Ежелгі мемлекеттердің құқықтары мен бостандықтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 22:33, реферат

Описание работы

Ежелгі шығыс елдерінде мемлекет алғаш ұлы өзендер аймағында пайда болды. Себебі тұщы су, өзен жағасындағы аңдар,жабайы астық тұқымдас әр түрлі шөптердің мол болуы өзеннің теңізге құяр сағасында (атырау) адамдардың көптен шоғырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың көптеп шогырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың ахуалын жақсартып қана қойған жоқ, сонымен бірге бала туудың өсуінеде әсер етті.Адам саны көбейген сайын теріп жейтін және аулайтын аңдар белгілі бір территорияда азая бастағандықтан адамдардың бір тобы біртіндеп егіншілікке көшуге мәжбүр болды.

Работа содержит 1 файл

ezhelgi_memleketterdin_kukyktary_men_bostandyktary_0.doc

— 359.00 Кб (Скачать)

Ежелгівавилон құқығының таптық мәні мүліктік қатынастарды реттейтін және жеке меншікті бекітетін заң баптарында айқын көрініс тапқан. Вавилонда құлдар басқа да мүліктер (мал,еңбек құралдар және т.б) сияқты меншік объектісі болып табылды.

Ежелгі Вавилонның әлеуметтік топтардың  құқықтық мәртебелері. Бұл сұрақты қарастырған кезде, қоғамды құлиеленушілік те, феодалдық те деп қарастырмаған жөн, аталмыш қоғамның көп сипаты «азиаттық» құрылымға тән. Сондықтан маркстік 5 формация түрінің (құлиеленушіліктен – социализмге дейін) белгілері сай келмейді.

Сонымен қатар, Хаммурапи заңында  еріктілер арасындағы теңсіздікті  көрсетеді: авилум («адам», «адамның ұрпағы») мен мушкенум (патшаға қызметке орналасу туралы өтініш жасайды) арасындағы теңсіздік. Мушкенум –өз қызметі үшін патша жерінен жер бөлігіне ие болатын, тәуелді тұлға. Авилумдарды толық құқық қабілетті және әрекет қабілетті «жеке тұлға» деп айту қиын, өйткені авилумдардың құқықтық жағдайы территориалдық қоғамға және үлкен патриархалды отбасыға жататынмен анықталады.

Әскери адамның құқықтық жағдайы  Хаммурапи заңның нормаларының анализінен анықтауға болады, яғни тұтқындағы әскердің өз мүлкін, әйелі мен баланың сатып алуы (выкуп) құқығы.

Міндеттемелер. Хаммурапи заңдарында сол кезде маңызды рөл атқарған жер қатынастарын реттейтін бірқатар баптар болған. Жалға алушы өнімнің  үштен бір бөлігін төледі. Жалға  беру қысқа мерзімді болды (бір немесе екі жылға). Жалға тек қана жер, бақшалар берілмеді, сонымен қатар Хаммурапи заңдарында көрсетілгендей бөлмелер, үй жануарлары, құлдарды жалға берілді.

Неке және мұрагерлік құқық. Хаммурапи  заңдарының маңызды бөлігі (шамамен 70) неке-отбасы қатынастарын реттейді. Бұл кездейсоқтық емес. Отбасы, отағасы арқылы мемлекетпен және қауыммен байланысқа түсетін маңызды әлеуметтік ұяшық (144-147 баптар). Күйеу жігіт некелесу кезінде қыздың әкесіне жұмысшы қолын жоғалтқаны үшін белгілі бір мөлшерде қалың мал төлеген (176-184 баптар). Егер қыздың әкесі оны күйеуге бермесе, төленген қалың малды екі есе етіп қайтарды. Қалындықтың әкесі қызына төсек орын және жасауын берген, оның ерекше құқықтық ережесі бар, бірақ бұл мүлікті күйеу жігіт билеп төстеген.

Қылмыс және жаза. Хаммурапи заңында қылмыс пен жаза ұғымына, анықтамасына және мемлекет үшін ерекше мәнді қылмыстық-құқық нормаларын бөліп қарастыруға ұмтылыс жасамағанын байқаймыз. Бұндай нормалар аталмыш ескерткіште толық көлемде және жүйелі түрде берілмеген.

Заңда патша, діни, абыз билігіне және мемлекеттік басындағыларға қарсы бағытталған қылмыс жасаған қылмыскерлер туралы баптар жоқ. Өйткені ондай қылмыскерлерді патша өкіметіне ұстап беру міндетті болған сияқты.

