Құрылыс орнының сипаттасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 20:17, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде елімізде көптеген мемлекеттің әр түрлі кәсіпорындарының салынуына құрылысшылардың қосып отырған үлесі зор. Құрылысқа республикамыздың жыл сайын өте мол қаржы жұмсалып келеді. Бұл қаржыларды ұтымды пайдалану, негізгі қорлардың сапалық құрлымын одан әрі жақсарту және өндірістік қуаттарды барынша жедел іске қосып, игеру керек. Құрылыс мерзімін елеулі қысқартып, құнын кеміті - құрылысшылар алдына қойып отырған маңызды міндет.

Работа содержит 1 файл

СЭЗиС-08 Акеева Айжан курсавой.doc

— 1.11 Мб (Скачать)


 

                                                     Кіріспе

              Мемлекетіміздің   экономикасын өркендетудің бағдарламасын жедел іске асыру, материалдық өндірістің барлық саласының дамуы, халық шаруашылығының белгілі нәтижеге жетуі күрделі құрылыстың қарқыны мен саласына байланысты.

              Қазіргі кезде елімізде көптеген мемлекеттің  әр түрлі кәсіпорындарының  салынуына құрылысшылардың қосып отырған үлесі  зор. Құрылысқа республикамыздың жыл сайын өте мол қаржы жұмсалып келеді. Бұл қаржыларды ұтымды пайдалану, негізгі қорлардың сапалық құрлымын одан әрі жақсарту және өндірістік қуаттарды барынша жедел іске қосып, игеру керек. Құрылыс мерзімін елеулі қысқартып, құнын кеміті - құрылысшылар алдына қойып отырған маңызды міндет.

              Бұл міндеттерді ойдағыдай шешу үшін күрделі қаржыны, шикізат және еңбек шығындарын азайту, индустрияландыру дәрежесін арттыру, құрылысты жоспарлау мен ұйымдастыруды жақсарту, құрылыс өндірісі технологиясын жетілдіру қажет.

              Аталған талаптарды іске асыруда құрылыс мамандарын әзерлейтін оқу орындардың үлесі мол. Бүгінгі күнде оқу орындардың алына қойылған жауапты міндет – білікті мамандар даярлау. Қазіргі кезде барлық оқу орындары жаңа, сапалы оқу жоспарлары мен бағдарлама арқылы мамандар даярлау жолына көшуде. Бұл салада құрылысшы мамандығын даярлау бағдарламасына көптеген өзгерістер енгізілген. Мысалы, « Құрылыс өндірісінің ұйымдастырылуы мен технологиясы » пәнінің мазмұнына көп өзгерістер енгізіп, курстық жобаға көп көніл аударылған. Студенттер аталған пәнді меңгеру үшін әр түрлі тақырыпқа  курстық жоба жасауға міндетті. Мысалы, оқылған пәннің тақырыптарына байланысты курстық жоба жер жұмыстары, тас қалау, тұтас құймалы бетон және темір- бетон құю, металл құрылымдары мен бөлшектерді құрастыру жұмытарына жасалады.

              Дипломдық жобалауда аталған жұмыстардың жобасы біріктіріліп кешенді түрде беріледі. Сондықтан дипломдық жоба студенттердің оқу мерзімінде алған білімінің қортындысы болып табылады. Курстық және дипломдық жобалауда, оқушылар көптеген арнайы оқулықтарды, құжаттар мен нұсқауларды басшылыққа алады. Ұсынылып отырған оқу құралының мақсаты – студенттерге курстық және дипломдық жобалауларда әдістемелік    көмек беру.

 

 

 

 

 

Құрылыс орнының  сипаттасы

Шымкент – Қазақстанның оңтүстігінде ежелгі қалардың бірі. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы. Тұрғыны 526,1 адам. Жерінің аумағы 300 км².

Шымкент қаласының экономикасы тез қарқынмен өсіп, ірі өнеркәсіп орталығына айналған. Қала орналасқан өңірдің климаты қоңыржай континенттік. Жылдық орташа температурасы шілдеде 24-26ºC, қаңтарда    4 – 6ºC. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 187 күнге созылады. Жауын шашынның жылдық орташа мөлшері 400 – 500 мм. Қар жамылғысының қалыңдығы 20 см. Шымкент тау етегі аймағындағы қуаң, сұр топырқты агроклиматтық  белдемде орналасқан.

