Құрылыс орнының сипаттасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 20:17, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде елімізде көптеген мемлекеттің әр түрлі кәсіпорындарының салынуына құрылысшылардың қосып отырған үлесі зор. Құрылысқа республикамыздың жыл сайын өте мол қаржы жұмсалып келеді. Бұл қаржыларды ұтымды пайдалану, негізгі қорлардың сапалық құрлымын одан әрі жақсарту және өндірістік қуаттарды барынша жедел іске қосып, игеру керек. Құрылыс мерзімін елеулі қысқартып, құнын кеміті - құрылысшылар алдына қойып отырған маңызды міндет.

Работа содержит 1 файл

СЭЗиС-08 Акеева Айжан курсавой.doc

— 1.11 Мб (Скачать)

 

Көп қабатты ірі панельді қаңқасыз және қаңқалы үйлерді құрастыру

            Азаматтық тұрғын ғимараттың ірі панельді қаңқалы және қаңқасыз түрлерге бөлінеді. Олардың нольдік циклндегі жұмыстар қазан шұңқырлар мен ұзын орлардың табанын тазалау, тегістеу және жобалық белгілерін геодезиялық аспаптар мен тексеру, ірі тастардың остік белгілерін белгілеу және іргетас блоктарын құрастыру.

           Жер үсті циклндегі жұмыстар ғимараттарды алымдарға бөлу және монтаждау жұмыстары:

1.Сыртқы панельдерді және баспалдақ панельдерін, балкон плиталарын орнату;

2.Монтаждау жұмыстарын, таңдаған крандар мен жүргізу , ішкі, сыртқы панельдерді бір – бірімен біріктіріп, арнайы бекіткіштер мен бекіту;

          Көп қабатты қаңқалы өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттар типтік сызбалары негізінде жобаланады. Бұл ғимараттар үлкендігіне, пайдаланылуына қарай әр түрлі, бірақ салу кезіндегі ұқсастығына қарай 2 негізгі топтарға бөлінеді:

1)Элементтің салмағы 5т дан аспайтын;

2)конструктивті элементтің салмағы 10 т аспайтын;

          Осыған орай көп қабатты үйлерді құрастыруға мұнаралы крандар қолданылады. Қабырған панельдері де осы крандармен  орындалады.

          Құраситыру жұмысын жүргізу үшін  ғимараттарды көлденеңінен және тігінен учаскелерге бөлінеді.

          Көп қабатты ғимараттарды көбінесе кешенді әдіспен жүргізіледі, ал кейбір жағдайларда аралас әдістер қолданылады. Диференциалдық әдістер қолдану экономикалық тұрғыдан тиімсіз және техникалық жағынан қолайсыз болып табылады.

          Ғимараттың өлшемдеріне байланысты құрастыру крандарын орналастыру келесі түрде қолданылады:

а) бір немесе бірнеше крандарды ғимараттың бір жағына арналады;

б) ғимараттың ұзына бойына екі жағынан екі немесе бірнешеуін орналастару;

в) бір немесе бірнеше крандарды құрылыстың дәл ортасына орналастырып, өзіне қарай құрастыру.

            Көп қабатты қаңқалы ғимаратты тұрғызған кезде  ең маңызды рольді, олардың құрастыру дәлдігі атқарады. Дәлді ғимараттың сыртқы түріне  ғана емес оның беріктігіне, орнықтылығына, қызмет көрсету мерзіміне әсерін тигізеді. Осыған орай топтасқан кондукторларды қолданылады. РШИ- рамалық топсалы индикаторларды қолданылады.

           РШИ – бір мезгілде 4,6 ұстынның дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

          а)                                                                   б)

                                                     

 

 

 

 

Темірбетон конструкцияларын құрастыру тәсілдері, қысқы жағдайда құрастыру ерекшеліктері

            Сыртқы t˚-ң теріс болуы құрастыру жұмыстарына кері әсерін тудырып, еңбек сыйымдылығын , құрылыстың мерзімін тудырады.

