Ауырлатылған жағдайда қасақана адам өлтіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 22:53, курсовая работа

Описание работы

Қылмысты іс - әрекеттер заң шығару жұмысында тәжірбиеден, яғни қоғам өмірінен алынады, себебі қылмыстар қоғамға таралған әрекеттер болып табылады. Қылмысты іс - әрекеттер қатарында тәжірбиеде әлі кездеспесе де алдағы уақыттарда кездесуі мүмкін деген болжамымен заң шығарушының қылмысты деп таныған әрекеттері болуы мүмкін. Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңының 96 бабы 2 бөлімінің «м» тармағы қарастырылған «жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен жасалған» кісі өлтіру Қылмыстық кодекс 1997 жылы бекітілгенге дейін сот – тергеу тәжірбиесінде кездескен жоқ. Бірақ заң шығарушы мұндай кісі өлтіру түрі шетелдердің тәжірбиесінде бар, алдағы уақыттарда бізде кездесуі мүмкін деген болжаммен заңға енгізді.

Содержание

І БӨЛІМ. Кісі өлтірудің түсінігі және сипаттамасы.

Кісі өлтірудің түсінігі
Кісі өлтірудің құқықтық сипаттамасы

ІІ БӨЛІМ. Кісі өлтірудің жауаптылықты ауырлататын түрлері.

Работа содержит 1 файл

Диплом.doc

— 315.50 Кб (Скачать)

Тергеу органдары  Х. және Ф. қылмысты әрекеттерін ҚК 96 бабы екінші бөлігінің «и», «ж» тармақтарымен бағалаған25.

Қылмыс жасаған адамдар тобы туралы туындаған сұрақ, кімді қатысушы деп тану керек туралы сұрақпен тығыз байланысты.

КСРО Жоғарғы  Соты қатысушыларды анықтаған кезде  кеткен қателіктерге назар аударды:

  • жәбірленушіні өмірден айыру ниеті болмаған ұрып – соққан адамдар тобының қатысушылары орындаушы деп сотталады.
  • Жәбірленушіге басқаларға қарағанда ең аз жарақат келтірген тұлғаны жауапкершілікке тартпайды.

Алдын ала  сөз байласу арқылы құрылған топ  ретінде: алдын ала сөз байласып алып бір адамға қылмыс жасауды тапсыру қылмысын жатқызу үлкен қателік. Ал егер де адам өлтіруді екі немесе одан көп адамдар жүзеге асырса, онда ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағын қолдану күмән туғызбайды.

Соңғы жылдары  адам өлтіру ұйымдасқан топтың жүзеге асыру тенденциясы айқындалды, олар бір немесе бірнеше адам өлтіру қылмысын жасау үшін құрылады. Көбінесе мұндай топтар пайда табу мақсатымен, адамдар мен ұйымдардың меншігіндегі үйлерді, көліктерді, ақша және басқа бағалы заттарды алып алу мақсатымен жүзеге асырады.

Ресей Федерациясының көптеген қалаларында Сібір, Орал, Санкт-Петербург, Мәскеу адам өлтіру ақша табудың жалғыз көзі болған ұйымдасқан топтар ұсталды. Топтардың қатысушылары болып Ауғанстан, Чечня, Карабах соғыстарына қатысқан әскери қызметшілер, бұрыңғы спортсмендер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және басқалар болды.26

Қылмыс жасауды  ұйымдастырған немесе оның орындалуына  басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ  немесе қылмыстық қауымдастық құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады.

Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен  немесе өзге жолмен қылмыс жасауға  көндірген адам айдап салушы деп  танылады.

Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың ізін не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады.

Қылмыс жасағанда  айрықша белсенді рөл атқару –  қатысушылықпен немесе қатысып орындаушылықпен  жасалған қылмыстарда қылмысқа әрбір  қатысушы тұлғаның рольдері ашылып анықталуы  тиіс. Қылмыс жасағанда аса белсенділік танытқан тұлға қылмыстың басқа қатысушыларына қарағанда қауіптілігімен ерекшеленеді. Кінәлінің аса белсенді ролі ауырлататын жағдай ретінде оның белсенділігін сипаттайтын нақты әрекеттерді көрсете отырып соттың үкімінде негізделуі тиіс.

