Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 18:55, реферат
Маникюр мен педикюр бойынша үйде қызмет көрсету
1. Жалпы ақпарат. Қазіргі заманда маникюр, педикюр, бет пен шаштың, дененің күтіміне мән бермейтін адамды таба алмаймыз. Үй жағдайында адамдардың өздерінің жақсы нәтижеге қол жеткізуі оңай емес. Сондықтан маманды үйге шақырған әлдеқайда тиімді. Мұндай үйде көрсетілетін қызмет түрлері үлкен сұранысқа ие. Аталған салада кызмет көрсету табысты бизнес болып табылады. Сонымен қатар, көп шығындалуды қажет етпейді. Маникюр, педикюр жасауды үйрену қиын емес, ол мезгілдік бизнес түрі де емес. Тек жаз айларында педикюрға деген сұраныс аздап артады.
Сізге құрал-жабдықтардың ішінен мыналар қажет: құрғатқыш, шаш қысқартатын машинка, фен, айнасы бар шкаф-тумбочка, гидравликалық кресло, креслосы бар жуғыш, айна.
Сондай-ақ, Сіз мынадай жабдықтар мен заттарды алуыңыз керек: әртүрлі формадағы тарақтар, массажды тарақ, қайшылар, шаш бояулары, сабынсулар (шампунь), химиялық бұйралауға арналған заттар, бигудилер (ірісі, орташасы, ұсақтары), шаш сәндеуге арналған заттар (лак, воск, пенка), сүлгілер мен жамылғылар.
Жарнама. Маңдайша жазу өзінше жарнаманың бір түрі деуге болады. Ол қымбат болмай-ақ, бірақ міндетті түрде стильді, зейін аударарлықтай болуы керек. Жақын маңдағы үйлерге, адамдар легі көп жерлерде жарнамалық парақшалар таратуға болады. Шаштараз үшін ең жақсы жарнама – көрсететін қызметтің сапасы.
6. Болжамды есептеулер.
5.1. Шығыстар:
ғимаратты жалдау – 30 м² * 1 000 теңге = 30 000 теңге.
құрал-жабдықтарды сатып алу – 150 000 теңге.
басқа да керекті заттар – 40 000-45 000 теңге.
Барлығы: 220 000 теңге.
6.2. Табыс:
Егер шаш қиюға бір сағат кетеді деп есептесек, онда бір күнде сіз 5-6 адамға қызмет көрсете аласыз * 1500 теңгеден бастап (шаш қиюдың орташа бағасы) = күніне 7 500 теңге.
Бастапқы кезде екі шаш шебері жұмыс істейді деп есептесек, онда 5 адам * 2 шебер * 1 500 теңге = күніне 15 000 тенге.
7. Пайдалы сілтемелер:
http://bizidei.ru/content/
http://coolidea.ru/business-
http://www.ceae.ru/biznes-
http://karpattour.narod.ru/
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «шаштараз» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
7. Жалпы ақпарат. Адамдар қашанда денсаулық пен оны нығайтуға ерекше мән береді. Ең танымал рәсімдердің бірі – массаж (уқалау). Бұдан бұрын бұл қызметті тек медициналық мекеме мамандары ғана жасауға құқылы болатын. Ал бүгін бәрі басқаша. Уқалау бойынша қызметті мынадай мекемелер көрсетеді: уқалау салондары, студиялар, сұлулық салондары мен фитнес-орталықтар.
Косметикалық және босаңсытатын уқалаумен айналысу үшін арнайы рұқсат қағаз бен лицензия алудың қажеті жоқ. Массаж бизнесі өзін-өзі тез ақтайды. Көп шығындалуды қажет етпейді. Негізгі шығыстар оқуға, тақтай төсек пен уқалауға арналған майлар алуға жұмсалады. Екі-үш ай ішінде таза табыс түсе бастайды. Оқудан бастау керек. Ең бастысы адам денсулығына зиян келтірмеу. Сондықтан да уқалаудың барлық тетіктерін үйреніп алу шарт.