Хаммурапи заңы талион («көзге көз, тіске тіс» яғни, кінә үшін оған тең жаза тарту керек) принципіне негізделген қатаң жазаларымен сипатталады. Бірақ бұл принцип қоғамның дамуына байланысты кей кезде жұмсарып отырғанын заңның белгілі баптарынан байкауға болады.

Жинақтың мазмұнына көңіл аудара отырып, қылмыс әрекеттерін үш түрге  бөлуге болады: жеке тұлғаға қарсы  бағытталған, мүлікке қарсы бағытталған  және отбасына қарсы бағытталған.

Үнді құқығына жалпы сипаттама. Ежелгі Үнді мемлекетінде тарихи-құқықтық қайнар көз ретінде – Ману Заңдары (б.э.д. ІІ ғ. – б.э. ІІ ғ.) және Каутилья Артхашастралары (б.э.д. І ғ. – б.э. І ғ.) сақталған.  Ежелгі Үндіде құқық түсінігі қоғамдық қатынастарды реттеуші жеке нормалар жиынтығы ретінде танылмады. Үнділердің күнделікті өмірі өзіндік сипатымен құқықтық емес, эстетикалық сипатты нормалармен бекітілген ережелерге бағынды. Берілген нормалары ашық бейнеленген діни мінездемесіне ие болды.  Адамдардың күнделікті мінез-құлқын анықтайтын нормалар (дхарма) – дхармашастралар жинағында қалыптасты. Ең белгілі дхармашастра Ману Заңы (Ману – миф құдайы ) болып табылады. Бұл заңның жазылғанын нақты уақыты белгісіз. Бірақ,  б.э.д. ІІғ. және б.э. ІІғ. жазылды деп жобаланады.

Ману Заңы 2685 баптардан тұрады. Құқықтық мазмұн негізінен ҮІІІ және ІХ бөлімдерде көрсетілген. Ману Заңының ең маңыздысы – варналық құрылымның қалыптасуы. Бұл жерде діни ілім бойынша әр варнаның пайда болу туралы; варнаның әскери-кәсіптік мінездемесі көрсетіледі; әр варнаның тағайындалуы туралы; жоғарғы варнаның үстемдігі туралы айтылған.

Заң негізгі жеке меншіктің түрін  жер деп таниды. Мемлекеттің жер  қорын патшаның, қауымның, жеке адамның  жерлері құрайды. Мемлекеттің бүкіл  жері патшаның жеке меншігінде болған жоқ. Патша жерден жеке меншік иеленуші ретінде емес, мемлекет мүддесін қорғаушы ретінде салық алып отырған. Ману Заңы бойынша, егер патша салықты жинап, мүдделерін қорғамаса, онда ол тозаққа барады дейді.

Міндеттемелер. Ману заңында көрсетілген  сотта қарастыратын істердің 18 жуығы  міндеттемеге, жалға беруге, сауда-саттыққа, сақтауға және т.б. арналған. Артхашастра мен Ману заңы қарыздық міндеттемені орындалуына тиімді тәсіл ретінде – залог институтын (Артхашастраның ІІІ тарауы 12 бөлімі 11, 12 баптар) енгізеді.

Ежелгі Үндістанда жерді жалға (аренда) беру шарты  белгілі болған, Қауымдық меншік мүліктік дифференциация ұшырағаннан кейін аталмыш шарт кең етек жайған. Кедейленген жериеленушілер өз жерлерін жалға беруге мәжбүр болған.

Ману Заңында сату-сатып алу  шарты да кеңінен тараған. Ману Заңында  сыйға беру шарты қарастырылған.

Шарттың кейбір түрлерін реттеу үшін заң жалпыға бірдей ережелер бекітеді. Ману заңында келтірілген залалдан туындайтын міндеттемелер туралы айтылған.

Неке және отбасы құқығы.  Ежелгі Үндістан қоғамына патриархалды отбасы тән.  Күйеуі-отагасы. Әйел күйеуіне және ұлдарына толық тәуелді болған. Неке мүліктік шарт сипатты, яғни күйеу өзіне әйелді сатып алады және оның жеке меншігі болып саналды.

Отбасы мүлкі толығымен  отағасының билігінде болған. 299 бапқа сәйкес «бұзақы қылық жасаған әйелін, баласын, құлын, шәкіртін және туған інісін арқанмен және бамбук шыбыкпен ұруға құқығы бар».

Ману заңы жоғарғы дхармаға сай  ерлі-зайыптылар арасында «өлер өлгенге  дейін толық сенімділік» болады деп жариялай отырып, күйеу жігітке  бірнеше әйел алуға және ажырасуына рұхсат береді.