 Адам өлтіру қылмысында орындаушылар мен бірге ұйымдастырушы, айдап салушы, немесе көмектесуші яғни қатысушылар болған жағдайда олардың әрекеттерін ҚК 29-бабының тиісті тармақтарымен және ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағымен саралау қажет.

Бородин С.Б. пікірінше ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағында қылмыстық сыбайластық туралы ештеңе жазылмаған27, ол дұрыс. Себебі, қылмыстық сыбайластықтың адам өлтіруі ұйымдасқан топ сияқты мүмкін емес. Қылмыстық істерден қылмыстық сыбайластық адам өлтіру туралы шешім қабылдаса, олар оны өз мүшелерінің біреуіне немесе басқа адамға тапсыратынын көруге болады. Адам өлтіру туралы сөз байласқан қылмыстық сыбайластықтың мүшелері бұл қылмыс жасалған жағдайда ұйымдасқан топ мүшелері қандай жауаптылыққа тартылса, дәл сол негіздер бойынша жауапқа тартылу керек. Мұнда қылмыстық сыбайластықтың басшысы туралы айтылады. Басшылық еткен адам оларды ұйымдастырғаны және басшылық еткені, сондай-ақ қылмыстар оның қаскүнемдік ниетімен қамтылса (ҚК 31 – бабы 5бөлігі) бойынша, және айдап салушы, ұйымдастырушы немесе көмектесуші жауапқа тартылуы тиіс. Олардың әрекетін ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағымен саралайды. Адам өлтіруді ұйымдастырғанда қатыспаған, айдап салмаған, және оған көмектеспеген, және ол туралы хабардар болмаған қылмыстық сыбайластықтың мүшелері жауапқа тартылмайды.

Соңғы жылдары  ҚР-ның құқық қорғау органдары  өте жақсы қаруланған, бес аспап  қылмыстық құрамалармен күресуде, олардың  кейбіреулерінің билікті орындарда  отырған өз адамдары бар. Ондай бандаға  Алматыны неше жыл жайлаған, үш адам өлтірген Можаев тобын жатқызуға болады.

Төмендегідей  қорытындылар жасауға болады:

  1. алдын ала сөз байласпаған адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен ұйымдасқан топтарды айқындау кезінде ҚК 31 бабының, Жоғарғы Сот Пленумының 2007 жылғы 11 мамыр №1 қаулысының нормаларын басшылыққа алу керек.
  2. Аяқ астынан, жиі болатындай ұрыс – керіс үстінде алдын ала сөз байласпай жүзеге асырған адам өлтіруде қатысушылардың әрекеттерін ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағымен саралайды.
  3. Алдын ала сөз байласу арқылы жасалған адам өлтіру сараланады: а) тек қатысушыларының болуына байланысты ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағымен; б) қатысушыларымен бірге ұйымдастырушылардың, айдап салушылардың, немесе көмектесушілердің болуына байланысты ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағымен және ҚК 29-бабының тиісті бөлігімен.
  4. Ұйымдасқан топтың мүшелерінің әрекеттерін саралау кезінде ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағымен, сілтемесізқолданылады.

  

   З) Пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан адам өлтіру (ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы)

 

Өзіне немесе басқа адамдар үшін материалдық (мүліктік құқық, тұрғын үйге құқық  және с.с.) пайда алу мақсатында не материалдық шығындардан (қарызды қайтару, көрсетілген қызметті төлеу, алимент төлеу, материалдық міндеттемелер мен төлемдер төлеу және т.с.с.) құтылу мақсатында жасалған адам өлтіру пайдакүнемдікпен жасалған қылмыс ретінде ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы бойынша саралануға жатады.

Бұл құрамның міндетті элементі пайда табудың  себеп болуы. С.И.Ожеговтың анықтамасы бойынша, пайда табу кез келген жолмен материалдық пайда табуға ұмтылу. Пайда табу мақсатында адам өлтірудің  тәсілдері әрқилы: белсенді әрекет жасап тікелей шабуыл жасаудан уландыруға дейін немесе ешқандай әрекет жасамай өлтіруге дейін болады.

 Қазіргі қылмыстық кодекс кейбір қылмыстық актілердің байланысын ескере отырып, қылмыстық құқықта күрделі қылмыс құрамды деп аталатын, мысал ретінде көп объектілі құрам, екі немесе одан көп объектіге қастандық жасауға жауаптылықты анықтайтын нормалар енгізілген.

