Құқықттық мемлекет және азаматтық қоғам

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 09:17, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың зерттеу пәні. Мемлекет және құқық теориясының пәні - өте күрделі ұғым. Осы пәнді толық зерттеу үшін төмендегі сұрақтарға аса көңіл бөлу қажет:
мемлекет және құқықтың мәні.
кез келген типті және кез келген жүйедегі мемлекет және құқықтың жалпы сипаттары.
мемлекет және құқық пайда болуының жалпы заңдылықтары.
мемлекет және құқықтың типтері мен формалары (нысандары).
мемлекет және құқықтың дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары, принциптері, механизмдері.
мемлекет және құқықтың бір-бірімен және басқа қоғамдық құбылыстарымен байланыс етудің жалпы заңдылықтары.

Содержание

Кіріспе
І. Мемлекет және азамат құқығы
1.1 Мемлекет түсінігі
1.2 Мемлекеттің түрлері.
ІІ Құқықттық мемлекет және азаматтық қоғам
2.1 Азаматтық құкық туралы ұғым
2.2 Азаматтық құқық туралы түсінік және оның қайнар көздері
2.3 Азаматтық – құқықтық мәмілелері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Құқық теориясы курсовая.doc

— 365.50 Кб (Скачать)

   Бүгін Ресейдің арнайы идеологиясында бірінші  орынға жалпыадамдық бағалылық қойылады, сондықтан мемлекетті тағы да “барлығы және барлығы үшін” деп анықтағылары келеді. [3]

   Сонымен бірге, мемлекеттің мәнін қысқа  таптық тәсіл ретінде және “жалпыадамбаласылық” деп анықтау біржақтылық болады. Жалпыадамдықтың бағалаушылар бір анықтамадан қашып екінші қателікке ұшырасуда. Мемлекетті анықтауда нақты өмірдегі оның таптық және таптық емес, адамдық белгілері есепке алуы қажет.

   Мемлекеттің мәнін терең жан-жақты түсіну үшін, оның белгілерін білу керек, яғни мемлекетті, мемлекеттік емес институттар мен жалпықоғамдық ұйымдардан айыратын.

   Мемлекеттің белгілеріне жататындар:

  1. Мемлекет- барлық қоғамның саяси ұйымы, яғни оның жәй ғана бөлігіне жатқызуға болмайды. Мемлекеттің тұрғындарын (республикадағы) азаматтар, не қол астындағылардан (монорхиядағы) тұрады, дегенмен әлеуметтік бөліншілік алдын-ала белгіленеді. Мұнда шет елдердікі, қашып жүргендер, азаматтығы жоқтар кірмейді. Көптеген елдердің конституцияларына сай мемлекеттің тұрғындары халық болып есептеледі.
  2. Көпшілік билік, қоғамнан жоғары тұрады және оның билеушілерге және бағынушыларға бөлінуін болжайды. Көпшілік билік -  деп билік аппаратын және ерекше қатпардағы адамдардан тұратын басқаруды атайды. Ол адамдар өз қызыметтерін сайлану, тағайындау, мұрагерлік арқылы алады. Қандай мемлекетте болмасын билік аппартымен қатар мәжбүрлеу аппараты болады, олар да көпшілік биліктің элементтеріне жатады. Олар ерекше қарулы жасақтардан: әскер, полиция, барлаудан, сонымен бірге мәжбүрлеу мекемелерінен тұрады (абақтылар, лагерлер т.б.). Көпшілік билік әр уақытта және барлық мемлекеттерде ең алдымен үстемдіктегі ортаның мүддесін көздеген.
  3. Тұрғындардың аумақтық бөлінуі. Қандай болмасын мемлекет тек белгілі аумақтарда ғана өмір сүреді және қызмет жасайды. Мемлекеттің аумақтары әкімшілік-аумақтық бөліктерден тұрады: округтер, провинциялар, жерлер, облыстар, графтар, райондар. Олардың мақсаты – мемлекеттік билікті және басқаруды өздері тұрған аумақтарда ұйымдастыру.
  4. Суверенитет. Мемлекеттік (суверенитет) егемендік дегеніміз, елдің ішіндегі мемлекеттік биліктің үстемдігі және оның сыртқы саяси ортадан тәуелсіздігі. Үстемділік дегеніміз, мемлекеттің өз еркімен қоғамдағы жалпыға міндетті тәртіп жолын, белгілеу бір ғана құқықтық тәртіпті, лауазымды адамдардың, азаматтардың құқығы мен міндетін, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың міндеттерін қамтамасыз ету. Тәуелсіздік осы мемлекетті халықаралық бірлестікте халықаралық қатнастардың субъектісі ретінде мойындауы және басқа мемлекеттердің тәуелсіз мемлекеттің ішкі жұмыстарына араласпауы.
  5. Салықты белгілеу – көпшілік билікті асырауға және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қажетті азаматтардан және заңды тұлғалардан ұсталатын міндетті төлемдер.