Шымкент тұрғындарының негізгі бөлігі қазақтар, орыстар және өзбектер құрайды. 19 ұлттық мәдени орталық бар. Шымкентте 40 тан астам ірі өнеркәсіп жұмыс істейді. Түсті металлурги, машина жасау, химия, мұнай өңдеужәне жеңіл тамақ өнеркәсіптері жақсы дамыған.

Құрлыс материалдарын «Шымкентцемент» АҚ т.б ұсақ кәсіпорындар шығарады.

Қалада жалпы білім беретін 97 мектеп, 3 мемлекеттік университет, 6 кәсіби орта білім беру оқу орны, колледждер бар. Денсаулық сақтау мекемелерінен 10 емхана, 7 отбасылық – дәрігерлік амбулатория, әйелдер босанатн 2үй, диспансер, жедел дәрігерлік жәрдем көрсету, диагностикалық оратлықтар т.б қызмт көрсететін мекемелер бар. Мәдени және спорт меемелерінен Ж. Шанин атындағы қазақ драма театры, орыс драма театры, Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармония, 3 мәдениет үйі, С. Сейфуллин атындағы Халықтар достар үйі, 3 кинотеатр, 28 кітапхана т.б демалыс орындары жұмыс істейді. Қалада 100 спорт зал, 7 стадион, 5 жүзу бассейіні, 3 спорт кешені, балалар мен жасөспірімдердің 4 спорт мектебі бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрылыс өндірісінің сипаттамасы

 

              Жобаның тақырыбы: 1500 орындық сауда үйі

              Ғимараттың ені =30м;

   ұзындығы = 30м;

   биіктігі=10,5м;

              Іргетас -  құймалы ленталы;

              Сыртқы және ішкі қабырға – майда блокты;

              Ұстын- құрастырмалы темірбетон;

              Арқалық – құрастырмалы темірбетон;

              Төбе  және қабат аралық жабын – көпқусты құрастырмалы темірбетон;

              Баспалдақ – темірбетон;

              Шатыр – битумды мастикадағы 4 қабатты рубероид;

              Еден – линолеум, щитті паркет, керамикалық плита, бетонды;

              Терезе – 3 қабатты шыныланған;

              Сыртқы және қызмет көрсететін есіктер – ағаштан;

              Ең ауыр құрастырмалы элементтің салмағы – 6,7 т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жер қазу жұмыстары

              Жер қазу жұмыстары барлық ғимараттар, үймәреттерді салу құрылысында орындалады.

              Жер жұмыстары көп еңбекті қажет еткендіктен  мүмкіндігінше машиналар мен механизмдерді қолдану қажет.

              Механизмдерді қолдануға мүмкіндік жоқ жерлерде ғана қолмен қазу жұмыстары жүргізіледі.

              Жер қазу жұмыстарының түрлері: қазан шұңқырлар, катлаван, ұзын орларды қазу, аймақты және алаңды тік тегістеу, топырақты алдын ала қопсыту, су ағызу, су беру, сулардың деңгейін төмендету, жерді құрғату.

              Жер жұмыстарының көлемі мен сипаттамалары. Салынып жатқан құрылыс нысанының жобасына сай және олардың ерекшеліктеріне қарай анықталады. Мысалы: жер асты коммуникацияларына: су құбырлар, газ жүретін құбырлар және т.б жұмыстарға арналғант ұзын орларды қазу.

              Жер жұмыстарының түрлері.Жер құрылыс жұмыстары негізгі, қосалқы және дайындау жұмыстарынан тұрады.

              Дайындау жұмыстары- ағаштарды кесу, ағаш дінгектерін қазып алу, тастардан тазарту, өсімдіктерді шабу, тұрған үйлерді бұзу, жерді құрғату, сумен қамтамасыз ету, суларды ағызу, жолдар салу, геодезиялық жұмыстар.