Алдыңғы қылмыстық  кодексіне қарағанда 1997 жылғы ҚР ҚК – нің 96 бап екінші бөлігінің  «з» тармағында пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан адам өлтіру кең ауқымда тараған.

Өзінің құқықтық табиғаты бойынша қарақшылық, қорқытып алушылық, жалданып пайда табу мақсатымен жасалатын қылмыстар тобына жатқызылады. Бірақ та, бұл жерде «пайда табу мақсатымен адам өлтіру» мен «жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен ұштасқан адам өлтіру» бір бірінен айырмашылығы бар екендігін ұмытпаған жөн.

С.М. Әпеновтың  пікірінше ҚР ҚК 96 бап екінші бөлігінің  «з» тармағы мазмұны жағынан  дұрыс құралмаған28.  Себебі, қылмысты саралаудың методологиялық негізіне сәйкес қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай аса қауіпті қылмыс, одан қауіптілік деңгейі төменірек қылмыспен жабылмауы керек.

Әдетте адам өлтіру объектісі болып – басқа  адамның өмірі, ал бандитизмде қоғамдық қауіпсіздік  болып табылады. Бұдан қылмыстың мазмұны бойынша кең түсінік болатыны және қай қылмыс өз қылмыс құрамында басқа қылмысты да қамтуы мүмкін деген сұрақ туындайды.

Қоғамдық  қауіпсіздік ретінде  халықтың тыныштықта өмір сүруі, мекемелер мен ұйымдардың  дұрыс қызметі және т.б. түсінуге болады. Заңсыз, тұрақты қарулы топ құрылған кезден бастап  осы халықтың, қоғамның қауіпсіздігіне қауіп төне бастайды. Сондықтан қоғам қауіпсіздігі, жеке адамның өміріне қарағанда ауқымды түсінік. Бұдан «адам өлтіру» мен «бандитизм» бір қылмыс құрамы ретінде қарастырылуы мүмкін емес.

Екінші айта кететін жайт, 2007 жылғы 11 мамырдағы  ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік  қаулысында банды ұйымдастырушылары, жетекшілері немесе қатысушылары жасаса, қылмыстардың жиынтығы бойынша  ҚК 237-бабының тиісті бөліктері және ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы бойынша саралануға жатады делінген. Алайда, 2003 жылғы 11 шілде ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына сәйкес бандының шабуылы кезінде денсаулыққа жеңіл немесе орташа дәрежелі зиян келтіру ҚК 104, 105 баптарымен қосымша саралауды қажет етпейді делінген.

Сондай –  ақ, 2006 жылғы 23 маусым ҚР Жоғарғы Сотының  «қорқытып алу істері бойынша  сот тәжірбиесі туралы» нормативтік  қаулысында дәл солай қорқытып алушылықпен  қасақана адам өлтіру кінәлінің әрекетін қылмыстардың жиынтығы бойынша саралауды ұсынады.

ҚР Жоғарғы  Сотының нормативтік қаулысында мұндай ұсыныс енгізілгеніне тек  мынадай  себеп келтіруге болады, егер де ҚР ҚК 179, 181, 237 баптарында жауапқа  тарту мерзімі 15 жылға дейін бас  бостандығынан айыру көзделсе, 96 баптың екінші бөліміне сәйкес 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы делінген.     

Адам өлтіруді сыйақы алу үшін жасаған адамдардың әрекетін жалданып адам өлтіру ретінде  ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы  бойынша, ал осы адам өлтіруді ұйымдастырған немесе орындаушыны сыйақы үшін адам өлтіруге көндірген адамның әрекетін ҚК 28-бабының үшінші немесе төртінші бөліктері және ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы бойынша саралау керек. Тапсырыс бойынша адам өлтіруді біз бұрын шетелдік баспасөздерден ғана оқушы едік, қазір ірі бизнесмендерді, журналистерді, банкирлерді, саяси қызметкерлерді өлтіріп кетіпті дегендерді жиі естиміз. Тапсырыс бойынша адам өлтіру біздің елімізде алғаш рет 1992 жылы болды29

Егер кінәлінің  ниеті қарақшылық  шабуыл жасау немесе қорқытып алу және осы қылмыстарды жасау кезеңінде жәбірленушіге күш көрсету қолданған кезде оның өмірін қасақана жойса, онда әрекетті қылмыстар жиынтығы ретінде ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы және ҚК 179 немесе 181-баптарының тиісті бөліктері бойынша саралау керек30.

