Косметикалық қызмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 18:55, реферат

Описание работы

Маникюр мен педикюр бойынша үйде қызмет көрсету
1. Жалпы ақпарат. Қазіргі заманда маникюр, педикюр, бет пен шаштың, дененің күтіміне мән бермейтін адамды таба алмаймыз. Үй жағдайында адамдардың өздерінің жақсы нәтижеге қол жеткізуі оңай емес. Сондықтан маманды үйге шақырған әлдеқайда тиімді. Мұндай үйде көрсетілетін қызмет түрлері үлкен сұранысқа ие. Аталған салада кызмет көрсету табысты бизнес болып табылады. Сонымен қатар, көп шығындалуды қажет етпейді. Маникюр, педикюр жасауды үйрену қиын емес, ол мезгілдік бизнес түрі де емес. Тек жаз айларында педикюрға деген сұраныс аздап артады.

Работа содержит 1 файл

Косметикалык кызмет.doc

— 325.50 Кб (Скачать)

11. Аттестаттаудан өткен кезінде аттестаттаудан өтетін адам аттестаттау комиссиясына жеке басын куәландыратын құжатты және жеке медициналық кітапшасын ұсынады.

Аттестаттау билет жүйесі бойынша ауызша жүргізіледі, оның нәтижелерін комиссияның хатшысы осы Ережеге 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға тіркейді.

12. Аттестаттаудан оң нәтижемен өткен адамның жеке медициналық кітапшасына аттестаттау комиссиясының қатысуымен аттестаттау комиссиясы төрағасының аты, тегі, әкесінің аты көрсетіле отырып, қолымен бекітілетін және тиісті мөр қойылатын аттестаттау туралы белгі қойылады.

13. Кезекті аттестаттаудан өтпеген адамдар соңғы аттестаттау аяқталған күнінен бастап отыз күн ішінде кейіннен аттестаттаудан өте отырып, гигиеналық оқытудан қайта өтуге жіберіледі.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.06.10. № 793 бұйрығымен 1-қосымшамен толықтырылды

Халықтың декреттелген

топтарына аттестаттау

жүргізу ережесіне

1 қосымша

 

 

Гигиеналық оқыту бағдарламалары

 

р/с №

Тақырып атаулары

 

сағат саны

1. Шаштараз, косметологиялық және косметикалық салондар халқының декреттелген топтарын гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Тері, шаш, тырнақтың анатомиясы мен физиологиясының негіздері

Жеке және қоғамдық гигиена

1

2

ЖИТС, тері, венерологиялық және тері-грибокты аурулары, В және С вирусты гепатиттері туралы түсінік, олардың алдын алу

Бақытсыз жағдайлардағы алғашқы көмек (күюлер, электрмен зақымдану, жарақаттар)

2

3

Шаштараздар, косметологиялық және косметикалық салондардың құрылымына, жабдықтауға, күтіп ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Дезинфекциялау және стерильдеу режимі

3

4

Қорытынды сабақ

1

2. Кір жуу және химиялық тазалау орындарының қызметкерлерін гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Микробтар туралы түсінік, ЖИТС, тері, венерологиялық және тері-грибокты ауруларының, вирусты гепатиттердің алдын алу

1

2

Кірр жуу және химиялық тазалау орындарын күтіп ұстауға және құрылымына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар

Ауа-жылу режимі

2

3

Монша процесінің гигиеналық сипаттамасы

Инфекциялық аурулардың іш киімдерін жууға қойылатын індетке қарсы талаптар

2

4

Жеке және қоғамдық гигиена

1

5

Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар

2

6

Қорытынды сабақ

1

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.06.10. № 793 бұйрығымен 2-қосымшамен толықтырылды

Халықтың декреттелген

топтарына аттестаттау жүргізу

ережесіне

2 қосымша

 

 

Гигиеналық оқытуды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 

1. Халықтың декреттелген топтарының өкілін гигиеналық оқыту және аттестаттау осы Ережелердің 2 қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

Сабақтардың бағдарламасы оқушылардың мамандығына сәйкес болуы тиіс.