   Мемлекеттің жоғарыдағы, өзінің айырмашылығын көрсететін белгілерден басқа, өзінің рәсімдері  бар (Ту, герб, әнұран) дәстүрлі, еске алатын күндері бар.

   Қорыта  келіп, мемлекетті былай анықтауға  болады, қоғамның саяси ұйымы, көпшілік билікке сүйенуші, таптық және жалпыадамдық мақсаттарды белгілі аумақтарда орындау үшін қажетті ұйым.

   Мемлекет  – ру-тайпалық құрылыс ыдырап, қоғам ішінен көсемдер мен оның айналасындағылар бөлініп шығып, қоғамның әлеуметтік жіктелісі тереңдеп, шаруашылық байланыстар кеңейген кезде қоғамдағы қатынастарды реттеу үшін пайда болған құбылыс. Қазіргі уақытта мемлекетті анықтауда плюрализмге жол берілген. «Мемлекет» ұғымы кең мағынада жоғарғы мемлекеттік билік және басқару органдары бар,белгілі бір аумақта орналасқан ел, қоғам, халық ретінде түсіндіріледі. Сөйтіп, мемлекет дегеніміз саяси аумақтық басқару және күштеу аппараты бар, көпшілік биліктің тәуелсіз саяси ұйымы. Мемлекет бүкіл қоғамды қамтый отарып қоғамның ішінде де, басқа сыртқы мемлекеттермен де қызмет атқарады. Мемлекет-ерекше қоғамдық құбылыс. Сондықтан, оны рулық құрылыстағы әлеуметтік биліктен мына белгілері бойынша ажыратамыз:

   1.Көпшілік билік барлық мемлекет аумағындағы тұрғындарға мемлекет  атынан жүргізіледі. Бұл көпшілік саяси билікке басқару және билік органдары жатады. Қоғамды басқарудың арнаулы аппараты болады. Бұл күштеу аппаратына-сот, прокуратура, ішкі істер органдары т.б. және жазалау шараларын іске асыратын органдардың (әскер,түрме) болуы. Мемлекеттегі басқару аппаратына байланысты ерекше адамдар тобы пайда болады.

   Жоғарыдағы  аппараттар жалпы қоғамның мүддесін емес, нақты бөлініп шыққын таптың, әлеуметтік топтың т.б. мүдделерін қорғайды.

   2.Тұрғындардың  аумаққа бөлінуі және сол аумақ  ішінде көпшілік биліктің іске  асырылуы. Кез-келген мемлекеттің  өз аумағы болады. Соған байланысты  сол аумақта тұрған тұрғындар  сол мемлекетке қарайды. Мемлекет  олармен қарым-қатынастарын реттеп  отырады.

   Бұл мемлекет аумағындағы басқаруды  мемлекеттік билік іске асырады. Мемлекет өз аумағындағы тұрғындарды  өз билігі арқылы қорғап,қолдап отырады.

   3.Мемлекеттің  егеменділігі. Мемлекеттің халықаралық  қатынастарда басқа мемлекеттерге  тәуелсіздігі. Мемлекеттегі жоғарғы билік сол аумақтағы тұрғындар үшін жалғыз билік көзі. Мемлекеттік билік заңнан тыс кез-келген билікті танып не өзгерте алады.Сол үшін оның күштеу құралдары мен әдістері болады.[5]

   Мемлекеттік биліктің біртұтастығын көрсететін біртұтас мемлекеттік органдар жүйесі болады. Мемлекеттік билікте өз істерін өз бетінше ешкімнің қол сұғуынсыз өзі шешеді.

   4.Құқық  және заңдардың болуы. Мемлекет  құқықсыз өмір сүре алмайды.  Мемлекет пен құқықты бір-бірінен  ажырата алмаймыз. Кез келген  мемлекет өзінің нормативті-құқықтық актісімен мемлекеттік билікті бекіте отырып, мемлекеттік саясатты іске асырады. Құқық саясатты заңдандара отырып, демократиялық құқықтық мемлекетті қалыптастырады.

   Тек мемлекет қана жалпыға міндетті нормативті актілерді: заңдарды, бұйрықтарды, қаулыларды т.б. қабылдай алады.