Барлық мүлік олардың ортақ  игілігі, бірақ күйеуі иелігін жүргізген.  Әке-шешесі қайтыс болған жағдайда  мүлік ұлдар арасында бөліске түскен, немесе кіші інілеріне қамқоршы болып қалған үлкен ұлы ие болған.  Қыздар мұрагерлікке ие бола алмайды, бірақ ағалары ¼ бөлігін бөліп беруге тиіс еді.

Қылмыс пен жаза.  Ежелгі Үнді құқығында, сол тәрізді Хаммурапи заңында қылмыстық-құқықтық нормалар жалпы құқықтық тыйымдардан жеке бөлінбеген. Ману заңында қылмыс түсінігі сол уақытқа байланысты өте жоғары  танылған, жаза түрі қылмыс жасаған жағдайына байланысты тағайындалған. Бірақ қылмыс түсінігі толығымен қалыптаспаған Ману заңында да, Каутилья Артхашастраларында да деликт пен қылмыс арасында айырмашылық шегі анықталмаған. Заңда кінәнің нысандары (қасақана және абайсыздық), қылмыстың қайталануы, қылмысқа қатысушылық, жәбірленушінің және кінәлінің касталық тегіне қатысты қылмыс ауыртпалығы айқындалған.  

Ежелгі Қытай  құқығына жалпы сипаттама. Ежелгі Қытай  заңнамаларының түп нұсқалары бізге  жетпеген. Тарихи деректерге жүгінсек, алғашқы жазылған заңдар және заңдар жинағы Шань мемлекеті кезінде пайда болған дейді. Қытайда заң шығармашылық б.э.д. ҮІ-ІІІ ғасырларда, яғни саяси аренада патриархалдық дәстүрге және тарихи әдет-ғұрыпқа  тірек жасаған конфуцияндар мен мемлекеттік заңның мазыздылығын, ролін уағыздаушы легист мектебінің арасында қарама-қайшылық туындаған кезде жылдам дами бастаған.

Б.э.д. Ү-ІІ ғасырларда «Заңдар кітабы»  атты заңдар жинағы дайындалған. Авторы Вэй Ли Куй (б.э.д. 427-387жж.) . Бұл кітапта  сол кездегі қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамалары жинақталған.

Меншік құқығы. Инь мемлекет дәуірінен  бастап малға, құлға, еңбек құралына, құнды әшекейлерге және т.б. заттарға деген жеке меншік құқығы бекітілген. Бірақ жерге деген мемлекеттік  меншік және қауымдық қатынас ежелгіқытай қоғамындағы мүліктік жіктелудің және тауарлық өндірістің дамуына кері әсерін тигізді.

Отбасы және неке құқығы. Инь мемлекет дәуірінде Қытайда матриархаттың  элементтері барын байқауға болады, яғни қандас туыстардың арасында неке құру мүмкіндігі болған. Ал, Чжоу мемлекеті дәуірінен бастап отағасы әйелі мен балаларына басшылық жүргізген, яғни толық патриархалдық дамыған.

Қытай әдет-ғұрпы бойынша мұралыққа  бәйбішіден тұған ұл ғана ие болады. Ұлы болмаса еркектің тұған-туыстары мұралыққа ие болады.

Қылмыс пен жаза. Ежелгі қытай  құқығы бойынша қылмыс ұғымы мен  қылмыстың түрлері және жаза тағайындалу  өте ерекше сомдалған. Қылмыстық  заңнамада қылмыстың түрлері  көрсетілген: мемлекеттік қылмыстар. Бұлардың қатарына ұлы патшаға тіл тигізу,үкіметке бағынбау және т.б. Жазаның бес түрі қолданылған: денесіне таңба салу, мұрнын кесу, аяғын кесу, әтектеу және өлім жазасы.

Негізгі єдебиеттер:

1.  Әмірбеков Ш. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Өркениет, 2000.

2.  Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.

3.  Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.

4.  Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.

5.  Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994

Қосымша әдебиеттер:

Кайнар көздер тізімі

2.  Антология мировой правовой мысли. В 5 т. Т.1. Античный мир и восточные цивилизации /Отв. Ред. Л.Р. Сюкияйнен. М,. 1999.

3.  Законы Вавилона, Ассирии и хеттского царства /Предисл., пер. и коммент. под ред. И.М. Дьяконова //Вестник древней истории 1952. № 3-4.

4.  Хрестоматия по истории государства и права зарубежных стран. В2. / Отв. Ред. Н.А.Крашенникова. Т.1.Древный мир и Средние века / Сост. О.Л. Лысенко, Е.Н. Трикоз. М., 2003.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1.  История государства и права зарубежных стран / Под ред. О.А. Жидкова и Н.А. Крашенниковой. М., 1996. Ч.1.

2.  Крашенникова  Н.А. История права Востока. М., 1994.