Халықтың декреттелген топтарының өкілдерін әр түрлі бағдарламалары болуына қатысты бірге оқытуға болмайды.

2. Гигиеналық оқытуды жүргізетін адамдарда арнайы санитарлық-эпидемиологиялық профльді медициналық білім болу қажет.

3. Гигиеналық оқыту аяқталғаннан кейін ұйым бастығы 3 күннің ішінде халықтың декреттелген топтары өкілідерінің тізімін тиісті аймақтық, көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидеимологиялық органға аттестаттау үшін ұсыну керек.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.06.10. № 793 бұйрығымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

»;

 

 

              Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 553 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы ­ділет министрлігінде 2010 жылғы 23 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6418 болып енгізілді

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 145-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «­леуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы ­ділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ­кімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Мыналардың:
1) «Санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы № 632 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3074 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік мекемелер нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 ж. № 19 жарияланған);
2) «Санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы № 632 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 194 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6180 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Б.Н.Садықовқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 28 шілдедегі
№ 553 бұйрығымен бекітілген

«­леуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі

1 тарау. Негізгі ережелер

1. Осы «­леуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі – санитариялық ереже) әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіру үй-жайларын, жабдығын жобалауға, құрылысына, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға, желдетуге, күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
Осы санитариялық ереженің талаптары косметологияда пайдаланылатын емдік дәрілерге қолданылмайды.
2. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
әлеуметтік-мәдени мақсаттығы объектілер – жағу үшін қызмет көрсететін сала (шаштараз, косметологиялық орталықтар, салондар);
парфюмерлік-косметикалық өнім (бұдан әрі - ПКӨ) – адамның денесін немесе тісін және ауыз қуысының сілемейлі қабығын тазалау, олардың сыртқы түрін өзгерту, жағымды иіс беру немесе оларды күту мақсатында тікелей жағуға арналған заттар немесе заттардың қоспасы;
ауыз қуысы гигиенасы құралдары (бұдан әрі – АҚГҚ) – тазалау, жағымсыз иісті кетіру және алдын алу мақсатында тіспен және ауыз қуысының сілемейлі қабығымен жанасуға арналған құралдар;
косметологиялық рәсімдер – косметикалық ақаулармен қоса жүретін аурулардың алдын алу және емдеу мақсатында, сондай-ақ терінің қартаюының және шаштың түсуінің алдын алу үшін қолданылатын, дәрігер-дерматокосметолог, олардың кейбіреуін дәрігердің тағайындауы және оның бақылауымен және басшылығымен мейірбике орындайтын іс-шаралар;
косметикалық рәсімдер – сәндік косметика құралдарымен жеке бас гигиенасы және косметикалық кемшіліктерді түзету мақсатында қолданылатын іс-шаралар;
косметологиялық құралдар – туа біткен, кейіннен пайда болған немесе ағзаның жас ерекшелік өзгерістері ауруларынан болатын тері ақауларының алдын алуға, емдеуге және түзетуге арналған құралдар;
косметикалық құралдар (косметика) – жеке бас гигиенасына және адамның сыртқы келбетін сәндеуге (жақсартуға) арналған құралдар;
косметологиялық орталық – ұйымдастырылған косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін объект.

2 тарау. Жобалауға және құрылысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

3. Шаштараздар, косметологиялық орталықтар, сән кабинеттері, салондары (бұдан әрі - объектілер) жеке тұрған ғимараттарда, сондай-ақ, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың цоколь және 1-қабаттарында орналасуы мүмкін.
4. Тұрғын үй ғимараттарында орналасқан жағдайда тұрғын пәтерлерден оқшауланған жеке кіру есігі қарастырылады.
5. Объектілерді ғимараттардың жертөле және жартылай жертөле қабаттарында орналастыруға жол берілмейді.
Жертөле және жартылай жертөле қабаттарында қосалқы және көмекші үй-жайларды (зат қоятын бөлме, киім ілетін орын, қойма, кір жуу орнын) орналастыруға жол беріледі.
6. Ғимараттар мен үй-жайлар көлемді-жобалау және конструктивтік шешімі олардың көрсетілетін қызмет тізімі және олардың қуаттылығымен анықталады.
7. Косметологиялық, маникюр және педикюр бөлмелері жеке оқшауланған үй-жайларда орналастырылады. Шаштараздар залында 3 жұмыс орнына дейін қосымша 6 шаршы метр (бұдан әрі - м2) аудан бар болған жағдайда маникюрге бір жұмыс орнына жол беріледі. Шаштараз көлемі осы санитариялық ережеге 1-қосымшаға сай болуы тиіс.
8. Адамдарды жасанды ультракүлгін сәулесіне түсіру солярийі киім ілетін орын және себізгіге жақын жеке үй-жайларда орналастырылады. Солярий ауданы кабиналардың саны мен типіне байланысты қабылданады, бірақ 12 м2 кем болмауы тиіс.

