Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 22:53, курсовая работа
Қылмысты іс - әрекеттер заң шығару жұмысында тәжірбиеден, яғни қоғам өмірінен алынады, себебі қылмыстар қоғамға таралған әрекеттер болып табылады. Қылмысты іс - әрекеттер қатарында тәжірбиеде әлі кездеспесе де алдағы уақыттарда кездесуі мүмкін деген болжамымен заң шығарушының қылмысты деп таныған әрекеттері болуы мүмкін. Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңының 96 бабы 2 бөлімінің «м» тармағы қарастырылған «жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен жасалған» кісі өлтіру Қылмыстық кодекс 1997 жылы бекітілгенге дейін сот – тергеу тәжірбиесінде кездескен жоқ. Бірақ заң шығарушы мұндай кісі өлтіру түрі шетелдердің тәжірбиесінде бар, алдағы уақыттарда бізде кездесуі мүмкін деген болжаммен заңға енгізді.
І БӨЛІМ. Кісі өлтірудің түсінігі және сипаттамасы.
Кісі өлтірудің түсінігі
Кісі өлтірудің құқықтық сипаттамасы
ІІ БӨЛІМ. Кісі өлтірудің жауаптылықты ауырлататын түрлері.
«Әр түрлі
адамдардың өміріне әр қалай қол
сұғатын бір – бірімен
Қортындылай келе келесідей шешімдерге келуге болады:
Б)Осы адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру (ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «б» тармағы)
Адам өлтіруді
ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «б» тармағы
бойынша саралаған кезде
Бұл ретте, өзінің қызметтік міндеттерінің шеңберіне кіретін, ал қоғамдық борышты орындау деп кез келген азаматтардың арнайы жүктелген қоғамдық міндеттерді, сондай-ақ қоғамның немесе жекелеген адамдардың мүдделері үшін (мысалы, құқық бұзушылыққа тосқауыл қою, дайындалып жатқан немесе жасалғалы жатқан қылмыс туралы хабарлау, куәгерлік айғақтар беру және т.б.), кез келген басқа да әрекеттерді жүзеге асыруын түсіну керек. Кәсіби борышты орындау деп тұлғаның белгілі бір кәсіпке байланысты (мысалы, суретшілердің эскиздері, портреттер, карикатуралар салуы) әрекеттер жасауын ұғыну қажет. Жәбірленушіні өлтіру жәбірленушінің заңсыз қызметтік міндеттеріне байланысты жасалған жағдайларда, ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «б» тармағы бойынша саралау болмайды12.
Адам өлтіру жәбірленушінің қызметтік міндетін, өзінің кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты жасалған деп саралау үшін адам өлтіру жәбірленушінің жоғарыда аталған әрекеттерді орындау кезінде немесе басқа уақытта жасалғанының маңызы жоқ.
ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «б» тармағында көрсетілген «жақын» деген терминге ҚІЖК 7-бабының 24) тармағында көрсетілген жақын туыстары ғана емес, қызметтік міндетін не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындап жүрген адам қадір тұтатын басқа да адамдар кіреді. Олардың өзара жақын қатынасы туралы кінәлінің алдын ала хабардар болған – болмағанын анықтау қажет.
Әдебиеттерде жәбірленушінің жұмыста белсенділік танытуымен қоғамдық қызметінің өзі қызғаныш туғызып, кек алу мақсатымен өмірінен айырылады деген пікір айтылды13.
Жәбірленуші болып қызметтік міндетін орындаушы лауазымды тұлға ғана емес, кез-келген жұмысшы немесе күзетші және т.б. болуы мүмкін.
Сот тәжірбиесінде қаралған істердің бәрінде де жәбірленуші өз қызметтік борышын, міндетін таза ниетпен жүзеге асыруымен байланысты қаза тапқанын байқауға болады. Бұдан осы баппен тек өз қызметтік міндетін мінсіз атқарған жәбірленушіге қатысты сараланатыны, ал егер ол заңға қайшы әрекет етсе (қызмет бабын пайдаланып немесе өз құзіреті шегінен асып кетсе) қылмыс бұл баппен сараланбайтынын ескері қажет.
ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «б» тармағында көзделген қылмыс деп тану үшін жәбірленушінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде ме немесе басқа уақытта жасалғанын анықтау қажет емес, бастысы ол өз қызмет міндетін орындауына байланысты болуы керек.
