Құқықттық мемлекет және азаматтық қоғам

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 09:17, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың зерттеу пәні. Мемлекет және құқық теориясының пәні - өте күрделі ұғым. Осы пәнді толық зерттеу үшін төмендегі сұрақтарға аса көңіл бөлу қажет:
мемлекет және құқықтың мәні.
кез келген типті және кез келген жүйедегі мемлекет және құқықтың жалпы сипаттары.
мемлекет және құқық пайда болуының жалпы заңдылықтары.
мемлекет және құқықтың типтері мен формалары (нысандары).
мемлекет және құқықтың дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары, принциптері, механизмдері.
мемлекет және құқықтың бір-бірімен және басқа қоғамдық құбылыстарымен байланыс етудің жалпы заңдылықтары.

Содержание

Кіріспе
І. Мемлекет және азамат құқығы
1.1 Мемлекет түсінігі
1.2 Мемлекеттің түрлері.
ІІ Құқықттық мемлекет және азаматтық қоғам
2.1 Азаматтық құкық туралы ұғым
2.2 Азаматтық құқық туралы түсінік және оның қайнар көздері
2.3 Азаматтық – құқықтық мәмілелері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Құқық теориясы курсовая.doc

— 365.50 Кб (Скачать)

   Құқықтық   мемлекет   теориясы  туралы  ойлар  Ертедегі  Грецияның,  Римнің,  Индияның,  Қытайдың  және  басқа  елдердің  юристерінің,  ғалымдарының,  еңбектерінде  басталған. 

   Белгілі  ертедегі  грек  математигі  және  саяси  қайраткері  Пифогордың  ойынша  барлығына  бірдей  жауыздыққа  заңсыздықты,  биліксіздікті,  анархияны  жатқызған, ал  жоғарғы   жақсылыққа  - заңдарды  сақтауды  атаған.  Платонның  пікірінше  қай  жерде  болмаса,  мемлекттің  жойылып  кетуінің  алғы  шарттары  екенін  айтқан,  және  ең  жаман  мемлекеттік  құрылымға  заңсыздықтың  үстемдігі,  бассыздық  және  мәжбүрлеу  деген.  Осы  идеяларға  ұқсас  идеяларды  Аристотель де  айтқан.  Ол  жеке  адамның  құқығын  жоқтаушы  ретінде  жекеменшікті  қолдаған,  қайда  болмасын  заңның  билгі  жоқ  болса,  онда  қандай  нысанда  болмасын  мемлекттік  құрылымға  орын  жоқ – деген.  Көне  Грек  тарихшысы  Полибий  билікті  бөлуді  ұсынған, яғни  бір  билік  екіншісінен  артық  жағдайда  болмас  үшін – деген.  Осы  көзқарастарға  сәйкес  ертедегі  Рим  филосовтарының  және  қоғам  қайраткерлірінің  ойлары  дәл  келеді.  Мысалға Цицерон  мемлекетті  бір – бірімен  құқық  мәселелері  бойынша  байланысты  келісімге  келген  адамдардың  бірлестігі  бойынша  құрылған  “Жалпы  құқықтық тәртіп” деген.  Құқық  оның  ойынша  сана  мен  адалдыққа  негізделуі керек;  мұнда  ол,  адамның  құқығы  мен  бостандығы тек өзіне табиғат арқылы  жататындығына сенім білдірген,  яғни  ол  ешкімен сыйланбайды және  белгіленбейді.  Ертедегі  Римдік  жазушылардың  бірі  Сенекидің ілімі бойынша барлық  адамдар бір – бірімен тең,  себебі:  олар  тағдырдың билігінде.  Сондықтан құлдар  да  сондай  адамдар және  барлық    басқалар,  оларға  тең ретінде қаралуы керек деген. Сондай  гуманистік  идеялар бара  бара,  соған сйа мемлекеттік құқықтық  көзқарастарға айналып Көне  Индияда,  Қытайда да  дамыған.  Мысалы,  мемлекте  тәртіп  болуы  міндетті  және ол  заңға  негізделуі  қажет;  бастаушы,  егер  кәрілікке  дейін  өмір  сүргісі  келсе  қауыптілікке  түспей  адал  болуы  міндетті  деген.[12]