3 тарау. Сумен жабдықтауға, желдетуге, жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

9. Объектіде ыстық су болмаған жағдайда су құбыры жүйесіне қосылған ағысты сужылыту жабдығын орнатуға жол беріледі. Ыстық су көзі резервте болғанда ғана ағыссыз су жылытқыштарды, газды және электр пештері қолданылуы мүмкін.
10. Желдету жүйесі тұрғын және қоғамдық ғимараттар желдету жүйелерінен оқшау болуы тиіс.
11. 3 жұмыс орнына дейін желдеткіш және фрамуга көмегімен табиғи желдету, 3-тен жоғарыда жасанды талаппен сору желдетуі қарастырылады.
12. Барлық объектілер үй-жайларында табиғи және жасанды жарықтандыру болуы тиіс. Маникюр және педикюр кабинеттерінде табиғи жарықтандыру ең аз коэффициенті 1,5 пайыздан төмен емес, қалған өндірістік үй-жайларда 1 пайыздан кем емес болуы тиіс.
13. Жұмыс орнында жарық осы санитариялық ережеге 2-қосымшаға сай болуы тиіс.

4 тарау. Үй-жайлар мен жабдықтарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

14. Шаштараздарда шаш пен тырнақты күту бойынша гигиеналық және эстетикалық:
1) шаш қию, жатқызу, бояу, химиялық бұйралау және шашты күту бойынша басқа қызмет;
2) маникюр, педикюр;
3) парик, қапталған мұрт, сақал, бакенбард, шинъон және шаштан әшекейлер дайындау, соның ішінде тұтынушылардың жеке тапсырмасы бойынша, қасты, кірпікті бояу, макияж қызметі көрсетіледі.
Косметологиялық кабинеттерде осы санитариялық ережеге 3-қосымшаға негізгі сай емдеу-алдын алу қызметі көрсетіледі.
15. Терезедегі перделері, кабинаға арналған шымылдықтар жарық реңді ылғалды тазалау жұмыстарын өткізуге мүмкіндік беретін материалдардан дайындалады. Портьер қолдануға тыйым салынады.
16. Шаштараз жұмыс орындары кресломен, туалет шаш жууға арналған раковинасы бар үстелімен жабдықталады. Шаш жууға арналған арнайы орын немесе жеке үй-жай болған жағдайда туалет үстелдерін раковинасын орнатуға жол беріледі. Ерлер мен әйелдер залдарында шаштаразшыларға қол жууға арналған раковина жабдықталады. Үш жұмыс орнынан жоғары емес шаштараздар залында шаш жууға 1 раковина мен 1 шаш кептіргіш болу тиіс.
17. Балаларға қызмет көрсетуге арналған креслолар өз өлшемі және құрылымы бойынша олардың жасына сай болуы тиіс.
18. Косметологиялық, маникюр және педикюр кабинеттері қол және аспаптарды жууға арналған раковиналармен жабдықталады.
19. Бес жұмыс орнынан жоғары емес шаштараздар залында жұмыскерлер мен келушілерге арналған дәретханалар бөлек болу тиіс.
20. Таза және қолданылған кірлерді, парфюмерлік косметикалық өнімдерді, жууға залалсыздандыруға заттарын сақтауға арналған қойма бөлмелері жеке орналастырылады және стеллаждар және шкафтармен жабдықталады. Пайдаланылған киім-кешектер үшін таңбаланған пластикалық сыйымдылықтар қарастырылады.
21. Шаштараздардың қосалқы бөлмелерінде қиылған шаштарды сілкуге арналған арнайы орын бөлінеді. Шаштарды сақтау қақпағы тығыз жабылатын арнайы ыдыстарда жүзеге асырылады.