Жалдаумен, қарақшылықпен  немесе қорқытып алумен ұштасқан адам өлтіруді саралаған кезде - өлтіру пайдакүнемдік  ниетпен жасалды деп қосымша  саралау белгісін қолданудың қажеті жоқ.

Егер мүлікті  иемдену ниеті адамға қаза келтіргеннен кейін пайда болса және пайдакүнемдік мақсаты адам өлтіру себебі болмаса, онда жәбірленушінің өмірін қиғаннан кейін оның мүлкін иемденуге байланысты кінәлінің әрекеттерін бөтеннің меншігіне қарсы қылмыстар үшін жауапкершілікті көздейтін  ҚК баптары бойынша, ал адам өлтіруді, саралау белгілерінің болуына байланысты ҚК 96-бабының тиісті бөліктері бойынша саралау керек.

Адам өлтіруді қылмыстық қарулы топтардың ұйымдастырушылары, жетекшілері немесе қатысушылары жасаса, қылмыстардың жиынтығы бойынша  ҚК 237-бабының тиісті бөліктері және ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы бойынша саралануға жатады.

Қарақшылық  шабуылды немесе қорқытып алуды жасыру мақсатында жәбірленушіге қатысты  аталған қылмыстардан кейін қасақана құқыққа қарсы қаза келтіру осы әрекеттер үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық заң нормалары бойынша  және ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к» тармағы бойынша саралануға жатады.        

Соңғы жылдары  пәтерлік қылмыстар көбейіп келе жатыр. Яғни зейнеткерлер, мүгедектерге олардың пәтерлерінің ақысына өмір ьойына қамқоршылыққа аламыз деп, пәтерді өз атына аударып алғаннан кейін, оларды өлтіреді. Бұл қылмыс тікелей ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағымен сараланатынына күмән жоқ.

Сот тәжірбиесінде  заңмен реттелмейтін бағалы затты бөлісу кезінде, мысалы ұрланған мүлікті бөлісу, пайда табу мақсатында қаза келтіру сияқты істер де кездеседі.

Пайда табу мақсатымен жасалған қылмыс жәбірленушінің кім  болатынынан тәуелсіз: мүліктің (бағалы заттың) иесі немесе ол мүлік пайдалануында  болған тұлға, немесе оны өлтіру арқылы мүлкін иеленіп алуға мүмкіндік беретін тұлға да болуы мүмкін.

Пайда табу мақсатында адам өлтіру кезде кімнің пайда табатынын  анықтау қажет емес; кінәлінің  өзі немесе оның жақындары. Мұндай ниет тек тікелей қасақаналықпен болады.

Ал А.В. Наумовтың  айтуынша пайда табу мақсатында қарақшылықпен адам өлтіруде жанама ниетпен жүзеге асырылуы мүмкін дейді.  31

Әдебиеттерде  және кейбір қызметшілер тәжірбиесінде  пайда табу мақсатында қарақшылық жасау  қаза келтірудің тәсіліне байланысты деп айтылады. Қарақшылық, яғни бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау.  Қарақшылық жасау кезінде адам өлтіру ашық жүзеге асырылады және мұнда жәбірленушінің өзінің мүлкінен айыру мақсатында өмірінен айырылатынын білуі керек. Ал пайда табу мақсатында қаза келтіру ашық түрде де, жасырын түрде де болуы мүмкін. Сонымен қатар қарақшылықпен ұштасқан кезде мүлік қылмыскердің қолына бірде өтеді, ал пайда табу мақсатымен адам өлтіруде мүлік кінәліге кейін өтеді.32

Сондай –  ақ адам өлтіруді пайда табу мақсатында жасалды деп, ҚК 96-бабы екінші бөлігінің  «з» тармағымен саралау үшін кінәлінің  мүлікті иеленіп алу ниеті  адам өлтіргенге дейін пайда болғанын міндетті түрде анықтау керек. Себебі, егер де кінәлі қаза келтіргеннен кейін ғана мүлікті иеленіп алу  туралы ой кеелсе, онда қаза келтіру ауырлататын жағдайсыз, ал мүлікті иеленіп алу ұрлық деп саралау қажет.

Информация о работе Ауырлатылған жағдайда қасақана адам өлтіру