   Келтірілген  мемлекеттік  құқықтық  идеялар  құқықтық  мемлекет  теориясыны  әрі  қарай  дамуындағы  алдыңғы  негіз  болды. XVII – XX  ғасырларда  ол  үшін өте  көп  жағдайлар  жасалды. Ағылшын  философы – материалист  Д.Ж.Локк  биліктің  жеке  бөліктерімен  бір – бірімен  әрекеттестік  принципін  бір  адамның  озбырлықпен  басып  алуды  болдырмау мақсатында жасады.  Артықшылық  заң  шығару  билігіне  беріледі,  бірақ  ол  абсолюттік   емес,  атқарушы  және  сот  оған  белсенді  ықпал  етеді.  Оның  ойынша  тирандық  қауыптен  сақтану  үшін  халық  болып,  әділетсіздікке  қарсы  күш  қолдану керектігін  айтқан.  Ол  халықтың  егемендігін  мемлекеттің  егемендігінен  жоғары қойған.   Француз философы – ағартушысы  Монтеське  бтліктің  бөліну  теориясының  логикалық  аяқталғанға  дейін  жеткізді.  Оның  айтқанындай  мемлекеттік  басқарудағы  тұрақтылық жетік,  тек  бірін – бірі  тежеу  мен  тепе – теңдік негізінде  мүмкін.  Ұлы  неміс  философы И.Кант  мемлекетің әр уақытта  құқыққа  сүйенуінің  қажет  екендігін  бірнеше  рет  қайталап  айтқан.  Егер  мемлекет  бұл  принциптен  ауытқыса  онда ол  өз  азаматтарының сыйлауы мен сенімінен айырылады деген. 

   Құқықтық  мемлекет  идеялары  қазіргі  кездегі  сырқы  елдер  заңгерлерінің,  политологтарының  және  социологтарының  еңбектерінде  жарияланып  дами  түсті.  Сонымен  бірге  батыс  мемлекеттерінің  заңдарына  бекітіліп,  Конституцияларына  кірді.  Мысалы,  Испания  Конституциясы (1 - бабында) былай  жария  етеді:  Испания  бұл “әлеуметтік  құқықтық  және  демократиялық  мемлекет,  жоғары  бағалылығы  бостандық, адалдық  теңдік  және  плюрализм”(А.Т).

   Құқықтық  мемлекет  теориясының  дамуына  үлкен  еңбекті  отандық  ғылымдар  сіңірді.  Олар  өзінің  негізгі  көңілдерін  құқықтық  мемлекеттің  сипатты  белгілеріне  ғана  бөлмей,  көбірек  маңызды  олардың  қалыптасу  жағдайына  қарайды.  Дегенмен,  қажетті  түрде   айтып  өтетініміз,  қайта  құруға дейінгі  кезде  құқықтық  мемлекет  концепсиясы  ғылыми  жұмыстарда  тек  сын  көзбен  қаралды.   Ол  кезде  бұл  концепсияны  буржуазиялық  билікті  идеялизациялау,  батыс мемлекеттерін  қоғамның  барлық  қабаттарының  қорғаушысы,  адалдықтың,   заңдылықтың  қорғаны  ретінде  дәлелденді,  бірақ  ол  әруақытта  ондай  болған  жоқ.  Мұнда,  жалпы адамдық  бағалылық  түсіп  қалды,  себебі  бұл  теорияда  ол  өз көрінісін  тапқан  болатын,  бір  адамның  билігінде  оны  қолдану  факторы  есеке  алынбады  және  мемлекеттің  әр түрлі  қоғам  аясына  және  жекелеген  өмірге шектен  тыс  араласуы  айтылады.