22. Косметологиялық, маникюр және педикюр кабинеттері жабық типтегі бактериоциттік ультракүлгінмен сәуле түсіргіштермен жабдықталады. Сәуле түсіргіштер жұмысының есебі әрбір бактериоциттік сәуле түсіргіш бойынша осы санитариялық ереженің 4-қосымшасына сәйкес тіркеледі.
23. Парфюмерлік-косметологиялық заттарға санитариялық-эпидемиологиалық қорытынды болуы тиіс.
24. Физиотерапевтік аппараттар бір аппараттан көп емес арнайы жабдықталған кабинеттерде орналастырылады. Кабинет ауданы 1 кушеткаға 6 м2, бірақ 12 м2 кем емес есебімен қабылданады.
25. Қауіптіліктің 1, 2-класындағы лазерлік қондырғыларын ортақ үй-жайларда орналастыруға жол беріледі. Қауіптілігі 3 және 4-класстағы лазерлік қондырғылар оқшауланған үй-жайларда орналастырылады. Қауіптілігі 3 және 4-класстағы үй-жайлардың қабырғалары жанбайтын, беткейі күңгірт материалдардан болуы тиіс. Лазермен жұмыс істеген уақытта бөтен адамдар кірмес үшін үй-жайлардың есіктері ішкі қорғау құрылғыларымен жабылады. Есікте лазерлік қауіптілікті білдіретін белгі және автоматты түрде қосылатын «Қауіпті, лазер іске қосулы!» деген сәулеленген табло ілінеді. Ашық типтегі лазер қондырғыларымен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік көзді жеке қорғаныш құралдарын қолдану жолымен қамтамасыз етіледі.
26. Үй-жайларды өңдеу үшін рұқсат етілген материалдар қолданылады.
27. Үй-жайлардың ылғалды тазалау жұмыстары жуғыш заттарды қолдана отырып күніне екі реттен кем емес, жұмыс соңында жуғыш және залалсыздандыру заттарын қолданып жүргізіледі.
28. Келушілерге қызмет көрсету үшін таза заттар, соның ішінде бір рет қолданылатын бас киімдер, жамылғыштар, ақжаймалар, сулықтар қолданылады. Таза киімдер қоры (сүлгілер, сулықтар, ақжаймалар) әрбір келуші үшін жеке қолдануды қамтамасыз етуі тиіс. Таза заттар жабық шкафтарда немесе жеке пакеттерде сөрелерде сақталады.
29. ­рбір қолданылған кір жуылуға және дезинфекциялануға жатады.
30. Келушілердің шашына қызмет көрсету процесінде бит табылған жағдайда шаштар жиналады және металл ыдыста өртеледі.
31. Қоқысқа арналған қаптар мен пакеттерді қайта қолдану және тұрмыстық қоқысқа арналған контейнерлерде шашты қағуға жол берілмейді.
32. ­семдеу косметикасын жағу үшін бір реттік заттар (күрекшелер, спонжиктер, кисточкалар) қолданылады. Ерін бояулары және қарындаштар әрбір клиенттен кейін ұшталады немесе кесіледі, тушь, тень және опа бір реттік кисттермен жағылады.
Процедураларды жүргізу үшін губкалар мен пуховиктерді көп рет қолдануға жол берілмейді.
33. Химиялық бұйралауды орындау кезінде шашты ерітіндімен сулау әрбір келушіден кейін ауыстырылатын тампонмен жүргізіледі.
34. Педикюр жүргізу кезінде аяқ астына қоятын жастықшада әрбір қолданудан кейін дезинфекциялау ерітіндісіне суланған шүберекпен сүртілетін кленкалы тысы болу тиіс.
35. Аяққа арналған ванналар әрбір келушіден кейін жуғыш және дезинфекиялау заттарын қолдана отырып шүберек немесе шөткемен өнделеді.