8. Ғимарат. Массаж салонын ашу үшін сізге арнайы орын керек. Алайда бастапқы кезде уқалауды не өз үйіңізде, не клиенттің үйінде жасай аласыз. Ал егер сіз орынды жалға аламын десеңіз, болашақ клиенттеріңіздің санатын анықтап алу керек. Медициналық көрсеткіштері бойынша уқалауды қажет ететін клиенттер үшін салонның орналасуы үлкен маңызға ие емес, ал уқалаудан рахат аламын деушілер үшін салонның өз үйінің маңында орналасқаны ыңғайлы болады. Олар жалпы келетін клиенттердің 70 пайызын құрайды. Сондықтан да салонды элиталы шағын ауданда ашқан дұрыс.
Массаж салонының көлемі онда жұмыс жасайтын уқалаушылардың санына байланысты. Бір мезетте екі уқалаушының жұмысы үшін жеке кабинеттердің болғаны дұрыс.
9. Құрал-жабдықтар. Уқалау салонын ашу үшін арнайы жабдықтар керек: уқалау үстелі (75 000 теңге), тақтай төсек (20 000 теңге).
Бұдан бөлек уқалаушы жұмысы үшін арнайы майлар керек. Қарапайым уқалау үшін зәйтүн майы жарайды, ал қайта қалыпқа келтіру мен одан да күрделілері үшін эфир майларын қолдану керек. Майларды дәріхана қоймаларынан сатып алған дұрыс, себебі онда тауарларды бөлшек саудамен салыстырғанда 30 %-ға арзан бағамен жаппай сатып ала аласыз. 100 рет уқалау үшін бір эфир майының бөтелкесі жеткілікті. Масаж кабинетінде міндетті түрде, сүлгілердің болу керектігін де естен шығарып алмаңыз.
10. Технология. Жоғары сұранысқа ие, ең танымал уқалау түрлері – босаңсытатын және целлюлитке қарсы. Клиенттердің 70%-ы уқалаудың осы түрлерін ұнатады.
Бастапқы кезеңде күніне 3-4 клиент қабылдауға болады. 2 маманы бар, екі жұмыс орнымен жабдықталған салон күніне 10 клиентті қабылдауға қауқарлы. Клиенттердің бұлай келуіне үш айда-ақ қол жеткізуге болады. Ер кісілер мен әйел кісілердің қабылдау кабиналарының бөлек болуын ескеріңіз. Сондай-ақ, ер клиенттерге ер уқалаушы, әйел кісілерге әйел уқалаушы алу шартын орындауды ұмытпаңыз. Осы жағдайды ескерсеңіз, бұл сұрақ клиенттеріңізді алаңдатпайтын болады.
11. Өткізу нарығы. Массаж салоны жайлы БАҚ-қа берілген жарнамалар аз нәтиже береді, ал тартымды маңдайша ілу, парақшалар тарату, ең бастысы сапалы қызмет көрсету клиенттерді тартуға айтарлықтай септігін тигізеді.
Массаж салонына негізделген бизнес мезгілге тәуелді. Бұл қызметке деген сұраныс, әсіресе, көктем айларында жоғары болады, өйткені адамдар жаз алдында денсаулығын нығайуға кіріседі. Ал жазда сұраныс төмендейді, қыста «орташа» деп бағалауға болады.
12. Болжамды есептеулер.
7.1. Шығыстар:
орынды жалға алу 40 м² * 1 200 теңге = ай сайын 48 000 теңге.
жабдықтар алу (үстел, тақтай төсек, орамал, май) - 250 000 теңге.
оқу курсына бару 4-5 апта (классикалық уқалау, I кезең) – 70 000 теңге.
Массаж салонын ашу үшін бастапқы шығын, орташа есеппен, 368 000 теңгені құрайды.
7.2. Табыс:
Классикалық массаж сеансының құны 4 000-нан 6 000 теңгеге дейін, босаңсытатын және шығыс массажы – 6 000-нан 8 000 теңгеге дейін.
Сіз күніне 4 клиентке қызмет көрсетсеңіз * 4 000 теңге – 16 000 теңге * 24 жұмыс күні – 384 000 теңге.
Алғашқы айда таза табыс 250 000 теңгені құрауы мүмкін.
Бизнесті бірнеше бағыт бойынша кеңейтіп, дамытуға болады:
СПА-салон;
массаж-косметологиялық салон;
саунасы мен бассейні бар демалу орталығы.