   5.Салық  және салық жүйесінің болуы.  Мемлекет тұрғындарының кірісінен  қайтарымсыз алынатын салықтар  мен әртүрлі алымдардың алынуы. Мемлекет салықтар мен алымдар  арқылы мемлекеттік аппаратты  ұстайды, көпшілік саяси билікті  қамтамасыз етеді және қоғам үшін пайдалы еңбекке жұмсайды.

   Осы белгілеріне қарап мемлекетті қоғамдық ұйымдардан ажыратамыз. Мемлектті тәуелсіз көпшілік билігі бар, белгілі бір  аумақта қоғамды басқаратын, қоғамдық пайдалы қызметті атқарушы және мемлекеттік  саясаттың орындалуын қамтамасыз ететін аппараты бар, жалпыға міндетті заңдар мен актілер шығарушы саяси ұйым ретінде танимыз.  

   1.2 Мемлекеттің түрлері. 

   Мемлекет  – ру-тайпалық құрылыс ыдырап, қоғам  ішінен көсемдер мен оның айналасындағылар бөлініп шығып, қоғамның әлеуметтік жіктелісі тереңдеп, шаруашылық байланыстар кеңейген кезде қоғамдағы қатынастарды реттеу үшін пайда болған құбылыс. Қазіргі уақытта мемлекетті анықтауда плюрализмге жол берілген. «Мемлекет» ұғымы кең мағынада жоғарғы мемлекеттік билік және басқару органдары бар,белгілі бір аумақта орналасқан ел, қоғам, халық ретінде түсіндіріледі. Сөйтіп, мемлекет дегеніміз саяси аумақтық басқару және күштеу аппараты бар, көпшілік биліктің тәуелсіз саяси ұйымы. Мемлекет бүкіл қоғамды қамтый отарып қоғамның ішінде де, басқа сыртқы мемлекеттермен де қызмет атқарады. Мемлекет-ерекше қоғамдық құбылыс. Сондықтан, оны рулық құрылыстағы әлеуметтік биліктен мына белгілері бойынша ажыратамыз:

   1.Көпшілік  билік барлық мемлекет аумағындағы  тұрғындарға мемлекет  атынан  жүргізіледі. Бұл көпшілік саяси билікке басқару және билік органдары жатады. Қоғамды басқарудың арнаулы аппараты болады. Бұл күштеу аппаратына-сот, прокуратура, ішкі істер органдары т.б. және жазалау шараларын іске асыратын органдардың (әскер,түрме) болуы. Мемлекеттегі басқару аппаратына байланысты ерекше адамдар тобы пайда болады.[6]

   Жоғарыдағы  аппараттар жалпы қоғамның мүддесін емес, нақты бөлініп шыққын таптың, әлеуметтік топтың т.б. мүдделерін қорғайды.

   2.Тұрғындардың  аумаққа бөлінуі және сол аумақ  ішінде көпшілік биліктің іске асырылуы. Кез-келген мемлекеттің өз аумағы болады. Соған байланысты сол аумақта тұрған тұрғындар сол мемлекетке қарайды. Мемлекет олармен қарым-қатынастарын реттеп отырады.

   Бұл мемлекет аумағындағы басқаруды  мемлекеттік билік іске асырады. Мемлекет өз аумағындағы тұрғындарды өз билігі арқылы қорғап,қолдап отырады.

   3.Мемлекеттің  егеменділігі. Мемлекеттің халықаралық  қатынастарда басқа мемлекеттерге  тәуелсіздігі. Мемлекеттегі жоғарғы  билік сол аумақтағы тұрғындар  үшін жалғыз билік көзі. Мемлекеттік билік заңнан тыс кез-келген билікті танып не өзгерте алады.Сол үшін оның күштеу құралдары мен әдістері болады.

   Мемлекеттік биліктің біртұтастығын көрсететін біртұтас мемлекеттік органдар жүйесі болады. Мемлекеттік билікте өз істерін  өз бетінше ешкімнің қол сұғуынсыз өзі шешеді.

   4.Құқық  және заңдардың болуы. Мемлекет  құқықсыз өмір сүре алмайды.  Мемлекет пен құқықты бір-бірінен  ажырата алмаймыз. Кез келген  мемлекет өзінің нормативті-құқықтық  актісімен мемлекеттік билікті  бекіте отырып, мемлекеттік саясатты іске асырады. Құқық саясатты заңдандара отырып, демократиялық құқықтық мемлекетті қалыптастырады.

   Тек мемлекет қана жалпыға міндетті нормативті актілерді: заңдарды, бұйрықтарды, қаулыларды т.б. қабылдай алады.

