Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 18:55, реферат
Маникюр мен педикюр бойынша үйде қызмет көрсету
1. Жалпы ақпарат. Қазіргі заманда маникюр, педикюр, бет пен шаштың, дененің күтіміне мән бермейтін адамды таба алмаймыз. Үй жағдайында адамдардың өздерінің жақсы нәтижеге қол жеткізуі оңай емес. Сондықтан маманды үйге шақырған әлдеқайда тиімді. Мұндай үйде көрсетілетін қызмет түрлері үлкен сұранысқа ие. Аталған салада кызмет көрсету табысты бизнес болып табылады. Сонымен қатар, көп шығындалуды қажет етпейді. Маникюр, педикюр жасауды үйрену қиын емес, ол мезгілдік бизнес түрі де емес. Тек жаз айларында педикюрға деген сұраныс аздап артады.
1. Жалпы ақпарат. Қазіргі заманда маникюр, педикюр, бет пен шаштың, дененің күтіміне мән бермейтін адамды таба алмаймыз. Үй жағдайында адамдардың өздерінің жақсы нәтижеге қол жеткізуі оңай емес. Сондықтан маманды үйге шақырған әлдеқайда тиімді. Мұндай үйде көрсетілетін қызмет түрлері үлкен сұранысқа ие. Аталған салада кызмет көрсету табысты бизнес болып табылады. Сонымен қатар, көп шығындалуды қажет етпейді. Маникюр, педикюр жасауды үйрену қиын емес, ол мезгілдік бизнес түрі де емес. Тек жаз айларында педикюрға деген сұраныс аздап артады.
2. Неден бастау керек? Арнайы курстарға барудан, қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды алудан бастау керек. Оқуға 1 - 2 апта уақыт керек. Оқыту орталықтарында қызметпен қамтамасыз етуді ұсынса, келісіңіз, сіз үшін ол үлкен тәжірибе, сонымен қатар, болашақ үйде қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін клиенттерді табу мүмкіндігі. Кепілдіктің бар-жоғына назар аударыңыз. Оқу курстарын аяқтау жөніндегі сертификат пен келісім-шарт болуы керек.
Жарнаманың орны ерекше. Сіз өзіңіз тұрып жатқан аймаққа хабарландырулар іле аласыз немесе тегін газетке жарнама беруге де болады. Алайда ең бастысы – сапалы қызмет көрсету.
3. Құрал-жабдықтар мен қажетті материалдар:
еуропалық маникюрді кесуге арналған аппарат (фреза);
акрил үшін қылқалам;
табиғи тырнақтарға арналған арашалар;
апельсин арашалары;
кутикулдарды кесетін қысқыштар;
маникюрға арналған күрекшелер;
педикюрға арналған щетка (табандарға);
қолға арналған кішкентай ванна;
аяқ массажына арналған кішкентай ванна;
жазуға арналған қылқалам.
Шығын материалдары:
өсірту үшін пішіндер мен типсылар (күңгірт және френч);
акрил (түссіз, қызғылт, ақ);
ликвид (акрил ұнтағымен араластыруға арналған сұйықтық);
кутикулды жұмсартатын сұйықтық;
кутикулға арналған май;
лактар;
лакты өшіретін сұйықтық;
мақталық дискілер;
қолға арналған крем;
ментолы бар аяққа арналған крем;
аяққа арналған скраб;
ваннаға арналған тұз;
жылтырақтар;
асқын тотық (перекись).
Құралдар іске жарамсыз болып қалғанда оларды ауыстыру керек.
4. Қызмет түрлері. Маман мынадай қызмет түрлерін көрсете алады:
лакты, лаксыз гигиеналық маникюр, декоративті элементтерді;
қолға арналған массаж;
аяққа арналған массаж.
Маникюр мен педикюрдің келесі түрлері бар: классикалық, европалық, аппараттық, SPA маникюр мен педикюр: массаж, пиллинг, маскалар, кутикуланы алып тастау, француз және жапон т.б.
5. Болжамды есептеулер.