             Қыс мезгілінде құрастыру жұмыстарында көптеген қиыншылықтар мен қауіпті жұмыстарды орындауға тура келеді.

             Құрастыру жұмыстарының қауіптілігімен қатар материалдың физико – механикалық қасиеттері өзгеріп, химиялық және физикалық прцестердің жүруіне кедергімін тигізеді.

             Осыған орай осы кедергілерді болдырмау үшін әр түрлі шаралар қолданылады.

              Материалды ұқыпты жинау, уақытша бекіту қондырғыларды қатты топырақты жерлерге орнату, материалдың беттерін алдын – ала қардан  және мұздан тазарту т.б.

              Құрастырудың мінбелерін , баспалдақтарды және жұмыс орнын күнделікті қардан, мұздан тазартып, құм себу керек.

              Конструкцияларды толық мұздан, қардан тазартпай  көтеруге және элементті ілуші  (стропольщик) конструкция элементтерінің бір – бірінен қатып қалмағанына толық көз жеткіз керек.

              Қатып қалған элементті кран мен көтеруге тыйым салынады.

              Қысқы жағдайда ең жауапты жұмыстардың бірі жіктерді жабу, әсіресе есептік жіктерді қабылдайтын жіктер.

             Қысқы жағдайда жүргізетін темірбетон конструкцияларының жіктерін толтыру келесі түрде жіктеледі:

1.Есептік жіктерді қабылдайтын және ғимараттын қаттылығы мен төзімділігін қамтамасыз ететін жіктер;

2.Есептік жүктеулерді қабылдайтын жіктер;

3.Ашық болат элементі бар (арматура пісіру детальдары);

             Жіктердің категориясы жобалау мекемесімен көрсетіледі.

             Қысқы жағдайда жіктерді жабудың келесі тәсілдері:

а) Жылусыз тәсіл – аязға қарсы қоспаларды қолдануға негізделген. Бұл әдістің кемшілігі өзінің беріктігін алуының ұзкақтығы, ашық пісіру детальдары бар жерлерде қолдануға болмайды. Сонымен қатар бетон өзінің 50% беріктігін алғаншақатыруға болмайды;

б) Жылумен өңдеу тәсілі – бұл тәсілді бірінші және екінші түріне қолдануға болады. Жылумен өңдеу бетонды электр жылытқышпен, булау, жіктердің қалыптарына тоқ беріп қыздыру арқылы орындалады. Бетондауға дейін жылытып алу керек;

в) Аралас тәсіл – бетондарды жылытып натрий нитритті құрамды қоспаны қолданумен негізделген. Бұл тәсілде жіктерді алдын – ала қыздырып алудың қажеті жоқ.

               Қысқы жағдайдағы бетондау кезінде цемент пен су қатнастрының ең төменгі жайғасымды ерітінділері мен бетондарды қолдану керек.

         Құрастырушыларды арнайы және жалпы киімдер мен қамтамасыз ету қажет, ал құрылыс алаңында жылытылған бөлме болу қажет.

 

Құрастыру кранның қажетті параметрлерін анықтау

      Өзі жұретін жебелі кранның парамтрлерін анықтау:

hn- полистпасттың керіліп тұрғандағы биіктігі  (1,5 – 1,7 м );

hc- строптың биіктігі 2,6 – 5,5 м;

hз- элеменнтің бұрынғы орнатылған элементтерінен екеуінің арасы 0,5 м – ден кмде кем;

Ho-ho- көтерілетін элементтердің кран табанына жоғары биіктігі (ғимараттың биіктігі);

a- көтерілетін элементтің ортасынан шетіне дейінгі араық (0,6 м);

b- ғимараттың шетінен центіріне дейінгі аралық;

d'-кранның жебесінен көтерілетін элементінің ортасына дейінгі аралық

(0,5 м – ден кемде кем) ;

d''- кранның жебесінен ортасына дейінгі арақашықтық (0,5 – 1,5 м) жебенің ұзындығына байланысты; 

c- кран айналатын остен жебе өкшесінің топсасына дейінгі арақашықтық (1,2 м);

hт- кранның тұрған деңгейінен жебенің өкше топсасына дейінгі биіктік;

hэ- көтерілетін элементтің биіктігі (1,5- 1,6 );

 

            1.Жебенің қажетті көтеру биіктігін анықтау.

