Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 20:17, курсовая работа
Қазіргі кезде елімізде көптеген мемлекеттің әр түрлі кәсіпорындарының салынуына құрылысшылардың қосып отырған үлесі зор. Құрылысқа республикамыздың жыл сайын өте мол қаржы жұмсалып келеді. Бұл қаржыларды ұтымды пайдалану, негізгі қорлардың сапалық құрлымын одан әрі жақсарту және өндірістік қуаттарды барынша жедел іске қосып, игеру керек. Құрылыс мерзімін елеулі қысқартып, құнын кеміті - құрылысшылар алдына қойып отырған маңызды міндет.
Гидромонитормен топырақты өңдеудің екі тәсілі бар: жоғарғы және төменгі.
Жер сорғыш снарядтар. Өнімділігі жоғары, су астынан 16 м терендіктерден топырақты өңдеуге қолданылады. Өңдеудің үш тәсілі бар: эстакадалы, эстакадасыз, төмен тіректі.
Эстакадалы тәсілдер топырақты өңдеу жылжымайтын, жоғарыда орналасқан құбырлармен іске асады.
Эстакадасыз тәсілдер жерге қойылатын құбырларды әр 0,3-0,6 м сайын ауыстырып отыру керек.
Төмен тіректегі тәсілдер биіктігі 1-1,5 м болатын екі ұстынды құбырларды орнатады. Олар тез бұзылып, тез жиналады.
Жер қазу жұмыстарында қазан шұңқырлардың көлемін анықтау
1. Жобаның тақырыбы: 1500 орындық сауда үйі
2.
3. Қазан шұңқцрлардың тереңдігі:2,5
4. Қазан шұңқырлардың қабырғалары тік ( Өскемен)
5. Топырақтың түрі: сұр, қара құмайт
6. Шешімі:
b) Табан белгісі:2,5
c) Қазан шұңқырлардан алынатын топырақтың көлемі
d) Топырақты табан белгісіне жеткізбей қолмен өңдеу 2% аламыз
e) Қазып алынған топырақтың жалпы көлемін табамыз
f) Іргетастарды қайта жабуға арналған топырақтың көлемін анықтаймыз
g) Артық топырақтың көлемін анықтаймыз
Кесте №1
Жер жұмыс көлемін анықтау
№ | Орындалатын жұмыстың түрі | Өлшем бірлігі | көлемі | Эскиз есептеу формуласы |
1 | Бульдозер мен тік тегістеу | 1000м² | 2700 | a=30 b=30 S=(a b)3=2700 |
2 | Экскаватормен қазып алынған топырақтың көлемі | 100м³ | 2310,4 | |
3 | Экскаватордың табан белгісіне жеткізбей алған топырақ көлемі |
100м³ |
46,2 |
|
4 | Топырақтың жалпы көлемі | 100м³ | 2356,6 |
|
5 | Іргетастарды қайта жабуға арналған топырақтың көлемі | 100м³ | 2303,6 |
|
Топырақты бұрғылау және жарылыс арқыл жер жұмыстарын жүргізу
Құрылыста топырақты бұрғылау мына жағдайларды:
a) Жер қыртысының физикалық және механикалық қасиеттерін анықтау;
b) Жер қыртысын жарылыс, қопарыс жұмыстар арқылы өңделгенде.
c) Судың деңгейін түсіруге, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету.
d) Басқа әр түрлі арнайы жағдайларда.
Құрылыста кеңінен таралған әдістердің бірі механикалық бұрғылау.механикалық бұрғылаудың түрлері: айналмалы, соғу, созып айналдыру, дірілдету. Тиімділігі жыныстардың физикалық, механикалық қасиеттеріне байланысты анықталады. Мысалы : қаттылық, жарықшақтар, беріктік және т.б. бұрғылау процестері жыныстарды бұзу, жыныстарды сыртқа тасмалдау, қазылған шұңқырдың ішкі қабырғаларыныңқұламауын қамтамасыз етеді. Бұрғылау жұсымтарында өзі жүретін арнайы машиналар немесе экскаватордың, кранның, трактордың базасында орнатылған жабдықтар қолданылады.