36. Маникюр жасау кезінде әрбір келушіге бір рет қолданылатын сулықтар және бір рет қолданылатын құрал-саймандар немесе көп рет қолданылатын құрал-саймандар пайдаланылады.
37. Бір рет қолданылатын сулықтар мен құрал-саймандар жойылуға жатады. Маникюр, педикюр, сақал алуға, косметикалық процедураларға арналған қайта қолданылатын құралдар дезинфекциялануға және стерильденуге жатады.
38. Тері және шырышты қабық бүтіндігін бұзумен байланысты косметологиялық процедураларға қайта қолдану құралдары микроорганизммен екінші қайта контаминациялауды болдырмау жағдайында стерильдеу алдында тазартылуға, дезинфекциялауға, стерильдеуге және кейіннен сақтауға жатады.
39. Құрал-саймандарды өндеуге арналған үй-жай функционалды «лас аймақ» және «таза аймақ» бөлінеді. «Лас аймақта» косметологиялық құралдарды алдын ала тазалау, «таза аймақта» құралдарды дезинфекциялау және стерильдеу жүргізіледі. Косметологиялық процедура өткізілетін үй-жай қызметкерлер қолын жуу үшін жеке раковинамен жабдықталады.
40. Құралдарды стерильдеу алдындағы тазарту, дезинфекция және стерильдеу осы мақсаттар үшін жабдықпен жабдықталған арнайы үй-жайда жүргізіледі.
41. Персонал жұмыс басталу алдында клиенттер қатысуымен қолдарын сабынмен жуады.
42. Тері қабатын зақымдайтын процедуралар өткізу кезінде қызметкерлер қолғапты пайдаланады.
43. Күнделікті жұмыс басталу алдында жауапты адам қызметкерлерді микротравма, сызат, жара, жарылған жара, іріңді ауруларға тексереді. Тексеру нәтижесі арнайы журналға жазылады.
44. Манипуляция немесе процедуралар аяқталған соң тез арада пайдаланылған құралдар дезинфекциялау ерітіндісімен ыдысқа батырылады.
45. Тері бетін зақымдаумен манипуляция жүргізетін объектілер жұмыскерлері жұмысқа кіру кезінде және жыл сайын В және С вирустық гепатит маркеріне тексеріледі.
46. Химиялық бұйралауға арналған қысқыштар, бигудилер, колпактар мен торларды, мелированияға арналған бас киімшелер жуғыш заттар қолданыла ағынды сумен жуылады.
47. Шаш қиюға арналған тарақтар, щеткалар, қайшылар ағынды су астында жуылады немесе (бактерицидтік сәулеленуде немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерінде) дезинфекцияланады.
48. Электр ұстараларының жинап алынатын пышақтары, физиотерапевтік жабдықтар мен құралдар электродтары 70 градус этиль спиртімен дымқылданған тампонмен екі мәрте (15 минут интервалмен) сүртіледі.
49. Косметология орталықтарында персонал қолдарын өңдеуі үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген тері антисептиктері пайдаланылады.
Объектіде алғашқы медициналық көмек көрсетудің дәрі қобдишасы қарастырылады.
50. Жеке және арнайы киімді сақтауға арналған шкафтар қарастырылады. Косметологиялық процедуралар жүргізу үшін персонал қорғаныш маскаларымен, экран жапқышпен, бір рет қолданылатын қолғаппен жұмыс жасауы тиіс. Жұмыс орнында темекі тартуға және тамақ ішуге жол берілмейді.