5.1. Шығыстар:
арнайы курсқа бару - 25 000 теңге + 30 000 теңге
құрал-саймандар мен материалдар шығыны = 55 000 теңге.
5.2. Табыс:
Тырнақты тазалау 4 000 теңге не одан жоғары, уақыт бойынша 2-2,5 сағат алады.
Маникюр – 1 000 теңгеден жоғары, уақыт бойынша 1 сағат.
Педикюр – 5 000 теңге және одан жоғары, уақыт бойынша 1,5-2 сағат.
Күніне 5-6 маникюр жасасаңыз, сіздің бір күндік табысыңыз 5 000-6 000 теңгені құрайды.
6. Пайдалы сілтемелер:
www.godlike-nails.ru/content/
www.weddinginukraine.com/
www.svadbavrn.ru/sov/man
www.doctor.kz/content/228.html
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «маникюр жасау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
1. Жалпы ақпарат. Адамдар қашанда денсаулық пен оны нығайтуға ерекше мән береді. Ең танымал рәсімдердің бірі – массаж (уқалау). Бұдан бұрын бұл қызметті тек медициналық мекеме мамандары ғана жасауға құқылы болатын. Ал бүгін бәрі басқаша. Уқалау бойынша қызметті мынадай мекемелер көрсетеді: уқалау салондары, студиялар, сұлулық салондары мен фитнес-орталықтар.
Косметикалық және босаңсытатын уқалаумен айналысу үшін арнайы рұқсат қағаз бен лицензия алудың қажеті жоқ. Массаж бизнесі өзін-өзі тез ақтайды. Көп шығындалуды қажет етпейді. Негізгі шығыстар оқуға, тақтай төсек пен уқалауға арналған майлар алуға жұмсалады. Екі-үш ай ішінде таза табыс түсе бастайды. Оқудан бастау керек. Ең бастысы адам денсулығына зиян келтірмеу. Сондықтан да уқалаудың барлық тетіктерін үйреніп алу шарт.
2. Ғимарат. Массаж салонын ашу үшін сізге арнайы орын керек. Алайда бастапқы кезде уқалауды не өз үйіңізде, не клиенттің үйінде жасай аласыз. Ал егер сіз орынды жалға аламын десеңіз, болашақ клиенттеріңіздің санатын анықтап алу керек. Медициналық көрсеткіштері бойынша уқалауды қажет ететін клиенттер үшін салонның орналасуы үлкен маңызға ие емес, ал уқалаудан рахат аламын деушілер үшін салонның өз үйінің маңында орналасқаны ыңғайлы болады. Олар жалпы келетін клиенттердің 70 пайызын құрайды. Сондықтан да салонды элиталы шағын ауданда ашқан дұрыс.
Массаж салонының көлемі онда жұмыс жасайтын уқалаушылардың санына байланысты. Бір мезетте екі уқалаушының жұмысы үшін жеке кабинеттердің болғаны дұрыс.
3. Құрал-жабдықтар. Уқалау салонын ашу үшін арнайы жабдықтар керек: уқалау үстелі (75 000 теңге), тақтай төсек (20 000 теңге).
Бұдан бөлек уқалаушы жұмысы үшін арнайы майлар керек. Қарапайым уқалау үшін зәйтүн майы жарайды, ал қайта қалыпқа келтіру мен одан да күрделілері үшін эфир майларын қолдану керек. Майларды дәріхана қоймаларынан сатып алған дұрыс, себебі онда тауарларды бөлшек саудамен салыстырғанда 30 %-ға арзан бағамен жаппай сатып ала аласыз. 100 рет уқалау үшін бір эфир майының бөтелкесі жеткілікті. Масаж кабинетінде міндетті түрде, сүлгілердің болу керектігін де естен шығарып алмаңыз.
4. Технология. Жоғары сұранысқа ие, ең танымал уқалау түрлері – босаңсытатын және целлюлитке қарсы. Клиенттердің 70%-ы уқалаудың осы түрлерін ұнатады.