Скважиналар, шұңқырлар қажеттілігіне қарай 5 м дейін және одандр терең бұрғыланады. Жарылыс жұмыстары тау жұмыстарын майдалауға, топырақты бір орыннан екінші орынға ауыстыруға, жерді қопсытуға, керек емес құрылысты бұзуға, үлкен тастарды жинауға, мұздарды жаруға қолданылады.
Жарылыс пен жер қыртысын өңдеу экономикалық тұрғыдан тиімді болып келеді( жанаржағармай үнемділігі, жұмысшылар мен машиналардың азаюы).
Қысқы жағдайларда жер қазу жұмыстарын жүргізу.
Техникалық қауіпсіздік
Топырақтардың қуыстарында сулардың мұзға айналу нәтижесінде қатқан топырақ өзінің механикалық қасиеттерін өзгертеді. Жердің тонуына байланысты топырақтың беріктігі ұлғаяды.
Тонған топырақтың пластикалық қасиеті, тұтқырлығы, оның құрамындағы тонбаған суға байланысты жоғарлай түседі. Қыс кезеңі түскеннен кейін 5-20 күннің арасында топырақ тонып, қыс өткен соң 15-30 күнге дейін жер тонып жатады.
Сол себептен оны өңдеу кезінде қосалқы жұмыстар жүргізу керек. Оны өңдеу кезінде еңбек сыйымдылығы ұлғаяды және жер қазушы, тасмалдаушы машиналардың кейбір типтерінің қолдануы жіктеледі. Қыс жағдайда жер жұмыстарында қолданатын тәсілдері:
1. Егер қазу жұмыстарын жазғы айларға жоспарлау мүмкін болмағанда, ол алаңды тоңудан сақтау шараларын жүргізу қажет.
2. Жер асты және жер үсті суларын бұзу ашық әдіспен төгіп және дринаж арқылы топырақ ылғалдылығын төмендету. Бұл шаралар жұмыс басталмас бұрын 1,5-2 ай бұрын жасалады.
3. Жердің үстіңгі бетін жырту, қопсыту 0,5 м дейін, қыстың басында 1-1,5 қар жамылғыларын жасау.
4. Жылуоқшаулағыш , жылу сақтайтын материалдар мен алаңды жабу, жергілікті материалдарды қолдану қажет (полиэтиленді пленка, полиэтилен көбіктер).
5. Ыстық сумен, бумен , электр тоғымен от жағу арқылы (сумен, бумен, арнайы инелерді жерге кіргізу арқылы жүргізіледі).
6. Жерді электр тоғымен қыздыру, электродтармен, электрлерімен, электр пештермен жүргізеді. Бұл тәсіл көбінесе тиімсіз болып табылады. Сондықтан осы тәсілдердің ішіндегі ең тиімдісі, яғни барлық жағынан үнемді болуы тиіс.
Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік.
1. Жер қазу жұмыстарын жер асты коммуникацияларын орнықты жерлерде, тек жазбаша рұқсат қағазбен ғана жүргізіледі. Рұқсат қағазға сол қазылатын жердің жер асты коммуникацияларының техникалық қауіпсіздік жоспары тіркелуі қажет. Жұмыс бастағанға дейін коммунникациялар бар орындарға оны білдіретін белгілер орнату қажет.
2. Қазаншұңқырлардың, ұзын орлардың үйінділерінің маңайы құрылыс крандарының, автокөліктердің жүруіне, темір жолдың салынуын көтергіш қондырғыларды орнатуға тыйым салынады.
3. Жұмысшылардың қазаншұңқырлрдан, оларды өтуі үшін арнайы екі жағында ұстағышы бар ені 0,6 м болатын өткелдер жасау қажет.