              Қосалқы жұмыстар- уақытша қазан шұңқырлар мен катлавандарды орнату, сулар деңгейін төмендету,   топырақтарды жасанды түрде тығыздау.

              Негізіг жұмыстар – алаңдрды жоспарлау,  катлавандарды қазу, топырақты қопсыту , қайта тегістеу, катлавандардың түйін жоспарлау, тазалау, топырақтарды үюге тасмалдау.

           

 

 

Механизация құралдарын пайдалана отырып,

жер жұмыстарын жүргізу тәсілдері- экскаваторлар ,

скреперлер, бульдозерлер, экскаватор – драглайндар

 

               Құрылыста жоғарғы өнімділігінің арқасында  өте кең тараған біршөмішті экскаваторлар, олар жұмыс істеуіне қарай екіге бөлінеді: кері және тік күректі. Экскаватордың жұмыс істейтін алаңы және көлік құралдар жері қазым диді, ал оның жылжып отырып алған топырақ учаскесін өтіс деп атайды.

Тік күректі экскаваторлар өзінен жоғарғы деңгейдегі топырақты қазуға, көлікке артуға , қазан шұңқырлар мен оларды қазуға қолданылады.Сонымен қатар өзінен төмен деңгейдегі топырақты да қаза алады.

Кері күректі экскаваторлар  өзінің деңгейіндегі топырақты өңдеу үшін қолданылады. Топырақты екі әдіспен өңдейді:маңдайша және бүйірлі.

Экскаватор- драглайн – жұмсақ топырақты өңдеуге, өзендерді тазалауға, құм, қиыршық тастарды тиюге, қолданылады. Сонымен қатар ұзын орларды, қазан шұңқырларды, топырақты артуға қолданылады.

Бульдозерлер- топырақты тию, төсеу, тегістеу, екі метрлік үйіндерді жасау, 50-100м дейінгі арақашықтыққа дейін топырақты тасу, сонымен қатар қазан шұңқырларды, орларды жабуға қолданылады.

Скреперлер- топырақты қабаттап өңдеуге, тасымалдауға, каналдар мен бөгеттерді салғанда топырақты тасуға қолданылады.

 

 

 

Құрылыс жұмыстарын кешенді механикаландыру. Комплектті машиналар жинағын таңдау

 

              Жер жұмыстарын атқару процесі топырақты өңдеу, оны тасмалдау, иіндіге немесе атжалға салу және жер ғимаратын өңдеуден тұрады.

Жер жұмыстары технологиялық параметрлері бойынша өзара үйлестірілген машиналар жиынтығымен орындалады. Олар бір тасқын мен немесе бірнеше машиналар жиынтықтары мен орындалады және қатар немесе жүйелі істей алады. Әр жиынтықтардың жетекші машына ретінде экскаваторлар, скреперлер, бульдозерлер қолданылады.

Жинақ құрамының экскаватормен бірге көлік құралдары, қазан шұңқырдың түбін тазалау және үйіндідегі топырақты тегістеу үшін бульдозерлер, үйіндідегі топырақты таптау үшін тығыздағыш машиналар кіреді.

Скрепер жинағы топырақты өңдеу, ауыстыру және тегістеу үшін бір не бірнеше скреперлерден, қопсытқыштардан, скрепер толтыруын тездету үшін тығыздалған машиналардан құралады.

Бульдозер жинағы топырақты өңдеу, ауыстыру және тегістеу үшін бір немесе бірнеше бульдозерден тұрады және  топырақты қабаттап таптататын тығыздағыш машиналардан құралады.

Жұмыс  тәсілін және машиналардың үйлесімді жинақтарын таңдау топырақ түріне, үйінді мен ойманның шамасына, көлеміне, топырақ тасмалдау қашықтығына, құрылыс мерзіміне байланысты және бір жолата жұмыс өндірісінің әр түрлі нұсқауларының техника, экономикалық салыстыру нәтижесінде анықталады.