Сонымен қатар, сот тәжірбиесінде тұлғаның қызмет міндетін атқару мен осы міндетін атқаруымен байланысты оның қаза табу арасында кеткен уақыт маңызы бар ма деген сұрақ туындаған. КСРО Жоғары Сот Пленумында белгіленгендей қызмет міндетін атқару мен қылмыстың жасалу әрекеті арасындағы өткен уақыт санау қажет емес, бұл қылмыста маңыздысы жәбірленушіні қызмет міндеттерін атқаруына байланысты кек алу мақсатында өмірінен айырылу фактісі маңызды болып табылады.
Қылмысты
ауырлататын жағдайларды
В) дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен немесе кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру.( ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «в»тармағы)
Жас шамасының өте кішілігіне немесе кәрілігіне, дене мүшелерінің кемістігіне, аурулығына, соның ішінде жүйке ауруына шалдығу, ақыл – есінен уақытша айырылу немесе ақыл-есінің әлсіреуімен байланысты болған, оның дене мүшелерінің немесе психикалық жай – күйінің салдарынан кінәліге қарсылық көрсете алмаған немесе оны өмірінен айыруға жасаған әрекетінің сипатын түсінбеу жағдайын жәбірленуші адамның дәрменсіздік жай-күйі деп түсіну керек. Мұнда жай – күй алкогольден, сол сияқты есірткіден мас болудың және жүйкеге қатты әсер ететін дәрілік препараттарды немесе улы заттарды қабылдаудан болуы мүмкін. Саралау үшін жәбірленушіні мұндай жағдайға кімнің душар еткендігінің, бұған қандай себеп болғандығының ешбір мәні жоқ.
Бұл қылмысқа сонымен қатар жәбірленушінің есінен тану, мас болу, ұйқы кезіндегі дәрменсіз жағдайы жатады. Заңда көрсетілгендей ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «в»тармағы қолдану кезінде айыпкер міндетті түрде жәбірленушінің дәрменсіз жағдайда екенін пайдаланып,бұл қылмысқа баруы керек. ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «в»тармағында көзделген қылмысты жасаудың ниеті әртүрлі болуы мүмкін , мұндай жағдайда кінәлі әрекеттері қылмыстық жиынтығы бойынша сәйкес тармақшалармен сараланады. 14
Жәбірленушіні дәрменсіз жағдайға алып келу және оны өлтіру ниетін жүзеге асыруды жеңілдету мақсатында (ұйықтататын дәрі, алкогольдік ішімдік немесе есірткі беру, байлау, ұрып-соғу, есінен тануға әкеп соққан дене жарақатын келтіру) жасалған кінәлінің әрекеті осы қылмыстың объективтік жағының бөлігі болып табылады. Мұндай жағдайда жәбірленушіге қаза келтіру ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «в»тармағы бойынша саралануға тиіс емес.
Адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру ұрлау не кепілге алу процесінде жәбірленушіні өмірінен айырған немесе аталған қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру болған кезде орын алады. Адамды ұрлау ҚК-тің 125-бабы, кепілдікке алу ҚК –тің 234-бабы. Адамды ұрлау не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру бір тармақшаға енгізу себебі ұрланған не кепілге алынған адам да дәрменсіз жағдаймен тең болады. Мұндай жағдайда жәбірленуші тек ұрланған немесе кепілге алынған адамдар ғана емес, сонымен қатар басқа тұлғалар болуы мүмкін, мысалы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері: тұтқынға алынған адамдарды босатумен байланысты шараларға қатысқан кезде қасақана өлтірілсе.
ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «в»тармағы. Қорытындылай келе:
Г) жүкті екендігі кінәліге белгілі әйелді өлтіру (ҚК – тің 96 – бабы 2-бөлігінің «г» тармағы)
Адам өлтірудің бұл түрі жәбірленушінің айрықша жағдайына орай көтеріңкі қоғамдық қауіптілікпен сипатталады. Кінәлінің өзінің қылмыстық мақсатына әйел адамның жүктілік жағдайын біле тұра оны өлтіруі, оның қоғамға қауіптілігін және қатыгездігін, онда жағымсыз моральдық қасиеттердің бар екендігін куәландырады. Осы құрамның болуы үшін ең алдымен екі міндетті белгінің болуы шарт. Жәбірленуші кез-келген ұзақтықтағы жүктілік жағдайында болуы және ол туралы айыпкердің білуі керек. «белгілі» деген термин айыпкер жәбірленушінің жүкті екендігінен хабардар болғандығын білдіреді. Бұл жағдайда осы жайдың толық растығына оның күмәнінің болған – болмағандығы маңызды емес, ең бастысы ол жәбірленушінің жүкті екендігі туралы жәбірленушінің өзінен немесе бұл туралы басқалар арқылы хабардар болады. Бұл жерде оның жүктілік мерзімі, ұрықтың өміршең еместігі, әйелдің жүкті екендігі жөнінде тиісті емдеу мекемелерінде есепте тұрған – тұрмағандығының оған қатысы жоқ 15.