4. Автокөліктерге топырақты тиеу тек қана машинананың артқы немесе жанын жүргізілуі мүмкін.
5. Қараңғы кезде , тиеу, топырақты арту кезінде арнайы жарықтандыру прожекторларын қолдану қажет.
6. Қопсыту кезінде жүргізушінің орны теміртормен қоршалу қажет.
7. Электрмен жерді еріту кезінде алаңды қоршап, бас инженер, бас энергетиктің қатысуымен орындалу керек. Электр монтерлар мен кезекшілігін ұйымдастыру.
8. Химиялық заттар мен жұмыс жасау кезінде арнайы киімдерін кию (брезитті киім, резеңке етік, қолғап).
9. Гидромонитормен жұмыс жасау кезінде судың ағу бағытына қарай жақындамау, 10 м қашықтықта су жабатын қондырғыларды орнату қажет.
10. Жұмысшыларға жұмыстық жағдай жасау жылы бөлмелер, киімдерін кептіру, демалыс бөлмелерін салу, ыстық тамақпен қамтамасыз ету, алғашқы көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру.
Бетон қоспасын дайындау және тасымалдау
Бетон қоспасын дайындау прцестері :
a. Қоймадан толтырғыш заттарды және цемент араластырғыш қондырғыға жеткізу.
b. Компаненттерді бөлек- бөлек дозалар мен өлшеу.
c. Араластырылған дайын қоспаларды төсеу орындарына жеткізу.
Бетон қоспасын дайындау кезіндегі ең негізгі операциялардың бірі, оларды құрайтын компоненттерді механикалық араластыру болып табылады. Кейбір жағдайларда, мысалы: көлемі аз құрылыс жұмыстарында бетон зауыттары жоқ аудандарда, жылжымалы араластырғыш қондырғылары қолданылуы мүмкін.
Қоспаның құрамын пайдалануына және оларға қойылатын талаптарға сай арнайы зертханада таңдайды.
Бетон қоспасын өндіру жұмыстары олардың жылжымалылығымен жайғасымдылығына байланысты сипатталады. Бетон қоспасы өзінің бір кемшілігін сақтап қалу қасиетін жайғасымдылық деп атайды. Бетон қоспасын бетон араластырғыштарда дайындау келесі топтарға бөлінеді:
1. Компанеттерді арту және дайын қоспаларды беруіне қарай:
a. Үздіксіз- қоспаны арту- түсіру үздіксіз орындалады;
b. Циклдық- жоғарыда аталған жұмыстар циклмен орындалады(арту→ араластыру→ түсіру). Бір цикл аяқталғанша келесі қоспаны дайындауға болмайды .
2. Араластыру тәсіліне қарай :
a. Гравитациялық бетон араластырғышта салынған компонеттер барабанда күрекшелер мен араластырылады. Бұл жерде жылжымалы бетон қоспалары дайындалады.
b. Мәжбүрлі бетон араластырғыштарда күрекшелер мен қатар жұдырықтар қоспаны араластырады. Бұл жерде аз жылжымалы қоспалар және қуысты жеңіл толтырғыштар мен қоспалар дайындалады. Бетонның беріктігі олардың араластыру уақытына байланысты болады. Сондықтан араластыру уақыты СПиП та анықталады. Мысалы: мәжбүрлік араластырғаштарда- 45 секунд, гравитациялық араластырғыштарды – 60 секунд.
Бетон араластырғыштардың материалдарды салу реті:
1. Жалпы құйылатын судың 15-20%құямыз;
2. Цемент;
3. Толтырғыш заттар;
4. Ары қарай керекті нормаға жеткенше су құйып дайындаймыз;
Бетон қоспасын тасымалдау. Бетон қоспасы өзінің жылыжымалылығын, біркелкілігін, маркасын сақтау үшін келесі шарттар орындалу қажет:
1. Бір ыдыстан екінші ыдысқа аудару;