            

 

2.Кран ілмегінің қажетті биіктігін анықтау.

 

      

3.Жебенің қажетті ұзындығын анықтау.

 

      

 

4.Жүк көтергіштігін анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұстындарды құрастыру

         Өнеркәсіптік үймәреттердің темір – бетон ұстындары әдетте өздігінен жүретін жебелі және мұнаралы крандармен жинақталады. Ұстындарды жинақтау олардың жинақтау орнына  алдын ала жайып  қойып та, көлік құралдары үстінен жүргізіле береді. Жинақтау орнында ұстындарды алдын ала жайып қоярда оларды жинақтау тәсілін еске алу қажет ( 1 сурет).

         Әдетте жеңіл ұстындарды жинақтау орнында ұштарымен іргетасқа қарай жайылып қойылады және сырғанау тәсілімен жинақталады, ал ауырлары – негіздерімен іргетасқа қарай төселіп және олар бұрылу тәсілімен орнатылады. Сонымен ұстындарды  жайып қоярда мына талап орындалу керек: ұстын және жабдықтар салмағынан пайда болатын иілу моменті көтеру барысында ең үлкен қаттылық жазықтығында әсер ететін болу керек.  Мұны әсіресе екі тармақты бағаналарды көтергенде ескерген жөн.

         Ұстындарды жинақтауға жоғары 4 қыры бойынша және іргетастың үстіңгі деңгейінде остік белгілерін түсіру арқылы, ал кран асты арқалықтарын орнатуға арналған бағаналар иығының 2 жағыне немесе 2 тармақты ұстындардың траверстеріне осы арқалықтар остерінің белгілерін түсіріп дайындайды. Сонымен қатар іргетастың  өлшемдері және ойық тереңділігі көрсетіледі. Сонан соң ұстынды сатылар, тетіктер, тартықыш және басқалар мен жабдықтау орындалды. Іргетас ойық түбіне бетон немесе ерітінді құю алдын ала немесе ұстында тікелей орнату алдында орындалады. Қабат қалыңдығын осы іргетасқа орнатылатын ойық түбінің белгісін және ұстын  ұзындығын еске алып анықтайды. Алдын ала жасалған төсеніштің беріктігі ұстын орнату мерзіміне дейін маркалықтан   50 %  - тен кем болмау керек.

        

                     

 

           Ұстындарды стропылау жергілікті және ілмектен аралықтық босатқыштары бар әртүрлі фрикционды және тетікті ілмектермен орындалады, ал көлік құралдарынан жинақтағанда теңгергіш траверстермен жасалады. Ұстынды көтеріп және орнына орнатқан соң кран ілмегін босатпай оны қалпына келтіруге кіріседі. Сонымен жоспарда ұстынның дұрыс тұратын орны ұстынның остік белгілері іргетастың остік белгілерінің қабысуымен жеткізіледі. Ұстынның тіктігі теодолит немесе тіктегішпен, ал тіреу беттерінің белгілері нивелирмен тексеріледі(2 сурет).

                     

 

 

           Дәлденген ұстындар іргетас ойығына кондукторлар  (3 сурет) немесе болат, ағаш және темір – бетон сыналар арқылы бекітіледі. Биіктігі            12 м – ден артық ұстындар қосымша ретінде олардың ең аз қаттылықты жазықтығында тартқыштармен бекітіледі.  Бұл үшін төменгі ұшы көрші іргетастардың ілмектеріне , ал жоғарғы бағананың ауырлық центрінен биігірек орнатылған қамытқа бекітілген инвентарлы тартқыштар қолданылалды (4 сурет).