5 тарау. Парфюмерлік-косметикалық өнімдері мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіру объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

51. ПКӨ мен АҚГҚ шығаратын және тұтынатын объектілерді орналастыру, жер учаскесін беру, оны салуға және реконструкциялауға, пайдалануға енгізуге жоба құжаттарын бекіту санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болғанда ғана жол беріледі.
52. Объектілер жеке аумақта орналасуы тиіс. Өндірістің аумағы жарықтандырылуы, қоршалуы және көгалдандырылуы тиіс.
Аумақ өндірістік және шаруашылық аймақтарға бөлінеді:
1) өндірістік аймақта: өндірістік корпус, шикізат пен дайын өнімге арналған қойма бөлмесі, тұрмыстық бөлмелер, медициналық пункті орналасады;
2) шаруашылық аймақта - жөндеу шеберханалары, ыдысты және отынды сақтайтын қойма, бу жіберетін қазандар орнатылған орын, гараж, қоқысты жинауға арналған контейнерлермен алаң, ауладағы дәретхана орналасады.
53. Шаруашылық аймақ өндіріске қатысты желдің ық жағына орналасуы және жас көшеттермен (ағаштармен, тал-шілікпен және бұтамен) бөлінуі тиіс.
Көлік кіретін жерлер мен жаяу жүретін жол асфальтталуы немесе қатты жабыны болуы тиіс.
54. Ыдыстар, құрылыс және шаруашылық материалдары қоймаларда сақталынуы керек. Ыдыстарды қоймада ұстауға және асфальтты алаңның қалқаланған жерінде уақытша сақтауға жол беріледі.
55. Атмосфералық сулардың ағып кетуі үшін ғимараттан және басқа құрылғыдан су жинағыштарға бағытталған еңістер жабдықталуы тиіс.
56. Аумақ күнделікті жиналуы; жазғы уақытта – су себілуі; қысқы мезгілде - қардан және мұздан тазартылуы, құм себілуі тиіс.
57. Қалдықтар мен қоқыстар үшін асфальтталған алаңға қойылған металл контейнерлер қолданылуы тиіс. Оның өлшемі контейнердің алаңынан үш есе артық болуы керек және өндірістік, қосалқы бөлмелерден 25 метрден жақын орналаспауы тиіс.
58. Қалдықтар мен қоқыстар күніне кемінде бір рет, контейнердің үштен екі сыйымдылығынан артық емес жиналғанда шығарылады. Босатылғаннан соң контейнерлер жуылады және дезинфекцияланады.
59. Қоқыстарды шығару арнайы көлік жабдығымен жүзеге асырылуы тиіс, шикізатты және дайын өнімді шығару үшін оны пайдалануға жол берілмейді.
60. Объектілердің су, кәріздену, жылыту, желдету және ауа баптау қамтамасыз етілуі тиіс.
61. Техникалық және ауыз суының құбырлары бөлек болуы, ерекшеленетін түстерге боялуы және бір-бірімен байланысы болмауы тиіс.
62. Кәрізденбеген елді мекендерге объектілерді орналастыру барысында, жергілікті кәріздеу құрылғысы қарастырылады. Ағынды суларды қабылдайтын бетондалған шұңқырдың қақпағы болуы және шұңқырдың көлемінің үштен екі бөлігіне жинақталуына байланысты тазартылуы тиіс.
63. Ғимараттар жалпықалалық кәріздеуге қосылу немесе өзіндік кәріздеу мен тазарту құрылғылары болуы тиіс. Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларға арналған кәріздеудің ішкі тармағы жеке болуы тиіс.
64. Шикізат пен дайын өнімді өндіруге, сақтауға арналған бөлмелерге тұрмыстық ағынды сулардың құбырларын салуға болмайды, ал өндірістік ағынды сулардың құбырларын - тек тексеру қондырғысынсыз оларды салу шартында ғана жол беріледі.
65. Қалдықтарды жинау, сақтау және тасымалдау әдістері қоршаған орта объектілерінің ластану мүмкіндігін шектеуі және өндірістік қалдықтарды залалсыздандыру және тазарту бойынша жұмыстың барлық кезеңдерінде жұмыс істейтін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
66. Өндірістік бөлмелердің ішінде орналасқан бастапқы өнімдердің, жартылай өнімдердің, бөлменің ауасына бөлінетін зиянды және өте қатты иісі бар заттардың қоймалары ауаны шығаратын вентиляциясымен арнайы баспанамен жабдықталуы тиіс.

Информация о работе Косметикалық қызмет