Бастапқы кезеңде күніне 3-4 клиент қабылдауға болады. 2 маманы бар, екі жұмыс орнымен жабдықталған салон күніне 10 клиентті қабылдауға қауқарлы. Клиенттердің бұлай келуіне үш айда-ақ қол жеткізуге болады. Ер кісілер мен әйел кісілердің қабылдау кабиналарының бөлек болуын ескеріңіз. Сондай-ақ, ер клиенттерге ер уқалаушы, әйел кісілерге әйел уқалаушы алу шартын орындауды ұмытпаңыз. Осы жағдайды ескерсеңіз, бұл сұрақ клиенттеріңізді алаңдатпайтын болады.
5. Өткізу нарығы. Массаж салоны жайлы БАҚ-қа берілген жарнамалар аз нәтиже береді, ал тартымды маңдайша ілу, парақшалар тарату, ең бастысы сапалы қызмет көрсету клиенттерді тартуға айтарлықтай септігін тигізеді.
Массаж салонына негізделген бизнес мезгілге тәуелді. Бұл қызметке деген сұраныс, әсіресе, көктем айларында жоғары болады, өйткені адамдар жаз алдында денсаулығын нығайуға кіріседі. Ал жазда сұраныс төмендейді, қыста «орташа» деп бағалауға болады.
6. Болжамды есептеулер.
6.1. Шығыстар:
орынды жалға алу 40 м² * 1 200 теңге = ай сайын 48 000 теңге.
жабдықтар алу (үстел, тақтай төсек, орамал, май) - 250 000 теңге.
оқу курсына бару 4-5 апта (классикалық уқалау, I кезең) – 70 000 теңге.
Массаж салонын ашу үшін бастапқы шығын, орташа есеппен, 368 000 теңгені құрайды.
6.2. Табыс:
Классикалық массаж сеансының құны 4 000-нан 6 000 теңгеге дейін, босаңсытатын және шығыс массажы – 6 000-нан 8 000 теңгеге дейін.
Сіз күніне 4 клиентке қызмет көрсетсеңіз * 4 000 теңге – 16 000 теңге * 24 жұмыс күні – 384 000 теңге.
Алғашқы айда таза табыс 250 000 теңгені құрауы мүмкін.
Бизнесті бірнеше бағыт бойынша кеңейтіп, дамытуға болады:
СПА-салон;
массаж-косметологиялық салон;
саунасы мен бассейні бар демалу орталығы.
7. Пайдалы сілтемелер:
http://massage.ucoz.kz/index/
http://manualdoktor.ru/php/
http://www.magichands.ru/
http://mirsovetov.ru/a/
http://beauty.popmed.ru/
http://www.freemove.ru/
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «массаж қызметі» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
1. Жалпы мәлімет. Шаштараз барлық уақытта болған және бола бермек, себебі шаш адам сұлулығын анықтайтын сыртқы бейненің негізгі элементі болып табылады. Ерлер, әдетте, екі аптада бір рет шаштарын қысқартады, сондықтан да шаштараз бизнесін табысты ету қиын мәселе емес. Маңыздысы барлығын дұрыс ұйымдастыру және «айналдыру».
Неден бастау керек? Ғимарат пен жалдамалы қызметкерлер таңдаудан бастау керек. Егер сіз өзіңіз шаштараз өнерімен айналысамын деп шешсеңіз, онда оқу курстарынан өтіп, сәйкесінше сертификат алу қажет. Сіз үшін уақытша шаштаразға жұмысқа орналасу тәжірибе жинақтауға көмектесетін болады. Бұлай істесеңіз, сіз «қолыңызды жаттықтырып», болашақ өзіңіздің шаштаразға келетін клиенттерді осы бастан таба бастар едіңіз. Шаштараздың кез-келген класы (элитарлы, орташа бағалы) жақсы табысқа қол жеткізе алады. Орташа деңгейлі шаштараз ашқан жөн, себебі қолжетімді бағадағы қызметке сұраныс әрдайым жоғарырақ, сондай-ақ алғашқы инвестициялық салымдар да, элиталы шаштараздармен салыстырғанда, әлдеқайда төмен. Негізінен, шаштараздың күрделі дизайнды болуы керек емес, жалдауға немесе қаланың айтулы ауданында ғимарат сатып алуға көп ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Бастапқы кезде екі кресло мен екі әмбебап маманға арналған шаштараз ашу ең жақсы таңдау болып табылады. Клиенттерге ыңғайсыздық туындатпау үшін ер кісілерге ер шаштараздың, әйел кісілерге әйел шаштараздың болуын қадағалаңыз.