Әр нұсқаға жетекші машинаның типтік өлшемі таңдалады. Сонымен негізгі процесті үздіксіз орындау мақсатын қамтамасыз ету үшін қосалқы машинаның жалпы сменалақ пайдалану өнімділігі жетекші машынаның өнімділігіне тең немесе көбірек  болу керек. Мысалы: экскаватормен кешенді механикаландырылған өзі түсіргіш автомобильдерге  артып, ойманы өңделгенде үйіндідегі топырақты бульдозермен тегістеген кезде  және тығыздағышпен таптағанда осы талап келесі шарттарды орында тиіс:

                                     

               Мұндағы   - экскаватордың автотүсіргіштіктің, бульдозердің, топырақ тығыздағыш машинаның сменалық пайда өнімділігі  .

                 автотүсіргіштің, бульдозердің, топырақ тығыздағыш машиалардың саны. Жетекші және іріктелетін машиналарды таңдау алдыңғы технологияға сүйенен отырып және машина сипаттамаларын толық падалану және оларды орынды жүктеу арқылы анықтау керек. Қазан шұңқырды өңдеу кезінде екі машина қолданылады.

                Бірінші бульдозермен бір м дейін. Жердің қыртысын алады, сосын жобалау белгісіне дейін экскаватормен немесе драглайнмен өңдейді. Жер жұмыстарын жүргізу кезінде жетекші машина деп негізгі техникалық операцияларды орындайтын машиналарды айтады.

 

Топырақ шығарудың жабық әдістері. Су төгу. Су деңгейін төмендету

Топырақты шығарудың жабық әдістері жер асты коммуникацияларын және ғимараттың астынан өткізілетін өткелдерді жүргізу кезінде, ашық әдіспен жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік жоқ жағдайларда орындалады.

d=250мм  құбырларды 3-4м тереңдікте қазан шұңқырсыз жүргізу экскаватормен жерді өңдеуден үнемді болады. Мысалы: жер қазу жұмыстарының көлемі 6 – 10 есеге көбейеді. Жер қазудың жалпы әдістері тесу, бұрғылау, қысыммен итеру қондырғылары және жабдықтары арқылы жүргізіледі. d= 325мм дейін құбырларды жерге кіргізіп, оның ішіндегі топырақты алу арқылы жүзеге асады.

              Дренаж дегеніміз жер асты суларын төмендетуге , оларды жинауға, бұруға, топырақты құрғатуға арналған жасанды құбырлар. Дренаждар ашық және жабық болып екіге бөлінеді.

              Жабық дренаждар арнайы экскаватормен қазылып, түбіне керамикалық құбырлар  салынып, үстіне қиыршық  тас, құм төселіп жабылады.

              Ашық дренаж құрылыс жұмыстарын орындап біткенше қолданатын арықтар. Құбырларда су жиналу үшін арнайы тесіктер қалдырылады.

Жер жұмыстарында гидротехникалық

әдістерді қолдану

              Гидротехникалық әдіс топырақты сумен өңдеу, шайынды суға айналдырып, тасымалдауға қажетті болатын жағдайда қолданылады. Бұл әдіс құмды, тығыздығы төмен топырақтарды тасмалдауға қолданылады. Бұл әдісті қолдану үшін гидромонитор механизмі қолданылады. Жер снаряды тоғандардан, көлдерден, өзендерден қажетті материалды алу үшін қолданылады.( құм, қиыршық тас т.б.)

              Гидромеханикалық әдіс гидротехникалық құралдарда жол құрылысында және құрылыста  үлкен алаңдарды өңдеуге қолданылады.

              Жетістіктері: қондырғыларының қуатының көптігі , үздіксіз жұмыс істеуі, кешенді механизациялау,еңбек сыйымдылығының төмендігі, салынатын ғимараттың сапасы және прцестерді автоматтандыру.

              Гидромонитормен өңдеу- топырақты судың үлкен қысымымен жуу арқылы алады. Шайылған топырақ шайындылары бассейінге түскен соң, арнайы құбырлар мен немесе арықтар мен керекті орындарға жеткізеді. Топырақты гидромонитормен өңдеу кезінде биіктігі 20м жоғары болатын топырақ үйінділеріне гидромониторды бағыттап астын кеулеп қазып, құлатып сосын оны судың қысымымен шаяды.

Информация о работе Құрылыс орнының сипаттасы