   Пікірлер  плбрализмі  мен  идеология   құқықтық  мемлекет  идеясын  әртүрлі  қабылдауға  болады,  дегенмен,  қажетті  түрде  мойындалатыны,  оның  негізгі  мазмұны әр уақытта  жалпыадамдық  бағалықты  және мүдделерді  көрсеткендігі  болды.[14]

   Құқықтық  мемлекетті  сипаттай  отырып,  еске  алатынымыз,  арнайы  ерекшелігіне  қарамастан,  ол  мемлекет  болып  қалады,  яғни  басқа  кез – келген  мемлекет сияқты,  мынадай  жалпы  белгілері  мен  ерекшелік  белгісі  бар,  мысалы,  көпшілік  биліктің  болуы,  арнайы  басқару,  мәжбүрлеу,  егемендік  апаттарының  барлығы т.б.  құқықтық  мемлекетті  айыру  белгілеріне  мыналар  жатады.

   1.  Ең  алдымен,  құқықтық  мемлекет  азаматтық  қоғамның  өмір  сүруін  болжайды.

   Мемлекет  азаматық  қоғамның  жөнді  өмір  сүруін  қаматасыз ететін  құрал  ретінде  қаралады,  ол  жалпы  мемлекеттік  билік  проблемасын  шешу  арқылы  іске  асырылады.  Азаматтық  қоғам  мемлекетке  қарсы  салмақ  сапасында  көрінеді,  өзінің  басты  мақсаты  мемлекеттің  әрекетін  бақылап,  яғни олардың заңдылық  қалпынан  шықпауын  қадағалау,  заңмен  рұқсат  етлген  шараларды  қолдану,  яғни  бұзылған  құқықты  орнына  келтіру  үшін  мемлекетті  мәжбүрлеу.  Қаралып  отырған  белгі  белгілі  афоризмге  көрсетілген(“Не человек существует  для государства6  а государства для человека”) - адам  мемлекет  үшін  өмір  сүрмейді,  мемлекет  адам  үшін.

   2.  Биліктің  бөлінуі.  Биліктің  бөліну  теориясы  бойынша,  мемлекетің  өз  жөнінде  қызмет  жасауын   қамтамасыз  ету  үшін  онда  бір – бірінен  салыстырмалы  тәуелсіз  бтлік  болуы  қажет   заң  шығару,  атқару  және  сот.  Ол теорияның  маңызы  сонда,  бір  адамның  не  органның  қолына  биліктің  шоғырланбауын  болғызбау  үшін  қажет.  Әрбір  билік  өзінің  функциясын  орындағанда  басқа  биліктер  оны  орындамайды.   Заң  шығарушы  билік   заңдар  қабылдайды,  атқарушысы – олардың орындалуын  қамтамасыз  етеді.   Сот – соның негізінде шешеім  шығарады,  сонымен бірге,  сотқа заң    шығарушы  орган үкіметтің   функциясына араласуына  құқығы  жоқ не  сотқа ұйғарым беруге;  үкімет  заңдардың  орындалуын  тоқтатуға  және  со  органдарының  қызметіне  араласуға  құқығы  жоқ;  соттың  төрағасы  сотқа заң  шығарушы  және  үкіметті  тарта  алмайды.

   Биліктің  бөліну белгісі  өмірлік  қабілетті  болуда, егер  ол  тежеу  жүйесі  мен  тепе – теңдік  пен  қамтамасызө  етілсе.   Мысалы,  АҚШ – та биліктің  бір  бөлігінің  екіншісіне  мынадай  ықпалы  алдын – ала  белгіленген.   Презтдентке  Конгреспен  қабылданған  заңдарға  вето  қоюға  құқық  берілген.   өз  жағынан  вето тоқтатылады,  егер  заңның жобасын  қайта  қарағанда   ол  Конгрестің  әр  палатасынан  депутаттардың  2/3  дауыс  берсе.  Сенат  Президентпен   тағайындалған  үкіметтің  мүшелерін  бекітеді.   Егер  Президент   қылмыс  жасаса,  Сенат  соттың  ролін  атқарып,  импечмент  мәселесін  шешеді. Сенатың күштілігі төмендейді,  егер  оның  төрағасы  вице – президент болса,  себебі  ол  дауыс   беруге  сонда қатынасады  егер дауыстар  бірдей  бөлінсе.  Конституциялық  бақылауды   АҚШ – тың жоғарғы соты  іске  асырады.  Мұндай  жүйе  бір  биліктің   екіншісін  озбырлықпен  басып  алуға жолды  жабады.   АҚШ – тың  200 жылдық  тарихында  бемократиялық басқару жүйесін  құртуға  арналған  бірде – бір  ұиын  қауіп   туған  жоқ.