8. Пайдалы сілтемелер:
http://massage.ucoz.kz/index/
http://manualdoktor.ru/php/
http://www.magichands.ru/
http://mirsovetov.ru/a/
http://beauty.popmed.ru/
http://www.freemove.ru/
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «массаж қызметі» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 01.02.2011 17:53:03
Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 770 Бұйрығы
(2010.06.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 21-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. «Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2003 жылдың 17 қыркүйектегі № 688 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 20 қазанда № 2531 болып тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2003 жылғы 22 қарашада № 47 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ж. Досқалиев |
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 24 қарашадағы
№ 770 бұйрығымен бекітілген
Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу
ережесі
1. Жалпы талаптар
1. Осы Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) халықтың декреттелген топтарына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді білуге аттестаттау (аттестаттау) жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Халықтың декреттелген тобы – айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыру үшін ең үлкен қауіп тудыратын, қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.06.10. № 793 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Аттестаттау оқитын адамдардың мамандықтарына сәйкес қоғамдық және жеке гигиенаны сақтауды, объектілерді күтіп-ұстауға, пайдалануға және орналастыруға қойылатын гигиеналық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, инфекциялық аурулардың алдын алуға оқытуды қамтитын оқыту бағдарламалары осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес бойынша гигиеналық оқытудан өткеннен кейін жүргізіледі.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.06.10. № 793 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Гигиеналық оқытуды көрсетілген қызметіне осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес түрімен айналысуға тиісті лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүргізеді.
5. Жұмысқа кіру алдында және одан әрі жылына бір рет халықтың декреттелген топтарының мына объектілердегі қызметкерлері гигиеналық оқытудан өтеді:
1) азық-түлік саудасы объектілерінің;
2) қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде медициналық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының және өнеркәсіптік объектілердің тамақ блоктарының;
3) кондитерлік өндіріс объектілерінің, балалардың сүт асханаларының;
4) тамақ өнеркәсібі объектілерінің (оның ішінде қызметі сыйымдылықтарға өлшеп құйылған ауыз суды шығарумен байланысты адамдар);
5) жолаушылар поездарының, өзен, теңіз және авиакөліктердің;
6) маусымдық балаларды сауықтыру лагерлерінің (жұмыс басталар алдында);
7) медициналық ұйымдардың (мейірбике көмекшілері, кір жуу орындарының жұмыскерлері);
8) коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерінің (халықтың уақытша тұру орындары (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, жатақханалар), моншалар, хауыздар, шаштараздар, косметологиялық және косметикалық салондар, кір жуу, химиялық тазалау орындарының);
9) су құбыры құрылыстарының (оның ішінде суды дайындауға және тасымалдауға тікелей қатысы бар, су құбыры желісіне қызмет көрсететін адамдар).
6. Жұмысқа кіру алдында және одан әрі 2 жылда 1 рет халықтың декреттелген топтарының мына объектілердегі қызметкерлері гигиеналық оқытудан өтеді:
1) мектепке дейінгі ұйымдардың, мектеп-интернаттардың;
2) балалардың жыл бойғы санаториялық сауықтыру ұйымдарының, балалар үйлерінің;
3) бастауыш, орта, жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындарының (үй-жайларды жинауды жүзеге асыратын тұлғалар).
2. Аттестаттау жүргізуді ұйымдастыру тәртібі
7. Тиісті аумақтағы және көліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің бастығы жыл сайын ағымдағы жылдың 10 қаңтарына дейін бұйрықпен құрамында кемінде үш адам және комиссия мүшесі болып табылмайтын хатшы бар, тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясын құрады.
Комиссия құрамына комиссия төрағасы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі және гигиеналық оқыту өткізген тұлғаның өкілі кіреді.
8. Аттестаттау комиссиясы ағымдағы жылдың 20 қаңтарына дейін аттестаттау жүргізу кестесін, аттестаттаудың мақсаттары мен жүргізу тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді, олар танысу үшін қол жетімді жерлерге орналастырылады.
9. Аттестаттау жүргізу үшін гигиеналық оқытуды өткізген адамдар аттестаттау комиссиясына гигиеналық оқытудан өткен адамдардың тізімін гигиеналық оқытудан өткеннен кейін үш күнтізбелік күн ішінде тапсырады.
10. Аттестаттау комиссиясы тізім тапсырылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аттестаттау жүргізеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.06.10. № 793 бұйрығымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)