Ауырлатылған жағдайда қасақана адам өлтіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 22:53, курсовая работа

Описание работы

Қылмысты іс - әрекеттер заң шығару жұмысында тәжірбиеден, яғни қоғам өмірінен алынады, себебі қылмыстар қоғамға таралған әрекеттер болып табылады. Қылмысты іс - әрекеттер қатарында тәжірбиеде әлі кездеспесе де алдағы уақыттарда кездесуі мүмкін деген болжамымен заң шығарушының қылмысты деп таныған әрекеттері болуы мүмкін. Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңының 96 бабы 2 бөлімінің «м» тармағы қарастырылған «жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен жасалған» кісі өлтіру Қылмыстық кодекс 1997 жылы бекітілгенге дейін сот – тергеу тәжірбиесінде кездескен жоқ. Бірақ заң шығарушы мұндай кісі өлтіру түрі шетелдердің тәжірбиесінде бар, алдағы уақыттарда бізде кездесуі мүмкін деген болжаммен заңға енгізді.

Содержание

І БӨЛІМ. Кісі өлтірудің түсінігі және сипаттамасы.

Кісі өлтірудің түсінігі
Кісі өлтірудің құқықтық сипаттамасы

ІІ БӨЛІМ. Кісі өлтірудің жауаптылықты ауырлататын түрлері.

Работа содержит 1 файл

Диплом.doc

— 315.50 Кб (Скачать)

Қарақшылықта  ешкіммен сөз байласпаған адамның қаза келтіруі мүмкін, ал бандитизммен ұштасқан кезде бір топ яғни банданың пайда табу мақсатында қаза келтіру ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағымен сараланады.

Пайда табу мақсатымен қарақшылықпен, бандитизммен ұштасқан адам өлтіру мен пайда табу мақсатымен қарақшылық, бандитизммен ұштаспаған адам өлтіру қылмыстарын айыру критерийлері болып: Біріншіден, адамды өлтіру шабуыл жасау арқылы жүзеге асырылса; екіншіден, материалдық құндылықтарды иеленіп алу мақсатымен жүзеге асырылса; үшіншіден,егер мүлікті иеленіп алу қаза келтіру кезінде немесе кейін болса, онда пайда табу мақсатымен ұштасқан қарақшылық, бандитизм жиынтығы айқын көдрініп тұр.

Қорқытып  алушылықпен ұштасқан адам өлтіруде көбінесе жәбірленуші мүлкін өз еркімен  беруден бас тартқан жағдайда орын алады. Мысалы, өсиет жаздыру талабы, немесе мүліктің жартысын өз еркімен беру талабы және т.б.

Пайда табу мақсатымен жасалған адам өлтіруді басқа мотивпен  жүзеге асырылған адам өлтіру қылмыстарынан  айыра білу өте қажет.

Ұрлық жасаған адамды өлтіру пайда табу мақсатында жасалған қылмыс деп санауға болмайды. Ол тек ұрланған зат үшін кек алу мақсатында жасалып, ешқандай пайда таппағанын ескеру керек.

Сондай –  ақ жәбірленушінің бұрын алған қарызды қайтармауына байланысты оны өлтіру де ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағымен саралауға болмайды. Себебі, кінәлі мұнда пайда тұрмақ, енді өз қарызын да қайтарып ала алмайды, демек пайда таппайды.

ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы бойынша  алған қорытындылар:

  1. Өзіне немесе басқа адамдар үшін материалдық пайда алу мақсатында не материалдық шығындардан құтылу мақсатында жасалған адам өлтіру пайдакүнемдікпен жасалған қылмыс деп танылу керек.
  2. пайдакүнемдікпен адам өлтіру болып: қарақ<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" f

Информация о работе Ауырлатылған жағдайда қасақана адам өлтіру