3.  Оппенхейм Н. Древняя Месопатамия. Портрет погибшей цивилизации. М., 1990.

4.  Якобсон В.А. Возникновение писанного права в Древней Месопатамии // Вестник древней истории. 1984. № 4.

5.  Якобсон В.А. «Кража» и «грабеж» по законам Хаммурапи // Палестинский сборник. Вып. 26. М., 1978.

6.  Вигасин А.А. «Уста о рабах» в Артхашастре Каутильи // Вестник древней истории. 1976. №4.

7.  Вигасин А.А. Юридическая тематика в композиции дхармашастр // Санскрит и древнеиндийская культура. М., 1979.

8.  Гусева Н.Е. Индуизм. История Формитования, культовая практика. М., 1977.

9.  Крашеникова Н.А. Индусское право: История и современность. М., 1982

10. Кузнецов А.А. Эволюция индийской касты. М., 1983.

11. Самозванцев А.М. Правовой текст дхармашастры. М., 1991.

12. Самозванцев А.М. Теория собственности в Древней Индии. М., 1978. 

 

Таќырып 3. Антикалық әлемдегі мемлекет және құқық.

Антикалық қоғамдағы мемлекеттің  қалыптасуы Мың жылдан астам ежелгі Шығыстағы мемлекеттердің ықпалында болған Жерорта теңізі  жағалауларындағы территорияларда мемлекетке ұйымдасу процесі жүрді. Теңіз сауда жолдарының бойында орналасқан Крит аралы,Алдыңғы Азиядағы мемлекеттердің товарын Жерорта теңізі аймағына таратуға делдалдық жасаған Финикия және т.б территориялар б.э.д. 2-ші  мың жылдықта мүліктік жіктеліс жылдамдағандықтан мемлекеттің қалыптасу кезеңінде болды.

Египеттің тікелей ықпалында  болған Крит аралы күшейген кезінде  Греция территориясына ықпал етіп біраз  уақыт бағыныштылықта ұстады. Крит аралының табиғи апаттан зардап шегуі  Жерорта теңізі аймағындағы экономикалық қатынастардың жаңа аймақтарға ауысуына әсер етті. Алайда солтүстіктен келген дорий тайпаларының шабуылы Греция жеріндегі біршама дами бастаған мәдениетке кері әсер етті.Шапқыншылықтың әсерінен халықтың бір бөлігі теңіздің Шығыс жағалауына қоныс аударуға мәжүбір болды. Халық санының азаюы, пайдалы жер көлемінің  жеткілікті болуы, сырттан әсер ете алатын күштердің әлсіздігі, шаруашылық жүргізудің ерекшеліктеріантикалық азаматтық қауымның пайда болуына әсер етті. Ежелгі Грециядағы мемлекеттік құрылымдар қала- мемлекет немесе азаматтық қауым сатысында болды. Жалпы алғашқы мемлекеттердің қала- мемлекет сатысында болуы заңды құбылыс. Антикалық кезеңдегі азаматтық қауымдардың пайда болуында ерікті бірігу-синойкизмнің ролі ерекше болды. Аристотель полистің қалыптасу жолын былай деп көрсетеді ;семья-деревня(семьялардың бірігуі-селолық қауым)азаматтық қауым немесе полис.

Азаматтық қауым  немесе полис – меншігінде жері бар ерікті азаматтардан тұратын селолық қауымдардың  бейбіт бірігуі. Ежелгі Шыцғыстағы қауым мүшесінің құқығы шаруашылық жүргізуде қоғамдық істердің, яғни каналдар қазу, ағаштан тазалау сияқты жұмыстардың көптігіне жэне діни дүние танымға (мысалы Индиядағы варналар)байланысты шектелген болса, ал көне Грециядағы қауым мүшесі  қауым өмірінің бар саласына қатысуға құқығы болды. Оның ақысының кеңеюіне шаруашылықты дербес жүргізуі  әсер етті. Ал шаруашылықты дербес жүргізуге темірден жасалған еңбек құралдары мен осы жерлерде негізгі шаруашылық дақылы ретінде өсірілетін өсімдік түрлері әсер етті. Греция мен Италиядағы табиғат жағдайы егіншіліктен гөрі жүзім мен зәйтүн ағашын өсіруге қолайлы болғандықтан,әрбір шаруаның өзінің жер үлесінде дербес жұмыс істеуіне жағдай жасады. Ал бұл өз кезегінде әрбір қауым мүшесінің экономикалық дербестігіне, ал экономикалық дербестік саяси дербестіктің, еркіндіктің дамуына жағдай жасады.

Информация о работе Ежелгі мемлекеттердің құқықтары мен бостандықтары