2. Ғимаратты таңдауға ерекше мән берген дұрыс, орташа бағадағы шаштараз үшін ең жақсысы – автобус аялдамасына жақын орналасқан тыныш аудандағы ғимаратты жалға алу. Шаштараз жеке тұрған ғимаратта немесе тұрғын үйлерде, қоғамдық ғимараттарда орналасуы мүмкін. Пәтерде шаштараз ашуға болмайды. Тек пәтер тұрғын емес үй қорына өтіп, оның кіретін есігі бөлек болған жағдайда ғана шаштараз ашуға болады. Шаштараз тұрғын үй ғимаратының бірінші немесе цокольдік қабаттына ғана орналаса алады. Өжіреде (подвал) шаштараз ашуға болмайды. Ескеретін жайт, шаштараз ашу үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудан және өртке қарсы инспекциядан анықтама алу бойынша стандартты процедуралардан өту қажет. Толығырақ мәліметті Сіз «Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 18 тамыздағы № 632 бұйрығын оқу арқылы ала аласыз.
3. Қызметкерлер. Жалдамалы қызметкерлерді таңдауда олардың кәсібилігіне және психологиялық дайындығына, сондай-ақ шаштараз адамдармен, әсіресе, әйелдер қауымымен жұмыс істейтіндіктен коммуникативтілігіне де мән беріңіз. Қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін дамыту мақсатында, сондай-ақ коммуникативтіліктерін жақсарту үшін оларды оқытуға уақыт және ақша бөлуге кеңес береміз. Қызметкерлерді салалық оқу орындарынан іздеген жөн, баспа беттеріне, интернетке жарнама беру немесе кадрларды таңдау агенттілігіне хабарласуға да болады.
4. Шаштараздың қызмет көрсету спектрі өте ауқымды - бұл шаш қысқартудың, бұйралаудың, сәндеудің, емдеудің әртүрлілігі.
Шаштараздың бизнестің аралас түрлерін ұйымдастыру үшін қолайлы орын екенін естен шығармау керек, мысалы, онда шаш және тырнақ күтімі үшін қажетті тауарларды сатуға әбден болады. Сонымен қатар, қосымша табыс табу үшін шаштараз ішіне өз кезегін күтіп отырғандарға арналған кофе және басқа да сусындары бар сауда автоматтарын қоюға болады.
Сіздің шаштаразды бәсекелестерден ерекшелейтін, клиенттеріңізге жағымды, ұнайтын ұсақ-түйектерге де мән беріңіз. Клиенттеріңізге сапалы қызмет көрсету, жақсы, жылы шырайлы мамандардан басқа не ұсынуға болады? Клиенттер үшін екі параметр өте маңызды: қолайлылық және өзіндік қайталанбас атмосфера, яғни телефон арқылы жазылуға мүмкіндік, желдеткіш, күтіп отыруға ыңғайлы орындықтар, теледидар, жаңа журналдар, жағымды әуен, қызықты безендіру, тірі гүлдер, плакаттар және т.б.
5. Шаштаразға арналған құрал-жабдықтар. Жабдықтарды таңдауда баға мен сапаның оптималды сәйкестігіне сүйену керек. Дегенмен, клиенттер үшін қолайлы жағдай туғызуда үнемдеудің қажеті жоқ, ыңғайлы креслолар, шаштараз жуғыштарын, сенімді электр құралдарын таңдаңыз. Мысалы итальяндық айна сатып алу міндетті емес, қытайлық сапалы айнаны да қолдануға болады.