамның ұрлық істеуге оқталғанын білдіреді. Қылмысқа даярланғандық және оқталғандық үшін жауаптылықтар өзара ұқсас және олардың бір – бірінен айрмашылығы бар. Ұқсастығы екеуі де аяқталмаған қылмыс сатысына жатады және мұндай қылмысты істеген ретте қылмыстық жауапқа тартылғанда міндетті түрде Қылмыстық Кодекстің 24 бабына сілтеме жасалынады. Айрмашылығы сол, қылмысқа дайындалғандықта жауаптылық ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстарға дайындалған кезден бастап жүзеге асырылады. Ал оқталғанда жауаптылық орташа ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстарды істеуге тікелей кіріскен уақыттан бастап есепке алынады. Аяқталмаған қылмыстар үшін жаза тағайындалғанда сот Қылмыстық Кодекстің 52 бабында көрсетілген жаза тағайындаудығ жалпы негіздерін басшылыққа алады. Сонымен бірге Қылмыстық Кодексте аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындаудың арнаулы ерекшеліктері көрсетілген. Олар мынадай:
1. Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде соның себебінен қылмыс ақырына дейін жетпеген мән – жай ескеріледі.
2. Қылмысқа дайындалғаны үшін жазаның мерзімімен мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөлімінде аяқталған қылмыс үшін тиісті бапта көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспауы керек.
3. Қылмысқа оқталғаны үшін жазаның мерзімі мен мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта ерекше қылмыс үшін төрттен үшінен аспауы керек.
Қылмыс жасауға дайындалғаны үшін немесе қылмыс жасауға оқталғаны үшін өлім жазасы мен өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалмайды. ( 56 бап)
Яғни, осы баптың мазмұнына сәйкес аяқталмаған қылмыстың аяқталған қылмысқа қарағанда қауіптілігі аз екендігі ескеріліп, жаза тағайындалғанда есепке алынуы әбден заңды болып табылады. Сондай – ақ, қылмысқа даярланғандыққа қарағанда қылмысқа оқталғандық үшін жаза қатаңырақ болуы шарт. Аяқталған оқталғандық үшін жаза аяқталмаған оқталғандықтан көбірек болуы тиіс.[5]
Информация о работе Монғол шапқыншылы- ғынан кейінгі кезеңдегі мемлекеттерге