 

 

                                                   

                                  

 

          Көп қабатты үймәреттердің ұстындарын жинақта укранының аймақтарында орналасқан қоймадан да және көлік құралдарынанда жинақталады. Көп қабатты үймәреттердің ұстындарын  жинақтауға дайындау бір үймәреттердің ұстындарына ұқсас жасалады. Биіктігі бір немесе екі, үшін жасалған төменгі ұстындар ойығы бар іргетасқа орнатылады, сосын олар бір қабатты үймәреттін ұстындары сияқты дәлденіп бектіледі. Келесі қабаттың ұстындарын төменгі ұстындардың жоғарғы ұшына немесе ригельге орнатылады. Сонымен ұстынның төменгі ұшына түсірілген белгілерді алдымен жинақталған түзілістердің белгілерімен қабыстырады. Ұстындар топтық кондукторлар немесе   рамалы - топсалы индикаторлар көмегімен жинақталады (5 сурет).

 

                         

 

                             Техникалық қауіпсіздік ережелері

      Жинақтау жұмыстары құрылыс – жинақтау жұмыстарының барлық кешенінің  ішінде ең бір қауіптісі болады, ол үлкен биіктікте жұмыс орындаумен және әртүрлі жүк көтергіш жабдықтар арқылы түзілістердің ауыр элементтерін ауыстыру және орнатумен байланысты. Сондықтан құрылыс түзілістері және машиналарының жұмыс сенімділігін көтеру , еңбектің технологиясымен ұйымдастырылуын толық жетілдіру көбінесе еңбек жағдайлары және жұмыс өндірісінің қауіпсіздігін болжайды.

         Ерекше атап көрсететін жайт, құрылыс түзілістерін жинақтау әдістері жинақтау жұмыстарының өндіру технологиясының анықтаушы факторы болады және оларды қауіпсіз жүргізу тәсілдері жұмыс өндіру жобасында міндетті түрде болу керек.

          Жинақтаушылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі құралдар қауіпті жерлерді қоршау және қорғану құралдары көмегімен жұмыс орындарында қауіпсіз жағдайлар жасауға болады.

          Жамылғының шеткі қатар тақталарын өтерер алдында тұрақты немесе уақытша қорғаушылармен жабдықтайды.

         Сыртқы ауаның теріс температурасында төсеніштерді , түзілістерді мұзданудан сақтау үшін арнайы шаралар қолданылады, жұмыс өндірісінің маңында жылыну үшін бөлмелер жабдықталады. Биікте орналасқан жұмыс орындары желден қорғайтын қалқандармен немесе жеңіл жинап алынатын баспаналармен жабдықталады.

          Жинақтау жұмыстарын қауіпсіз орындаудың ең бір маңызды шарты жинақтау крандары тұрақтылығын және жүк көтергіш құралдар сенімділігін қамтамасыз ететіндей етіп оларды дұрыс пайдалану. Тұрақтылық дәлме – дәл көлденең және тік қалыпта сенімді негізгі дұрыс орнатумен қамтамасыз етіледі.

       Желдің күші 6 балл болғанда (жел жылдамдылығы 10 – 12 м/с) крандағы жұмыстар тоқтатылады.

       Кранасты жолын үймәретке жақын орналастырғанда үймәреттің шығып тұрған бөлігі мен кранның айналатын конструкциялар аралығы, ең кемінде 75 см, қауіпсіз арақашықтығын қамтамасыз ету керек.

       Ілмек жабдықтарын есепке алғанда көтеретін жүктің салмағы өздігінен жүретін жебелі крандарды қауіпсіз пайдалану үшін олардың  жүк көтергіштігінен аспау керек.

       Жүк көтергіштері, жинақтау крандары және басқа машиналар мен механизмдер жұмыс істегенде қауіпті алаң  пайда болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

<

Информация о работе Құрылыс орнының сипаттасы