Мұндай істерді қарау кезінде, бұл қылмыстар көбінесе қызғаныштан жасалады, аса қатігездікпен ұштасады.
Сот тәжірбиесінде айыпкердің жәбірленушінің жүкті екендігінің қателесуіне байланысты әрекетін саралау жөнінде қиыншылықтар туындайды. Сотта азамат Л. айыптау ісінде, азамат Л. мен азаматша Ш. Жынытық байланыста болып, азаматша Ш. өзінің жүкті екендігін айтады. Азамат Л. бұл жағдай туралы әйелі біліп қоймас үшін азаматша Ш. ты алдап орманға апарып өлтіреді. Кейін анықталғандай азаматша Ш. жүкті емес екен. Сот бұл қылмыстық әрекетті ҚК – тің 96 – бабы 2-тармағының «г» тармақшасымен саралады. Бұл шешіммен толық келісуге болады.
Алайда, А.А.Пионтковскийдің пікірінше «қылмысты саралау жағдайлары бар қылмысты тұлғаның қателесуі бойынша жасалуы, жасалған қылмысқа қастандық жасау ретінде қарастыру керек.» 16 (ҚК – тің 96 – бабы 2-бөлігінің «г»тармағы және 24 -бап), бірақ бұл қате деп кейбір ғалымдар санайды, себебі жәбірленушіге қаза келтірілді, және ол аяқталған қылмыс болып табылады.
В.Ф.Кириченконың айтуынша мұндай қылмыстық әрекетті ауырлатылған жағдайсыз саралау керек17 дейді.
Егер айыпкер жүктілік жөнінде қателесіп, жүкті емес әйелді жүкті екен деп өлтірсе, онда оның әрекеті қылмыстық ниеттің бағытына қарай осы тұрғыдағы қылмысқа оқталғандық ретінде сараланады.( ҚК – тің 96 – бабы 2- бөлігінің «г»тармағы 24 –баптың 3-тармағы).
Бұл мәселелерді қорытындылай келе:
2. Фактілік қателікте, кінәлі жәбірленуші жүкті емес деп ойлап, ал кейін мәйітті қарау кезінде оның жүкті екендігін анықтаса, ҚК – тің 96 – бабы 2- бөлігінің «г»тармағы қолданылмайды.
3 Кінәлі жүкті әйелді өлтірдім деп ойлаған, бірақ жәбірленуші нақтылы жүкті болмаған жағдайда, қылмыскердің әрекеті басқа саралайтын белгілер болмаған кезде ҚК – тің 96 – бабы бірінші бөлігі бойынша сараланады.
Д) Аса қатігездікпен жасалған адам өлтіру. (ҚК – тің 96 – бабы 2-бөлігінің «д» тармағы)
Аса қатігездікпен,
саддизммен, қорлаумен, жәбірленушіні
қинап қылмыс жасау – кінәлінің
және жасалған қылмыстың қоғамға
қауіптілігінің аса жоғары екендігін
сипаттайтын бұл жағдайлар
Аса қатігездікпен өлтіргенде айыпкер өзінің іс - әрекетінде аса қатігездік сипат бар екендігін түсінуге, соны қалауға немесе оған жол беруге тиіс. Аса қатігездік тек объективтік әрекеттермен ғана емес, сонымен қатар айыпкердің психикалық қатынасымен сипатталады. «Аса қатігездік» түсінігі медициналық емес, құқықтық түсінік. Адам өлтірудің бұл саралаушы нышанының бар – жоғын қоғамда қалыптасқан моральдық, тұрмыстық көзқарастарға сүйене отырып тергеу және сот органдары анықтайды.
Айрықша қатігездікпен адам өлтіруге, сондай-ақ жәбірленушіні оған жақын адамдардың: балаларының, ата-аналарының, қалыңдығының және т.б. көзінше, кінәлінің өз әрекеті арқылы оларды ерекше күйзеліс пен қайғы – қасіретке әкелетінін біле отырып, өлтіруі де жатқызылады.
Жәбірленушіге туыс адамдар ғана емес, қалыптасқан өзара қарым-қатынастағы сыйлас адамдар да (заңды некеде жоқ ерлі-зайыптылар, жігіт пен қалыңдық, қамқоршылар мен бағып – қағуға алғандар, солардың қолындағылар, т.б.) оның жақындары деп танылуы мүмкін 18.
Информация о работе Ауырлатылған жағдайда қасақана адам өлтіру