   5.Салық  және салық жүйесінің болуы. Мемлекет тұрғындарының кірісінен қайтарымсыз алынатын салықтар мен әртүрлі алымдардың алынуы. Мемлекет салықтар мен алымдар арқылы мемлекеттік аппаратты ұстайды, көпшілік саяси билікті қамтамасыз етеді және қоғам үшін пайдалы еңбекке жұмсайды.

   Осы белгілеріне қарап мемлекетті қоғамдық ұйымдардан ажыратамыз. Мемлектті тәуелсіз көпшілік билігі бар, белгілі бір аумақта қоғамды басқаратын, қоғамдық пайдалы қызметті атқарушы және мемлекеттік саясаттың орындалуын қамтамасыз ететін аппараты бар, жалпыға міндетті заңдар мен актілер шығарушы саяси ұйым ретінде танимыз.

   Мемлекеттік билікті іске асырудың өзіне тән  әдістері бар. Бұл әдіс-тәсілдердің  әртүрлілігіне қарамастан, мемлекеттік  билікті іске асырудың дәстүрлі әдістеріне мыналар жатады:

 1.Сенім  әдісі. Бұл әдісті пайдалана отырып, жеке адамның сана-сезіміне идеялық-адамгаршілік құралдармен әсер етіп, қажет түсінікті қалыптастырады. Бұл жерде идеологияның маңызы зор.

 2.Мәжбүрлеу  әдісі. Мемлекеттік мәжбүрлеу  дегеніміз мемлекеттік жүйенің  жеке адамға психологиялық, материалдық немесе физикалық күш көрсету арқылы мәжбүрлеуі. Оны екіге бөлеміз: 1-сі, құқықтық мәжбүрлеу; 2-сі, құқықтық емес мәжбүрлеу. Біріншісі, құқықтық нормаларда анықталған және арнаулы іс жүргізу шеңберіндегі мемлекеттік мәжбүрлеудің түрлері мен шаралары. Екіншісі, мемлекеттік органдардың зорлық-зомбылығы.

 Басқаларға  қарағанда аз тараған мемлекеттің  құрлыстың бір нысанына конфедерация жатады – бірігіп саяси, экономикалық не әскери міндеттерді шешу үшін біріккен егеменді мемлекеттердің одағы. Әдеттегідей, конфедерацияның біртұтас билік және басқару органдары, тұтас бюджетімен азаматтығы жоқ. Біріккен әркеттерін реттеуге конфедерация мүшелері біріккен органдар құрады, олар тек қатаң белгіленген ортада конфедерацияның құрылу мақсатына сай әрекет етеді.

   Конфедерацияның құрылуы барлық оның мүшелерінің ерікті келісіміне негізделген, ал мүшелерінің конфедерациядан шығуы біржақты еріктеріне байланысты мүмкіндік.

   Конфедерация  кейде федерация құрудағы орта-аралық жағдай (мысалы Швецариялық одақ конфедерациясы (1815-1848) федерацияға көшті) не бөлініп кетеді (Австро-Венгрия). Кәзіргі кезде конфедерация белгілері Тәуелсіз Мемлекеттердің Достығы (ТМД).

   Конфедерацияның түрлеріне мыналар жатады:

  • мемлекетаралық одақтар – тәуелсіз мемлекеттерден құрылған, классикалық конфедерация.
  • Достық – мемлекеттердің бірлігі, егемендікті алып, бір-бірінен экономикалық тәуелділігіне байланысты өз өзінен жеке өмір сүруге жағдайлары жоқтығы (ТМД).
  • Мемлекеттердің бірлестіктері – мемлекеттік одақтардың өтпелі нысаны, оның негізінде мемлекетаралық келісімдер жатыр. Бірлестіктердің мақсатына жататындар көбінесе, кедендік, виздік және басқа барьерлерді жою арқылы экономикалық потенциялды көтеру.

   Конфедерациядан коалицияны айыра білу қажет, ол дегеніміз, екі не одан көп мемлекеттердің уақытша  саяси не әскери одақтары, жалпы қарсыластары болғаннан кейін қорғану және басып алу мақсаттарына сай құрылған.

   Жоғарыда  көрсетілген мемлекеттік құрлыс бөліктерінен басқа екі мүшеліктегі  жүйе өмір сүреді, соған сай қарапайым (унитарлық) және күрделі мемлекеттерге бөледі. Күрделі мемлекеттер протекторат және унии-ға бөлінеді.

Информация о работе Құқықттық мемлекет және азаматтық қоғам