   3. Заңның   үстемділігі.  Бұл белгі бірде – бір мемлекеттік орган,   қызметтегі  адам,  ұжым  заңға  бағыну  міндетінен  құтылмайды  дегенді  көрсетеді.   Мемлекет  заңды  нормаларға  бағына  отырып,  құқықтық  бір  субъектісіне  айналады.  Мемлекет  пен  жеке  адамның арасындағы  құқықсыз,  теңдіксіз  құқықты,  құқықтық   мемлекетте болмайды.  Қандай  болмасын  мемлекеттік  орган  не  қызметтегі  адам  құқықтан  шығып,  өзін  адамдардан доғары  қойса,  ондай  жағдай  құқық  бұзушылыққа  жатады.

   Заңның  үстемділіг  дегеніміз – табиғат  құқық  туралы,  мемлекетің  заң  шығаруға  құқығы  жоқ,  сонымен қатар адамның табиғи  құқығын қамтамасыз  ететін  барлық  заңдарды  мойындау  қажет.

   Сайып  келгенде  қаралған  белгінің  күшіне сай заңның  ең  жоғарғы  күші  бар.   Барлық  қосымша  актылар  міндетті  түрде  соған  сай  келуі  керек.  Заңды  қосымша  заңдар  актыларымен  ауыстыруға  және  оған  заңдармен  алдын – ала  белгіленбеген  ойдың  мәнін  кіргізуге болмайды. 

      4. Азаматтардың  құқығы  мен   бостандығының  шындығы.  Құқықтық  мемлекетте  аазаматтардың  құқығымен  еркіндігі  тек  жарияланып,  қойған  мемлекетпен  кепілденген.  Жоғарыда  айтылғандай ,  ондай  кепілдіктерге  құқық  пен  еркіндікті  тежеуге  мүмкін  жерлерде  Конституциямен  жарияланған  құқық  пен  еркіндікті  талдайтын  заңдарды  қабылдау  арқылы жағдайлар жасау. [14]

   5. Мемлекет пен  жеке  адамның   бір – біріне  жауапкершілігі.  Құқықтық  мемлекетте  азаматтар   мемлекет  алдында  жауапты,  сол  сияқты  мемлекетте  өздерінің   органдары  және  қызмет  адамдары  арқылы  азаматтардың  алдында   жауапты.

   6.Саяси   және   идеологиялық  плюрализм.  Құқықтық мемлекет  көптеген   сяаси  ұйымдарсыз,  партияларсыз  және  оппозицияларсыз  өмір  сүруі  мүмкін емес.   Плюрализм   жағдайында  қызмет  істеп,  әртүрлі   әлеуметтік  күштер,  билік   үшін  мәдениеттілік  жолмен  күрес  жүргізеді.  Идеологиялық  плюрализм  олардың  өздерінің  саяси  пікірлерін  еркін  көрсетуге,  өздерінің  идеологиялық  концепсисын  жариялап  үгіт  жүргізуге  жағдайлар  жасайды.  Саяси  және идеологиялық  плюрализм  қоғамдағы  демократизмнің  бейнесі, қоғамның  әрбір  мүшесіне  қай  партияға  идеологиясына жататындығын  өзі  шешуге  мүмкіндік  береді.

   Айтылғаннан  басқа  да  белгілер  және  іздері  бар,  олар  жеткілікті  көп  және   олар  әртүрлі(экономиканың  көпсалалық  белгісін  бөліп  айтады,  мемлекетті  экономикалық аяға   араласпауын т.с.с.).  жиынтығында  олардың  барлығы  құқықтық  мемлекеттің  мәні,  мазмұны,  мақсатыы  және  керектігі  жөніде  жалпы  толық  түсінікті  береді.

     Құқықтық  мемлекет  дегеніміз   қоғамда  заңның  үстемдігін қамтамасыз ететін шын мәніндегі конституциялық мемлекет. Ол жеке адамның саяси – заңды құқығын жан – жақты қорғауды қамтамасыз етеді, яғни мемлекет тарапынан болатын зорлық – зомбылықтан, ар – намысты таптаудан, билік тұрғысынан болатын күш көрсетуден қорғайды. Жеке адам мен билік арасындағы қарым – қатынастарды «қоғамдық келісім» түріндегі конституциямен реттейтін және жеке адам мен қоғам мүддесін қорғайтын, құқық принциптеріне негізделіп құрылған мемлекеттің түрі. Мемлекетте заңның шын мәнінде бәрінен жоғары тұруы, оны орындау барлық адамдар мен мемлекеттік органдар, мекемелер үшін міндетті шарт екендігінде.

  Заң алдында барлық азаматтар тең  және олар бірдей жауап беруі керек. Құқықтық мемлекет адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету үшін жағдай жасаушы саяси билік ұйымы. Мемлекеттік билік құқықты пайдалана отырып, құқық бұзушылыққа жол бермейді. Жеке адамдар арасында құқықтық ынталандыру тәртібін құрайды. Заңмен тыйым салынғаннан басқаның барлығына рұқсат етіледі. Бұл принцип құқық субъектілерінің бәріне тән. Әсіресе, адамдарға, заңды тұлғаларға, шаруашылық субъектілеріне т.б.[15]

   Құқықтық  мемлекеттің мынадай жалпы белгілерін бөліп көрсетеміз:

  1. конституциялық тәртіпке сай биліктің жоғарғы органы қабылдаған заңның жоғары тұруы;
  2. биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот буындарына бөлінуі;
  3. адам және азаматтың құқықтық қорғалуы;
  4. заң және құқықтық бірлігі;
  5. мемлекет пен жеке адамның теңдей жауапкершілігі;
  6. азаматтық қоғамның орнауы;
  7. қоғамда құқықытық сана және құқықтық мәдениеттің жоғары болуы;
  8. құқықтық мемлекетті қамтамасыз етудің құралы мен моделі ретінде соттардың тәуелсіздігі;
  9. антимонополиялық құрылымдардың күшеюі;
  10. мемлекеттің ішкі заңдарының халықаралық құқық прициптері мен нормаларына дәл келуі;
  11. мемлекеттік билік жүйесінің құқығына және құқықтық ұйымдастырылуына заңдардың сай келуі.

   Құқықтық  мемлекет туралы идея ежелгі дәуірде-ақ пайда болған.

   Құқықтық  мемлекеттің элементтері мен  соған сәйкес идеялар бірте –  бірте қоғам дамуына сай қалыптасты.

  Ежелгі  грек архонты Солон барлық азаматтар үшін заңның билігі туралы, адамның табиғи құқықтары мен мемлекет заңдарының арақатынасы жөнінде Аристотель мен Цицерон да жазып қалдырған. Цицерон «Сот – сөйлейтін заң, ал заң тілсіз сот», «Заңдар – билік басындағылардың бұйрықшысы, билік басындағылар – халықтың әміршісі» деген ойларын «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы» ғылыми трактаттарында баяндады. Ежелгі Римде құқықтық мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі – билікті бөлу туралы бастамалар жасалды. Құқықтық мемлекет туралы ойлар Платонның «Атлантида туралы» әңгімесінде, орта ғасырда Т.Мордың утопиясында, Низамидің «Ескендір – нәме» поэмасында, қазіргі кезде Н.Рерихтың «Шамбале туралы» армандарында сипатталады.[16]

Информация о работе Құқықттық мемлекет және азаматтық қоғам